- •Ақшаның пайда болуы және қажеттiгi
- •1.2 Ақша теориясының дамуы және ондағы металл ақша айналысы
- •2.1 Металл ақшалардан қағаз ақшаларға өту барысы мен себептері
- •2.2 Қағаз ақшалар және олардың айналыс заңдылықтары
- •2.3 Бүгінгі таңдағы ақша формаларының дамуы
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қорытынды
Жұмыс барысында ақша басты экономикалық категориялардың бiрi екендiгiне көзiмiз жеттi Кез – келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бiр – бiрiнен бөлiнбейдi.
Қорыта келгенде, ақша басты экономикалық категориялардың бiрi. Ақша – жалпыға бiрдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейленедi және оның делдал ретiнде қатысуымен тауар өндiрушiлер арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы үздiксiз жасала бередi. Жалпыға бердей эквивалент ролi тарихи түрде алтынға бейiм.
Ал алтын өз кезегінде металл ақшаларға жатады және металл ақша айналысының негізгі түрі екені белгілі. Алайда қазіргі қоғамда алытн құн өлшемі құралы болып табылғанымен ол жалпыақша айналысында қолданылмайды, оның орнын қағаз және несие ақшалары толтырған. Яғни қоғамдық дамуда ақшаның металл ақшадан қағаз ақшаларға өтуі заманның талаптарына сай туындады.
Сонымен металл алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгiлерiнiң, яғни қағаз ақшалардың пайда болуының мынадай негізгі себептерін атап өтсек болады:
алтын өндiрiсi тауар өндiрiсiнiң артынан iлесе алмай, нәтижесiнде айналыстағы ақшаға деген қажеттiлiктi толық өтей алмады;
жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады;
алтын стандарты, жалпы алғанда өндiрiстi және тауар айналымын ынталандырмады.
Сондай-ақ ақшаның жалпы құрылымы, оның теориялары қоғамның дамып, өзгеруiмен қатар бiрге дамып, жан-жақты жетiлуде. Егер де бұрындары сатып алу-сату процесi жалпыға бiрдей эквивалентпен алтынмен жүргiзiлсе, бұл күндерi қағаз және несие ақшалармен жүзеге асуда, сонымен қатар дүниежүзiлiк ақшалар пайда болып, олардың құрылымы күннен-күнге дамуда.
Ақша айналысы - шаруашылықтағы тауарларды өткiзуде, сондай-ақ тауарлы емес төлемдердi және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы. Ақша айналысының объективтiк негiзiнде де тауар өндiрiсi жатады. Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз формаларының көмегiмен тауарлар айналысы, сондай-ақ несиелiк және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады.
Елiмiзде ұлттық деңгейде ақша реформасы 1993 жылы 15 қарашадан бастап “ұлттық валютамыз теңгенiң” айналысқа енгiзiлген күннен бастап қызмет етуде. Бүгiнгi таңда теңгемiздің жаңартылып 2006 жылы қарашаның 15 жұлдызынан бастап еліміз экономикасында айналымға шықты. Бұл жаңа теңгелер өз кезегінде қорғанышы бекім және әлемдік ақша стандарттарына орай жасалынып шықты. Бұл өз кезегінде теңгеміздің халықаралық шаруашылықтағы беделін одан әрі жоғарлатуға жол ашпақ.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
“Қ.Р-да ұлттық валютаны енгiзу туралы” Қ.Р. Президентiнiң заң күшi бар жарлығы // 12.11.1993.
“Қ.Р-ның ақша жүйесi туралы” Қ.Р-ның Заңы // 13.12.1996.
“Қ.Р-ның вексель айналысы туралы” Қ.Р-ның Заңы // 28.04.1998ж.
«Деньги, кредит, банки» Учебник / Под. Ред. О.И Лаврушина, Изд.
2-е, - Москва: 1999г.
«Ақша, несие, банктер» Оқулық / Ғ.С. Сейiтқасымов. – Алматы: Экономика, 2001ж. - 466 б.
С.Б. Мақыш, Оқу құралы / “Ақша айналысы және несие” – Алматы, Қазақ университетi, 2004 ж. – 248 бет.
Абрамова М.А., Александрова Л.С. / Финансы, денежные обращение и кредит. Учебние пособие – Москва , 1996г.
Баян Көшенова , Оқу құралы / Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж.
Бункина М.К. / Деньги, банки, валюта, Учебные пособие – Москва, 1994 – 173 с.
А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича. / «Экономическая теория». - Санк- Петербург. - 2001. – 362 с.
«О текущей ситуации на финансовом рынке» // Банки Казахстана,
№ 9, 8- 2005 г. 2-3 стр.
Вестник КазНУ. Серия экономическая. №3. – 2005 г. 33-35 стр.
Баймуратов У.Б. «Электронные деньги: проблемы и перспективы» // Банки Казахстана, №9, - 2005 г. 18-21 стр.
А.К.Омарбаева “Ұлттық ақша өлшемiнiң валюталық бағамын реттеу жөнiндегi валюталық саясат” // ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы №1, 2004ж.
«Статистикалық мәліметтер» // Банки Казахстан, 2005, 2006 г. 89стр.
