- •(№1Хаттама, 16 қазан 2012 ж.)
- •Isbn 978-601-7303-00-6 © с. Аманжолов атындағы шқму баспасы
- •2.1 Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер
- •2.2 Топырақ балдырларының жалпы сипаттамасы және өкілдері
- •2.3 Топырақ саңырауқұлақтарының таксономиясы мен жалпы сипаттамасы
- •Саңырауқұлақтәрізді ағзалар миксомицеттер.
- •2.4 Қыналар, түрлері және биоценозы
- •2.5 Топырақ жәндіктері
- •26 Сурет – Көпаяқтылар: 1- кивсяк; 2 - геофилдер; 3 - шыбынаулағыш
- •2.7 Топырақ биотасын зерттеу әдістері
- •3.1 Микробтық метаболизм сипаты мен микроағзалардағы зат алмасу ерекшелігі
- •3.2 Көміртектің түзілуі және оттегінің айналысы
- •3.4 Азот айналыс циклы
- •3.5 Фосфор түзілуі және зат айналысындағы рөлі
- •3.6 Темірдің зат айналысуына қатысуының маңызы
- •3.7 Күкірт айналымы
- •Бақылау сұрақтары
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •Топырақ тіршілік ортасы есебінде
- •4.2 Топырақ биотасы биогеоценоздағы биотикалық қауымдастықтың құрамдас бөлігі ретінде
- •4.3 Топырақ диагностикасы және биологиялық индикацияның негізгі принциптері
- •Топырақты-альгологиялық индикация.
- •Топырақтың микробиологиялық диагностикасы және биологиялық белсенділігі.
- •Топырақ ортасының ластануының биологиялық индикациясы және топырақтың өздігінен тазалануы.
- •Глоссарий
- •Әдебиеттер тізімі
2.5 Топырақ жәндіктері
Алғашқы продуценттер, яғни өсімдіктер мен балдырлардан түзілетін органикалық заттардың массасы, келесідей звено арқылы биологиялық айналымға - өсімдіктер өнімін қолданушыларға (консументтерге) түседі. Бұл массаның бөлігі жануар-фагаларымен тікелей алыстатылады (бөлектенеді), басқа бөлігі сапротрофты деп аталатын ярусқа өтеді, онда олардың қолданылуы және өлген өсімдіктердің қаңқаларының ыдырауы болады. Осы бөлікте жануарлар циклы - топырақты мекендеушілер – органикалық массаның белсенді ыдыратушылары болады, дегенмен олардың ыдыратушы рөлі саңырауқұлақтармен бактерияларға қарағанда аса маңызды емес. Топырақ мекендеуші жануарлар - циклдың бұл бөлігінде - органикалық массаларды белсенді қайта түзуші болып қатысады, саңырауқұлақтар мен бактерияларға қарағанда олардың ыдыратушы ретінде рөлі аса маңызды емес.
Топырақ жануарларының зат айналымындағы рөлі және топырақ түзу үдерістері жайлы көзқарас бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Ертеден жануарлар топыраққа механикалық әсер ететіні белгілі. Ч.Дарвин соқаға дейін жауын құрттарының топырақты қопарғаны жайлы жазған. Топырақ жануарлары топырақ химизміне, гумус түзуге, құрылымдық қасиеттеріне, биологиялық белсенділігіне және жалпы топырақ құнарлылығына маңызды әсер етеді.
Құрлықтағы экожүйе жануарлар түрлерінің 95-99%-ын жерүсті және топырақ омыртқасыз жануарлары құрайды.
Топырақтағы кездесетін барлық жануарлар үш топқа бөлінеді. Геобионттар - топырақтың тұрақты тұрғындары (жауын құрттар, көпаяқтылар, айырқұйырықтар). Геофилдер, тіршілік циклы бойында өзінің өмірінің бөлігін топырақта өткізеді (қоңыздардың дернәсілдері). Геоксендер уақытша топыраққа көміледі, (мысалы, зиянды тасбақа, кейбір жәндіктер). Топырақта мекен ететін - жануарларда - топырақ ортасына әртүрлі бейімделушілік дамиды. Бұл бейімделушіліктер морфологиясының, физиологиясының және жануарлардың мінез құлықтарының өзгерістерімен көрінеді. Мысалы, кейбір топырақты мекендеушілерге аяқтарының формасын өзгертуі, көру мүшелерінің редукциясы, дене өлшемінің кішіреюі. Кутикулярлы жабындықтарының құрылыстарында, тыныс алу және зәр шығару мүшелерінде анатомиялық адаптациялар көрінеді. Физиологиялық бейімделушіліктер зат алмасу ерекшеліктерімен, су алмасу және температуралық адаптациялармен көрінеді. Ірі топырақ жануарларында адаптациялық стратегиялар ерекше алуантүрлі болады. Топыраққа кету тығыз ортадағы аэрациямен, оның қайтатүзілу қажеттілігімен байланысты.
Топырақтың көпфазалығына сай жануарлардың топырақты мекендеуі де әртүрлі болады. Әртүрлі көлемдегі жануарлар әртүрлі фазаларды игереді - әуе, сулы, топырақтың тығыз бөлігі. Жануарлардың топырақты мекендеуі жалпы және жекелей оның микролокустарында жануарлардың дене көлеміне, тыныс алу типіне және қоректенуіне байланысты жүреді.
