Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Телехабар дайындау (каз).doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
419 Кб
Скачать
☆

1. Редактор (продюсер) – шығармашылық процесті ұйымдастырушы

Ұжымдық телевизиялық процесте оған қатысушылардың барлығы ортақ істің негізгі принциптеріне бағынғаны дұрыс. Мұндай түсіністікті қалыптастырудағы басты роль продюсер немесе редактордың еншісінде. Әдетте олар кадрда көрінбейді. Отандық тележурналистикада продюсер мен редактордың еңбек бөлінісі енді ғана қалыптасып келеді. Сондықтан олардың жұмысының әзір бір ғана айырмасы бар: редактордай емес, продюсер бағдарламаны дайындаудың қаржылық жағына да жауап береді. Титрда «креативный продюсер» деп жазылса, продюсердің шығармашылық жауапкершілігін, ал «исполнительный продюсер» – съемка мен монтажды ұйымдастыруын көрсетеді.

Телевизиядағы редакциялау рубриканы бекітуден, редактор жоспарын жүзеге асыратын авторларды таңдаудан басталып, түсірілген материалды рубриканың шығармашылық мақсатына орай өңдеумен аяқталады. Телевизия редакторының алдында хабарға қатысушыларды таңдай білу мәселесі де тұрады. Сондықтан редактор оның сырт келбеті, сөйлеу мәнері, ойын еркін жеткізе алуына да мән береді. Сонымен телередактор - әдеби қызметкер ғана емес, экрандағы «суреттің, бейненің» ұйымдастырушысы. Жаңалықтар қызметі редакторының репортерлерге қатаң талап қоюға хақысы бар. Ол репортерден материалды қысқартуын немесе құрылымын өзгертуін талап ете алады, тіпті эфирге жібермей қоюы да мүмкін.

Телерепортер

Экрандағы қызметкерлер жұмысына шолуды телерепортерден бастаған жөн. Ол – ең бұқаралық, ең көп қырлы, әрі жас журналистің қабілетін ашуға мүмкіндік беретін ең жедел мамандық. Репортер «көлденең» бағытта: белгілі бір салада (ғылым, медицина, жаңалықтары, қылмыстық хроника, саясат, экология, т.б.) немесе «тік» бағытта: белгілі бір аймақтағы барлық сала жаңалықтарына мамандана алады. Газеттегі арнаулы тілшімен деңгейлес универсал репортерлер бар (АҚШ-та ондайларды «генералист» деп атайды).

Репортердің жұмысы – телевизияның шынайы өмірге дендеп енуін қамтамасыз ету. Репортер көрерменге өмірді таныстырушы. Оның кәсіби шеберлігінің негізі үш құрамдас бөліктен тұрады:

  1. түсіру техникасымен бірге қызық және маңызды оқиға болып жатқан жерден табылу;

  2. оператормен кеңесе келе оқиға жөнінде бояуы қанық бейне беретін кадрларды таңдап, түсіре алу;

  3. оқиға негізін ашатын, қосымша әр беретіндей әсерлі әңгімелей алу.

Комментатор мен шолушы

Батыс журналистикасында «факт – киелі, ал комментарий – еркін» деген сөз бар. «Америка даусы» (Voice of America) радиосының тыңдарманы «…бұл комментарий Құрама Штаттардың үкіметінің көзқарасын білдіреді» дегенді естіп үйренген. Комментарий – фактінің өзі емес, оған деген көзқарас. Комментатор – сұрақтың туындау тарихымен таныс, осы тақырыпты зерттеген, өз болжамы мен пікірін білдіруге моральдық құқығы бар тәжірибелі журналист. Бірақ ол да оқиғаға өзге де көзқарастардың барын жоққа шығармайды, ол көзқарастарды сынауы мүмкін. Комментатор жаңалықтар қызметінде немесе одан кейін қандай бір күрделі саяси мәселені талқылау қажеттілігі туындаса, қандай бір жаңа фактіге тарихи-саяси баға беру керек болса эфирге шығады.

