- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Cтуденттердің өтетін пәндеріне арналған
- •«Ғимараттар мен үймереттерді сынау және тексеру»
- •050729 – «Құрылыс» мамандығы (ғүеж)
- •Андатпа
- •1. Пәннің оқулық бағдармасы - Syllabus
- •Оқытушыға деректеме:
- •1.2. Пәнге деректеме:
- •Оқу жобасынан көшірме
- •1.6. 6 Тапсырманың түрі, саны және орындалу графигі
- •Тапсырма түрі және оның орындалу мерзімі
- •1.7. Әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиет:
- •Қосымша әдебиет:
- •1.8 Студенттердің білімін бақылау және бағалау
- •Бақылау түрлері бойынша рейтингтік балдарды бөлу
- •Барлық бақылау түрлерін тапсырудың күнтізбелік кестесі
- •Студентердің білімін бағалу
- •1 Модуль боынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:
- •1.9. Курстың саясаты және процедурасы
- •2. Берілетін материалдың мазмұны.
- •2.1. Курстың тақырыптық жоспары.
- •2.2. Дәріс сабақтарының тапсырмалары.
- •Тәжірибелік сабақтардың жоспары.
- •1 Тапсырма. Тұрғын ғимараттар мен үймереттерді тексеру негіздері (2 сағ).
- •2 Тапсырма. Ғимарат құралымдарының сипатты зақымданулары мен ақаулары (2 сағ).
- •3 Тапсырма. Ғимараттар мен имараттардың эксплуатацияланған құралымдарды бағалаудың техникалық құралдарын бақылау (2 сағ).
- •4 Тапсырма. Ғимараттар мен имараттардың эксплуатацияланған құралымдарды бағалаудың техникалық құралдарын бақылау (2 сағ).
- •5 Тапсырма. Ғимараттарды тексеру. (2сағ)
- •6 Тапсырма. Ғимараттар мен имараттарды бөлшекті тексеру. Аспапты тексеру. (2сағ)
- •7 Тапсырма. Құрылыс материалдарын сынау. (2 сағ)
- •Студенттердің өзіндік жұмысы (сөж) және стунденттің оқытушымен өзіндік жұмыстың жоспары. (соөж)
- •Студенттердің өзіндік жұмыс тапсырма жұмысы(сөж).
- •Стунденттің оқытушымен өзіндік жұмыстың жоспары. (соөж)
- •Өзіндік бақылауға арналған тест тапсырмалары
- •Тест сұрақтарына дұрыс жауаптар
- •Өтілген курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Глоссарий
- •Студенттерге –өтетін пәндердің оқу-әдістемелік жинағы
- •050729 «Құрылыс» мамандығына арналған
- •Мазмұны
- •1.1. Оқытушыға деректеме ....................................................................................................... 4
- •1.2. Пәнге деректеме ................................................................................................................. 4
2.2. Дәріс сабақтарының тапсырмалары.
1-ші Дәріс. Кіріспе. Пәннің мақсаттары мен тапсырмалары. Ғимараттар мен үймереттерді сынау және тексеру туралы құрылыс ғылымының даму тарихы. Тұрғын ғимараттар мен үймереттерді тексеру негіздері.
Берілген сабақтың мақсаты мен шарттары бұл көрсеткіштердің сапалықжәне сендық бағалауға негізделген, жұмыс івстеп тұрған объектілердің қасиеттері мен күйін сипаттайтын,әдіс пен тәсілдерді жасап шығару, сонымен бірге ғимараттарда жүріп өтетін процестерді зерттеу, материалдың тәжірибелік жолмен конструктивті және эксплуатациялық қасиеттерін, ғимараттар мен үймереттердің техникалық талаптарға сәйкес келуін анықтау.
Ғимараттар мен үймереттердің құрылыс конструкцияларын зерттеу объекттің жобалық мәнге ие болуын және жүйенің нақтылы жұмыс істеуін көрсететін, дайындау сапасын және құрылыс конструкцияларын монтаж элементттерін бақылау тәсілдерін қамтиды.
Мысалы, ТБӨ зауыттарында қоғамдық және тұрғын үйлерді жабатын темірбетон панельдері шығарылады. МЕСТ бойынша олар жұмыс сызбаларына сәйкес шығарылуы керек және техникалық талаптарға сай болуы тиіс. Жобалық мәні бойынша ұзындығы, ені қалыңдығы, диагональ ұзындықтарының айырмашылықтары, қорғаныш қабатының қалыңдығы, төсейтін бөлшектердің ығысуы бойынша мүмкін болатын кемшіліктер бекітіледі. Қорғаныш қабатының қалыңдығы сызбада көрсетілген мәнге ие болу керек. Жабынның төменгі бетінде бетонның, қабыршақтың, ауа кеуектері ағымы болмауы керек, сонымен бірге төсейтін бөлшектер және арматураның шығыныңқы жерлері коррозиядан қорғалуы тиіс.
Пайдаланатын конструкцияның нақты шарттарда жұмыс істеуі кезіндегі күйін бағалау оларды дайындау кезіндегі сапасын бақылаудағы сияқты тәсілдер арқылы жүргізіледі, бірақ паидаланылатын объектінің жобалық және жұмыстық құжаттары болмауы мүмкін. Бұл жағдайда құжаттарды қалпына келтіру жүйенің нақты шарттарында жұмыс істеуін зерттеу арқылы жүзеге асады.
Зақымдалған конструкцияның монтаж кезінде немесе эксплуатация кезінде немесе адам шығыны апат кезінде болған авариялардың анализін жүргізген кезде, мұндай тәсілдерге жоғары талаптар қойылады.
Құрылыс конструкцияларын зерттеу оның ақауларын анықтауға және конструкцияларды есептеу тәсілдерін ұсыну және олардың конструктивтік сұлбаларын дамытуға мүмкіндік береді.
Ғимараттарды сынаудың негізгі мақсаты бұл құрылыс конструкцияның нақты тәртібі мен оның есептік схемасының арасындағы айырмашылығын анықтау. Инженерлік ғимараттар күрделі кернеулі деформациялық күйдегі шарттарында жұмыс істейтін, көптеген элементтерден тұратын күрделі механикалық жүйе. Құрылыс механикасының, компьютерлік техниканың дамуына қарамастан нақты конструкцияның күйін, негізгі қасиеттерін сипатайтын есептік схемаларды құрылыс конструкцияларды зерттеу барысында дәріптеушілікті қажет етеді. Одан басқа құрылыс конструкциялардың кейбір кездейсоқ факторлармен сипатталады. Мысалы, материалдардың беріктік сипаттамалары. Болат сияқты бірыңғай материалдың беріктік сипаттамалары әртүрлі болу мүмкін. Мысалы, проффесор А.С. Стрелецкий көрсеткендей болат маркасының СТ-3 ағу шегі 200-320 МПа дейін өзгеру мүмкін. Ал бетон мен ағаш үшін беріктік одан әрі әртүрлі болу мүмкін. Ғимаратқа әсер ететін жүктемелер: өз салмағы, жел, қар, крандық жүктемелер және т.б. үлкен өзгергіштігімен сипатталады.
Сондай-ақ, сынаулардың мақсаты – ғимараттар мен үймереттердің конструкцияның, материалдардың нақты тәртібін анықтау. Сынаулар лабораториялық және нақты шарттарында, модельдерде сондай-ақ нақты объектілерде жүргізілуі мүмкін.
Ғимараттар мен үймереттерді зерттеу және сынау құрылыс ғылымы ретінде бұрын қалыптасқан. Теориялық зерттеулермен жобалау мен құрылыспен қатар ғимараттардың бұзылу себептерінің анализі мен тәжірибелері жүргізілген.
Ертеден ағаш пен тас көпірлерде, тұрғын, мәдени, шаруашылық, қорғкныш объектілерінің құрылысында ең танымал конструкциялық материалдар болып келеді.
1776 жылы орыс инженері И.П.Кулибин алғаш рет Нева өзен арқылы Санкт-Петербургке өтетін ағаш көпірінің моделінде сынау жүргізді.
18 ғас.2-ші жартысында ағаш фермаларды зерттеудің дамуына Д.Н.Журавский үлкен үлес қосты. Ол өзінің еңбектерінде математикалық есептеулер мен тәжірибелік бағалауды жүргізудің тығыз байланысты екенін көрсетті.
Тас күмбездердің тірек қабырғалардың және көпірлердің есебі бойынша көрнекті зерттеулерді 19 ғас.басында проф. Е.О.Патон, Г.П.Передерий, И.П.Прокофьев, Ф.С.Ясинский жүргізді. Тәжірибелік зерттеулердің тоериялық дамуына олардың оқушылары мен ізбасарлары проф. Л.И.Онищик, П.Л.Пастернак, Н.Н.Аистов, В.А.Гастев, С.А.Семенов, Н.А.Физдель және басқалар үлкен үлес қосты.
19 ғас.соңында темірбетонның эрасы – тұрғын, қоғамдық , өндірістік құрылысында кеңінен қолданылатын материалдың эрасы келді. 1891 ж проф.Н.А.Белелюбский негізгі құрылыс темірбетон конструкциялардың тәжірибелік зерттеулерін жүргізді . Бұл олардың Ресейде кеңінен қолдануға мүмкіндік берді.
Өткен ғасырдың 20-30 жылдардағы кеңес ғалымдары – А.Ф.Лолейт, А.А.Гвоздев,П.Л.Пастернак, В.М.Келдыш статикалық анықталмаған жүйелердің масштабты тәжірибелік және теориялық зерттеулерін жүргізді.
20 ғас. ғимараттар мен үймереттердің құрылыс конструкцияларының сынау жабдықтарын және тензометрированиенің шығаруға Н.Н. Аистов, Н.Н. Максимов, К.П. Кашкаров, Д.Е. Долидзе, И.Л. Корчинский, В.Г. Скрамтаев және басқалар үлес қосты.
Бақылаудың автоматизациялық құралдардың және диагностиканың дамуы есепке көптеген есептік компоненттерін енгізуге мүмкіндік берді. Соған байланысты бұзбайтын бақылау тәсілдеріне, техникалық диагностикаға, ғимараттар мен үймереттерді тексеру мен мониторингке үлкен үлес қосқан зерттеушілер: Г.А.Николаев, В.Ф. Касьянов, И.М. Рабинович, М.М. Филоненко – Бородич және басқалар.
Ғимараттар мен үймереттердің сенімділігін қарастырайық .
Сенімділік бұл объектінің талап етілетін уақыт аралығында , берілген шектерінде өзінің эксплуатациялық көрсеткіштерін сақтай отырып, берілген функцияларды орындау қасиеті.
Жүккөтергіш және қоршауы конструкцияларға қолданылатын сенімділік – бұл бөлменің нормативті температура-ылғалдылық және комфортты режимді қамтамасыз етеді, және де берілген нормативтік шектерде эксплуатациялық көрсеткіштерді сақтайтын қасиет. Ғимараттың сәулеттік-конструктивтік элементі үшін бұл сонымен бірге эксплуатацияның берілген мерзімінде беріктік және декоративтік функциялар. Осыған орай ғимараттың ұзақтылық және тоқтаусыздықты қамтамасыз етеді.
Тоқтаусыздық - бұл белгілі уақыт аралығында объекттің жұмыс істеу қабілетің сақтау қасиеті. Бұл көрсеткішке тоқтаусыз жұмыстың ықтималдылығы жатады.
Ұзақтылық – бұл бекітілген техникалық қызмет көрсету және ремонттардың жүйесінде объектінің шектік жағдайға дейін жұмыс істеу қасиетін сақтау қабілеті. Ұзақтылықтың көрсеткішіне қызметтің орташа мерзімін, бірінші капиталды ремонтқа дейінгі қызмет мерзімі.
Сонымен, тоқтаусыздық және ұзақтылық – бұл объекттің жұмыс істеу қабілетін сақтау қасиеті. Үзіліссіз жұмыс істеу қабілетін тоқтаусыздық қарастырады, ал ұзақтылық – мүмкін болатын үзілістермен.
Тұрғын үйдің сенімділігі , оның жұмыс істеу қабілеті уақытында жасалатын ремонтпен қамтамасыз етіледі.
Ғимараттың қоршауыш конструкциясының негізгі тағайындалуы – екі ауа ортасын бөлу: ауыспалы температурамен, ылғалдылықпен, радиоактивтілікпен сыртқы, сонымен бірге ішкі, бұл кезде барлық параметрлер нормативті жіберілетін шекте болады. Сыртқы қабырғалар, төбе жабындысы, аралық жабындар беріктік , қоршаушы және декоративті функциялар атқарады. Ғимараттың сенімділігі ретінде жиі тек беріктік қасиеттерін ғана санайды деген ұғым дұрыс емес.
Жүйенің сенімділігі оны құрайтын элементтердің сенімділігіне байланысты. Бірақ ғимаратта тұратын адамдар үшін ғимараттың толық сенімділігі маңызды, яғни элементтердің қосындысы, түйіскен жерлерді қоса, сонымен қатар тек беріктілік сенімділік емес оған қоса эксплуатациялық (инженерлік жүйелердің жұмыс істеу) сенімділігі маңызды. Бірақ жобалау, құрылыста және эксплуатация тәжірибесінде беріктілік бойынша сенімділік негізгі ретінде қарастырылады, ал қоршаушы фунциялардың эксплуатациялық сенімділігі қосалқы ретінде қарастырылады.
Ғимаратты жобалау процесінде оның есептік сенімділігін орнатады. Бірақ бұл кезде ғимарат конструкциясына толық сенімділігіне қарсы әсер ететін шарттар пайда болады. Ғимамратты салғаннан кейін оның сенімділігін эксплуатацияны дұрыс ұйымдастырудың көмегімен керекті деңгейде ұстайды. Ғимаратты пайдалану кезінде оның сенімділігіне келесі факторлар әсер етеді: жобалау мәндеріне сәйкес келмейтін конструкцияның ішкі кернеулері; сыртқы әсерлер; қызмет етушілердің техникалық квалификациясы.
Қазіргі уақытта тұрғын және қоғам ғимараттар және де қалалық инженерлік үймереттер масштабты қиындықтардың маңызды өзгерістерін кешеді. Қазіргі ғимараттарды үлкен техникалық жүйеге жатқызуға болады. Мұндай жүйелер – бұл әртүрлі компоненттер сандарының маңызды қосылысы, олар күрделі қиылысатын байланыс және өзгермелі жүктемені қамтиды. Кіші жүйелерге және жабдықтарға қарсы бағыттағы, олар детерминалдық деп аталады, үлкен жүйелер стохастикалық болады, яғни кездейсоқ. Сондықтан лездік секіріс ғимараттың қиындық жүйесі, жобалау техникасында өзгерістерге соқтыру керек. Кіші жүйелерді жасап шығару конструкция және түйіндердің бөлшектік анализ жұмысына сүйенеді. Ал үлкен жүйелерді жасап шығару синтез және кіші жүйелерді интеграциялауға сүйенеді.