Тіршілік ету ерекшеліктеріне және топыраққа әртүрлі жануарлардың өлшемдерінің әсеріне сай оларды топтарға бөледі. Әрбір топ үшін маманданған сандық бағалау әдістерін қолданады.
Жиі үш өлшемді топтарды ажыратады - микро-, мезо- және макрофауна. Кейде біріншіден нанафаунаны, соңғыдан - мегафаунаны жіктейді.
Нанофауна біржасушалы қарапайымдармен көрінеді, олардың өлшемдері екі-үш ондық микрометрден аспайды. Олар топырақтың су толған саңылауларында тіршілік етеді, гидробионттар болып табылады. Су қоймаларындағы формаларына қарағанда, топырақтағылары ұсақ болып кездеседі. Қолайсыз құрғақ немесе аязға қататын жағдайларда тыныштық қалпында цист формасында ұзақ уақыт сақтала алады.
Микрофауна көпжасушалы микроскопиялық жануарларды (коловраткалар, нематодтар т.б.) біріктіреді. Бұлар да гидробионттар, ылғалды ортада, камераларда немесе саңылауларда, атмосферасы су буымен қаныққан ортада тіршілік ететіндер. Осы өлшемдегі топқа кенелер және айырқұйрықтар, олар ұсақ аэробионттық топырақ жануарларының тобын құрайды. Олардың топырақта таралуы өлі өсімдіктердің қалдықтары және гумусқа байланысты, кейбіреулері өсімдіктердің тірі тамырларымен байланысты.
Нано- және микрофауна өкілдері өздерінің кішкене көлемдерімен топырақтың беткі қабатына және басқа да физикалық қасиеттеріне белсенді әсер етпейді.
Мезофауна алуан түрлі және көптеген топырақты мекен ететін жануарлардың бөліктерін біріктіреді. Бұл өлшемдегі жануарлар тобы жай көзбен немесе лупамен де көрінеді, оларды қолмен жинауға болады. Негізінен бұлар ұсақ жәндіктер, кейбір көпаяқтылар, есекқұрт (мокрицы), өрмекшілер, сонымен қатар энхитреидтер. Олар скважина бойымен және ірі топырақ саңылауларымен тік (вертикальды) миграция жасауға қабілетті.
Макрофауна топырақта жауын құрттарымен, көпаяқтылармен, есекқұрттармен, жәндіктердің дернәсілдерімен көрінеді. Бұл жануарлар топырақтың тығыз бөлігінде мекен етеді, ін қазады, табиғи скважиналарды кеңейте отырып, жол жасап қозғалады. Осы экологиялық топтағы жануарлардың тыныс алуы дене жабындығы арқылы да, маманданған тыныс алу мүшелерінің қатысуымен де жүреді. Қолайсыз жағдайларда олар топырақтың терең қабаттарына миграция жасайды, ол жерде олар құрғақшылық пен қысқы суықты өткізеді.
Топырақтың мегафаунасы - ондаған сантиметрге жететін, ірі жануарлар. Оларға негізінен сүтқоректілердің өкілдерінен, жертесерлер, сонымен бірге гигант жер құрттары жатады. Бір түрлер топырақты тастамай тұрақты мекен етеді, басқасы топырақ бетіне қоректенуге шығады. Бұл жануарлар топыраққа қатты механикалық әсер етеді, әртүрлі горизонт топырақтарын араластырып, топырақтың табиғи құралуын бұза отырып, субстрат массасын аздап алмастырады.
Топырақ жануарларының экологиялық топтары тек өлшемімен ғана бөлінбейді, топыраққа әсерімен көрінеді. Биотикалық бірлестіктердегі трофикалық тізбектегі ағзалардың орынын анықтайды. Топырақ жануарларының арасында келесідей трофикалық топтар ажыратылады.
Фитофагтар тірі өсімдіктердің тамырларының ұлпаларымен қоректенеді, ауыл шаруашылығына жиі зиян келтіреді. Мысалы, шыртылдақ қоңыздың дернәсілі өсімдіктердің тамырын құртады. Қызылша нематоды қант қызылшасының тамырына тамыржеміс түзілгенге дейін енеді және өнімнің біршама жоғалуына әкеледі. Фитофагтардың алуан түрінің бірі - балдырлармен қоректенетін, альгофагтар.
Зоофагтар басқа жануарлармен қоректенеді, жыртқыш немесе паразит рөлінде болады. Мысалы жәндіктермен қоректенетін барлық жануарларды, қарапайымдылар мен коловраткаларды қорек ететін нематодтарды, нематодтарға шабуыл жасайтын жыртқыш кенелерді, коллемболды жатқызуға болады.
Некрофагтар азық ретінде өлген жануарлардың қаңқасын қолданады, табиғи экожүйеде санитар рөлін атқарады. Мысалы Орта Азия шөліндегі жүгіргіш құмырсқалар топырақ бетін тазалай отырып, жәндіктердің қаңқаларын жейді.