Комментарий көрерменнің оқиға жөнінде өзіндік пікірін қалыптастыруына ықпал етеді деп саналады. Талдамалы бағдарламада мемлекеттегі барлық (биліктің түбіне жетуді, қоғамдық құрылымды жоқ қылуды көздейтін экстремистік көзқарастан басқа) саяси бағыттар жөнінде айтылуы керек. Сондықтан редакцияның міндеті – түрлі көзқарасты ұстанған комментаторларға сөз беру. Аудиторияны логика, темперамент, материалмен арадағы дистанция (өзінің қайшылықтан алыс тұруы) сендіреді. Әрине, комментарий эмоцияны қыздыруға емес, ой мен санаға бағытталуы тиіс. Комментатордың актерлік қабілетіне келсек, ол журналистке өте керек.

Шолушы – жеке бағдарлама жүргізетін, видеоматериалды көрсете отырып, өз пікірін білдіретін, кейде студия қонақтарымен әңгімеге де жүгінетін, белгілі бір салада маманданған журналист (немесе өзге мамандық иесі: саяхатшы, космонавт, балерина, дәрігер, т.б.). Ол әңгімелесе алатын, камераны «сезіне алатын» (яғни өзіне көрінбейтін аудиторияны сезінетін), күрделі нәрсе жөнінде қарапайым әңгімелеп беретін адам болуы керек.

Шолушының комментатордан айырмашылығы:

1. «Журналдық» типтегі күрделі бағдарламалардың сценариін жасай алады, студияда еркін әңгімелеседі.

2. Шолушы саяси тақырыпқа көп бара бермейді. Ол насихатшы, үгітші емес, керісінше энциклопедист деуге болады. Ал оларға ортақ қасиет: екеуі де экранға өз пікірін айту үшін, өз эрудициясын көрсету үшін шығады. Олар көрерменді қызықтыра алады. Олар әдетте тәжірибелі, орта жастағы адамдар, сөз байлығы мол, публицистикалық монологты еркін де көркем жеткізуге қабілетті.

Негізгі әдебиеттер: [7]; [6]; [8]; [11]; [12]; [15];

Қосымша әдебиеттер: [1]; [9]; [10]; [11];

Лекция 10. Телевизия тәжірибесінде қолданылатын негізгі ұғымдар.

Телевизия – БАҚ ғана емес, оның үстіне шығармашылықтың түрі. Ендеше оның да ерекше тілі болуы заңды. Экран тілі – техникалық тәсілдер мен көркемдеу-мазмұндау әдістерінің жиынтығы. Ақпарат берудің экрандық типі телевизия мен киноға ортақ экран тілі қалыптасқан. Оны алғаш кинематографистер қалыптастырды, кино шеберлері дамытып, көрермен қабылдаған кезде телевизия енді дүниеге келген болатын.

Кеңістіктің экран рамкасында шектелген бейнесі кадр деп аталады. Кино мен телевизияның кеңістікке ғана емес, уақытқа да қатысты ұғым екені белгілі. Сондықтан «кадр» ұғымы тағы бір белгіні – ұзақтықты, яғни, бейненің экраннан көріну ұзақтығын да білдіреді.

Кадрдағы бейненің көлемін план деп атайды. «План» ұғымы кадрдағы бейненің үлкен-кішілігін білдіреді, ол камера мен объектінің арақашықтығына және объективтің фокустық арақашықтығына байланысты. Пландарды нақты 6 түрге бөлуге болады:

  1. Қашықтық план (М: адам және оның айналасы)

  2. Жалпы план (М: адамның ұзына бойы)

  3. Орта план (М: адамның тізесіне дейін)

  4. Белдің план (М: адамның беліне дейін)

  5. Ірі план (М: адамның басы)

  6. Макроплан (жекелеген деталь, М: адамның көзі).

Ракурс термині бейнелеу өнерінен ауысқан, алғашында фигураны қысқартып, кішірейтіп беруді осылай атаған. Ал қазір ракурс – бейнені ерекше көру нүктесінен (жоғарыдан, төменнен, т.б.) түсірудегі қатты қысқартуды білдіреді.

Экранда бейне белгілі бір көлемде (планда), белгілі бір нүктеден түсірілгені көрінсе, мұндай қасиет сурет өнеріне де тән. Бірақ телевизия мен бейнелеу өнерінің басты айырмашылығы – экрандағы бейне тұрақсыз, ол көрінеді де жоғалады. Оның үстіне экрандағы бейне қозғалады, ал қозғалыстың кеңістікте және уақытта белгілі бір ұзақтығы бар екені белгілі.