Тұрғын үйді функциялау шегі, ол техникалық тұрғыдан ғана емес, және де өзгермелі социалды және экономикалық талаптарды қанағаттандыру керек. Сондықтан тұрғын ғимараттың анықтайтын көрсеткіші толығымен оның оптимальды қызмет мерзімі. Сенімділікті уақыт аралығындағы сапасын сақтап қалу деп түсіуге болады. Төмен сападағы салынған ғимараттарда сөзсіз болатын қосымша материалдар шығыны, еңбек шығыны, финанстық құралдар, олар құрылыс кезінде пайда болған қайтадан орнатуға және жарамсыздық ты жою үшін пайдаланады.
Сенімділік
ықтималдылықпен өлшенеді және де
статистикалық тәсілдердің көмегімен
бағаланады. Сенімділік ықтималдылықпен
белгілінеді
,
яғни 1-ден кіші кез-келген оң санға тең.
Ықтималдылық теориясы және сенімділік негізгі формула тәсілдерін шектік жағдайды одан әрі жетілдіру ғана емес, ол элементтердегі ең үлкен мүмкін болатын күштеуді салыстырмай және ең кіші болатын беріктікті детерминалдық есепті қойғанда.
Жүккөтергіш және қоршаушы конструкциялардың тоқтауын қарастырайық. Тұрғын үйдің тоқтаусыздығы күрделі техникалық жүйеден кең, оның элементтеріне және жай жүйелерге қарағанда, олар екі күйде –жұмыс істеушілігі немесе жұмыс істемеушілігі күйде қабілетті болады.
Бөлек қоршағыш конструкциялар (төбежабын, еден және басқалар) тоқтауы әдетте жарым-жартылай тоқтау болып табылады, олар объектінің функционалдылығының тоқтауын әкеп соқтырғанымен, және объектінің фуекционалды деңгейін төмендетеді. Бұндай тұрғын ғимараттың адаптациясы кейбір техникалық характериситикалар қорының болуының арқасында, яғни әр түрлі резервтік - жүктемелік, структуралық, функционалдық және уақытша болады.
Жұмыс істеудің бұзылуында пайда болған оқиға тоқтау дп аталады.
Сонымен, тоқтауды конструкцияның қойылған жункцияларының орындауының тоқтатылуы деп түсінеді, яғни мұндай элементтің техникалық күйі, ол толық қоршағыш функциялардың жоғалуы немесе көтергіштік қабілетін жойылуына әкеп соқтырады.
Ғимаратты немесе үймеретті зерттеу нәтижесінде құралымның техникалық күйі де анықталады.
Нег. 1 [18-40]; қос. 1 [9-16 ].
Бақылау сұрақтары:
Тұрғын ғимараттар мен үймереттердің сенімдік принципі қалай қалыптасады?
Тоқтаусыздыққа анықтама берініз. Ол қандай көрсеткіштермен анықталады?
Ғимараттың қоршағыш құралымдарының негізгі тағайындалуы.
2--ші Дәріс. Ғимараттар мен үймереттерді тексеру негіздері. Техникалық тексеру. Ғимараттар мен үймереттер құралымдарының диагностикасын жүргізудегі әдістері мен талаптары. Ғимараттар мен үймереттерді тексеру реті, шарттары, түрлері.
Техникалық тексеру (ТТ) бұл эксплуатацияланатын ғимарат пен үймереттің және олардың элементтерінің техникалық күйін анықтайтын (бақылайтын) процесс.
ТТ-дің келесі түрлері болады:
салынған немесе капиталды ремонт жасалған әлде реконструкция жасалған ғимараттың құралдық қабылдау бақылау;
ғимараттың ремонты алдындағы құрылыс конструкцияларының техникалық күйін анықтайтын құралдық бақылау;
тұрғын ғимаратты жоспарлы капиталды ремонтқа немесе модернизацияға немесе реконструкцияға қою үшін жүргізілетін ТТ;
эксплуатация процесінде тұрғын ғимараттарда авария нәтижесінде конструкция зақымданған кездегі ТТ.
Ғимараттарды ТТ жұмыстарының құрамына кіреді:
мақсатты анықтау;
тапсырыс берушіден алғашқы мәліметті алу;
жалпы ТТ;
бөлшекті ТТ;
техникалық қорытындыны құру.
Ғимараттар мен үймереттер құралымдарының диагностикасын жүргізудегі әдістері мен талаптары
Ғимараттар мен үймереттередің диагностикасы конструкциялардың элементтері түйіндері, түйістерінің техникалық күйі туралы информацияны қамтамасыз ету керек. Техникалық диагностика жалпы сенімділік туралы теорияны элементтерінің бірі болып табылады. Оның негізгі мақсаты конструкцияның ақаулары мен бүлінген жерелерін алдын-ала анықтаумен байланысты.
Ғимаратты эксплуатациядағы әртүрлі кезеңдерге конструкцияның күйін бағалау зақымдалған жерлердің себептерін және нышандарын анықтауға, жойылып бара жатқан, ақаулы конструкцияларды анықтауға, конструкциялардың алдын ала сапалы ремонтын жүргізу үшін зақымданудың дәрежесі мен шекараларын анықтауғамүмкіндік береді.
Құрылыс практикасында нақты жұмыс шарттарында конструкцияларды табиғи немесе модельді сынау кеңінен қолданылады. Сонымен бірге статикалық мәліметтер қазіргі кездегі математикалық есептеуіш құралдарды пайдаланбай, олардаы жинау және жүйелеу мүмкін емес.
Бұрын жалпы мәліметтерді жинаудың қажеті болған жоқ: себебі, кірпіш үйлерді үлкен беріктік қормен салды, және де олар кездейсоқ жүктемелердіің әсерін бастан кешкен жоқ. Қазіргі кезде сыртқы әсерлердің периодтылығы туралы эксплуатациялық мәліметтер мен құжаттарды жинау керек.
Ғимараттың қалыпты күйін сақтау үшін жүргізілетін бақылаудың негізгі параметрлері:
конструкциялардың жалпы және жергілікті беріктігі;
ғимараттың кеңістіктік қатаңдығы, жалпы және жергілікті деформациялар;
конструкциялардың ылғалданылуы;
қоршауыш конструкциялардың жылу техникалық қасиеттері;
құралмалы конструкциялардың элементтері арасындағы металл байланыстардың коррозиясы;
қоршауыш конструкцияларының элементтер арасындағы түйістердің ауа және ылғал өткізгіштігі (ірі панельді және ірі блокты ғимараттар үшін)
қабырға панельдері мен терезе қуыстарының арасындағы ауа және ылғал өткізгіштігі;
Келесі элементтердің техникалық күйі анықталады:
а) тірек бөліктерінің;
б) төбе жабындарының, ернеулердің балкондардың, науалардың;
в) ғимараттардың қасбет өндеуінің;
г) іргетастардың және қабырғалар гидрооқшауларында, жене ағаш конструкцияларында;
Сонымен бірге табылады:
деформациялық жіктердің (шов) күйі мен жұмысы;
санитарлы техникалық ,электротехникалық және басқа инженерлік жабдықтар жүйелер монтажының дұрыстығы және күйі;
жылулық режим, бөлмелердің газдануы, вентиляция және жарықтану.
Табысты және нақтыланған тексеру экспертизаны жүргізетін мамандардың машықтану дайындығына және тәжірибесіне негізделеді.
Тұрғын үйлерді тексерудің түрлерін , шартарын және желпы ретін қарастырайық.
Табиғи тексерулердің негізгі мақсаты құрылыс конструкцияларының күйі туралы нақты мәліметтерді алу және бұл күйді тудыратын себептерді анықтау. Тексеру мәліметтері бойынша ғимарат элементтерін әрі қарай эксплуатациялау туралы шарттар және ғиараттың сенімділігін және ұзақтылықты қамтамасыз ететін шаралар қолдану немесе ауыстыру туралы қорытынды жасалады.
Анықталыну керек:
жобалау шешімдері және жобалау нормаларының жетіспеушілігіне байланыста ақаулар
дайындау және тұрғызу ақаулары
құрылыс конструкцияларын монтаждау ақаулары
агресивті ортаның әсерлерінен туатын зақымданулар
эксплуатация ережелерін бұзу нәтижесіндегі механикалы зақымданулар
жобада қарастырылмаған статикалық және динамикалық әсерлердің нәтижесінен туған зақымданулар
стихиялық апаттардан пайда болған зақымданулар
Ғимараттың техникалық күйіне баға беретін барлық комплекстік жұмыс мыналардан тұрады:
Техникалық құжаттарды зерттеу
Үш кезеңнен тұратын табиғи тексеру:
1 кезең – объектіні алдын ала тексеру оның көлемін және жасалынатын жұмыстың бағасын анықтайды, ол апатқа қарсы дереу шараларды жүргізуді қажет етеді.
2 кезең – жалпы тексеру. Құрылыс конструкциясын (негізінен сыртқы нышанына байланысты) жалпы техникалық күйінің бағасын және де реконструкция, ремонт және т.б. процесстер кезіндегі ақауларды дұрыстаудың техникалық шешімдерді және нұсқауларды жасап шығару үшін жүргізіледі.
3 кезең – бөлшекті тексеру. Арнуалы сұрақтардың шешімі үшін, яғни тереңдетңлген таңдаулы құралды тексеріс. Бөлшекті тексеріс жұмыс сызбаларындағы конструкцияның ақаулары немесе жобалық мәліметтерге сай келмеуі және де, егер конструкцияның ақаулары эксплуатация кезіндегі қателіктерді жойғаннан кейін де ақаулар одан әрі дамыған кезде міндетті түрде жүргізіледі.
Нақты құрам және жұмыс көлемі барлық тексерулерге ұйымдарда дәлденеді. Яғни, тапсырыс берушінің техникалық ғимараттың негізінде жүргізілетін жұмыстар. Табиғи тексерудің жұмыстарын орындау алдында міндетті түрде құрылыс констукциясының техникалық құжаттарын зерттеу керек, ол объектіде сақталу керек:
Ғимарат паспорты
Жұмыс жүргізу кезіндегі енгізген өзгертулері бар жалпы құрылыстық сызбалардың жинағы.
Жасырын жұмыстардың акті туралы мәлімет.
Тапсырушының авторлық және техникалық қадағалудың жұмыс өндірісі кезіндегі журнал.
Құрылыс конструкциялардың есебі бар жұмыс сызбалардың жинағы.
Дәнекерленген жіктердің сапасын тексеру туралы акт.
Конструкциялардың, материалдардың сапасын куәландыратынтсерттификат және техникалық паспорт.
Монтаж кезінде жасалған антикоррозиялық қорғаныс туралы акт.
Бітпеген жерлері көрсетілген ғимаратты эксплуатацияға қабылдану актісі
Бітпеген жерлерді аяқтау актісі.
Эксплуатация процесі кезіндегі қабылдану сынаулары туралы акт.
Ғимаратты эксплуатациясының техникалық журналы.
Құрылыс конструкцияларын тексеру журналы.
Алдын ала жүргізілген тексерулерге есеп беру.
Жүргізілетін капиталды ремонт, күштеу, реконструкция, құрылыс конструкцияларының коррозиядан қорғану туралы құжаттар
Эксплуатация кезіндегі технологиялық жүктеме және оның әсерін сипаттайтын құжаттар.
Құрылыс конструкциясының эксплуатациялану кезіндегі ортаның физикалық парамерлері (құрамы, газдар концентрациясы, алғалдылық, температура және т.б.) сипаттайтын құжаттар.
Ұйымдардың салынатын жер және оған жататын территорияның гидрогеологиялық жағдайы туралы ізделінген материалдары.
Осы барлық құжаттарды зерттеу негізінде мыналарды орнатады: ғимараттың тағайындалуы; тексерілетін конструкциялардың типтерін және оларды эксплуатациялау мерзімі; ғимаратты салудағы қолданылатын материалдар; құрылыс конструкцияларын коррозиядан сақтау үшін жүргізілетін шаралар; құрылыс конструкцияларының эксплуатациялаудағы жобалау шарттары және олардың өзгеруі туралы мәліметтер.
Тексеру және анализдің нәтижелері тексеруді жүргізген ұйым есеп беру түрінде (отчет) береді.
Есеп берудің құрамына кіру керек:
техникалық құжаттар туралы мәліметтер, олардың толық болуы, сапасы, қателік жобалау шешімдерінің сәтті емес ескіргені туралы қорытындылар;
ғимарат конструкцияларының жобалық және фактілі режимінде эксплуатациялау туралы мәліметтер, фактілі жүктемелер және әсерлер туралы мәліметтер;
конструкциялардың ақау, деформациялары және зақымданулар туралы схемалар және ведомосттер;
конструкциялардың бұзбайтын бақылау әдістерімен және басқа табиғи сынаулармен жүргізілген геодезиялық және басқа өлшеулердің нәтижелері;
материалдар сынамаларының физико-механикалық бақылаулардың нәтижелері;
ақаулар, деформациялар, зақымданулар анализінің нәтижелері, олардың пайда болу себептері;
конструктивтік элементтердің тексеру есептері;
конструкциялардың күйі және оларды әрі қарай эксплуатациялауға немесе ремонтқа жарамдылығы туралы қорытындылар;
ремонт және ақаулы конструкцияларды ауыстыру әдістері бойынша қысқаша техникалық шешімдер және ұсыныстар;
Нег. 1 [49-76]; қос. 9 [91-96 ].
Бақылау сұрақтары:
Техникалық тексерулердің қандай түрлерін ажыратады?
Құралымдардың диагностикасы, оның мақсаты, техникалық амалдары, әдістері.
Ғимаратты техникалық жарамды күйде ұстау үшін бақылаудың негізгі параметрлерін ата.
Тұрғын үйлерді тексерудің негізгі түрлерін шарттарын, жалпы ретін атаңыз.
3-ші Дәріс. Қолданыстағы ғимараттар мен үймереттер құралымдарының бақылаудың техникалық тәсілдері. Өлшеулердің негіздері. Негізгі жағдайлары. Өлшеулердің рұқсатты ақаулары және жіктелуі, пайда болу себептері.