Сапрофагтар - саны жағынан көбірек және мағнасы жағынан маңызы жануарлар тобы. Топырақ бетіндегі төсеніштер мен төсеніштердегі өлі өсімдіктердің қалдықтарымен, сол сияқты өсімдіктердің тамыр жүйесі аймағымен қоректенеді. Оларға құрттар, көпаяқтылар, есекқұрттар, кейбір кенелер және жәндіктердің дернәсілдері жатады.
Бұл экологиялық топша топырақтағы органикалық заттардың қайтатүзілуіндегі жануарлардың рөлін зерттеуде үлкен қызығушылық танытады. Сапрофагтарға басқа жануарлардың экскременттерімен қоректенетін копрофагтар, негізінен сүт қоректілер (мысалы, көң қоңыздары), сонымен қатар детритофагтар, азыққа детритті - тірі микроағзалармен бірге ұсақ органикалық бөліктерді, оларды ыдыратушыларды пайдаланады. Олардың барлығы жануарлардың сапрофильді комплексі деп аталатын күрделі жүйе құрайды (сурет 19).
19 – сурет – Типтік белдеулік ландшафтардағы топырақ омыртқасыздарының сапрофильді кешендерінің әртүрлі трофикалық топтардың: I - полярлы шөл; II - тундра; III - тайга; IV - жалпақжапырақты орман; V - шалғынды дала; VI - құрғақ дала; 1 - микрофитофагтар; 2 - детритофагтар; 3 - фитосапрофагтар; 4 - жыртқыш және фитофагтар
Қарапайымдар. Protozoa - біржасушалы микроскопиялық жануарлар, топырақтың нанафаунасы. Олардың белсенді тіршілік етуі үшін топырақ саңылауларында судың болуы аса маңызды болып табылады. Құрғақшылық кезеңдерін цист түрінде өткізеді. Топырақтың барлық түрлерінде қарапайымдар табылған, олар әлі күні зерттелуде. Олардың саны да өте жоғары болуы мүмкін - 1 г топырақта бірнеше жүздеген мың жасуша. Биомасссы қолайлы жағдайларда (мысалы, шалғындық топырақта) 30-40 г/м2 жетеді.
Топырақтағы қарапайымдылардың тіршілігін реттейтін ең маңызды факторлардың бірі - олар қоректенетін бактериялардың мөлшері. Бұл жануалар саңырауқұлақтардың жасушаларын, ашытқыларды, балдырларды жейді және осы кезде азығын таңдап жейді. Қарапайымдылардың ішінде детритофагтар бар. Кейбіреулері осмотрофты қоректенеді. Топырақтағы олардың басты рөлдері - органикалық заттардың ыдырауына қатысу және микроағзалардың жасушаларын жеу.
Қарапайымдылар гидробионттар болып табылады және топырақтың су толған саңылауларында мекен етеді. Көптеген саны бар жіңішке капиллярларымен топырақ микроортасындағы тіршілік қарапайымдардың морфологиясында таңба қалдырады. Топырақ қарапайымдыларының өлшемдері тұщы су және теңіздегілерге қарағанда 5-10 рет аз. Кейбіреулерінде жасушаларының тығыздалғаны, өскіндер мен тікенектердің болмауы, алдыңғы талшықты жоғалтуы байқалады. Топырақта тіршілік ететін жақтаулыларда бақалшақ тамыраяқтылардың, жақтауларының формасы қарапайымдалады және құрғап кетуден сақтауға бейімделген жалған немесе кішкене саңылаулары болады. Топырақта ғана кездесетін түрлері бар.
Топырақ қарапайымдыларының ішінен талшықтылар, саркодтылар және инфузориялар ажыратылады.
Талшықтылар (Жгутиконосцы) - қарапайымдылардың ішіндегі ең ұсағы, талшықтарының болуымен ерекшеленеді. Кейде жасушаларының ұзындықтары 2-5 мкм аспайды. Жиі оларда алдыңғы талшық болмайды және тек артқа бағытталған біреумен ғана қамтылады.
Талшықтылардың арасында жасушаларында пигменттер, оның ішінде хлорофилл бар және олар фотосинтезге қабілетті түрлері бар. Бұлар өсімдікті талшықтылар, немесе фитомастигиндер. Кейде бұл ағзаларды балдырларға жатқызады, олар өсімдіктер мен жануарлардың арасында аралық орын алады. Типтік өкілі - жасыл эвглена (Euglena viridis). Топырақта тағы да жасыл Chlamydomonas, қоңыр Cryptomonas, сарғыштау Ochromonas кездеседі. Кейбір эвгленалар қараңғыда хлорофилдерін жоғалтады және гетеротрофты қоректену типіне ауысады. Сонымен олар аралас қоректену типіне жататын ағзалар - миксотрофтар болып табылады. Зоомастигиндердің арасында (түссіз талшықтылардың) осмотрофты және анамальды (голозойлы) қоректену типті (қалыптасқан бөліктерді жұту) формалары да бар. Талшықтылардың өкілдері - Monas, Bodo, Cercomonas, Oicomonas туыстарының түрлері (сурет 20).
