Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tour_kurs_Kainar.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
605 Кб
Скачать
☆

2.3 Ұлы Жiбек жолының рухани мұрасы

Ұлы Жiбек жолының мәдени-тарихи ескерткiштерi ерекше бағаланады. Сондықтан бұл ескерткiштердi зерттеп жаңғырту маңызы зор.

Қазақстан аумағында, әсiресе Жiбек жолы бойында ерекше мәдениеттiң қалыптасуында көшпендi халықтар өшпес iз қалдырды. Бұл халықтардың рухани және синкретикалық мәдениеттерiнiң ерекшелiктерi Жiбек жолы бойында көптеген ескерткiштер, қола дәуiрiндегi қорғандар, тау-тасқа салынған суреттер, сақтар мен үйсiндердiң обалары, ежелгi қола дәуiрi мен ортағасырға дейiнгi археологиялық және этнографиялық материалдардың келбетiнде байқалады.

Жетiсудың шығысында көне заман ескерткiштерiнiң ең маңыздысы, қажылық орталықтар болған Анхарайдағы Тамғалы петроглифтерi, Көксу өзенiндегi Ешкiөлмес (б.з.д. III мыңжылдық – б.з. VIII ғасыры), Iле өзенiндегi Бесшатыр ансамблi (б.з.д. VII-III ғасырлар), Алматыдағы Бурундай қорғандар жиыны (б.з.д. VIII-I ғасырлар), Есiк, Түрген, Жалаулы, Тенлiктегi (V-III ғасырлар) қорғандар, Құмыршыдағы елдiмекендер едi.

Будда мен христиан ескерткiштерiнен Iле өзенi бойындағы таңбалы тастар (IV-VIII ғасырлар), Райымбек ауданындағы Сүмбе ауылы маңындағы буддалық мешiт (XVIII-XIX ғасырлар), Лепсi (IX-XIII ғасырлар) несториандық елдiмекенi мен XIX-XX ғасырлардағы провоcлавтық шiркеулер өте қызықты.

Батыс Жетiсу аймағында Қарасай петоглифтерi (II-I мыңжылдықтар), Жетi-төбе қорғанды құрылыстар (б.з.д. V-III ғасырлар), Тараз қаласы мен оның маңындағы мазден-зороастриялық шiркеулiк комплекстер мен елдiмекендер, Джамукат қалашығы (б.з. VI-XII ғасырлары), сонымен қатар Тектұрмас (б.з. VIII-XII ғасырлары) несториан-буддалық некрополi белгiлi. Араб жаулап алушылығынан кейiн VIII ғасыр ортасында христиан зороастрялық және басқа жерлердiң жойылуынан соң, басты рухани орталықтарға қорғанды жерлер, некропольдар мен мавзолейлер жатады. Бұл орталықтар ислам дiнi кезiнде де қызмет етiп тұрды, өйткенi көшпендi халықтар өздерiнiң ежелгi дәстүрлерiнен айырылмайтын. Қараханидтер билiгi тұсында мешiттер орнына мавзолейлер салу дәстүрi жаңғыра түстi. Айша-бибi, Бабаджа-қатын, Қарахан мен Дауылбек мавзолейлерi қазiргi күнге дейiн қажылық орталығы iспеттi. Тараз қаласынан 18 км қашықтықтағы Айша-бибi ауылындағы шағын қырқалы төбеден екi әйел затына арналған Айша-бибi мен Бабаджа-қатын ескерткiш-кесенелерi салынған. Бабаджа-қатын кесенесi анағұрлым ежелгi болып саналады (X ғ), ал Айша-бибi кесенесi XI-XII ғасырларда пайда болған. Осындай көптеген архитектуралық ескерткiш, мұражай-қорық кешендерi ежелгi Тараздың болашақта iрi туристiк орталыққа айналуына қолайлы мүмкiндiктер туғызады.