Метрология - өлшеулер туралы ғылым, олардың бірлігін қамтамасыз ететін әдістер мен амалдар, сонымен бірге талап етілетін дәлдікке жететін тәсілдер туралы ғылым. Өлшеулердің бірлігі өлшеулердің нәтижелері заңды бірліктермен берілгенін және қате жіберушіліктері берілген ықтималдылықпен белгілі екеніні көрсетеді. Өлшеу процестерінің сапалы жүргізу үшін және өлшеу приборларының талап етілетін дәлдікпен көрсету үшін өлшеулердің біркелкілігін, яғни әртүрлі жерлерде әртүрлі приборлармен жүргізілетін өлшеу нәтижелерінің бірдей болуын қамтамасыз ету керек.
Бұл шарт құрылыстағы өлшеу амалдарының күйіне және деңгейіне, яғни метрологиялық қамтамасыз етуіне байланысты. Өлшеулердің біркелкі амалдары дегеніміз оларды көрсетілген бірліктерде бөліктеу (градуировка) және олардың метрологиялық қасиеттердің нормаларға сәйкес келуі. Метрологияда қарастырылады: физикалық өлшемдердің бірліктері және олардың жүйелері; өлшеулердің әдістері және амалдары; өлшеулердің жалпы теориясы; өлшеулер амалдарының бірлігін және біркелкілігін қамтамасыз ету негіздері; өлшеулердің эталондары және сынамалы амалдары, өлшеулердің өлшемдерін эталондар немесе сынамалы амалдардың жұмыс амалдарының өлшемдеріне беру әдістері.
Өлшеулер инженерлік ізденістермен, ғимараттар мен үймереттерді жобалау және салумен тығыз байланысты. Бұл мәнде олар жобалау объектін толық танудағы маңызыды жолдардың бірі болып табылады.
Ғимараттарды эксплуатациялау қалыпты жұмысты қамтамасыз ететін шарттардың геометриялық параметрлерін тексеру үшін үнемі өлшеулерді талап етеді. Осында да өлшеулер конструкцияның кеңістікте сондай-ақ уақытта сенімділік және ұзақтылықты қамтамасыз етеді.
Өлшеу деп арнайы техникалық амалдардың көмегімен тәжірибелік жолмен табылған өлшемдер мағынасын айтады.
Өлшеу бірлігінің эталон дегеніміз өлшем немесе өлшеуіш құрал, ол жалпы мемлекеттік және халықаралық масштабта физикалық өлшемдерін сақтау үшін және оларды жоғары дәлдікпен көрсету үшін арналады. Қазіргі кезде ньютонның, ампердің, секундтың және басқа өлшемдердің эталондары бар. Мемелекеттік реестр құрамында 100-ден аса бастапқы және арнаулы эталондары бар. Меторология «эталон» терминін анықтамада көрсетілген мағынада талқылауды рұқсат етеді.
Сынамалық өлшем амалы - бұл жұмыс өлшем амалдар эталондарынан физикалық өлшем бірліктерінің өлшемдеріне дейінгі арналған құрылғы.
Стандартты сынама – бұл материалдардың және нәрселердің құрамын немесе қасиеттерін сипаттайтын өлшем бірліктің көрсету өлшемі. Стандартты сынама бұл аттестация кезіндегі бекітілген өлшенетін материалдың (нәрсенің, заттың), құрамы немесе қасиеті өлшенетін зат.
Стандартты сынамаларды бөліктеу (градуировка), аттестация және нәрселерді өлшеу тексерісі, өлшеудің нәтижелерінің дұрыстығын бақылау және де, материалдың және заттың құрамын және қасиетін салыстырмалы тәсілдер арқылы өлшеу кезінде қоланылады.
Стандартты сынамалар өлшемін эталонды деп есептеуге болмайды. Олар жұмыстық өлшем құралдары және беріліс түйіні арасындағы эталондар болып есептеледі.
Өлшеудің дәлділігі дегеніміз өлшенетін мағыналарға нақты өлшенген нәтижелерді жақындату дәрежесі. Тура өлшеулер тәжірибелік осы өлшемдердің салыстыруымен қорытынданады. Бұйымның өлшемін бөлігі бар рулеткамен өлшеу, булану камерасындағы температураны термометрмен өлшеу, сусымалы материалдардың (цемент, құм) көлемін өлшеу – осының барлығы тура өлшеулердің жағдайлары. Тура өлшеулер жанама өлшемдердің нәтижелерін тура өлшеудің өлшемдеріне негізделген басқа да өте күрделі өлшемдердің түрлеріне негізделген. Мысалы, құрылыс лаболаториясында материалдың шектік беріктігіне баға беріледі. Сынау кезінде ол үшін Р бұзатын күштеме және сызықтық сынаманың өлшемі анықталады. Бұл тура өлшемдер. Одан кейін R=Р/А тәуелділігі бойынша мұндағы А – сынаманың көлденең қимасының ауданы материалдың беріктік шегін анықтайды. Бұл жанама өлшеудің нәтижесі.
Біркелкі дегеніміз бір мезгілде екі немесе бірнеше бір атты емес өлшемдердіің арасындағы тәуелділікті табу. Бұл жағдайда өлшенетін өлшемдерді қайталанған тура немесе жанама өлшеу арқылы табады.
Тұтас дегеніміз бірнеше біратты мөлшерлерді бір уақытты өлшеу. Мысалы жинақтың бөлек гірлерінің масасын табу, егер біреуінің массасы белгілі болса. Бұл жағдайда ізделінетін массалар әртүрлі гірлердің массаларын салыстыру нәтижесінде табады.
Өлшеулердің
практикасы өлшеулердің нәтижесі
өлшенетін мөлшерлермен сәйкес келмейтіні,
яғни қате жіберушіліктері бар екенін
анықтады. Бұдан басқа бір мөлшерді
өлшеген кезде жалпы жағдайда бір біріме
ерекшеленеді, яғни әр өлшеуде қате
жіберушілік бар. Өлшеу нәтижесінің
ауытқу мөлшері Х
,оның
нақты мәнінен Х ауытқуы өлшеудің қате
жіберушілігі деп аталады ∆ , яғни ∆=
Х
-
Х.
Өлшеу процесі әртүрлі факторлармен ерекшеленеді: өлшеу объектісі, өлшеу субъектісі, техникалық амалдар, өлшеу әдістері және өлшеу процесінде өлшеу мөлшерінің өзгеруіне, өлшеу объектілерінің біркелкі еместігіне байланысты сыртқы орта ортаның өзгеруі; жеке, ол маманның квалификациясына және оның психологиялық ерекшеліктеріне байланысты; инструменталды, ол құралдардың дәлдігінің шектеулігіне байланысты; температураның, ылғалдылықтың, жарықтың, дірілдеудің және т.б. әсерлермен ескертілген өлшеу әдістері. Кез келген өлшеудің нәтижесі көпеген қарапайым қате жіберушіліктерден тұратын күрделі қате жіберушіліктердің жиынтығынан тұрады. Барлық қарапайым қатежіберушіліктерді екі нышан бойынша классификацияландырады: пайда болуына байланысты(инструменталды, сыртқы, жеке) және іс әрекет сипатына қарай (жүйелік, кездейсоқ, дөрекі).
Дөрекі қатежіберушілік дегеніміз өзінің абсолюттік мөлшері бойынша берілген шарттарды өлшеу шектерінен асатын қатежіберушілік. Олар өлшенетін мөлшерлердің нақты мәндерінен қатты ауытқиды және өз уақытында жойылуы керек. Қараушының ынтасыздығының, құралдың дұрыс жұмыс істемеуінен немесе сыртқы ортаның әсерін ескермеген кездегі өлшеуде жіберілген қателіктер болады. Дөрекі қатежіберушіліктер жеке категориясына кіреді. Дөрекі қатежіберушілікті анықтаудың іскерлі әдісі болып бақылау өлшеулердің сол құралмен жүргізгені болып саналады.
Бірақ, өлшеулерде басқа түрдегі қатежіберушіліктер болады: жүйелік және кездейсоқ.
Жүйелік қатежіберушіліктер “дұрыс сипаттамада” болады. Олар қайта өлшеулер кезінде өзгермей қалады немесе белгілі бір заң бойынша өзгереді. Жүйілік қатежіберушіліктер өлшеудің үш түрін ажыратады: тұрақты, өзгермелі және бір жақты әсер ететін. Мысалы, тұрақты қате жіберушілік ретінде рулетканың компарирлену кезінде қатежіберушіліктің әсерінен кранасты жолдың енін өлшеген кезде пайда болған қатежіберушілік, ал бір жақты әсер ететін – рулетканың кранасты жолдың осіне тік болмауының әсерінен кең табанды жолдың енін өлшеген кезде жіберілетін қатежіберушілік.
Қатежіберушіліктердің пайда болуынын заңдылығы көрінбеген кездегі қателіктер кездейсоқ деп аталады. Көп рет өлшеулер нәтижесінің бағасы егер орташа арифметикалық мәнді табу қатежіберушіліктерді анықтаумен бірге жүрсе жоғары болады.
Қатежіберушіліктер теориясында ықтималдылық теориясының математикалық аппаратын қолданады. Мысалы, “кездейсоқ оқиға” , “анықтық оқиға”, “мүмкін болмайтын оқиға” , “оқиғаның ықтималдылығы”. Оқиғаның А ықтималдылық Р сәтті оқиғалардың оқиғасының қатынасына тең, өзінен кейін әкелетін оқиғалардың А жалпы санына N. Мысалы, 100 колоннадан тұратын партиясын қарастырайық. Оның 5 жарамсыз; сонда жарамсыз колоннаның пайда болу ықтималдылығы Р=5/100=0.05.
Кездейсоқ оқиға нөлден үлкен және бірден кіші ықтималдылықпен пайда болады.
Кездейсоқ мөлшердің толық сипаттамасы болып ықтималдылықтың тығыздығы табылады. Ол қалыпты заңға өте жиі бағындырады.
Ықтималдылықтың
ең үлкен тығыздығы, қалыпты таралуда,
орта мәніне тең. Орта мәнінен ауытқулар
артқан сайын ықтималдылық тығыздығы
тез азаяды.
Қалыпты таралу заңында математикалық күтім деп аталатын орта мәнін ( ), сонымен бірге кездейсоқ мөлшердің орташа квадраттық ауытқуы немесе дисперсия(σ).
Өлшеудің орташа квадраттық қатежіберушілік мына формуламен табылады:
σ =
,
Мұндағы
- өлшенген және орташа арифметикалық
мәнінің арасындағы айырмашылық
;
n -өлшеулердің саны.
Әдебиет:
Нег. 1 [164-173]; қос. 1 [29-73]
Бақылау сұрақтары:
метрология нені зерттейді?
өлшеудің процесі сипатталатын факторларды атаңыз.
өлшеудің қатежіберушіліктері қандай нышандар бойынша жіктеледі?
4-ші Дәріс. Қолданыстағы ғимараттар мен үймереттердің техникалық тәсілдері арқылы құралымды бақылауы. Құрылыстағы геометриялық дәлдік. Геометриялық өлшеудегі рұқсатты ақаулар. Тексерудің көлемі және куәландырулар.
Құрылыс конструкциялар сызбаларын дайындау барысында конструктор оның таңдалған өлшем бірлігінің геометриялық өлшемі бойынша орнатады. Номиналды және анық өлшемдер болады.
Анық өлшем X - бұл өлшеген кездегі жіберілетін қателіктері арқылы алынған нәтижесі бар өлшем.
Номиналды өлшем
X
-
бұл ауытқулардың есептуе барысына
жұмыс жасайтын және оның функционалды
тағайындалуынан анықталатын негзгі
жобалық өлшем.
Дайындау жәнетмонтаж
кезінде ескерілетін қате жіберушіліктерді
сызбада номиналды (жобалық) өлшемінен
басқа Х екі шектік жіберілетін өлшем,
яғни X
ең үлкен деп аталса, ал ең кішісі X
шекті өлшем. Нақты өлшем әр қашанда
шекті жіберілетін өлшемдер аралығында
болу керек.
Негізгі құралмалы элементтерді сипаттайтын конфигурациялары мыналар: түзусызықтық, жазықтықтық, қатарлас бетердің перпендикулярлығы, диагональдардың теңдігі.
Конструцияның өлшемін, пішінін, орналасуын сипаттайтын түзулық және бұрыштық мөлшерлер геометриялық параметрлер деп аталады. Бұл параметрлер өлшем сияқты анық және номиналды болып бөлінеді.
Құрамалы элементтердің нақты жасалынған өлшемдерінен ауытқуы жобалық тағайындалуы (номиналды өлшем) дайындау кезіндегі қатежіберушілік деп аталады.
Құрылыста геометриялық дәлдікті ғимаратың және оның элементтерін анықтайтын өлшемдері конфигурациясы және орналасуы нақты геометриялық параметрлердің дәрежесін номиналды (жобалық) параметрлерге жақындату деп түсінеді.
Нормативтік нақты дәлдікті ажыратады. Нормативтік дәлдік КМжЕ, стандарттармен белгіленеді, ал нақты дәлдік δχ =X - X .. ауытқулардың мөлшерімен сипатталады. Нақты ауытқу δχ бұйымды дайындау кезіндегі кездейсоқ технологиялардың операциялардың қате жіберушілігі және систематикалық формула санымен бейнеленеді. Жасалынған бұйым жарамды болады егер оның өлшемдері және басқа параметрлері сақталса.
Конструкцияның құрастырылуының деңгейін жоғарылату үшін жасалынатын бұйымның дәлдігі жоғары болу керек.
Конструкцияның монтажы және бөлу қатежіберушілігі ғимараттың бөлу осьтерінің ауытқуларының мөлшері деп түсіну керек, яғни жеке конструкциялардың және құралмалы элементтерден жобалық орналасуынан ауытқуы. Бұл қатежіберушіліктің мөлшері көптеген факторларға байланысты, олардың ішіндегі ең негізгісі: бөлу жұмыстарында конструкцияны орнату және дұрыстау кезінде пайдаланылатын құралдың дәлдігі; монтаж сұлбасы; құралмалы конструкциялардың нақты геометриялық дәлдік параметрлері; құрамалы элементтердің мүмкін болатын орын ауысуы және бағдарлау кеңістікте сипатталатын монтаждық амалдар; орныдаушының квалифиациясы және т.б. Тәжірибе көрсеткендей конструкциялардың ауытқулары кездейсоқ факторлардың негізінде жобалық орналасуда болып жатады. Бірақ кейде монтаждың маңызды кездейсоқ әсерлерден асуы жүйелік қатежіберушіліктерге әсер етуі. Дөрекі қатежіберушіліктері де кездеседі, мысалы конструкцияны орнату кезінде немесе монтаждық бөлу кезіндегі қателіктер, олар орындаушылардың ынтасыздығынан немесе құралдардың дұрыс жұмыс істемеуінен пайда болады. Монтаждық жұмыстар өсірту тәсілімен іске асады. Сонымен қатар, монтаж кезінде келесі конструкциялардың ауытқулары оның орналасуымен көбее береді. Бұл конструкцияның зақымдану тұйықталуға әкеп соқтырады. Осылай, жобаның талаптарының орындалмауына келеміз, қажет болғандағы әртүрлі шақтауға (пригонка) әкеледі.