20 – сурет – Топырақ қарапайымдылары:
1-4 – талшықтылар; 5-7 – саркодтылар; 8-10 - инфузориялар
Қилар мен компостардың жиынында қызыл түсті, жағымсыз иісі бар Eisenia foetida құрты таралған. Олардың дарақтарының саны 1 м2 1000 дарақ, орташа ұзындығы 8 см. Бұл құрттың даму циклы қысқа және компост жиынтықтарында, парниктерде жыл бойында диапаузасыз көбейеді. Осы құрттардан вермикомпостар дайындалады, оларды тыңайтқыш ретінде қолданады.
Жауын құрттары құрғақшылықты, жоғары және төмен температураны нашар өткереді. Олар қышқыл топырақтарда аз, ізбесті топырақтарда көбірек кездеседі. Жауын құрттарымен көртышқандар, жертесерлер және жыртқыш көпаяқтылар, құстар қоректенеді (сурет 21).
21 – сурет – Жауын құрттардың көлемдерінің қатынастары:
1 – Megascolides australis; 2 – Allolobophora magnifica; 3 – Lumbricus terrestris; 4 – L. rubellus
Жауын құрттарының топыраққа әсері көп жақты. Олар топырақта жол сала отырып, су-ауа ырғақтарын жақсартады. Топырақ бетінің 1 м2 астында жалпы құрттардың жолдарының ұзындықтары 1 км асады, кейде 8 км жетқұрттар топырақты араластырады, олардың химиялық құрамын өзгертеді. Олардың бездері көмірқышқылды кальций бөліп шығарады, олар ортаның қышқыл реакциясын бейтараптандырады. Құрттардың копролиттері әрқашан топыраққа қарағанда сілтілі реакциялы болады. Құрттардың копролиттерінде бактериялар жақсы дамиды. Жасұнықтың ыдырауы және құрамында азот бар өсімдік қалдықтарының қосылыстарын және топырақта дамитын микроб жасушаларын қорыту, органикалық қосылыстардың жартылай минерализациясына және құрттардың экскременттерінде небір элементтердің қозғалмалы формаларының көбеюіне әкеледі. Дегенмен, құрттар азоттың, калийдің, фосфор мен магнийдің және кальцийдің қозғалмалылығын арттырады.
Шварцвальде қылқанжапырақтардың төсеніштерінің ыдырауына құрттардың қатысуына жасаған бақылаулары қызықты болды. Ылғалды және қоңыржай клиаматты кейбір жоғары биіктіктегі таулы аудандарда төсеніш астындағы құрттар таза шырша және самырсын көшеттерінде көп мөлшерде кездеседі. Шөптесін өспейтін жерлерде құрттардың бірден бір қорегінің көзі болып қылқан табылады. Құрттар көп кездесетін орындарда барлық төсеніштер екі айдың ішінде өңделеді, ол жерде нөлдік горизонт қалыптасады. Құрттардың саны көп кездесетін орындардағы төсеніштердің ыдырауы құрттар болмайтын жердегілерге қарағанда сегіз есе жылдам жүреді. Өсімдіктердің қаңқасын өңдеу үдерісі барысында құрттардың ішектерінде гумус заттары түзіледі. Қылқанжапырақты ормандарда гумус өте жоғары төменгі молекулалық қышқылдардың құрамымен және олардың жылдам минерализациялануымен сипатталады. Құрттардың ішектерінде төменгімолекулалық өнімдердің органикалық ыдырау үдерістерінің полимеризациясы дамиды және бейтарап реакциялы гумин қышқылының молекулалары түзіледі. Олар минералдық компоненттермен кешенді қосылыстар түзеді және топырақта ұзақ уақыт стабильді агрегат түрінде сақталады. Сондықтан да құрттардың әрекеттері топырақтан қозғалмалы қосылыстардың шайылуын бәсеңдетеді және қылқанжапырақты ормандарда ақ сұр түсті топырақты болдырмайды. Құрттар төсеніштерді өз жолдарының маңында жинақтайды, бұл орындар гумификация үдерісінің даму орталығы болып табылады.
Құрттардың азот қосылыстарына сұранысы өте зор. Өлгеннен кейін де құрттар ақуыз субстратына бай, олар микроағзалармен жылдам жойылатынын көрсетеді. Құрттардың ішектерінде көптеген микроағзалар - бактериялар, актиномицеттер, ашытқылар және саңырауқұлақтар мекен етеді.
Сонымен құрттар органикалық заттарды ыдырату үдерістерінде келесідей қызметтерді атқарады: 1) шіріген ағаш діңі және жапырақ төсеніштерінің механикалық ыдырауы; 2) өсімдік қалдықтарының жасуша құрылысының механикалық және химиялық ыдырауы; 3) органикалық материалдардың минерализациясы және гумификациясы; 4) өсімдік ұлпаларының ыдырауының қышқыл өнімдерінің бейтараптануы; 5) топырақтағы саңырауқұлақтар және кейбір бактериялардың топтарының таңдаулы стимуляциясы; 6) органикалық заттардың қозғалмалы формадағы күлді элементтердің босап шығу минерализациясы.
Ч. Дарвин өзінің атақты кітабында жауын құрттарының жер бетіндегі құнарлы топырақтардың түзілуінде алатын рөлін мына сөздермен қорытындылаған: «Соқа ертедегі және адамзаттың ең маңызды құрастырылғышы; бірақ оны құрастырғанға дейін топырақ үзақ уақыт жауын құрттарымен дұрыс өңделіп келген және әрқашанда өңделіп отырылады. Жер қабатының тарихында осындай көрнекі орынды алатын басқа да жануарлар табылады дегенге күмәнданамын» .
