- •Iші дәріс тақырыбы
- •1.1 Сапалық анализдің әдістері
- •IIші дәріс тақырыбы
- •IiIші дәріс тақырыбы
- •IVші дәріс тақырыбы
- •Күшті қышқылдан және күшті негізден түзілген тұз -
- •4. Әлсіз қышқылдан және әлсіз негізден түзілген тұз.
- •Vші дәріс тақырыбы
- •6.1 Тотығу-тотықсыздандыру (редокс) потенциал
- •6.2 Тотығу-тотықсыздандыру реакцияның тепе-теңдік константасы
- •ViIші дәріс тақырыбы
- •Комплексті қосылыстардағы химиялық байланыстың табиғатың түсіндіретін теориялар
- •Комплексті қосылыстар ерітіндісіндегі тепе-теңдік
- •VI ші дәріс тақырыбы
- •ViiIші дәріс тақырыбы
- •8.1 Титриметриялық анализдің есептеуі
- •8.2 Қышқылды-негіздік әдісінің титрлеу қисықтары
- •IXші дәріс тақырыбы
- •Хромофорлық теория
- •Xші дәріс тақырыбы
- •Индикаторлар
- •Редокс-индикаторлар
- •XIші дәріс тақырыбы
- •XiIші Дәріс тақырыбы
- •Индикатормен титрлеу әдістері
- •XiiIші Дәріс тақырыбы
- •1. Комплексометрия
- •Цианидометрия
- •Хелатометрия
- •XivДәріс тақырыбы
- •1. Гравиметрия әдіс
- •XV ші дәріс тақырыбы
- •Молекулалы – абсорбциялық анализ
IiIші дәріс тақырыбы
Әлсіз қышқылдар мен негіздер ерітінділерінің рН есептеу
Әлсіз қышқылдың ерітіндісінің рН-н есептеу
НA + Н2О ↔ A- + Н3О+
(3.1)
(3.2)
(3.3)
Әлсіз негіздің ерітіндісінің рН-н есептеу
В +Н2О ↔ ВН+ + ОН-
[ОН-]2 = КbCB
(3.4)
(3.5)
(3.6)
(3.7).
Негізгі әдебиет: 2[20-25], 4[4-12].
IVші дәріс тақырыбы
Тұздардың гидролизі
Гидролиз деп нәтижесінде әлсіз қышқыл немесе әлсіз негіз түзетін тұздың сумен әрекеттесу реакциясын айтады. Тұздар құрамына кіретін катион мен анионға байланысты 4 түрге бөледі:
Күшті қышқылдан және күшті негізден түзілген тұз -
сілтілі металдар катиондарынан және күшті қышқылдар аниондарынан түрады: NaCl, KNO3, Li2SO4, KI, NaClO4 және т.б.
2. Әлсіз қышқылдан және күшті негізден түзілген тұз:
Na2S, CH3COONa, K2CO3, Na2B4O7 және т.б.
Бұндай тұздардың аниондары сумен әрекеттеседі:
СН3СОО- + Н-О-Н ↔ СН3СООН + ОН-
Гидролиз процесі жүру нәтижесінде бос түрде гидроксид-иондары түзіледі, орта сілтілі болады.
Реакцияның тепе-теңдік константасы гидролиздену константа деп аталады, келесі түрде жазылады:
(4.1)
Гидролиздену дәреже (һ) гидролизге ұшыраған тұздың молекулалар саны мен жалпы тұздың молекулалар санының қатынасына тең.
немесе
(4.2)
(4.3)
(4.4)
3. Әлсіз негізден және күшті қышқылдан түзілген тұз.
NH4Cl, AlCl3, Fe2(SO4)3, CuSO4, CrCl3 және т.б.
Бұндай тұздар катион арқылы сумен әрекеттеседі:
NH4+ + H-O-H ↔ NH4OH + H+, ортада болады қышқылды.
(4.5)
(4.6)
4. Әлсіз қышқылдан және әлсіз негізден түзілген тұз.
Әлсіз қышқылдан және әлсіз негізден түзілген тұз гидролизге катион және анион арқылы ұшырайды: (CH3COONH4, NH4CN, HCOONH4 және т.б.).
(4.7)
(4.8)
Тұздың концентрациясын өзгерткенде, температураны жоғарлатқанда немесе төмендеткенде, ерітіндінің рН-н өзгертетін реагенттер қосқанда гидролиздену процесінің тепе-теңдігі өзгереді.
Негізгі әдебиет: 1[51-78], 2[91-115], 3[37-67].
Vші дәріс тақырыбы
Гетерогенді жүйедегі тепе-теңдік
Егер нашар еритін электролит сумен әрекеттессе, ол көп немесе аз мөлшерінде сұйық фазаға ауысады да ерітінді түзеді. Егер электролиттің формуласын MmAn деп белгілесек, қатты және сұйық фазалардың арасындағы тепе-теңдік былай жазылады:
MmAn ↔ mMn+ + nAm-
қатты фаза ерітінді
VT = VK
Массалар әрекеттесу заңың қолданып концентрлік тепе-теңдік константаның теңдеуін жазамыз:
(5.1)
[MmAn]
– қатты фазаның молярлық концентрациясы
сұйық фазадағы иондардың концентрациясынан
көп есе жоғары болғандықтан, оны бірге
тең деп алуға болады, онда (5.1) келесі
түрде жазылады:
Ерігіштік
константаны әдебиетте ерігіштік
көбейтіндісі
деп атап оны былай келесі түрде белгілейді
.
Оның анықтамасы: нашар
еритін электролиттін қаныққан
ерітіндісінде иондар активтіліктерінің
көбейтіндісі берілген температурада,
тұрақты шама.
MmAn = S (5.2)
(5.3)
Алынған теңдеу ерігіштік көбейтіндісі мен ерігіштіктің арасындағы байланысты көрсетеді.
Негізгі әдебиет: 2[36-43], 4[26-37].