Тексерудің көлемін және куәландыруын қарастырайық. Ғимаратты эксплуатация кезіндегі құралды тексеру кезіндегі маңызды сұрақтар қажетті зерттеу оындарыныңы тексеру кезіндегі маңызды сұрақтар қажетті зерттеу орындарының саны және өлшемгің куәландыру болып табылады.
Ғимараттың жауапкершілігіне байланысты және оның бөлее элментерінінң қажетті алынатын нәтиженің ықтималдылығы, яғни куәландыратын көрсеткіштермен көрсетілген. Осыған орай, эксперименталды жұмыс практикасында қабылданады:
ықтималдылық Р = 0,95 – алдын ала жасалған сынаулар нәтижелерінің бағасы жеткілікті
ықтималдылық Р = 0,99 – жалпы сенімділік критериі
ықтималдылық Р = 0,999 – максималды қаталдық критериі
Қараудың п санын мына формула бойынша анықталады:
,
Мұндағы v – өзгергіш коэффициенті; t – куәландыру көрсеткіші; p – дәлдік көрсеткіші
Өзгергіш коэффициенті немесе вариациялы коэффициенті зерттелетін параметрлердің өзгергіш шегі туралы анықтама береді. Оны бұрынғы қарау негізінде алынған нәтижелерді өңдеу арқылы алады. Егер мұндай мәліметтер жоқ болса, онда басында коэффициентті нысаналы деп алып, одан кейін жасалған өлшем негізінде нақтылауға болады. Өзгергіш коэффициентңн мына формула бойынша табуға болады:
,
Мұндағы М - барлық
мәндердің орташа арифметикалық мәні M
=
;
σ -арлық мәндердің орта өлшемінен
орташа квадраттық ауытқуы:
,
Мұндағы
-
орташа арифметикалық мәндерден барлық
ауытқулардың суммасы; n– бақылау саны.
Орташа арифметикалық мәнге байланысты процентпен белгіленген орташа қателік дәлдік көрсеткіші деп аталады. Ол мына формула бойынша есептеледі:
,
Мұндағы
m – орташа
қателік, М =
.
Мысал түрінде өлшем санын анықтайық, ол жабындарды зерттеу барысында қажетті түрде анықталатын, яғни барлық жабындардың иілу мөлшерін дәлдікпен 5 % , ықтималдылығы 0,99 дейін анықтау.
Шешімі. Нәтижелерді өңдеу барысында орташа иілу мәні М = 45 болсын, ал а σ = 4мм , сонда өзгері коэффициенті:
.
3.5 [1] Кесте бойынша ықтималдылық Р = 0,99 куәландыру көрсеткішінің мөлшерін табамыз t=2,58 .
Сонда қажетті өзгеру саны:
.
Демек, барлық жабындардың орташа иілуінің ықтималдылығы 0,99 дәлділігі 5% болу үшін керек өлшенген иілу 21 жабын.
Негізгі әдебиет: 1 [173-184].
Бақылау сұрақтары:
құрылыста геометриялық дәлдік деп нені түсінеміз?
дайындалған дұйымның нормативті және нақты дәлдігін қалай ажыратады?
монтаж кезіндегі қатежіберушілік анализі нені көрсетеді?
5-ші Дәріс. Жалпы тексеру. Жалпы тексеру кезіндегі құралым күйін бақылау. Іргетастар, жер төлелер, еден астылар, ұстындар, қабырғалар және қалқалар (перегородка), жабындар, шатырлар және төбе жабын.
Жалпы тексеру конструкциялардың техникалық күйін жалпы бағалау үшін және негізгі информацияны алу үшін, көлемнің қажеттілігін анықтау үшін, сонымен бірге бөлшекті және арнаулы тексерулердің программалары. Ол өзінің құрамына ғимараттың көлемді жоспарлық жобаға және конструктивтік шешімге, жүктемелік сипаттамаларға, эксплуатация шарттарына сәйкес келуін және конструктивтік сұлбалардың жалпы бағалануы кіреді. Жүккөтергіш және қоршауыш элементтер материалдарының сапасының бағалануы жүргізіледі, жеке конструкциялардың категория күйлерінің бағасы беріледі.
Табиғи бақылаудың түрлері, мақсаттары, есептері конструкцияны бөлшекті бақылау процесінде дәлденеді.
Жобалық -техникалық құжаттардың жоқ болған кезінде ғимараттың өлшеу сызбалары, тексерілетін конструкциялардың және түйінді байланыстардың нобай сызбалары жасалады.
Жалпы тексеру кезінде қарапайым құралдар мен жабдықтарды қолданып(тіктеуіштер, лупалар, бинокльдер, сызғыштар және т.б.), бүкіл конструкциялардың визуалды тексеруін жүргізеді (тұтастай тексеру). Конструкциялардың күйі туралы қосымша мәліметтер алу үшін қарапайым сынаулар және өлшеулер, олардың жобаға сәйкес келуі тексеріледі: бетон беріктігінің және оның тығыздығының шамалы бағасы, жарықшақтардың ашылуы және тереңдігінің ені өлшенеді, жобадан ең көп ауытқыған негізгі өлшемдердің таңдаулы өлшенеді – элементтердің қималары, конструкциялардың тірек аудандары, металл коррозиялары және т.б.
Визуалды тексеру тұтастай жүргізіледі. Конструкция бетонында барлық жарықшақтар арматураның жаланаштануы тесілген бетон каверндер, раковиналар қорғаныш қабатының зақымдануы, арматураның зақымдануы, төсем бөлшектерінің, дәнекерлеі жіктерінің, конструкциялардың тірек сүйену сұлбалары, жабындардың иілуі, конструкцияның ең зақымдалған бөліктері белгілеп алынады.
Ақаулардың ведомостін сызбаға түсірілген ақаулар картасы түрінде немесе таблицалар түрінде құрастырылады. Салмақты ақаулары бар конструкциялар анықталады.
Жалпы тексеру кезіндегі конструкциялардың күйін бақылаудың сұрақтарын қарастырайық .
Іргетастар, жер төлелер, еден астылар.
Топырақ негіздерінің деформацияларын және ғимарат іргетастарының ақаулықтарын жерүсті конструкцияларды тексеру процесінде анықтайды. Бұл жағдайда топырақ деформацияларының және іргетастардың ақаулықтарының нышандары ретінде мыналар саналады:
Тік (вертикаль) бойынша ығысу, ұстындардың, байланыстардың және басқа ғимарат қаңқасының конструкциялардың еңкеюі және қисаюы;
Жабындардың жүккөтергіш элементтер тіректерінің, 1-ші кезекте жер төлелерде ығысуы.
Қосымша конструкция байланыстарының тіректер жанында, бітеу жерлерінде және басқа түйіндесу түйіндерінде жарықшақтар зақымданулар, деформациялық жіктердің ашылу немесе тарылуы, қабырғаның немесе ғимараттың толық қисаюы; қабырғаларда тік және еңкею жарықшақтары, қалау қатарларының қисаюы, ұстатқыш бөліктерде, қабырға жазықтығындағы ернеулердің , темірбетон маңдайшасындағы жарықшақтардың бағалануы жүргізіледі.
Сыртқы қабырға мен ішкі тқабырғаның арасы; қабырға панельдерінің аудандары бойынша жіктердегі жарықшақтар; қабырға панельдеріндегі бекітулердің деформациясы және жарылуы; тасалардың қисаюы, майысуы; жер төленің тасаларында немесе жертөлесі жоқ ғимараттардың 1-ші қабатындағы жарықшақтар, жер төле едендерінің жарықшақтануы және шөгуі; жертөлеге кірістердің бұзылуы; жүкөтергіш жабындардың түйісетін қырларының және ғимараттың төсемдерінің сынуы(сколы) – аталғандарға ерекше көңіл бөлу керек.
Баспалдақ марштар тіректерінің,баспалдақ торларының ығысулары және қиғаштануы(перекос), кіре берістердің, кірістердің қисюы және шөгуі, есік тесіктерінің қисаюы нәтижесінде есіктердің сыналануы(заклинивание); лифт шахталарының қисаюынан лифттердің сыналануы; белдеушенің(отмоска) жол төсемінен немесе тротуар қабырғасынан ажыап кетуі байқалады. Егер жер төле бөлмелерін желдету немесе жасанжы құрғату шаралары қабырғалардың шамадан тыс ылғалдылығын жоймаса онда, қазу жұмыстарын жүргізіп, гидроизоляцияның күйін тексеру керек. Гидроизоляция күйінің қауіпті жағдайының нышаны болып судың тұтас өтуі, ал критериі – тұтас зақымдануының болуы, егер олар гидроизоляция ауданының 40 %-нен көп алса.
Гидрооқшаулау күйін тексеруге визуалды тексеру және құралды өлшеулер кіреді. Жер асты бөлмелердің тексеруді жүргізудің алдында осы бөлмеде өтетін сантехникалық коммуникациялардың күйін тексеру керек, себебі олардың ағып кетуін гидроизоляция шарттарының бұзылуы деп есептемейміз.
Бөлмелердің ішкі гидроизоляциясын тексеру ағу жерлерін, олардың сипаттамасын және интенсивтілігін анықтау үшін жүргізіледі.
Ғимараттың сыртқы гидроокшаулаудың күйін оңашаланған жерасты бөлменің қабырғалары мен еденінде ағудың бар немесе жоқ болуынан анықтайды. Құралды тексеруді егер жер асты конструкциялардың немесе жаныныдағы топырақтың қатты шөгуі болса жүргізеді. Негізінен жарықшақтардың ашылу ені және тереңдігін өлшейді.
Ұстындар.
Ұстындарды жалпы тексеруде олардың қимасын және табылған деформацияларын (вертикальдан ауытқуы, иілуі, түйіндердің ығысуы), жарықшақтардың ашылу енін өлшеу керек.
Металл ұстындарын тексерген кезде коррозияға, негізінен 1-ші қабаттың немесе жертөленің деңгейіне; ұстындардың геометриялық пішініне және олардың жобалық тұратын орнына ерекше көңіл аудару керек.
Жергілікті қисаюы, белдеулердің, тор элементтерінің мыжылуы және басқа механикалық зақымданулар, ұстындардың монтажды түйістері және дәнекерлеу жіктерінің сапасы белгіленеді.
Байланыстардың ұстындарға түйісу түйіндерінің және байланыс белдеулерінің түйіс қосылыстарының күйі бақыланады.
Темір бетон ұстындарын тексеру кезінде арқалықтардың ұстындарға бекіту зоналары, ұстындар мен арқалықтардың тік орналасуы; олардың тіректерде өзара орналасуы мұқият тексеріледі.
Жергілікті майысулар және элементтердің майысуы қосымша бағаланады.
Біркелкі зақымданулардың жүйелік қайталануы кезінде конструкция арнайы бақыланады, ол ондай ақаулардың пайда болу себептерін анықтайды.
Қабырғалар және қалқалар.
Қабырғалардың конструкция және материалы қабырғаларды тексерумен және бақылаулы зондттаумен жүргізіледі. Сыртқы қабырғаларды тексерген кезде мыналардың бар немесе жоқ болуына көз жеткізу керек:
Көлденең және бойлық сызықтардың, негіз топырақтардың біркелкі емес шөгуінің нәтижесінде пайда болған жарықшақтардың қисаюы;
Адырайтулар (выпучивание), ол конструкция қабырғасында топырақтың немесе жерасты сулардың бүйірлі қысымының нәтижесінде, жанасқан ғимараттардан болатын ескерілмеген жүктемелердің нәтижесінде, технолгиялық коммуникациялардың және т.б.нәтижесінде; температуралы деформациялардың; мұз, тұздардың және т.с.с нәтижесінде пайда болады.
Топырақтардың біркелкі емес шөгуінің нәтижесінде вертикальдан ауытқуы, төсеме бөлшектердің немесе арматураның коррозиялық зақымдануы;
Дайындаудың, транспортировканың, қоймада сақтаудың немесе салудың, сонымен бірге эксплуатация процесінде механикалық зақымданулардың нәтижесінде бұрыштардың, раковиналардың, шұңқырлардың, ойықтардың, бороздалардың, мыжылулардың сынуы.
Сыртқы қабаттардың бұзылуы, ылғалдың конденсациясы, ернеу зонасындағы төбе жабынның бұзылуы, ернеу енінің аз болуы нәтижесінде сыртқы беттердің ылғалдануы.
Ішкі беттің ылғалдануы. Ол фактілі температуралармен бөлмедегі ауаның ылғалдылығы және конструкция қабырғасының фактілі сипатталарымен сәйкес келмеуінің нәтижесінде; басқа материалдардың бұзылу нәтижесінде сулы жинақтаудың нәтижесінде, қабырғаның бөлме жағынан бу немесе гидроизоляцияның бұзылуы; төбе жабынның бұзылуынан, сыртқы қабырғалар бұрышының жеткілікті емес жылу оқшаулығынан; конденсаттың терезеден қабырғаға ағуы, бұл конденсатты бұрып әкететін элементтердің бұзылуынан және гидроизоляцияның бұзылуынан пайда болады.
Тығыздайтын және герметикалық элементтердің бұзылу нәтижесінен тесіктердің, ойықтардыойықтардың, жоғары ауа өткізгіштілігі;
Лак сылақты төсемдердің деформациясынан, лак сылақты төсемді материалдың бұзылу нәтижесінен қабыршақтану, жарылу, адырайту;
Деформациялардың немесе қабырға материалдарының бұзылуынан сылақты немесе фактуралы қабаттардың жарылуы;
Деформациялардың немесе сылақ астындағы материалдардың бұзылуынан, сылақ қабаты астынан қабырғаның ылғалдануы нәтижесінде сылақты төсемдердің немесе фактуралық қабаттардың жеке бөлшектредің құлауымен қабыршақтану.
