- •1..“Құрылымдық геология” пәні және оның теориялық маңызы
- •3.Геологиялық картаның мазмұнына байланысты түрлері
- •4.Шартты белгілер олардың түрлері мен картада орналасу реттілігі
- •5.Стратиграфиялық бағана, оны түсірудің ерекшеліктері
- •6.Геологиялық қима және оларды түсіру ерекшеліктері
- •7.Қабат және оның элементтері
- •8.Қабаттылықтың түрлері
- •9.Қабатталу жазықтықтары түрлері мен ажыратудың маңызы
- •11.Регрессивті жатыс типтері
- •12.Миграциялық жатыс типтері
- •10.Трансгрессивті жатыс типтері
- •14.Үйлесімсіздіктердің негізгі белгілері
- •17.Тектоникалық үйлесімсіздіктер
- •18.Географиялық үйлесімсіздіктер
- •19.Үйлесімсіздіктер беттері құрылысы
- •20.Құрылымдық этаждар, оларды бөлудің принциптері
- •21.Жазықты қабаттар, жазықты жатысты қабаттардың негізгі белгілері
- •22.Еңіс қабаттардың жатыс элементтері мен оларды анықтау әдістері
- •23.Қабаттардың қалыңдықтарының түрлері, олардың жер бедеріне байланыстылығы
- •24.Қатпарлар мен олардың негізгі түрлері мен элементтері
- •25.Қатпарлардың морфологиялық жіктемесі
- •26.Флексуралар мен олардың элементтері
- •27.Қатпарлардың генетикалық түрлері
- •28.Конседиментациялық қатпарлардың қалыптасу ерекшеліктері
- •29.Интрузивті денелердің үйлесімді жатыс түрлеріне сипаттама
- •30.Интрузивті денелердің үйлесімсіз жатыс түрлеріне сипаттама
- •31.Интрузиялардың жасын анықтау әдістері
- •32.Интрузия жапсарлары: белсенді және белсенсіз жапсарлардың белгілері
- •33.Интрузиялардың қышқылды және орта қышқылды құрамды түрлерінің геологиялық картадағы шартты белгілері
- •34.Протрузия анықтамасы, пайда болуы
- •38.Эффузивтік денелердің сыртқы пішіндері
- •39.Эксплозивтік денелердің түрлері
- •40.Экструзивтік денелерге сипаттама
- •41.Эффузивтік таужыныстарының жасын анықтау әдістері
- •42.Эффузивтерді геологиялық картада бейнелеудің ерекше-ліктері
- •43. Таужыныстарындағы жарықтардың жалпы сипаттамасы, олардың геологиялық пен генетикалық жіктемесі
- •44.Кливаж түрлері, оны зерттеудің маңызы
- •46.Лықсымалар (элементтері, жіктемесі)
- •47.Ығыспалар ( элементтері, жіктемесі)
- •48.Топтасқан лықсымалар мен ығыспаларға сипаттама
- •49.Ысырмалар ( элементтері, жіктемесі, ерекшелігі, тегі, жасын анықтау)
- •50.Ажыраулар ( құрылысы, тегі)
- •52.Тектоникалық жамылғылар-шарьяж (морфологиялық элементтері)
- •57.Метаморфтық жыныстардың бітімдік түрлері
- •58.Метаморфтық таужыныстардың жатыс пішіндері
- •60.Жер қыртысының негізгі құрылымдық элементтері
- •61. Геосинклиндерге сипаттама
- •62.Геосинклиндердің негізгі белгілері
- •64. Антиклинорий мен синклинорий
- •65.Платформа оның құрылымдары
- •66.Платформалардың негізгі белгілері
- •67.Көне және жас платформалар
- •78.Орталық мұхиттық жоталар және олардың құрылысы
- •79.Трансформдық жатылымдар
- •80.Мұхиттық рифтер
- •81.Диапирлі қатпарлар
3.Геологиялық картаның мазмұнына байланысты түрлері