Mollusca (жұмсақ денелілер) топырақта бауыраяқтылар немесе гастроподтармен - бұл ұлу және шырыш (сурет 22).
Моллюскалар басым түрде - бұлар сулы орта мекендеушілері. Жер бетінде тіршілік етуге бауыраяқты молюскалар топтары – өкпе ұлулары бейімделген, олар тундрадан тропикаға дейін кездеседі. Біздің еліміздің фаунасында шамамен 700 түрлер саналады.
22 – сурет – Моллюскалар:
1 - Helix vulgaris ұлуы; Arion empiricorum шырышы
Жұмсақ денелілердің басым көпшіліктері теңіздер мен мұхиттарда, тұщы суларды мекендейтін екі жақты симметриялы жануарлар. Бауыраяқтылар деп аталатын класқа жататын өкілдері ғана екі жақты дене симметрияларын жоғалтқан, өйткені олардың денесін жапқан бақалшақтары 5-6 иірім жасай спираль тәрізді бұратылған. Бақалшақтары біртұтас немесе екі жақтаудан тұрады, белсенді түрде қозғалатын өкілдерінде жойылып кеткен. Бақалшақтың сыртқы қабаты мүйізді органикалық зат конхиолиннен, ортаңғы фарфор тәрізді қабаты – көмірқышқыл кальцийден, ішкі інжу қабаты – көмірқышқыл кальций жапырақшаларынан тұрады. Бақалшақ жұмсақ денелілердің сыртқы қаңқасы болып табылады. Бақалшақтың астында шапанша деп аталатын тері қатпары орналасады, ол бақалшақтың барлық қабаттарын жасайды. Шапанша жануардың тұлғасын қаптап тұрады. Шапанша мен жануарлар денесінің арасында шапанша қуысы орналасады. Ол қуыста тынысалу мүшесі, химиялық сезім мүшесі, жүрек, бүйрек орналасқан және ол қуысқа ас қорыту, зәр шығару, жыныс мүшелері ашылады. Сулы ортаны мекендейтін жұмсақ денелілердің шапанша қуысы дененің соңғы жағында орналасқан 2 сифондар арқылы сыртқы ортамен байланысады: кіріс сифоны мен шығару сифоны. Жер бетінде тіршілік ететін жұмсақ денелілерде шапанша қуысы сыртқы ортамен тынысалу тесігі арқылы байланысады.
Бауыр аяқтылар класының құрлықта тіршілік ететін өкілдеріне: жүзім ұлуы мен жалаңаш шырыш жатады. Тұщы суларды мекендейтін өкілі – тоспа ұлу. Бұл өкілдерінің барлығы да өкпемен тыныс алады. Өкпенің қызметін шапанша қуысы атқарады. Тоспа ұлу әлсін-әлі су бетіне шығып, тыныс тесігі арқылы өкпесіне ауа толтырып алады. Өкпенің қабырғасында орналасқан қантамырлар оттегін сіңіріп, көмір қышқыл газды бөліп шығарады. Тоспа ұлуының басында орналасқан екі жұп қармалауыштары бар. Олардың екінші жұбының түбірінде көздері орналасады. Жүзім ұлуы мен жалаңаш шырыштың көздері қармалауыштарының ұштарында орналасады. Жалаңаш шырыштың жүзім ұлуынан айырмашылығы, олардың бақалшақтары болмайды. Жалаңаш шырыш қоректенуге түнде шығады, өйткені жарқыраған жарық олар үшін қауіпті.
Жүзім ұлуы жүзімнің жапырағымен қоректенсе, жалаңаш шырыш бауда өсетін өсімдіктердің көпшілігінің жемісі мен жапырақтарын зақымдайды. Кішкене тоспа ұлуы бауырсорғыш паразитіне аралық ие болып табылады.
Бауыраяқты жұмсақ денелілердің өкілдері екі жақты дене симметрияларын жоғалтқан, өйткені тұлғасын сыртынан қаптап тұрған бақалшақтары дұрыс пішінді емес. Бақалшақ төрт-бес бұратылып, ұшы үшкірленіп бітеді, сондықтан бауыраяқты жұмсақ денелілерді ассиметриялы моллюскалар деп те атайды.
Өкпе ұлуының арасында өсімдік қоректі және жыртқыштары бар, олар басқа ұлулармен немесе құрттармен қоректенеді. Олардың арасынан көбірек белгілі болып табылатын жүзім ұлуы Helix pomatia. Оның тіршілік ұзақтығы 6-7 жыл. Қысты ол шұңқырлар мен топырақ қазындыларының ішінде ұйқыға кетіп өткереді. Топыраққа жұмыртқа және ұрықтанған жұмыртқа салады. Бұл ең ірі ұлу, жақтаушасы 45-50 мм жетеді. Оның негізгі қорегі жүзім жапырақтары болып табылады, сол себептен де олар жүзімдерге зиян келтіреді. Ұлулардың ішінде ылғал тапшылығына төзімділері бар, олар оңтүстік топырақтарды мекен етеді. Ылғал өте қатты жетіспеген кезде олар ұйқыға кетеді. Олар құрғақ далаларда, жартылай шөл және тіпті шөлдеде тіршілік етеді. Кейбір жағдайларда олардың популяциясы соншама көп болады, тіпті топырақ беті және шөптердің бұтақтары шашылған ұлудың жақтаушаларымен (мысалы, Шығыс Кавказ тауларындағы сұр-қоңыр топырақтары) жабылады. Бұндай ұлулардың жақтаушалары күн сәулесін жақсы шағылыстыру үшін түсі ақ болады.