Соборлы және кварталды мешiттерге көбiне қала адамдары баратын. Ең көне мұсылмандық құрылыстарға қарлұқ әмiрi Ақыртас сарайындағы мешiт (XII-XIII ғасырлар), Өрнек қалашығындағы мешiттер (X-XII ғасырлар) жатады. Тараз қаласында Әбдiқадыр, Нәметбай, Жүнiс-хан мен Жамбыл облысында Қарақожа, Абдулла имам (XVI-XX ғғ) кварталды мешiттер сақталған.

Оңтүстiк Қазақстан территориясы Жетiсу сияқты алғашында көшпендi тайпалармен тұрақталған. Б.з. I-IV ғғ бастап Сырдария маңы мен Қаратаудың оазистерiнiң шапшаң урбандалуы мен Орта Азияның отырықшы өркениеттер әсерiне қарамастан осы аймақтың халқының бiр бөлiгi көшпендi өмiр сүру салтын сақтап, осы әдет-ғұрыптарын XX ғасырға дейiн жеткiздi. Қола дәуiрiнен орта ғасырға дейiн түрлi ескерткiштер сақталған. Отырар-Қаратау мәдениетi Орталық Азия территориясындағы этномәдени процестердiң шын келбетiн көрсетедi.

Арпа-өзен, Қой-бағар, Қошғар-ата, Майдан-тау, Ақсу-Жабағалыдағы петроглифтерде аң аулау көрiнестерi мен шамандық ритуалдарды көруге болады. Құстар, бұғы, елiктердiң, спираль, крест тәрiздi композициялардың болуы Тамғалы, Ешкi-өлмес, Қарасайдағы петроглифтермен ұқсас тақырыпта жасалған.

Жартастағы ескерткiштер басқа археологиялық және жазбаша дәлелдемелермен қатар Қазақстан халықтарының орта және ерте Ғасырлардағы мәдениетi мен салт-дәстүрiнiң дамуын түсiнуге мүмкiндiк бередi. Тастағы суреттердiң Қазақстан территориясының барлық жерiнде кездескенмен, негiзгi үш аймақты бөлiп көрсетуге болады: ол шығыс, орталық және оңтүстiк Қазақстан жерлерi. Ең көбi петроглифтер Қазақстанның Оңтүстiк аймағында шоғырланған, яғни Ұлы Жiбек жолы аймағында. Тамғалы, Ешкiөлмес пен Арпаөзен ЮНЕСКО-ның Дүниежүзiлiк Мұра тiзiмiне кiру мүмкiндiгi бар. 2004 жылы ЮНЕСКО-ның шешiмiмен Тамғалы бұл тiзiмге алынды.

Ешкiөлмес шатқалында 10 мыңға жуық петроглифтер бар деп есептеледi. Қазiрде ол Қазақстандағы таста бейнелеу өнерiнiң ең iрi ескерткiшi болып табылады. Ол Талдықорғаннан оңтүстiкке қарай Көксу өзенiнiң аңғарында, Жоңғар Алатауы етегiнде орналасқан. Ешкiөлмес жотасының 20-ға жуық шатқалында тастағы суреттер анықталған, олардың 5-6 ғана iрiлерiне жатады. Ауданның археологиялық ескерткiштерi ондаған елдiмекендер, молалар, металлургиялық шеберханалар мен петроглифтерден тұрады. Олар неолит, қола, ортағасырлар мен жаңа заман дәуiрлерiн бiрiктiредi.

Арпаөзен петроглифтерi Марьяшев пен Қадырбеков ғалымдарының Оңтүстiк Қазақстанда арнайы жүргiзген зерттеулерi кезiнде ашылған. Арпаөзен сайы Қаратаудың солтүстiк-шығыс баурайында орналасқан. Ауданы үш шаршы км жетедi. Петроглифтер үш топтан құралған: солтүстiк, оңтүстiк, орталық бөлiгi. Мұнда көптеген елдiмекендер, петроглифтер, молалар ашылған. Олардың көбi Арпаөзен өзенiнiң орталық және жоғарғы ағысында орналасқан. Көбiсi этнографиялық және ортағасырлық кезеңге жатады.

