Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Арх.конс.лекц.-каз..doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
367 Кб
Скачать
☆

Iрi блокты қабыралар

Iрi боктар деп табиғи немесе жасанды iрi өлшемдi тастарды айтамыз. Блоктарды зауыттарда немесе арнайы алаңдарда дайындап, кранмен жобаланған орнына құймамен жiктерiн алмастыру арқылы құрастырады. Iрi блоктар экономикалық тиiмдi, дайындау шығыны шамалы, құрастыру еңбегi аз, жоғары дәрежеде дайындалған сәулеттiк сапасы ғимаараттың шешiмiне сәйкес болуы керек.

Ағашты ғимараттардың қабыралары.

Қабат биiктiгi бойынша құрастырылатын блоктар санына қарап 2,3, және 4 қабатты кесiндi қабырғалар деп бөледi. Екi қабатты кесiндi қабыралар негiзiнде 3 типтi көтергiш блоктардан тұрады: терезе асты, аралық және ойық үстi блоктар.

Iрi қабырға блоктары ғимараттардың түрiне материалдарына байланысты типтеледi.

Бетон блоктар. Сыртқы қабырға үшiн кеуек және жеңiл блоктар қолданлады. Оларда толтырғыш материалдар ретiнде керамзит, терамозит, шлак, жеңiл табиғи тастар, iрi қуысты бетондар т.т есептеледi.

Кiрпiш блоктарды тиiмдi қуысты кiрпiштен, керамикалық тастардан және жеңiлдетiлген кiрпiштен жеңiл бетонды қолданылып құрастырады.

Өндiрiстiк ғимараттардың қабырғалары. Өзiн - өзi көтергiш қабырғалар жеңiл бетоннан немесе кiрпiштен типтелген блоктардан тұрады. Көп кесiндi блок қабаты сыртқы қабырғаны үш негiзгi түрге – қатарлық, бұрыштық, оның үстi болып, ал iшкi қабырға - қатарлық және оның үстi блоктарға бөлiнедi.

Жергiлiктi тас материалдардан құрастырған қабырғалар

Кiрпiш қабырғалар қалауға кiрпiштiң әр түрi қолданылады, олардың негiзгiлерi - қуысты және керектi, кәдiмгi сазды, силикатты және беткейлейтiн т.б.

Кiрпiштiң қаламасын цементтi, күрделi - цемент+асбест және асбесттi құйма қолдану арқылы қалайды.

Кiрпiш қабырғалар қуысты немесе бiр тұтас кiрпiштен бiр тұтас болып қаланады. Мұнда қабырғаның кейбiр бөлiктерi жеңiл бетонмен толтырылып немесе ауа қабат қалдырылып немесе жылулық изоляцияны қолдану арқылы қалама орындалады.

Кiрпiш –бетонды қалама екi бойлық қатардан тұратын қалыңдығы жарты кiрпiштiң өлшемiне тең қабырғадан тұрады. Олар 3-5 қатардан кейiн кiрпiштiң қырымен биiктiк бойынша байлама құрастырады.

Керамика және бетон тастарынан құрастырылған қатарлар

Керамикалық тастар сылау орындарын қабыра қаламасында, жеңiлдетiлген қаламаларда және беткейлейтiн қабырғаларда кеңiнен таралған. Бетон тастар керамикалық тастарға қарағанда жеңiлiрек, бiрақ берiктiгi шамалы және ауа райының әсерлерiне төзiмсiз.

Табиғи тастардан құрастырылатын қабырғалар. Қалама ретiнде жеңiл тастар –известняк, ракушечник, вулкан туфтары - қолданылады. Олар өңдеуге көп күш жұмсамайды және көлемдiк массасы кiшi болады.

Ағаш қабырғалар. Қабырғаны ағаштың берiк түрлерiнен жасайды, соның iшiнде қарағайдан, майлы қарағайдан құрастырады.

Консрукция жағынан ағаш қабырғалар брустан, бөренеден, каркастан және қалқаннан құрастырылған болып бөлiнедi. Құрастыру әдiсiне қарап индустрияланған, яғни барлық бөлшектерi заут жадайында дайындалып, құрылыс алаңында жиналады және қолдан құрастырылған қабырға, яғни қажеттi бөлшектер құрылыс алаңында дайындалып сонан кейiн жиналады. Бұларда қолданылатын негiзгi материалдар-бөрене, брус, тақтайлар болып есептелiнедi.

Индустриалдық әдiстi қолдан жасау әдiсiмен салыстырғанда көп пайдалы өзгешелiктерiн айта кеткен жөн (салу мерзiмi қысқа, бағасы төмен, ауытпалығы шамалы, материалдық шығындары аз болады).

Технико-экономикалық көрсеткiштер.

Азаматтық ғимараттарда қабырға үлесi, ғимараттардың құнының едәуiр бөлiгiн құрап, бағасы, ауыртпалығы жағынан 25 пайыза дейiн жетедi. Сондықтан да қабырғаны жобалағанда оның материалын қабылдауға зор көңiл бөлiнедi. Ең жақсы технико –экономикалық көрсеткiш қалқан қабырғаны қолданғанда болады деп есептелiнедi. Ағаштық шығын қалқан қабырғаларды бөрене қабырғаларымен салыстырғанда 1,5/3 есе аз, ал оның құрастыру ауыртпалығы 12 есеге дейiн төмендейдi.

9-дәріс (1сағат)