Борпылдақ құрылымның бар болуы, тұрақты немесе периодты ылғалдануынан сылақты төсемдер матеиалдарының бөлшектер арасындағы байланыстың бұзылуы;
Қаптауыштың элементтер арасындағы жіктердегі жарықшақтар;
Қаптауыштың элементтердегі жарықшақтар;
Қаптауыш элементтерінің адырайтуы, қабаттануы, құлауы;
Құрғау немесе ылғалдану процесінің әсерінен асбестцементті беттердің ісінуі немесе қораптануы;
Іргетастың біркелкі емес шөгуінің нәтижесінде панельдердің ығысуы, қиғаштанудан панельдер арасындағы жіктердегі жарықшақтар;
Панельдер арасындағы жіктер толтырғыш материалдар құрылымының өзгеруі, құлап түсуі, боялуы;
Қабырғаларды «құрғақтай» монтаждауынан жіктердің толтырылуы, ағаштан қабырғалардың саңылауларын бітеудің тығыздығының бұзылуы;
Төсеме бөлшектердің, тіреме столиктердің және басқа металл бұйымдардың коррозиясы;
Панельдер түйіндерінің ғимараттың қаңқасына бекітілуінің бұзылуы;
Ғимараттың ортаңғы бөлігінде топырақтың шөгуінің нәтижесінде параболлалық қисықтар түріндегі жарықшақтар;
Жоғарғы ұлғайған жарықшақтар, ғимараттың шеткі бөлігінде топырақтың шөгуінің нәтижесінде параболалық қисықтардың пайда болуы;
Ғимараттың опырылу (разлом) нәтижесінде жоғарға ашылуы ұлғаятын тік жарықшақтар;
Топырақтың тығыздалуынан және топыраққа біркелкі емес қысым беру нәтижесінде, жаңа салынған ғимараттың бұрын салынған ғимаратқа жанасу жерінде немесе бір ғимарат құлама биіктігінің өзгеру жерінде V – түріндегі пішінді жарықшақтардың пайда болуы;
Тік жарықшақтардың 0,1 ÷ 0,5 мм ашылуымен, 1 м тік жүктелген қабырғада 2 немесе одан да көп жарықшақтардың 2 немесе одан да көп тас қалауын қиып өтетін жарықшақтар;көлденең жүктемелердің әсерінен қабырға қалау жіктерін бойлай көлденең жарықшақтардың пайда болуы;материал қалауының жарылуымен және уатумен жүретін ұсақ жарықшақтар;конструкцияларда және т.б.қолданылатын материал беріктігінің төмендеуі;
Қабырғалардың ұзына бойына түйіскен жерлерде және бағана тізбектерінің (пилястр) қасында ғимараттың жоғарғы бөлігінде пайда болған тік және еңкіш жарықшақтардың пайда болуы;
Температура-ылғалды немесе шөгу деформацияларын қабылдай алмайтын арматуралаудың жеткіліксіздігінен ғимараттың бүкіл биіктігінен қабырғалардың ортаңғы бөлігінің қалауында 10 мм және одан да көп жарықшақтардың ашылуы;
Температуралық әсерлердің нәтижесінде ысыру деформацияларынан пайда болған 1-ші қабаттардың шеткі ойықтарында (проем) пайда болған қиғаш жарықшақтар;
Бетонның шөгуі нәтижесінде бетонды қабырға бетінде 0,1 ÷ 0,2 мм ашылуымен ұсақ жарықшақтар торы;
Отырылуы нәтижесінде ағаштардағы жарықшақтар;
Шөгудің нәтижесінде ағаш конструкцияда жарықшақтардың пайда болуы;
Дайындау кезінде соққылардың, транспортировка, қоймада сақтау кезінде орналасауында белгілі заңдылығы жоқ жарықшақтардың пайда болуы;
Вибрациялық немесе басқа динамикалық шарттарында жарықшақтардың жылдам дамуы;
Құрт құмырсқалардың ағашты зақымдау немесе шіріту;
Жарықшақтардың дамуынан немесе қабырғалардың қабаттануынан жеке кірпіштердің немесе ұсақ блоктардың құлап түсуі;
Сыртқы қабырға панельдер үшін панельдердің байланысының ығысуы және жарықшақтардың ммден көп ашылуы, қабырға материалының қабырғаның қалыңдығының бөлігінен көп тереңдікке корозиялық зақымдануы және ммден көп ұзына бойына ең қауіпті болып саналады.
Ішкі қабырғалар мен тасалардың сипаттамалы ақаулары және зақымданулары сонымен бірге олардың пайда болу мүмкіндіктері сыртқы қабырғалардағыдай болады.
Ішкі қабырғалар мен тасаларды тексерген кезде мыналарға ерекше назар аудару керек: қалтылдақтықтың (зыбкость) пайда болуны, адырайтулар мен қисаюларға, өңдеу қабаттардың жергілікті зақымдануы және күп болуына (вспучивание), қабырғалар және тасалардың бір бірімен жабындармен ойықтармен түйіндескен жерлердегі жарықшақтарға; ағаш элементтерінің құрт құмырсқалардан зақымданған жерлерге шірулерге, беттердегі зеңіне (плесень); қабырғалардың ылғалданған жерлеріне.
Жабындар
Алдын ала тексерумен жабынның түрін, көрінетін ақаулармен зақымдануларды, ремонтқа немесе жабынға әсер ететін күштеулер әсерінде болған жабынның жеке бөліктерінің күйін анықтайды.
Жабындарды тексерген кезде жарықшақтардың болуын, олардығ ені мен ұзындығын анықтайды.
Жабындардың майысуын геометриялық және гидростатикалық нивелирлеу арқылы анықтайды.
Жабындарды жалпы тексеру жұмыстарында мыналардың бар болуын анықтайды:
Рұқсат етілетінен асатын майысуларды, мүмкін созылған зонасында жарықшақтардың ашылуы;
Механикалық әсерлердің әсерінен жұмыс алаңшадағы төсемдерде мыжылулардың, майысулардың және тесіктердің пайда болуы;
Бетондау кезінде ақаулардың әсерінен раковиналардың пайда болуы;
Темір бетон жабындарында сынулардың тесіктердің ұяшықтардың, бороздалардың пайда болуы;
Келесілерге ерекше назар аудару керек:
Жабын конструкциясы гидроизоляциясының бұзылуынан, коммуникациялардан және т.б.нәтижесінде астынғы беттердің ылғалдануы;
Жабдықтардан ағып кетулердің, жабындар қанағаттандырмайтын жылу техникалық сипаттамасының әсерінен үстіңгі беттерді ылғалдануы;
Жабын материалының құрамына кіретін заттардың ылғалдылықты тасымалдаудан тұзды шөгінділерді және үстіңгі беттерде жорталардың(нарост) пайда болуы;
Жабын конструкциясында төмен дыбыс оқшаулағыш материалдарды қолдану нәтижесінде немесе жабынның жеткіліксіз масса әсерінен қанағаттандырмайтын дыбыс оқшаулағыш сипаттамалар анықталады.
Лак сылақты төсемдердің қабыршақтануына шытынауына (растрескивание), қабаттануына; құрастырмалы темір бетон плиталар жіктерінің арасынан ерітіндінің құлап түсу; құрылымның шытынауына қабыршақтануына, борпылдақтануына үлкен назар аударылады.
Ақаулардың пайда болу себептері:
Құрастырмалы темір бетон плиталардың ригель сөрелерімен дәнекерлеу жіктерінің ақаулары, орнатылмаған элементтер және т.б.
Ылғалдануының, жеткіліксіз антикорозиялық қорғаныштың әсерінен құрастырмалы темір бетон плиталар байланыс элементтерінде корозияның пайда болуы;
Дәнекерлеу жіктерінің жұлынуы, жіктердегі жарықшақтардың пайда болуы;
Тас қалауының күмбездерінде қалаудың қатты жүктелуінің әсерінен, материалдардың төмен беріктігінен, вибрация, ылғалдану кезінде қалаудың беріктігінің төмендену нәтижесінде тік жарықшақтардың пайда болуы.
Жарықшақтарда және жұмыс алаңдарында жылдам шараларды қолдануды талап ететін жағдайлар: тас күмбездерінің қатты жүктелуін көрсететін жарықшақтар; қалау күмбездерінің қабыршақтануы; жұмыс алаңшадағы металл төсемелерінде өтпелі коррозиялық тесіктер; см қалыңдығынан көп құрт құмырсқалар немесе шіруден ағаш элементтерінің бұзылуы; болмашы (второстепенный) және бас арқалықтардың ұстындармен түйісу түйіндерінің күйі және т.б.
. Төбе мен төбе жабындар (крыши и покрытия)
Төбе мен төбе жабынның ақаулар мен зақымданулардың негізгі түріне мыналар кіреді:
төбе жабынның ақаулар мен зақымданулардың нәтижесінде жаңбыр мен еріген қар суларының ағып кетуі.
Төбе немесе төбе жабын конструкциясының жобаға немесе нормативті талаптарға сәйкес келмеуі.
Төбе жабын еністігінің нормативті талаптарға сәйкес келмеуінен төбе жабынды судың тұрып қалуы; су әкету жүйелерінің бұзылуынан; төбе жабын үстіңгі бетінің кедір-бұдырлығынан; шаң-тозаңның жиналуы және т.б.
Жұмыс өндірісінің ақаулары нәтижесінде төбе жабын үстіңгі бетінің кедір-бұдырлығы; төбе жабынның жүккөтергіш элементтерінің деформациялары интенсивті жылу берудің және т.б.әсерінен асбестцементті тақталардың қорабтануы;
Қорабтанудың, құрғақтанудың, қиғаштанудың әсерінен асбестцементті тақтайлардан жасалған төбе жабындардағы бойлық және көлденең жарықшақтар
Құрғақтанудың, асбестцементті тақтайлардың қиғаштанудың, оларда жарықшақтардың пайда болу әсерінен даналық материалдардан (асбестцементті, металл тақаталы және т.б.) жасалған төбе жабынның элементтерінің кері кетуі (срыв);
Асбестцементті тақтайлардың сынған бұрыштары немесе жиектер(кромки); бекітпелер немесе дәнекерлеу жіктерінің коррозисы;
Шатырда мұз сүмелектер(сосулька) мен мұздардың пайда болуы, ғимараттың ернеулі бөлігінің ылғалдануы;
Ірі дәнді себудің төбе жабын материалында жоғалуы, соның әсерінен рулонды жабын қорғаныш қабатында жарықшақтар пайда болады;
Битумның ескіруі нәтижесінде рулонды жабынның битум сылақты қабатында жарықшақтар;
Мастика маркасын төмендету нәтижесінде рулон жабынның сылақты қабатындағы төбе жабынды мастиканың ағуы және жұмсаруы;
Жұмыс өндірісінде ережелердің бұзылу нәтижесінде төбе жабынды рулон кілемінің стяжкамен бірге тұтастықтың жойылуы немесе берік емес тұтастықтың болуы;
Рулонды материалдарды ылғалды немесе кір беттерге жапыстырву нәтижесінде төбе жабынды рулон кілемінің қабаттарының ісуі;
Жабынның төбенің құламасындағы рулонды материалдардың еннің (полотнище) қабыршақтануы, сырғып түсуі;
Мұндай ақаулардың пайда болу себептері:
Төбе жабынның рулонды кілемінің қосымша қабатының қабаттануы;
Төбе материалының рулонды еннің бойлық немесе көлденең шөгуі;
Төбе жабынның рулонды кілемінде өтпелі жарықшақтар;
Металл төбе жабының дәнекерлеу жіктеріндегі жарықшақтар;
Тақтайлардың торлауға (обрешетка) бекітілудің осалдануы;
Төбе жабын үстіңгі бетіндегі тот басу, қаяу(свищ), тесігі (пробоина);
Төбе жабын өндіріс жұмыстарында ережелердің бұзылу нәтижесінде кілемді негізге жеткіліксіз беріктікпен жабыстыру әсерінен рулонды кілем еннің кері кетуі немес жұлынып әкетуі;
Атмосфералық жауын-шашынның, конденсатпен және т.б.ылғалдануының нәтижесінде стяжканың қабыршақтануы күп болуы, материал құрылымының немесе жылытқыш қабаттың үстіңгі бөлігінің құрылымының өзгеруі. Бұзылу өлшемдеріне қарай төбе жабындардың зақымдануларын ауданы 1м² нүктелік, ауданы 10 м²-қа дейін локалды, төбенің ауданының 40 %-нен көп алатын тұтас болып бөледі.
Нүктелік зақымданулар – төбе жабынға механикалық әсердің нәтижесі. Бұл опырылған жерлер, жарылған жерлер, ісулер, жарықшақтар және т.б.
Локалды зақымданулар қолданылатын материалдар төмен сапасының нәтижесінде пайда болады. Оларға су оқшаулағыш қабаттың ескіруі, рулонды кілем еннің оралуы; рулонды жабын 1 қабатының ісуі; болат төбе жабын жеке тақтайлардың коррозиясы қаяулары, тесіктері кіреді.
Визуалді бақылау төбе жабын жағынан да, бөлиелер жағынан да жүргізіледі. Тексеру кезінде төсемнің төменгі бетінің күйін, химиялық қорғаудың бар болуы және сапасы, төсеу бөлшектерінің және бекітпелердің сапасы, плиталар арасындағы жіктердің толтырылуы, жарықшақтардың майысқан және аққан жерлердің бар немесе жоқ болуы анықталады.
Төбе жабынның күйін жоғары жақтан тексерген кезде оның қабырғаларға, температуралық жіктерге және т.б.түйісуін анықтайды. Жұмсақ жабын еністігінің жобаға сйкес келуін су ағар щұңқырлардың (ворнка) шығыңқы жерлердің, ойпаттардың, қоқыстардың және т.б.бар немесе жоқ болуы анықталады. Жұмсақ төбе жабыны үшін жабыстыру сапасын, қорғаныш қабаттың күйін төбе жабын қабаттарының арасындағы ауа қаптарының, жабыстырылатын мастикалардың қалқу учакелердің сапасы анықталады.
Ғимараттың төбе мен төбе жабындарын тексерген кезде жүккөтергіш конструкцияларға, олардың сүйену жерлеріне, төбе жабынның қоршауларына, ернеулеріне, су қабылдайтын шұңқырларға, ендердің, тақтайлардың түйіндесулеріне және т.б.ерекше назар аудару керек.