Фильм немесе телебағдарлама көрерменге бірімен бірі ауысып келетін кадрлар ағынымен әсер етеді. Кадрлардың тоқтаусыз ағыны – экранның басты ерекшелігі. Ендеше кадрлардың алмасуы, кезегімен келуі аса маңызды.

Негізгі әдебиеттер: [15]; [17]; [19]; [21]; [22];

Қосымша әдебиеттер: [1]; [9]; [10]; [11];

Лекция 11. Телевизиялық монтаж түрлері.

Кадрларды белгілі бір ретпен орналастыру монтаж деп аталады. Монтаждың негізі ХХ ғ. басында алғашқы кинематографистердің шығармаларында қаланды. Ағайынды Люмьерлердің «Жұмысшылардың заводтан шығуы», «Поездың келуі» секілді қысқа фильмдері бір-ақ кадрдан тұратыны, яғни қозғалмайтын камерамен бір нүктеден, бір планда, бір ғана ракурспен түсірілгені белгілі. Алғашқы он-он бес жыл бойы фильмдердің көпшілігі осылай түсірілген. Аздан соң адамзат целлюлоидты пленканы қиып, желімдеуге болатынын түсінді. Сөйтіп, бірнеше кадрды желімдегеннен пайда болған фильмдер қалыптасты. 1902 ж. «Өрт сөндірушінің бір күні» осы жолмен дүниеге келді. 1914 ж. дейін түсірілген фильмдерден түрлі көлемдегі планды, қозғалыстан түсірілген бейнені, параллельді монтаждың нәтижесін көруге болады. Мысалы,

1-кадр: қол өрт қызметін шақыру нүктесін басты;

2-кадр: өрт сөндіруші машина деподан шықты;

3-кадр: жанған үй ;

4-кадр: өрт сөндіруші машина зулап келеді…

Бірақ 1915 жылға дейін түсірілген фильмдердің көркемдік деңгейі төмен, тек оқиғаның қозғалысқа келтірілген бейнесін береді.

Киноға көркем бейнелілік берудің негізін салған американ режиссер-сценарисі Дэвид Гриффит болды. «Ұлттың тууы» (1915), «Шыдамсыздық» (1916), «Сынған бұталар» (1919) фильмдерінде Гриффит монтаж мүмкіндіктеріне қол жеткізді. Монтаждың мәнін терең түсініп, оны шығармашылық процеске айналдырған кеңестік кинематографистер, әсіресе, ұлы суреткер, ойшыл Сергей Эйзенштейн еді. Монтаждың теориясы мен практикасының қалыптасуына Л.Кулешов, В.Пудовкин, Д.Вертов, А.Довженко, М.Ромм, С.Юткевич сынды кино өнерінің қайраткерлері көп үлес қосты.

Түсіру барысында алынған кадрлардың – кинолента бөлшектерінің басын қосып, желімдеу – механикалық процесс, оны техникалық монтаж деп атайды. Екі кадрдың біріккен жері – склейка. Тәжірибе жүзінде склейкалардың аралығын кадр деп атайды.

Кадр - әрқайсысы жеке-жеке алғанда шартты түрде кадрик аталатын бір сәттік фотографиялар жиынтығы. Кинопроекторда кадриктер секундына 24-тен ауысып отыратындықтан экранда қозғалыстағы бейне пайда болады. Неғұрлым көп кадриктен тұратын кадр экранда ұзақ тұрады да, ұзақ немесе сылбыр кадр аталады.

Кадрлар желімделгенде олардың арасында белгілі бір байланыс болуы қажет, яғни қозғалыс неғұрлым табиғи көрінуі керек. Кадрларды біріктірудің мұндай процесін конструкциялы (құрылымдық) монтаж деп атайды. Әрине құрылымдық монтаждың құрамына техникалық монтаж да кіреді. Құрылымдық монтаждың екі мақсаты бар:

  1. кадрлар логикалық байланыста болуы керек (адам машинадан шығады, үйге кіреді, сатымен көтеріледі, пәтердің қоңырауын басады…);

  2. әрбір кадрдың нені білдіретінін көрермен түсінетіндей ұзақтық ескерілуі керек.

Кейде кадрлар арасындағы байланыс мұндай қарапайым емес, бейнелі, образды берілуі мүмкін:

  1. Сүрлеу жолда қойшы отар айдап келеді;

  2. Осы жолмен бір топ адам келеді.

