- •Мазмұны
- •3 5В050900 - Қаржы мамандығы бакалаврының біліктілік сипаттамасы
- •050509 - Қаржы мамандығы бойынша бакалаврдың кәсіби қызмет пәндері мыналар болып табылады:
- •050509 - Қаржы мамандығы бойынша бакалаврлар қызметтің мынадай түрлерін орындай алады:
- •050509 - Қаржы мамандығы бакалаврлары төмендегідей типтік міндеттерді шешуге тиіс:
- •050509 - Қаржы мамандығы бакалаврлары өзінің кәсіби қызметін келесідей бағыттарда іске асыра алады:
050509 - Қаржы мамандығы бойынша бакалаврлар қызметтің мынадай түрлерін орындай алады:
ұйымдық-басқарушылық;
өндірістік-технологиялық;
есептік-жобалық;
эксперименттік-зерттеу;
білім беру (ұстаздық);
экономикалық;
құқықтық;
талдау;
кеңес берушілік.
Кәсіби қызмет функциялары:
- ұйымдық - басқарушылық қызмет. Бітіруші мемлекеттік қызметтерде (қаржы және салық органдарында, экономикалық соттарда), қаржы және заң басқармасында және кәсіпорындардың қаржы бөлімдерінде, сақтандыру ұйымдарында, банктер мен басқада қаржы мекемелерінде біліктілік жұмыстың машықтарын игеруі тиіс. Қаржы менеджментінің ғылыми-әдістемелік және ұйымдық-технологиялық базасын жасауға қатысады, басқа мамандармен бірлесе отырып басқарудың неғұрлым тиімді әдістерін, бизнесті ұйымдастырудың ережелері мен рәсімдерін жасап қолданады, капиталдар нарығында қаржы институттарының қызметтеріне белсене қатысады; құрылымдық бөлімшелердің қызметін ұтымды ұйымдастыруға, кадрларды оңтайлы орналастыруға, өндірістік үдерістерді жүргізуді жөнге салу мен үздіксіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады, сондай-ақ әрбір қызметкердің жеке әлеуетін есепке ала отырып функциялық міндеттерін бөлісуге қатысады; компанияның корпоративтік бейнесін қолдап, дамытады.
- экономикалық қызмет осы бағыт түлектері үшін негіз болып табылады. Нарық динамизмі қызметті ұйымдастырудың қолданылатын нысандарын, әдістерін, тәсілдерін және олардың амалдарын одан әрі дамыту мен түзету қажеттігін кәсіби түсінуді қажет етеді. 050509 - Қаржы мамандығы жөніндегі бакалавр нарықтық жағдайлар үдерісіне (бағалардың ауытқуына, инфляция деңгейіне және пайыздық мөлшемелерге) бейімделе және бұл параметрлерді тиісті экономикалық құрылымның орнықтылығын қамтамасыз ету үшін пайдалана білуі тиіс.
- өндірістік-технологиялық қызмет осы бағыт түлектерінің айрықша құзыреті болып саналады, өйткені біліми үдеріс олардан қаржы бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырумен байланысты барлық мәселелерді түбегейлі зерделеуді қажет етеді. Көрсетілген мамандық түлектерінің тура лауазымдық міндеті мемлекеттің қаржысын, ақша айналысын, қаржы-банк технологияларын басқарудың тиімді жүйесін жасауға қатысу. Қаржыны, несиені басқарудың бүкіл белгілі қағидаларын тәжірибеде қолдану, басқарудың ғылыми-әдіснамалық және ұйымдық-технологиялық базасын пайдалану, негізгі басқарушылық функцияларды (жоспарлау, ұйымдастыру, уәждеме, мониторинг), іске асыру, олардың орындалу тиімділігін талдау, өндіріс технологияларының сақталуын бақылау, басқару объектісінің қаржы стратегиясын қалыптастыру, ағымдық қаржылық жоспарлау және т.б.
Бітірушілердің – қаржы бакалаврларының эксперименттік – зерттеу қызметі жоғары оқу орындарының, зертханалардың, өнеркәсіп кәсіпорындарының зерттеу топтарының, корпорациялардың, ҒЗИ-дың зерттеу бағдарламаларына сәйкес, сондай-ақ ғылыми-өндірістік, ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың өңірлік және халықаралық бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылады.
- есептік-жобалық қызмет шаруашылық жүргізуші субъектілердің, сақтандыру компанияларының, екінші деңгейлі банктердің, бағалы қағаздар нарығының қаржылық қызметінің стратегиясы мен тактикасын әзірлеуді; жергілікті бюджеттердің және кәсіпорындардың бизнес-жоспарларының жобасын жасауды; кәсіпорынның қаржылық жай-күйін бағалау жөніндегі есеп-қисаптарды іске асыруды; инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау; қарыз алушылардың несиені өтеу қабілетін талдау, қаржыландырудың қосымша көздерін тартуды негіздеу және өнім, инновациялар, технологиялардың, know – how жаңа түрлерін әзірлеу; капиталдың құрылымын оңтайландыру, бағалы қағаздар қоржынының тиімділігін бағалау, сондай-ақ инвестицияларды орналастырудың оңтайлы нұсқасын таңдауды қарастырады.
Осы мамандық бойынша білім беру (ұстаздық) қызметі мектеп, лицей, гимназияларда қаржы, салық, банк ісі, бағалы қағаздар нарығын ұйымдастыру жөніндегі курстарды оқыту функцияларымен, сондай-ақ семинарлар мен басқа бейім мамандары үшін оқу курстарын өткізуге қатысумен, білім берудің төменгі мекемелерінде (мектеп, колледж, гимназия, лицей) ассистент ретінде оқу жұмыстарын орындаумен байланысты.
- құқықтық қызмет. Қазіргі нарықтық қатынастарда құқықтық база қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуының қалыпты барысына мүмкіндік туғызады. «Қаржы» мамандығы бойынша бакалавр құқықтың азаматтық, қаржылық, коммерциялық және басқа да салаларындағы базалық білімді игереді. Қолданыстағы заңнамаларды меңгеруі және тәжірибелік қызметте жекелеген заң нормаларын қолдана білуге икемді болуы тиіс.
Кәсіби қызметтің типтік міндеттері