Жүккөтергіш конструкциялардың ең қауіпті ақаулары және зақымданулары болып гидроизоляциялық қабаттардың тұтастығының бұзылуы, су ағар құбырлардың зақымдануы немес қоқыстануы, қабылдау шұңқырлардың зақымдануы, элементтердің құрт-құмырсқалармен шірумен зақымға ұшырауы саналады.
Адамдар қауіпсіздігіне немесе жабдықтардың сақталуына қауіптілік тудыратын төбе мен төбе жабындардың ақауларын жылдам жою қажет.
Жалпы тексеру этапында лаынған нәтижелердің негізінде конструкциялардың және ғимараттың инженерлік жүйелерінің қажет жағдайда аварияға қарсы шаралардың жасап шығару мен олардың техникалық күйінің бағалануы жүргізіледі; арнаулы тексеруді жүргізу туралы шешім қабылданады, бөлшекті тексерудің программасы жасалады, құралды тексеруге қажет конструкциялардың саны, бұзбайтын әдістер қабылданады, сынаулардың учаскелері мен көлемдері анықталады.
Дайындау жұмыстары мен көлемі анықталады, техникалық қауіпсіздік бойнша шаралар мен жұмыстарды орындаудың жалпы графигі дәлденеді. Ең қауіпсіз ақауларды критикалық (1-ші классты) разрядқа кіргізеді. Басқа ақауларды екі топқа бөледі:
А) сапаның көрсеткіштерін сипаттайтын ақаулар;
Б) жұмыс өндірісінің технологиясын бұзумен байланысты ақаулар;
Негізгі әдебиет: нег1 [253-278]; қос. 1[130-132], 9[96-103].
Бақылау сұрақтары:
Ғимараттар мен үймереттерді тексеру кезіндегі негізгі жағдайларды атаңыз.
Іргетастарды, жертөлелерді тексерулердің мысалдарын келтірініз.
Ғимараттың ұстындар мысалында негізгі жүккөтергіш құралымдардың техникалық тексеруді бағалаңыз.
Қабырғалар мен қалқалар қалай тексеріледі?
Жабындарды тексеру кезінде ақауларды атаңыз.
6-шi Дәріс. Бөлшекті тексеру. Ғимарат құралымдарын бөлшекті тексерудегі ерекшеліктер. Негіздер мен іргетастар, қабырғалар, ұстындар, жабындар (перекрытия).
Егер жалпы тексеру кезінде конструкцияның күйі толық жеткілікті бағаланса, онда бөлшекті тексеруді жүргізбеуге болады.
Бөлшекті тексерудің программасы жалпы тексерудің мәліметтері негізінде құралады. Ол қосымша өлшеуді геодезиялық түсіру, жарықшақтардың ашылу енін өлшеуді, майысуларды, темірбетон және тас конструкцияларының фактілі сипаттамаларын анықтауды, сонымен бірге конструкцияның есептеу комплексін жүргізу үшін бастапқы мәліметтерді дәлдеуді қосады. Дефектілердің соңғы жүйелеуі жүргізіледі.
Визуалды тексеру кезінде қатерлі дефектілі анықталған барлық конструкциялар инструменталды тексерілуі қажет.
Өлшеген кезде геометриялық өлшемдер, қима элементтері, конструкциялар және түйіндер түйістердің өлшемдері, тіректердің конструкциялары және өлшемдері, дәнекерлеу жіктерінің өлшемдері және оналасуы, раковиналар мен каверндердің өлшемдері, жарқшақтардың ашылу ені, коррозия мен бұзылған бетон қабатының қалыңдығы, арматураның саны, диаметрі, қадамы, класы, темір бетон арқалықтардың, фермалардың, төсеу және аралық жабындардың майысу мәндері, ұстындардың тік осьтен ауытқуы, қисаюы, шөгуі және т.б.анықталады.
Жұмыс сызбалардың жоқ болған кезде, табиғиғ өлшеулер нәтижелер бойынша өлшем сызбаларын салады.
Ашу (вскрытие) кезінде мыналарды анықтайды: конструкциялардың тірек бөліктерінің өлшемдері және олардың жобаға сәйкес келуі, құрама элементтерін орналастыру дәлдігі, түйіндер мен түйістерді орындау дұрыстығы, дәнекрлеу мен түйістерді жасау сапасы , төсеу элементтерінің күйі, бетонның қорғаныш қабатының қалыңдығы, жарықшақтардың, жарылулардың, коррозиялардың және т.б.ақаулардың бар болуы.
Бір элементтегі ашулар саны минималды болу керек және конструктивтік схеманың, жүктеменің, түйісулердің орналасуының, жарықшақтар мен бұзулардың сипатының ерекшеліктерімен анықталуы тиіс.
Арматуаны ашу үшін бетон конструкцияларды тесілетін бороздалардың саны өлшеулер мен тексерулерге қажетті ұзындығы және ені бойынша минималды өлшемді болу керек.
Бөлшекті тексерулер кезінде ғимарат топтарға (мысалы қабырғалар, аралық жабындар) және көлемді блоктар бойынша (мысалы секциялар, қабаттар) бөлінеді.
Әр бір топ үшін жалпы тексерудің негізінде техникалық күйдің алғашқы бағасы анықталады: қанағаттандыратын, қанағаттандырмайтын авариялық.
Тексерудің берілген немесе болжанған дұрыстығына байланысты техникалық күйдің категориясы белгіленеді. Әрбір группадан (конструкциялардың түрі бойынша бас жиынтығы) инструментальды тексеруді жүргізу үшін таңдау жүргізіледі. Таңдауға кіретін элементтер саны алғашқы (предворительная) тексерулер кезінде анықталған конструкциялар күйінің орташаланған категориясыны байланысты.
Массалық сипаттағы жергілікті агрессивті әсерлердің нәтижесінде тозу дәрежесі жоғары конструкциялар учаскелері таңдаулы ғана бөлшекті тексеріледі.
Нормалармен
бекітілген сенімділік коэффициенті
объектілер үшін тұтастай тексеулер
өткізіледі.
Ғимараттар конструкцияларын бөлшекті тексерулер жүргізудің ерекшкліктерін қарастырайық.
Негіздер мен топырақтар.
Болжанған ремонт түріне, техникалық күйге және конструктивтік элементтердің (іргетастар, қабырғалар, бағаналар(столб)) деформациясының сипатына байланыста геологиялық ізденістер мен іргетастарды тексерулердің көлемі анықталынады.
Жер жұмыстарын жүргізу алдында тиісті ұйымнан шурф және орларды қазуға рұқсат беруі тиіс.
Жұмыстарды орындау реті, құрамы, көлемі және әдістері инженерлік ізденістердің программасына негізделуі тиіс. Ғимараттың жерасты конструкцияларын зерттеу жұмыстарының құрамына келесілер кіруі тиіс: берілген ауданда немесе көрші учаскелерде жүргізілген инженерлі-геологиялық зерттеу материалдарын зерттеу, жоспарлануды зерттеу, учаскенің жайластырушылығы (благоустройство), геологиялық құрылымы, физико-геологиялық құбылыстары, жерасты сулардың күйі, ғимараттардң күйі, зертелетін ғимараттың іргетасын салу туралы материалдарды зерттеу, негіздер топырақтарын лабораториялық зерттеу, сонымен бірге жасанды қадалы іргетастар мен негіздердің күйін зерттеу.
Негіздер мен іргетастарды бөлшекті зерттеу кезінде іргетастың түрін, оның жоспардағы пішінін, салу тереңдігі мен өлшемін, күштеуді жеткізу жолдарын анықтау; зақымдалу өлшемдерін анықтаумен іргетастың беріктігін анықтау; іргетас материалдарын лабораториялық зерттеу үшін сынамаларды алу; гидроизоляцияның күйін анықтау, лабораториялық анализ үшін негіз бен жерасты сулардың топырақ сынамаларын алу.
Іргетастың жанында орналасқан шуфрлардың тереңдігі табанның орналасу тереңдігінен 0,5 м-ге асуы керек. Іргетастар тексеруді жаз кезінже жүргізгені дұрыс.
Отыратын топырақта орналасқан деформацияланған ғимараттарды тексеру кезінде негіздердің ылғалдануқайнар көзіне ерекше назар аудару керек. Гидрогеологиялық скважиналар тоырақтардың фильтрациялық қасиеттерін және жерасты суларының сипаттамаларын анықтау үшін жүреді. Скважиаларды ылғалдану қайнар көзі әсер ететін жерлерде визуалды бекітілген жерлерде бұрғылайды.
Іргетастарды тексеру бұзбайтын әдістер немесе лабораториялық сынаулар арқылы жүргізілуі тиіс.
Іргетастар материалдарының сынамалырын олардың беріктігі қосымша жүктемені беру үшін шешуші болғанда немесе іргетас материалының зақымдануларын анықтаған кезде алынады.
Сынамаларды тек ленталы және тұтас іргетастардан алу рұқсат етіледі. Ерекше жағдайларда жеке іргетастардан сынама алуға рұқтас етіледі.
Сынамалар алынған жерлер бетонмен бітеледі.
Шой тасты (бутовый) іргетастардан өлшемдері 5х10х20см өлшемді, 5-тен кем емес тас сынамалары алынады.
Шойын тасты бетон және бетон іргетастардан сынамалар қабырға өлшемі 7,07 см-ден кем емес куб түрінде алынады.
Ленталы іргетастардың материалдарының лабораториялық сынаулар үшін 5-тан кем емес сынамаларды алады.
Шуфрлеу мен бұрғылау біткеннен кейін өнім (выработка) қабатты тегістеуі және төсем орнына келуі тиіс.
Инженерлі-геологиялық зерттеудің материалдары негіздің геолого-литологиялық қима түрінде берілуі тиіс.
Тексеруді жүргізу процессінде бүкіл жүру шарттары, атмосфералық шарттары, іргетас конструкцисының суреттері, шурфтардың және т.б. өлшемдері мен орналасуы көрсетілген жұмыс жуналы жүргізіледі.
Лабораториялық зерттеулердің нәтижелері протоколмен дайындалады және жұмыс журналына жүргізіледі.
Қабырғалар.
Қабырғалардың конструкциялары мен сипаттамаларын анықтау үшін қалаудың таңдаулы бақылаулы заондтау жүргізіледі. Зондтауды жалпы тексерулердің материалдары бойынша және алдында тұрғызылған үстіне және жанына салынған құрылыстың материалдары бойынша жүргізіледі. Зондтау кезінде ылғалдылық пен көлемді массаны анықтау үшін конструкцияның әртүрлі қабаттарындағы материалдардан сынамаларды алады.
Тексеру жерлерінде қалаудың түрін, өлшемін және сапасын анықтауға жеткілікті ауданындағы қабырға сылақ пен қаптауыш (облицовка) алынып тасталады.
Кірпіштін беріктігін аралық қабырғадан және қабырғаның тұтас учаскелерінен бұзбайтын әдістер арқылы анықтайды. Кірпіштің пластиналы деструкция бөліктері сынауға жарамсыз.
Қабырғалардың беріктігі қосымша жүктемені беру кезінде шешуші болған кезде, жауапты жағдайларда қалау және ерітіндінің беріктігі лабораториялық сынаулармен анықталады.
Лабораториялық сынаулар үшін сынамалардың саны былай қабылданады: кірпіш үшін 8-ден кем емес, ерітінді үшін 20-кем емес. Қалаудағы қуыстарды анықтау, металл конструкциялары және арматураның күйін белгілеу үшін приборларды қолданады немесе ашулардың нәтижесінен анықтайды.
Деформацияланған қабырғалары бар ғимаратты тексерген кезде деформациялардың пайда болу себептерін анықтау керек. Қабырғаның жлу қорғаныш қасиеттерін тексергенде: қабырғалар мен терезелердің ішкі және сыртқы беттері, жылу ағындары, олар қоршауыш конструкциялары арқылы өтеді, ішкі және сыртқы ауаның температурасы, қабырға материалдарының ылғалдылығы мен тығыздығы анықталынады.
Ғимаратты тұтастай қосымша жылыту үшін шараларды жүргізу үшін солтүстікте орналасқан 1-ші , ортанғы және жоғары қабаттардағы 3-тен кем емес бөлмелер тексерілуі керек.
Зертханалық сынаудың нәтижелерін сынау актіге кіргізеді. Жарықшақтардың және деформациялардың дамуын бақылау нәтижелерін жұмыс журналына енгізеді.
Тас қалауын аспаптық тексеру кезінде мынаны анықтайды:
а) Қабырғаларда, бағаналарда, аралық қабырғаларда және тасалардағы (перегородка) жарықшақтардың параметрлерін: жарықшақтың ұзындығын, ашылу енін, жарықшақтың еңістік бұрышын, тереңдігін, ені 1м конструкцияның жарықшақ саны.
Жарықшақтардың қабырғаны едәуір бұзған кезде бұл параметрлер мынаны бекітеді: конструкцияның ұзындығы бойынша максималды көрсеткішті; қабырғанынң 1 п.м. бойынша көрсеткіштерді; қабырғаның ұзындығы бойынша үш қимадан кем емес; едәуір кернеулі зоналарда.
Бойлық жарықшақтар 8 қатар қалаудан өткен кезде, яғни жеке бағаналарға бөлінген кезде, бұл учаскелер ерекше бекітіледі (фиксируются). Бұл жүктеменің астындағы қалаудың соңғы кезеңге жеткенін көрсетеді.
б) Қабырғалардың, бағғаналардың, аралық қабырғалардың, тасалардың вертикальдан ауытқуы, адырайту, конструкцияның майысуы мен иілуі.
в) Қалаудың сапасы:
- конструкцияның биіктігі, қабаттың биіктігінің шегінде неше қатардың арасында қадалық қатарлар бар екенін анықтайды;
- Бойлық және көлденең бос жіктер бекітіледі. Бойлық және көлденең бос жіктердің проценті анықталынады. Көлденең қатарлардың қалауында бұзушылық анықталынады. 1м ұзындыққа есеппен көлденеңнен (от горизонтали) ауытқулар табылады.
Келтірілген параметрлер аралық қабырғаның, қабырғаның, бағананың ұзындығы (ені) шегінде есептелінеді.
г) Өрт кезінде немесе мұздан еру нәтижесіндегі бұзылу дәрежесі анықталынады.
1м² бетінің ауданында бұзылған қалаудың 10 нүктеден кем емес тереңдігі (мм) бекітіледі. Бұл кезде беттен қалаудың бұзу қабаттарын тұтастыққа дейін алынып тасталады.