Бiр карта көлемi негiзiнде ауданның геологиялық құрылысының бар ерекшелiктерiн, яғни төрттiк жыныстар құрамы мен қалыңдығын, тектоникалық өзгешелiгiн, пайдалы қазындыларын, гидрогеологиясын, геоморфологиясын, таужыныстардың физикалық қасиеттерiн жəне т.б. көрсетуге болады. Практика жүзiнде мұндай жан-жақты карта жасалмайды, себебi шартты белгiлермен тым шексiз көп бейнеленгендiктен оны оқу қиынға соғады. Сондықтан да кəдiмгi геологиялық картадан өзге, оның басқа түрлерi жасалынады. Оларға төрттiк шөгiндiлер, литолого-геологиялық, тектоникалық, геоморфологиялық, гидрогеологиялық, инженерлiк- геологиялық, пайдалы қазындылар, пайдалы қазбаларды болжау жəне т.б. геологиялық карта түрлерi жатады. Төрттiк шөгiндiлер картасында төрттiк жыныстар түпкiлiктi жыныстардан бөлек бейнеленедi. Мұнда олар жасы, тегi жəне құрамына бай- ланысты көрсетiледi. Кейде неогендiк континенттік жыныстарда осылай мазмұнды болып төрттік шөгінділер картасында көрсетіледі. Литолого-геологиялық картада жасына қарай боялған, өзiндiк жасты жыныстар көлемiнде, штрихпен олардың құрамы да көрсетiледi. Егер карта масштабы 1:1 000 дан iрi болса əрбiр жыныстардың таралу шекарасы нақтылы көрсетiледi, ал одан ұсақтарында басым таралған жыныстар ғана бейнеленедi. Жыныстардың литологиялық құрамы 1:50 000 жəне одан iрi масштабты карталарда да көрсетiледi. Аталған картаның бiр түрi- петрографиялық карта. Тектоникалық картада құрылымдық пiшiндердiң əр түрлi категориялары мен жастары шартты белгiлер арқылы көрсетiледi. Олар жалпы жəне аймақтық болып бөлiнедi. Алғашқысында жер қыртысының - негiзгi құрылымдық элементтерi пайда болу жағдайлары мен уақыттарына байланысты бөлiнедi. Аймақтық тектоникалық картада өзіндік ерекшеліктері бар белгілі бір ауданның құрылымдары қойылады. Бір ауданда пайдаланылған шартты белгі басқасында пайдаланылмайды Геоморфологиялық картада шартты белгiлер мен жер бедерiнiң негiзгi түрлерi мен жеке элементтерi, жасы жəне тектерi есепке алына бейнеленедi. Бұл картаның негiзi ретiнде топографиялық карта мен төрттiк шөгiндiлер картасы пайдаланылады. Гидрогеологиялық карта - сулы қабаттардың жасы, тегiне, құрылысына қарай жеке топтарға бөлiнiп түрлi түстi бояумен бейнеленедi. Инженерлiк-геологиялық картада жасы мен құрамы бейнеленген жыныстардың физикалық қасиеттерi түрлi түстi бояулар мен штрихтар көмегiмен көрсетiледi. Пайдалы қазындылар картасы геологиялық картаға əртүрлi форма жəне түстi шартты белгiлермен немесе табиғи контур төрiнде осы ауданда таралған пайдалы қазынды кен орындары, минерализация көздерi, учаскiлерi көрсетiледi. Бейнеленетiн картада пайдалы қазындылар топтарға (жанғыш, металдық, металдық емес), ал олар жеке түрлерге бөлiнедi. Пайдалы қазбаларды болжау картасы - геологиялық немесе тектоникалық карталар негiзiнде, жеке минералдық шикiзаттар немесе олардың комплекстерi үшiн жасалынады. Мұнда олардың таралуы мен болашағы көрсетiледi. Геологиялық карталар мiндетi (1:50 000 (1:25 000) пайдалы қазындылар жəне арнайы карталар (геофизикалық, геохимиялық, гидрогеологиялық, төрттiк шөгiндiлер, үгiлу қабаттары) болып бөлiнедi.