Бес-шатыр ежелгi сақтардың рухани орталығы болып саналады. Мұнда 31 оба бар. Ең үлкен “жетiсулық пирамида” атына ие қорған диаметрi 105 метр, ал биiктiгi 17 метрге жеткен. Қорғандар осы күнге дейiн жақсы сақталып келген тянь-шань шыршасынан жасалған. Оның бiр ерекшелiгi-жерасты лабиринтi бар катакомбалар. Патша обаларының батысына қарай солтүстiктен оңтүстiкке дейiн 45 тастан құралған дуал қоршау созылып жатыр. Онда жануарлар суретiмен қатар аңшылық пен тұрмыс суреттерi бейнеленген..

Мұнда спираль тәрiздес циклдердiң синкретикалық образдары, табиғаттың жандануы мен аруақтардың бұл процеске қатысуы бейнеленген. Түркiстан ауданындағы Шаға зороастриялық наус-қабiрi, Отырар ауданындағы Бөрi-жары қалашығы, көптеген VI-IX ғасырлардағы ассуариялар, Ұйғарақ (VII-III ғасырлар) пұтқа табынушылық әдет-ғұрыптардың даму этаптарын сипаттайды [25].

Ежелгi периодтағы буддалық және христиандық ескерткiштер аз сақталған. Тек араб көздерi бойынша X-XII ғасырларда Сайрам мен Төрткүлде дiни заттар табылған.

Оңтүстiк Қазақстанның мұсылман заманынан қалған мұрасы Жетiсуға қарағанда маңыздылығы жоғары. Исламдану әсерiне IX-X ғасырларда Оңтүстiк Қазақстанның Мавереннахрмен байланыс зонасында орналасқан Газгрид, Испиджаб сияқты қалалар мен елдiмекендер түстi. Ары қарай мұсылман дiни солтүстiк пен шығыс бағыттарда тарады. Ортағасырлық деректер бойынша Сырдария бойындағы Субаникет, Отырар, Шавғар, Ясы, Сауран, Сығанақ және оңтүстiктегi Қарлұқ, Манкент, Шарап, Будухкет, Тамтадж қалалар халқының бiр бөлiгi мұсылмандар болған. Қараханидтер заманында Қалалар бой көтерiп қана қоймай, мешiттер, керуен-сарайлар, рабаттар, мавзолейлер сияқты дiни орталықтар салына бастады. (Тұрбат ауылы), Отырар маңындағы Арыстан-баб мешiтi, Абарджадж пен Тамдадж керуен-сарайлары, сонымен қатар әмiр Темiр дәуiрiнiң тамаша құрылыстары – Түркiстандағы Қожа Ахмед Йассауи кесенесi мен Отырардағы мешiт. Түрiктің көшпендi халқының арасында исламның суфиялы-еретиктiк ағымының насихаттаушылары атақты болды. Йассыда XI-XII ғасырларда суфиялық орденiнiң қалыптасуы мен әмiр Темiрмен XIV ғасырда Ахмед Йассауи жерленген жерi үстiне әсем кесененi салу бұл кiшiгiрiм қаланы Дештi-Қыпшақтың рухани орталығына айналдырып, XVI-XVII ғасырларда Қазақ Хандығы астанасының атағына ие болды. Суфистердiң жер асты құрылыстары: әулие-құмчек ата, Хильвет, ежелгi Ахмед Йассауи кесенесiмен бiрге тұрған некрополь, қазақ хандарының мазарлары қажылықтың объектiлерi ретiнде қазiрге дейiн болып келед. Бұл ескерткiштердi сақтау тарихи ортаны жаңғыртып, Қазақстанның iрi рухани орталықтарын танып-бiлуге мүмкiндiк бередi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]