Бұдан кейін бұзу тереңдігінің қалаудың қима биіктігіне (в%) қатынасы түрінде бұзу дәрежесін және қалған қима ауданның есептік ауданға қатынасы түрінде бұзу дрежесін анықтайды.
д) Құралымдардың фактілі арматуралануы.
Шығыңқы шеттері бойынша торлардың болуы немесе қалаудың көлденең жіктерін ашу арқылы торлардың болуы анықталады. Егер торлардың қадамы биіктіктің жартысына (қабаттың шегінде) келсе, бірақ 3 көлденең жігінде тексерілсе, конструкцияның арматуралануы орындалды болып есептелінеді. Арматуралану 30% кем емес біртипті конструкцияларда тексерілуі керек.
е) Ернеулерде, су ағатын құбырларда, отмастканың цокольдік бөлігінде көлденең гидрооқшаулаудың бұзылуы нәтижесінде Тас қалаудың сулануы бекітіледі. Суланудың түрі мен дәрежесі табылады.
ж) Арқалық тірктердің астында тас қалаудың бұзылуы.
Арқалық тіректерінің астында жарықшақтардың бар болуы анықталынады: жарықшақтың қанша қалау қатарын қиып өтетіні; Жарықшақтың ұзындығы, жарықшақтың ашылу ені, жарықшақ түрі.
Арқалық тіректердің арасында бұзылу дәрежесі анықталынады (бытыраңқылық, лещадкалар, сколалар)
Арқалық тіректердің астында қалаудың байлану сапасы тексеріледі, бұл кезде арқалық астындағы тіректердің астындағы он қатардың шанжарлы байлануы ұсынылады.
Арқалық тіректердің астында мүмкін болатын арматуралау анықталады.
Тұтасқұралмалы ғимараттардың қабырғаларын тексерген кезде олардың конструкциясын, беріктігін, қабырға материалдарының жарықшақтарға қарсы тұруын, түйіскен қосылыстардың герметикалығын және арматура мен төсегіш детальдардың күйін, жылытқыш пен түйіскен жерлерді жабатын материалдардың күйі бағалануы керек.
Жарықшақтармен зақымдалған қабырғалардың күйін бағалау үшін олардың пайда болу себебін анықтау керек. Бұл үшін сыртқы және ішкі қабырғалар бетінің визуалды байқау өткізіледі, Зақымдалған учаскелердің, жарықшақтардың бағытын, олардың ені мен ашылуын өлшейді, бетон мен арматураның күйін анықтау үшін жарықшақтар бар учаскелерді ашады.
Сыртқы қабырғалар түйіскен жерлердің герметикалығын ағып өтетін жерлердің бар болуынан, сонымен бірге, түйіскен жерлерді ашып, ондағы толтырғыш материалдардың күйін анықтайды.
Түйіскен жерлер учаскелредің саны 20-ден аспаукы керек және дефектісі бар учаскелер міндетті түрде тексеріледі.
Байланыстар мен төсейтін бөлшектерді тексеру үшін пайдаланылуы ең қолайсыз шарттарда орналасқан конструктивті түйіндерді таңдайды. Төсейтін бөлшектер мен байланыстардың орналасуы проект документациясы арқылы таңдалады, әрбір нақты бір түйінде олардың орналасуы металліздегіш арқылы дәл анықталады.
5 түйіннен кем емес түйіндер ашылуы қажет. Ашылған детальдарды тексеру кезінде дәнекерлеудің сапасы мен оны бетонмен монолиттеу, коррозияның әсерінен бұзылу өлшемдері мен күйі анықталады.
Ашу (вскрытие) кезінде металл элементтерін қоршайтын бетонның күйін тексереді. Панельдердің бетон беріктігін бұзбайтын тәсілдермен тексереді, ол үшін күштік жарықшақтардың пайда болу себептерін анықтайды. Бетон беріктігін тексеретін учаскелердің саны 25 кем болмау керек. Бұзылған учаскелердің беріктігін міндетті түрде тексереді.
Бетон мен байланыстардың беріктігі қосымша жүктеме беру үшін негізгі көрсеткіші болса, онда лабораториялық зерттеулер жүргізіледі.
Панельдердің жүккөтергіштігін анықтау үшін тексеруші есепті жүргізу керек. Бұл үшін геометриялық өлшемдерді, орын ауыстыруды, вертикальдан ауытқуды өлшейді және т.б.
Сыртқы қабырғаларды зондпен тексеру жеңіл бетонның қабаттасуын, жылытқыштың шөгуін, срнымен бірге сынау материалдарын алып олардың көлемді массасының ылғалдылығын, қабаттардың қалыңдығын анықтау үшін жүргізіледі.
Ағаш ғимараттарын тексеру кезінде деформацияның бар болуы, шіріген, саңырауқұлықтары, қоңыздар бар жерлердің болуы тексеріледі.
Зақымдану түрі мен бұзылу процессінің жылдамдығы анықтау үшін ағаш сынамалардын микробиологиялық лабораторияға жіберіледі. Сынамаларды ең бұзылған аймақтардан алады. Әрбір ғимараттан 3 ашылған учаскеден 3-тен кем емес сынамаларды алу керек. Бір сынамада зақамдалған және зақымдалмаған ағаш болу керек.
Шудың деңгейін өлшеу сыртқы және ішкі шу көздерін анықтау арқылы жүргізіледі.
Қажет жағдайларда ішкі қоршағы қабырғалардың шу өткізбеушілігін өлшейді. Қанағаттанбаған жағдайда төмен шуөткізбеушілігінің себептерін анықтау керек.
Сынаудың нәтижелерін жүргізілеген сынамалардың жерлері мен күйі сипатталған инвентаризациялық жоспар қосымшасы бар техникалық қорытындыға енгізеді.
Ұстындар (Колонны).
Бағаналарды тексеру кезінде ғимараттарды жалпы тексеру жұмыстарымен қатар қосымша тексерулер жүргізіледі.
Ұстынның конструкциясын анықтау үшін контрольді зондпен тексеру жүргізіледі. Темірбетон ұстындарда арматураның орналасуы, оның диаметрі және бетонның қорғанғыш қабаттың қалыңдығын электромагнитті тәсілмен анықтайды.
Ұстындардың бетон беріктігін бұзбайтын тәсілдермен анықтайды. Кажет жағдайда статикалық сынаудың бұзатын тәсілдерді жүргізеді. Ол үшін сынамаларды арамен кеседі.
Контрольді зондпен тексеру және сынамаларды алу кезінде учаскелерді беріктіктің, жарықшаққа қарсы тұрудың, қатаңдылықтың төмендеуі минималды болуын ескеріп таңдайды. Беріктікті тексеру үшін ұстындардың саны зерттеудің мақсатына байланысты алынады.
Металл ұстындардың конструкциялары дәнекерлеу тігістерінің антикоррозиялық жабулардың қорғаныс сапасын білу үшін және де ұстынның фактілі яғни нақты қима өлшемдерін анықтау үшін тексеріледі.
Табылған зақымдаушылықтың қауіптілік дәрежесін және ұстынды пайдалану мүмкіндігі оның формасын, әсер ететін күшке бағдарлауын, өлшемін және өзара орналасуды ескеретін тексеру есебімен нақтылайды.
Жабындар.
Жүргізілетін тексерудің мақсатына қарай (ремонт, жүктемені көбейтетін реконструкцияның модернизациясы, деформация мен жарықшақтың пайда болу себептерін анықтау) жабындар мен жабулар бойынша қосымша тексерулер жүргізіледі.
Темірбетон конструкцияларын бұзбайтын тәсілдермен сынау кезінде конструкияның геометриялық өлшемдері мен оның қима өлшемдерін , бетонның беріктігін, бетонның қорғаныш қабатының қалыңдығын, арматуралардың диаметрін және олардың орналасуын білу қажет.
Жабындарды ашу олардың бөлшекті элементтерін және бұзылу дәрежесін анықтау үшін жүргізіледі.
Ашулар ең қолайсыз зоналарда жүргізеді (сыртқы қабырғаларда, санузелдерде және т.б.). Бұзулардың және деформациялардың белгілері болмаған кезде ашулардың санын кішірейге болады. Бұл жағдайда қиын жететін жерлерді алдын-ала еденде тесілген тесіктер арқылы оптикалық приборлармен (эндоскоп) тексеруге болады.
Ағаш жабындарын ашу кезінде еден конструкциясын ауданшаларға бөлу керек, бұл екі арқалықтан кем емес арқалықты өлшеуге мүмкіндік береді, накат пен жабынның жүккөтергіш конструкцияның түйіскен жерін жақсылап тексеру үшін төгісті (засыпка), сылақты және кертпелерді тазалау, механикалық зондтау арқылы ағаш арқалықтардың жәнее толтырғыш материалдардың сапасын анықтау, лабораториялық анализ үшін сынамаларды алу, ағаштың бұзылу шекараларын анықтау.
Металл арқалықтармен жабындарды ашу кезінде коррозияның дәрежесін анықтау үшін сылақты алып тастау керек, арқалықтарға сүйенетін темірбетон тақталарының қалыңдығын анықтау, санузелдерде, кухняларда гидроизоляцияның күйін анықтау, Еден және жабын арасындағы конструкцияда шу өткізбейтін төсемнің бар болуын және жүккөтергіш конструкциялардың қадамын және қимасын анықтау керек.
Тексерілген жабындардың жоспарында жалпы және бөлшекті зерттеулер нәтижесінде жүккөтергіш конструкциялардың орналасу жерлері және өлшемдері, арқалықтар аралығы, олардың арақашықтығы, аспаптық тексеру жүргізілген ашу жерлері, деформациясы, бұзылған желері, қиманың осалданулары, аққан жерлері бар жабын учаскелері белгіленуі керек.
Әдебиет
Нег. 1 [310-332]; қос. 9[103-114]
Бақылау сұрақтары:
Ғимараттарды бөлшекті тексерулердің негізгі принциптерін атап шығыңыз.
Негіз бен іргетасты бөлшекті тексерудің негізгі ерекшеліктері қандай?
Ғимарат қабырғаларын бөлшекті тексеру кезіндегі жүргізілетін жұмыстарды атап шығыңыз.
Жабындарды тексеру кезіндегі жүргізілетін жұмыстарды атап шығыңыз.
7-ші Дәріс. Құрылыс құралымдарын сынау. Бақылау тәсілдердің жіктелуі. Сынау түрлері. Құралымдардың жүктемелері мен жүктелі сұлбалары.
Конструкциялардың сапасын бақылау түрін таңдау үшін нормативтерге сәйкес дефектілерді айқын көрінетін, жасырылған, сонымен бірге критикалық, едәуір және елеулі емес болып бөлетінін білу қажет. Бұзбайтын бақылауды (ББ) бірнеше негізгі түрге бөледі: магнитті, электрлі, вихретоковый, оптикалық, радиациялық, акустикалық. Бұзбайтын бақылаудың құралдарын (ББҚ) материалдардың және дайын өнімдердің техникалық талаптарға сәйкес келуін анықтау үшін, сонымен бірге басқару мақсаттарына және технологиялық процесстермен реттеуге қолданады. ББ қолдану тиімділігі оның конструкцияның визуалды тексерумен және бұзатын сынаулармен салыстырғанда принципиалды артықшылығымен ерекшеленеді.
Өнімді визуалды тексеруде негізделген бақылау тәсілі қарапайым, бақылаушылардың жоғары квалификациясын және күрделі аппаратураны талап етпейді. Бірақ бұл тәсіл аз өнімді, толық автоматтандырылмайтын, субъектілі болып табылады, себебі нәтижелердің дұрыс болуы бақылаушылардың тәжірибесіне, адалдылығына байланысты болады.
Көп конструкциялардың дефектілері конструкцияның бетіне шықпайтын немесе ұлғайтумен жүргізілген тексерулер кезінде көрінбейтін болады. Бұзатын сынаулардын артықшылығына сынау кезінде бұзатын жүктемелерді немесе басқа да конструкцияның эксплуатациялық беріктігін анықтайтын маңызды характеристикаларды өлшеуді жатқылуға болады. Бұзатын сынаулардың принцииалды кемшілігіне олардың тек қана таңдаулы жерлерде жүргізілетінін жатқызуға болады.
ББ салыстырғанда бұзатын сынаулар көп еңбекті қажет етеді және аз өнімді, автоматизацияланбайды. Қазіргі кездегі тенденция бұзатын және бұзбайтын бақылау тәсілдерін үйлестіреді.
Құрылыс конструкцияларын сынау - әр түрі бақылау түрлерінде конструкциялардың бекітілген талаптарға сәйкес келуін бағалайтын жауапты бөлім. Сынау техникасы индивидуалды ерекшеліктерге ие, сондықтан ол объектіге, сынау мақсатына және қолданылатын тәсілдерге байланысты белгілі методиканы жете зерттеуде орнатылады. Сынаулардың негізгі мақсаты объектінің сапасын, яғни оның белгілеуімен байланысты қажеттіліктерді өтей алатын шарттарға сәйкес келетін қасиеттердің қосындысын анықтау болып табылады.
Сынау түрлерін қарастырайық. Сынауларды зерттейтін, өндіретін, инспекциялық және пайдаланылатын конструкциялардың сынайтын болып бөледі; Олар, сонымен бірге статикалық және динамикалық болады. Сынау кезінде стнадартизацияланған тәсілдерді қолданады. Сынауларды (өлшеулерді) аттестацияланған құралдар арқылы, мамандарды шақырумен, олар құралдарды пайдалану тәсілдерін меңгерген болу керек. Сынау нәтижелерінде алынған информация үлкен қаттеліктерді анықтайтын анализ жүргізілуі тиіс, кейін бұл қаттеліктер алынып тасталады. Бірнеше рет жүргізілген сынаулардың математикалық статистика арқылы өңдеу керек, объекті характеристиканың орташа мәнін және оның өзгергіштігінің көрсеткіштерін анықтау керек. Өңдеудің нәтижелерін сынау протоколына кестелер мен графиктер түрінде енгізеді.
Зерттелмелі сынаулардың объектісі ретінде табиғи конструкция (өнім), конструкцияның зерттелетін қасиеттерін көрсететін макет (модель) болуы мүмкін. Сынау сынамаларын арнайы жасалған документация бойынша дайындайды. Мұндай сынаулардың мақсаты – конструкцияның алдын-ала білінбейтін ерекшеліктерін анықтау және зерттеу; конструкцияның жұмысы туралы гипотезаның (есептік модельдің) тәжірибелі тексеруі, конструкцияның қасиеттері туралы статистикалық мәліметтерді жинау. Сынаулардың нәтижелерін жобалау нормалары мен ережелерін жасаған кезде, конструкцияны тұрғызу және пайдалану кезінде, сонымен бірге сериялық емес конструкцияларды жасаған кезде қолданады.