Жалаңаш шырыштылар – моллюсскалардың ерекше тобы. Олардың бақалшақтарынан мантия өседі және рудиментарлы болады, кейде олар мүлдем жоғалып кетеді. Шырыштылар – орман аймағын мекендеушілер. Олар өте ылғалды жерлерде тіршілік етеді, дала мен шөлдерде кездеспейді. Солтүстікте олар тундраға ене отырып, тауларда – мәңгі қар аймағына дейін таралады. Жапырақпен қоректенеді, кейбіреулері басқа шырыштылармен, көпаяқтылармен қоректенеді. Құрттарды ұстау барысында терең топырақ қабатына да өтуі мүмкін. Егістік шырыш Agriolimax agrestis мәдени өсімдіктерге, астық тұқымдастардың өніміне, бақшалық өсімдіктеріне зиян келтіреді. Үлкен шырыш Umax maximus ағаштарға зиян келтіреді. Біздің ормандарымызға балдырлармен, қыналармен немесе саңырауқұлақтармен қоректенетін Arion subfuscus тән. Кейбір шырыштардың көлемі өте үлкен болады. Мысалы, Кавказда кездесетін қара шырыштың ұзындығы 15 см-ге жетеді. Шырыштармен тышқандар, құстар, бауырмен жорғалаушылар, жәндіктер және қосмекенділер қоректенеді. Шырыштылар тұяқты жануарлар үшін өкпелеріндегі қауіпті паразиттік гельминттерді таратушы болып табылуы мүмкін.
Тихоходкалар. Tardigrada - систематикалық орыны белгісіз аздаған микроскопиялық жануарлар тобы. Оларды буынаяқтылар деп, дегенмен кейбір маманданған белгілері басқа омыртқасыз жануарлар топтарына - сақиналы құрттармен, өрмекшітәрізділермен жақындастырады. Сонымен қатар, ол жануарлар әлемінің өздігінен дамыған типі деп болжамдайды.
Топырақ тихоходкалары микрофаунаға жатады, олар 1,2 мм ден аспайды. Олар микроскопиялық көртышқандарға ұқсайды (сурет 23), ақырын жылжып қозғалады. Олардың денесі бас бөлігі және төрт кеуде сегменттеріне төрт пар қысқа аяқтарымен бұлшық ет төмпешіктермен тырнақтарымен немесе саусақтәрізді өскіндермен аяқталады. Көрінетін дененің бөлшектенуі газ өту үшін дамитын кутикуламен байланысты, ол тихоходкалардың бүкіл дене бітімімен тыныс алуға мүмкіншілік береді.
23 – сурет- Тихоходкалар (1) және панцирлі кенелер (2)
Тихоходкалар балдыр және мүктердің жасушаларымен қоректенеді. Олардың ауыз қуысында хитинозды-ізбесті кутикулярлы стилеттері бар, олар арқылы балдырлар мен мүктердің жасушаларының қабықшаларын теседі және ондағы бар заттарды сіңіреді. Тихоходкалардың арасында жыртқыштары да бар, олар нематодтар мен басқа жануарларға шабуыл жасайды.
Тихоходкалар гидробионтты фауналарға жатады, олар тек қана сулы ортада белсенді. Олардың экологиялық ерекшеліктері болып, анабиоз жағдайында қолайсыз жағдайларды ұзақ уақыт бастан кешіруі болып табылады. Кепкен кезде жануардың денесі көп кішірейеді, бөшке тәрізді пішінді қабылдайды. Мұндай жағдайларда олар 2-3, кейде тіпті 6 жыл бойы өмір сүруге қабілетті болып қалады. Тихоходкалардың туыстарының бірінің атауы Macrobiotus (долгожитель - ұзақ өмірсүруші) дәл осы қасиетке байланысты. Олар өте төзімді және басқа да факторларға - жоғарғы және төмен температураларға, ауаның газдық құрамына және т.б.
Жер бетіндегі формалары топырақты мекен етсе де, олар ылғалды орындарды қалайды. Қалыпты жағдайда олар орман төсеніштерінде және қыналар мен ылғалды мүктерде, тропиктен полярлы аудандарға дейін кездеседі. Алғашқы топырақ түзу жағдайында олар өте көп. Құмды топырақта олар 10 см дейін төмендейді, ал саздақтарда мүлдем тіршілік етпейді.
Жер бетіндегі тихоходкалардың арасында жеке түрлер топырақтың тік қабаты мен өсімдіктердің ярусында байқалады. Әрбір мүк жастықтарының қабатына, мысалы өзінің доминантты түрлерімен белгілі тихоходкалар кешені сай келеді. Сондықтан да тихоходкалар мекен ету орындарының жағдайларына биоиндикатор болуы мүмкін.