Бұл кадрдың әрқайсысын жеке алғанда мағыналы болуы мүмкін, онда ақпарат бар, бірақ ой жоқ. Ал екеуі қатар келгенде бір қараған адамға мүлде байланыссыз көрінуі мүмкін, алайда екеуі қосылып, жасырын мағына білдіріп тұр: адамдар ретсіз, қойлар сияқты «жайылып келеді». Кадрлар арасында образды байланыс болуын көздеген монтаж көркем (бейнелі) монтаж деп аталады. С.Эйзенштейн айтқандай, кадрға кадр қосылғанда екі кадр емес, үлкен мағына болады. Тағы бір мысал: В.Пудовкиннің «Мать» фильмінде демонстрациядағы халықтың көптігі мен екпіндеп келе жатқан мұзжарғыш кемені кезектестіріп көрсету арқылы революция серпінінің қаттылығын бейнелеген.

Оқиғаның драмалық шиеленісуін бейнелеуде қолданылатын бір тәсіл – паралелльдік монтаж. Екі қозғалысты кезек берудің нәтижесінде екеуінің де бір мезгілде болып жатқанын түсіндіреді, сөйтіп, екі бейненің байланысын білдіреді.

Бейнелердің арасындағы субъективті байланысты беру үшін паралелльдік монтаждың ассоциациялық (ұқсастық) түрі қолданылады. Мысалы, меньшевиктер сөзін бос сөз, жалған тәтті тіл ретінде бейнелеу үшін кеңестік режиссерлер арфа, балалайка секілді аспаптардың ойынын көрсететін еді.

Адам өмірді оның жекелеген көріністерін «монтаждау» арқылы сезінеді. Көркем әдебиет осыны түсіндіріп келсе, кино мен телевизия да осыған үлес қосуда. Киномонтаж бен көркем әдебиеттің кейбір заңдылықтарының ұқсастығын С.Эйзенштейн 1937-1938 ж. жазған мақалаларында көрсеткен.

Жаңа ақпаратты технологияның жетілуіне байланысты телевизиялық «Adobe Premier 2», «Adobe Premier Pro» бағдарламаларымен жүзеге асырылады.

Негізгі әдебиеттер: [15]; [17]; [19]; [21]; [22];

Қосымша әдебиеттер: [1]; [9]; [10]; [11];

Лекция 12. Телевизиялық түсіру (съемка) түрлері.

Қозғалыстағы камерамен түсіру экрандағы бейненің мәнін аша түседі. Қозғалыстан түсірудің бірнеше түрлері бар.

Панорамалау - өзінің вертикаль немесе горизонталь осі бойында айналып тұрып түсіру. Камера бір орында бекітілген, бірақ ол жоғары-төмен, оңға-солға айналып тұрып түсіреді (Мысалы, футбол стадионында камера көлденеңінен айналып, доптың қозғалысынан қалмайды).

Қозғалыстан түсірудің екінші түрі – проезд немесе трэвеллинг (ағылшынша саяхатшы немесе жылжымалы). Ол горизонталь немесе вертикаль қозғалып түсіруді білдіреді (көше бойымен жүру, жерден үйдің шатырына дейін және керісінше бағытта түсіру, камераның қозғалыстағы машинаның қасында жүріп түсіруі). Трэвеллингтің отъезд, наезд, яғни объектіге жақындау немесе алыстау арқылы түсіретін түрлері бар. Кейінгі жылдары камера объектіге кәдімгідей жақындап келмейді, тек арнаулы объективтің көмегімен бейненің бұрышы өзгереді, бұл тәсіл оптикалық наезд аталады.

Траекториялық түсіру – қозғалыстан түсірудің тағы бір түрі. Ол – трэвеллинг пен панорамалаудың жиынтығы, камераның күрделі қозғалысы. Оның барысында ұзын сапты құрылғысы бар оператор краны қолданылады, кран жан-жаққа, жоғары-төмен қозғалады, айналады.

Қозғалыстағы камерамен түсірудің кез-келген түрі арқылы кадрішілік монтаж эффектіне қол жеткізуге болады. Кадрішілік монтаж бір ұзақ кадр ішінде үзіліссіз түсіруге мүмкіндік туғызады.

Негізгі әдебиеттер: [7]; [8]; [11]; [15]; [16]; [19];

Қосымша әдебиеттер: [1]; [9]; [10]; [11];