Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мой сборник 2014-2015.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Break операторы

Break операторы оны біріктіретін switch, do, for, while операторларының ең ішкісінің орындалуының тоқталуын қамтамасыз етеді. Break операторы орындалғаннан кейін басқау үзілген оператордан кейінгі операторға беріледі.

Мысал:

char ZNAC;

int x,y,z;

switch (ZNAC)

{

case '+': x = y + z; break;

case '-': x = y - z; break;

case '*': x = y * z; break;

case '/': x = u / z; break;

default : ;

}

Мысал 2. Үш санның ішіндегі ең үлкенің табыңыз   

#include <stdio.h>

#include <conio.h>

void main()

{

int x1, x2, x3;

printf("Введите 3 числа \n");

scanf("%d %d %d", &x1, &x2, &x3);

if ((x1>x2)&&(x1>x3))

printf("наибольшее число %d", x1);

if ((x2>x1)&&(x2>x3))

printf("наибольшее число %d", x2);

if ((x3>x2)&&(x3>x1))

printf("наибольшее число %d", x3);

getch();

}

Тапсырмалар

І-деңгей

  1. Апта күндерінің реттік нөмірі бойынша олардың аттарын анықтайтын программа құру керек.

  2. Екі санның үлкенін табатын программа құр.

  3. Үш санның үлкенін табатын программа құру керек.

  4. Екі санның кішісін табатын программа құру керек.

  5. Үш санның кішісін табатын программа құру керек.

  6. Үш кесіндінің ұзындықтары берілген. Егер бұл үш кесіндіден үшбұрыш құру мүмкін болса, онда оның периметрін және ауданын табыңдар.

  7. Адам жасына қарап, оларды әлі мектепке бармаған, мектеп оқушысы, жұмысшы, зейнеткер деген төрт топтың біріне жатқызатын программа құрыңдар. Адам жасы пернетақтадан енгізіледі.

ІІ-деңгей

  1. Пернетақтадан трамвай билетінің нөмірі (1 орынды 6 сан ) енгізіледі. Билет «бақытты» нөмір болатынын анықтаңдар. Бақытты билеттің алғашқы 3 цифрының қосындысы соңғы 3 цифрының қосындысына тең болады.

  2. 1-ден n – ге дейінгі сандардың квадраттарының қосындысын табатын программа құру керек.

  3. Y= ex sinx+cosx функциясының мәндерінің [a, b] аралығында h қадамы бойынша өзгеру кестесін құратын программа құрыңдар.

  4. Екі сан берілген. Егер бірінші санның абсолют шамасы екінші санның абсолют шамасынан артық болса, онда біріншісін бес есе азайту керек, әйтпесе екі санды да өзгеріссіз экранға шығару керек.

  5. Дөңгелектің ауданын есептейтін программа құру керек.Программа шығатын мәліметтің дұрыстығын тексеру керек.

ІІІ-деңгей

  1. Параллель немесе тізбектей жалғанған екі кедергіден тұратын электрлік тізбектің кедергісін есептейтін бағдарлама құрыңыз. Бағдарлама экранының түрі төмендегідей болады(қолданушымен енгізілетін мәліметтер қалың қаріппен көрсетілген):

электрлік тізбектің кедергісін есептеу

Берілгендерді енгізіңіз:

Бірінші кедергінің шамасы (Ом) -> 15

Екінші кедергінің шамасы (Ом)-> 27.3

Жалғану түрі (1-тізбектей, 2-параллель) ->2

Тізбек кедергісі: 9.68 Ом

  1. Фото шығарудың құнын есептейтін бағдарлама құрыңыз. Фото форматы 9х12 немесе 10х15, егер фото 10-нан көп болса, онда 5% жеңілдік беріледі. Бағдарлама экранының түрі төмендегідей болады(қолданушымен енгізілетін мәліметтер қалың қаріппен көрсетілген):

Фотолар

Формат (1 – 9x12; 2 – 10x15) -> 2

Саны, дана -> 15

--------------------------------------

Бағасы: 3.20 руб.

Саны: 15 дана

Сома: 48.00 руб.

Жеңілдік: 2.40 руб.

Төлеуге: 45.60 руб.

  1. 10 минуттық қала кодына байланысты телефон қоңырауының құның анықтайтын бағдарлама құру. ( Москва(905) - 4.15руб. Ростов(194) - 1.98руб. Краснодар(491) - 2.69руб. Киров(800) - 5.00руб. ) 

  2. Апта күндерін көрсетілген санға сәйкес шығару(1..2) (понедельник, вторник.) 

 1 бөлім. С++ тілінде бағдарламалау негіздері