Буынаяқтылар. Arthropoda - омыртқасыз жануарлардың ішінде бұл тип өкілдері жоғары сатылы және көптүрлі жануарлар. Буынаяқтылардың арасында топырақтың микро-, мезо- және макрофаунасының өкілдері кездеседі. Топырақта шаянтәрізділерден, өрмекшітәрізділерден, көпаяқтылардан буынаяқтылар және жәндіктер мекен етеді.
Панцирлі кенелер орибатидтер төменгі қанатсыз жәндіктермен бірге коллемболалармен топырақтың аэробионтты микрофаунасын құрайды. Олардың суммарлы биомассасы 2 г/м2 бағаланады, ол микрофаунаның гидробионтты бөлігінің биомассасынан әлдеқайда төмен. Бұл жануарлардың топырақтағы санына ауа ырғағы көп әсер етеді.
Орибатидтер - буынаяқтылардың ең көне тобының бірі. Олардың ең басты ерекшелігі ересек формаларындағы қатты панцирдің болуы. Мұнда олардың биомассасы барлық омыртқасыздар биомассаның 10-15% құрайды. Орибатидтер саны және биомассасының максимальды көрсеткіштері жоғары температура мен ылғалдылық жағдайында жетеді. Ылғалды субтропикада орибатидтердің жылдық өнімі 13 г/м2, жалпақжапырақты ормандарда - 8, тайгада - 6, тундрада - 1-2, далада - 2, аридті аудандарда - 0,1-1 г/м2. Кенелер топырақта тік бағытта миграциялық ауысу жасайды, олар топырақтың терең қабаттарын органикалық заттармен және олардың ыдырау өнімдерімен байытуды қамтамасыз етеді.
Панцирлі кенелер қатты қоректі пайдаланады, олардың ауыз аппараттары кеміруші типті. Олар қорек ретінде қылқан және түскен жапырақтарды, өлген ағаштардың діңін, өлген тамырды пайдаланады. Көптеген орибатидтер бактерияларды, саңырауқұлақтар мен балдырларды таңдап пайдаланады. Орибатидтердің арасында некрофагия, копрофагия және жыртқыштық тараған.
Өрмекшілер (Aranei) - тек қана жер бетіндегі омыртқасыз жануарлар. Олардың 20 мыңнан астам түрлерін санайды. Олар барлық континенттерде және аралдарды мекен етеді, таулар мен жазықтарда, шөлдер мен ормандарда, әсіресе тропикада көптеп кездеседі.
Өрмекшілер егістік топырақта, өңделетін топыраққа қарағанда көп болып саналады. Топырақты мекен ететін өрмекшілер әртүрлі қорғаныс орындарын құрастырады: қабырғаларын өрмекші торымен жапқан қарапайымнан терең індерге дейін. Іннен шығатын жерде түтік тәрізді немесе қақпақшалы өрмекті құрылыс жасайды. Оңтүстік орыс тарантуласының (Lycosa singoriensis) іні жоғары грунттық сулардың жағдайларымен ыңғайланады. Сондықтан да шөлді мекенде тарантула іні суға индикатор болып табылады. Тарантул - ірі өрмекші, ұзындығы 35 мм дейін. Оның тік індерінің тереңдігі 30 см ден 1 м дейін бізбелдік (солерос) өсіп тұрған маңайда тез танылады. Өрмекшілер әдетте - жыртқыштар, жәндіктер және басқа да омыртқасыз жануарларды жейді.
Топырақта (Oniscoidea) есекқұрт маңызды орын алады. Олар әртүрлі топырақ аймақтарында – тайгадан шөлге дейін кеңінен таралған. Шамамен 1000 түрі белгілі. Олардың атауларына сай ылғалды жерлерде мекен етуді қалайды. Бұлар алғашқы өсімдіктер қалдықтарын ыдыратушылар, белсенді топырақтүзушілер тобы. Есекқұрттар - теңаяқты шаянтәрізділер, желбезек арқылы тыныс алатын бірден бір, құрлыққа тіршілік етуге ауысқан топ. Олардың арасында бірнеше экологиялық топтар бөлінеді - гидрофилдерден қоңыржай ксерофилдерге дейін, таралу ерекшеліктеріне байланысты айыруға болады.
Көптеген есекқұрттар, жазғы орман төсеніштерінде және топырақта мекен ететіндер - сапрофагтар, шөлде - фитофагтар. Ағзалардан судың булануының интенсивтілігін қиындататын, кальциленген жабындықтарға қарамастан, ескқұрттар тек ылғалдылығы жоғары атмосферада тіршілік ете алады.
Ас қорыту жүйесінде микробтық симбионттардың болуымен олар целлюлозаны белсенді ыдырата отырып, топырақтағы келесі гумус заттарының синтезінде аса маңызды орын алатын лигнинді босатып шығарады.
Орта Азия, Қазақстан және Закавказье өзендерінің ертеректегі террассалары мен тақырларында, шөлдерінде шөл ескқұрттар тіршілік етеді. Олар мұнда жауын құрттарының рөлін атқарады. Есекқұрттар - осы мекендердегі ең көптеп саналатын буынаяқтылар. Олар қауымдасып орналасады, 1 м2 орташа саны 80 дараққа жетеді. Олардың індері топырақ қабатына 40-50 дейін, кейде 80 см тереңдейді (сурет 24).
24 – сурет – Есекқұрттың көлденең кесіндісінің ұяшықтары:
1 – мұйізді есекқұрттың, 2 – элегантты есеқұрттың
Ін сала отырып, терең қабаттардағы топырақтарды бетіне шығарады және экскременттермен бірге бетінде қалдырады. Олар шамамен жаз бойы 1 га 0,5 т топырақ және 1 т дейін құрамында жоғары органикалық заттары бар экскременттер шығаруы мүмкін. Есекқұрттылар 1 жылда 5 кг/м2 дейін топырақ шығарады. Олардың шығарындылары азотпен байытылған (күн сайын 10 мг экскременттер және 1 м2 де мг топырақ).
Оларда әсіресе көктемде кеңінен өсімдік жамылғысы дамиды. Ескқұрттар топырақтың қопсуын көбейтеді, сулы-аулы ырғақтарын және химиялық құрамын өзгертеді, шөл топырақтарының сұр топыраққа айналуын қамтамасыз етеді, оларда бұталар орналасады. Сонымен, есекқұрттар құрлықты игеруде пионер болып табылады.
Коллемболдардың көбінің ауыз аппараты кеміруші. Барлық коллембулдар өлі органикалық қалдықтармен қоректенеді және топырақтағы микроағзаларды, кейбіреулері тірі жасыл балдырлармен, гүлдің аталығымен, шырынымен қоректенсе; олардың арасында жыртқыштар және микофактар бар. 13 түрдің ішінен Folsomia similis азықтың ішіндегі ашытқыдан көбейеді, онсыз аналығы жұмыртқа бөліп шығармайды. Бұл топ төменгі сатыдағы өсімдіктермен тығыз байланысты. Көптеген түрлері күйдірілмеген қалдықтармен өте ірі омыртқасыз жануарлармен қоректенеді.
Коллемболдардың, арасында тіршілік ету формасы 3 топты ерекшелейді. 1-ші топ үстіңгі мекен ететін топтар тез қимылдайтын, пигменттелген жамылғылармен, (сурет 25) сындырылған көздерімен және күшті шектеулермен сипатталынады. Олар төсеніштің жоғарғы бөліктерінде шоғырланады және жапырақтарда мекендеушілер болып табылады, көбінесе шөпті, шалғынды далаларда кездеседі. 2-ші топ әлсіз топтар формасын құрайды, гумус қабатында тіршілік етушілер минералды көкжиегі бар шекарада мекендейді, бұлар баяу қозғалатын коллемболдар, төсеніштің үстіңгі бөлігіне кірмейді. 3-ші топ минералды горизонттарды мекендеушілер, жиі соқыр болып келетін, пигменттелмеген қабаттармен ерекшеленеді. 1-ші топта көбі оқыс жағдайлардың тұтынушылары болса, 2-ші және 3-ші топтар микрофитофагтар және детритофагтар болып табылады.
Солтүстік аудандарында аяққұйрықтылардың саны өте көп. Коллемболдарға тірі балдырлармен қоректену тән. Коллемболдар гумустың қабығының қалыптасқан төсенішінде өте маңызды рөл атқарады. 20 миллион коллембулдар бір тәулікте 480 мм3 экскра-популяция даналары толтырады. Олардың тіршілік әрекеттері төсеніштің төменгі қабаттарына негізделген. Коллемболдар органикалық қалдықтарды бұзушылар, коллембулдардың ерекшелендіретін мекен ету ортасы, микроағзалары біріншілік бұзуларын іске асырады. Кенемен қоса белсенді түрде микроптардың жылдамдығын сукцессиялайды. Жәндіктер топыраққа әртүрлі әсер етеді. Көбінесе оларға қатты қанаттылармен, қосқанаттылардың әсері көп сым құрт (шыртылдақтың дернәсілі), аяқсыздардың көп мұрынды дернәсілдері, ұзын мұртты қосқанаттылар және шыбындар. Топырақты көбелектердің дернәсілдері тіршілік етеді.
25 - сурет - Коллемболдың құйрығы (велярттық ұлғайтқыш әйнек)
Көпаяқтылар (Myriapoda) - буынаяқтылардың төрт класы үшін жалпы атаулары: қосжұпаяқтылар, ерінаяқтылар, симфил және пауропод. Көпаяқтылардың денесі тек екі бөлімге: бас және ұзын кеудеге бөлінеді, әрбір буындары аяқтармен қамтамасыз етіледі (сурет 26). Барлығы 170 ке дейін және одан да көп сегмент болады.
Барлық көпаяқтылар - құрлықтық жер үсті жануарлар, жасырын өмір сүреді, өмірлерінің көп уақытында түскен жапырақ астында немесе індерінде тығылып өткізеді. Олардың арасында өте ұсақ түрлері де бар, олардың ұзындары 1,5-2 мм, ал ең ірісі - геофилдер және сколопендрлер - ұзындықтары 10-15 см жетеді және олар топырақ макрофаунасына енгізілуі мүмкін.