Тәжірибелік сынамаларды сынау бір тәжірибелік сынамада немесе бұйымның тәжірибелік сериясында, ол келешектегі сериялық өндіріске арналған техникалық документацияның жобасы бойынша жасалады. Сынаулардың нәтижесін техникалық документацияны бекіту үшін немесе техникалық документацияны түзету үшін қолданады. Сыналардың нәтижесі қабылданған конструкцияның есептік сұлбасын дәлдеу үшін де қолданылады.
Өндірістік сынауларды обьектісі құрастырмалы бұйымдар болып табылатын кіріс бақылауында, олар конструкцияны тұрғызу үшін қолданылады; обьектісі дайын конструкциялар болып табылатын қабылдау бақылауында жүргізіледі. Сынауларды өнеркәсіп орынның өндірістік персоналы, лаборатория немесе техникалық бақылаудың бөлімі жүргізеді. Жауапкершілігі жоғары конструкциялардың (көпірлер, стадиондардың трибуналары және т.б.)қабылдау сынауларын арнаулы ұйымдар жүргізеді.
Өндірістік сынаулардың нәтижелерін бұйымдарды өндірудің технологиялық процесін басқару мақсатында қолданады.
Эксплуатациялық сынауларды пайдаланылатын конструкцияларда жүргізіледі. Сынаудың мақсаты – нақты эксплуатация шарттарында сынау обьектісінің нышандары (параметрлері) туралы информацияны алу. Сынауларды эксплуатацияланған ғимараттағы кәсіпорынның тиісті қызметтері арнаулы ұйымдарды шақырып жүргізеді. Сынау нәтижелерін конструкцияны одан әрі қолдануға мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін жүргізеді. Инспекциялық (эксперттік) сынаулар барлық обьектілерде жүргізілу мүмкін. Сынаулардың мақсаты – сынау обьектісінің нышандары(параметрлері) туралы информацияны алу. Сынауларды арнайы ұйым жүргізеді, ал олардың нәтижелерін алдында жүргізге бақылаудың эффективтілігі туралы шешім қабылдау. Инспекциялық сынауларға авариялық жағдайды тергеу (раследование) жұмыстарының құрамына кіретін сынаулар да кіреді.
Әрекеттегі ғимараттардың құрамына кіретін конструкцияларды эксплуатациялау жарамдылығына баға бергенде эксплуатацияланатын конструкциялардың табиғи сынаулары маңызды роль атқарады. Өндірісті ғимараттардың реконструкция кезіндегі технологиялық процесттің өзгеруі конструкцияның жүккөтергіш элементтеріне түсетін уақытша жүктемелер артады. Бұл жағдайда жобалау шешімдердің дұрыстығы ғимараттың жүккөтергіш элементтерінің фактілі параметрлерімен техникалық күйді есепке алғандағы «нақты» беріктік қорларына байланысты.
Есепке алмаған қорлар жобалау практикасында шартты модельдер қабылдағандықтан бар. Себебі, қарапайымдаудың көбісі конструкция беріктігінің беріктік қорының жиналуына әкеп соқтырады.
Жүккөтергіш қабілеттіліктің қорлары (резерв) сызықты емес қасиеттері бар конструкцияның эксперементальді зерттеу кезінде ашылады. Конструкцияның жүктемелері және ығысулары арасындағы сызықты емес тәуелдлігіне байланысты геометриялық сызықты еместігін, материалдың пластикалық қасиетіне байланысты физикалық сызықты еместігін, құралмалы конструкциялар түйіндерінің түйіндесу конструктивтік ерекшеліктеріне байланысты конструкциялық сызықты еместігін ажыратады. Конструкцияны есептеген кезде бұл факторлар ескерілмесе, бұл конструкциясын есептеу нәтижелерін сынау мәліметтеріне тек сандық қана емес сонымен бірге сапалық сәйкес келмегендігіне әкеп соқтырады.
Ғимараттың кеңістік жұмысы конструкциялар арасындағы күштеулерді қайта бөлуін, олардың жүктемелік факторларға «бейімделуін» қамтамасыз етеді. Есептеулер мен эксперименттер жақындау есептеулердің нәтижелеріне қарағанда ғимарат конструкцияларының нақты байланыстары көп жағдайда есептік жүктемелерді төмендетуге мүмкіндік беретінің көрсетеді.
Осылай, кеңістік статикалық анықталмаған конструкция үшін әрбір жүккөтергіш элементте күштеулер басқа элементке жүктеудің дәрежесімен анықталады. Бірақ ғимараттарды тексерген кезде өте тар мәселені шешуге тура келеді – жеке конструктивтік эелементтің күйін және беріктік қорын бағалау. Ол көп жағдайда ақаулар табылған иілетін элемент немесе уақытша жүктемелерді ұлғайту деп шамаланады. Бұл жағдайда сол элементке жүктелген жүктеменің жұмысы қарастырылады.
Құралымдардың жүктемелері мен жүктелу сұлбаларын қарастырайық.
Сыналатын жүктемелер өзінің салмағымен әсер ететін салмақты жүктемелер немесе әртүрлі механизмдерді қолдану нәтижесінде пайда болатын күштеулер,
Қазіргі кезде жүк механизмдері ретінде конструкцияны жүктеу үшін домкраттарды, жүкшығырлар, тальдер қолданылады. Ең жиі қолданылатыны гидравликалық домкраттар ДГ-200, ДГ-100, ДГ-50. гидравликалық домкраттың негізгі бөліктерінің бірі насос, оны жалпы блокқа қосады немесе насосты станция түрінде жеке орнатады.
Сынауларлдың нәтижелері дәл болу үшін жүккөтергіштігі жоятын жүктемеден 2-3 рет аспайтын домкраттарды қолданады. Одан басқа жүккөтергіштігі үлкен домкраттар жарықшақтардың пайда болуына әсер ететін жүктемеге өткен кезде үлкен емес тиеу баспалдақтарын алу(ступени) қамтамасыз теілмеуі мүмкін.
Конструкцияларды тік бағытта сынау стенді темірбетон күштік тақтадан және инвентарлы жабдықтардан тұрады. Күштік тақтада тарту күштерін бекіту үшін екі көлденең қиысқан жігі болады(паз). (7.1 сурет). Конструкцияның жүктелуі жүктемені беру орындарында немесе таралу травестерінде орнатылған жүкті гидравликалық домкраттар арқылы жүзеге асады.
|
1 — сыналатын ферма; 2 — анкер; 3 — тірек блогы; 4— жылжымалы тірек; 5— жүкті пирашшческі домкрат; 6 — тарту күші; 7— көлденең траверс; 8 — сақтандыру жабдығы; 9 — күштік тақта; 10— жоғарғы белбеуді босататын бағана; 11 — тартпа (расчалка)
7.1-сурет. Күштік плитада жүк домкраттар қолдануымен фермаларды сынау сүлбасы: |
Домкраттардың реактивті қысымы көлденең траверстер, тарту күштері, анкерлер арқылы күштік тақтаға беріледі. Сыналатын жүктеменіің аз мәндері кезінде жүк шығырларды, бұрандамалы домкратттарды, тальдерді және басқа құралдарды қолдануға болады.
Статикалық сынаулар кезінде жүктемелерді даналық және арнаулы жүктер, сусымалы материалдар, сумен толтырылған көлемді ыдыстар арқылы еліктейді. Гірлерді, металл құймаларды, темірбетон және бетон блоктарын қолдануға да болады. Барлық үлкен жүктерді алдын-ала өлшейді және белгілейді. Даналық жүктерддің ұзындығы сыналатын конструкцияның 1/6 бөлігінен аспау тиіс. Құрылыс конструкцияларын сынаған кезде жүктемелерді жауапкершілігі үлкен ғимарат элементтері үшін күштік факторлардың максималды мәні сәйкес келетін сұлбалар бойынша орнатады. Сынау жүктемені тарату сұлбасы негізінен конструкцияның статикалық сұлбасына байланысты болады. Кеспелі арқалықтар тақталарын сынаған кезде жүктемелерді аралыққа кесе көлденең бағытта салады. Сынауды жүргізу алдында сынау жүктеменің мәнін және ол салынатын конструкцияның облысын белгілеу керек. Сыналатын жүктеме мәні бойынша ішкі күштеулер және есептік қималардың ығысуы бойынша жобалық жүктемеге эквивалентті болу керек. Сыналатын жүктеменің мәнін тандаған кезде сынаулардың мақсатына байланысты есептік және нормативтік жүктемелердің жобалық мәндеріне сүйену керек.
Шоғырланған жүктемелермен сынау эксперименттің уақытын қысқартуға жалпы жүктеменің мәнін кішірейтуге мүмкіндік береді, соның нәтижесінде еңбек өнімділігі кішірейеді, жүктеменің мәні және зерттелетін параметрлерге бақылау жүргізу жақсарады.
Арқалық тақтасын зерттегн кезде бірқалыпты таралған жүктемені шоғырланған жүктемемен ауыстырсақ максималды иілу момент мынаған тең болады:
осыдан
Мұндағы Мпр – бірқалыпты таралған жүктеменің жобалау моменті; Мисп – сынау жүктеменің моменті; q- жобалық жүктеме; Р- сызықтың бір қума метрге(погонный) сәйкес келетін сызықты жүктеме;
Кесілмеген көп аралық жабындарды сынау кезінде қажетті пролетті жүктеу керек, ал қалғандарды әрбір аралық сайын. Бұл конструкция жұмысына қолайсыз шарттардың пайда болуына әкеледі.
Бір аралықты және оған сүйенген кесілген жабындармен a, b, c арқалықты сынау кезінде (7.2а-сурет) қарастырылатын арқалықтан оң және сол жақта орналасқан жабындарға сынау жүктемесін береді. Ал бір арқалықты арқалыққа тірелген кесілмеген жабындарға (7.2б-сурет) арқалыққа жанасатын аралықтарды жүктейді, ал қалғандарды әрбір аралық сайын.
|
7.2-сурет. Бір аралықты арқалықтың кесілген (а) және кесілмеген (б) жабындармен жүктелу сұлбасы |
.
Кесілмеген арқалықтың a b c d аралық тіректері болып бас арқалықтар саналады. (3-ші сурет). Ең үлкен майысуды анықтау үшін аралықта a b арқалығына екі жақтан жанасатын жабындарды жүктеу керек. Ал қалғандарды әрбірден кейін, сонымен бірге c, d аралығындағы арқалықтың екі бүйір жабынына (3-ші сурет, қиғаш штрихтау). a´, b´, c´, d´ арқалықтың аралық тіректері болып ұстындар саналады. Ең үлкен майысуды анықтау үшін c´, d´ арқалыққа жанасатын жабындарды жүктеу керек (7.3-сурет, көлденең штрихт). a´, b´, c´, d´ арқалығын сынаған кезде a´ b´ аралығын жүктемейді, себебі екі бағыттағы арқалықтардың қиылысуы a´, b´ арқалықтың қуатты бітеуіне (заделка) әкеп соқтырады, сондықтан a´ b´ аралығын жүктеу c ´d ´ арқалығына әсері 2 мәнді емес.
|
Ұстындарды жүктеу
сұлбасының бірнеше түрі бар. (7.4-ші
сурет, ұстын с). Максималды көлденең
күшті алу үшін 4-ші суретте көрсетілгендей
(қиғаш штрихтау) жүктеуді жүргізеді.
Бұл жағдайда
|
7.3-ші сурет. Кесілмеген арқалықтардың жүктеу сұлбасы |
Жабынның үстіңгі бетіне әсер ететін бірқалыпты таралған жүктеме бөлшекке жанасатын клеенкадан немесе жұқа резенкеден жасалған ауа өткізбейтін жазық қаптардағы (камераларда) қысымды үлкейту арқылы пайда болады. Камераларға қажетті қысым компрессордың көмегімен пайда болады.
|
|
7.4-ші сурет. Ұстындардың жүктелу сұлбасы |
|
Жүктерді асып қою ең оңай бірақ шоғырланған жүктемелердің ең еңбек сиымды әдісі болып табылады. Төменде қарастырылатын басқа әдістермен салыстырғанда оның артықшылығы болып сыналатын элемеенттердің деформациясы кезінде жүктерді ілгенде әсер ететін жүктеме оған әсер етпейтіні болып саналады. Тік тартпаларының (тяга) төменгі жағына жүктерді ілу үшін көлденең алаңшалар немесе жүктелетін қорабтар бекітіледі. 7.5а-суретінде, жүктерді полигональды ферманың төменгі белдеуінің түйіндеріне ілу сұлбасы, ал 5б-суретінде тарайтын арқалықшалар көмегімен оның жоғарғы белдеуінің түйіндеріне жүктемені беру сұлбасы көрсетілген. Осындай арқалықшаларды пайдалану 5а-суретінде көрсетілген қажетті вариантпен салыстырғанда тягтардың санын азайтады.
|
|
1-жүктелетін ферма, 2- алқалар(подвески); 3- жүк алаңшалары, 4-тарайтын арқылықшалар 7.5-сурет. Жүктерді ілу сұлбасы |
|
Құрастырмаля темірбетон қабырғалы панельдерді сынау 7.6-суретте көрсетілген, өз салиағы және жел жүктемелерінің әсерін еліктейтін сұлба бойынша сынайды.
1-анкерлі бұрандама(болт); 2- тіреу (стойка); 3- тіреу үстелшесі; 4- сыналатын панель; 5- қамыт; 6- жүкті плотформа; 7- трое; 8- блок; 9- ригель
7.6-сурет. Даналық жүктермен тік орналасқандағы панельдерді сынау стенді
Орнықтылықты жоғалту кезендегі жеке элементтерді тарту күштерімен сынау кезіндегі жүктеме өзгермейді және ішкі және сыртқы күштер арасында тепе-теңдік болмайды, яғни стержень және жиі болатын жүйе иеханизмге айналады. Сол себепті конструкцияның кернеулі деформациялық күйін бақылау мүмкіндігі болмайды. Элементтерді сынау кезінде қайта жүктеу өте еңбексиымды себебі, жүктеу – жүк түсіру циклін жүк табанын даналық жүктермен қайталау қажет болады. Сондай-ақ стандартты жабдықтармен, гидравликалық домкраттармен жүктеу жағдайында жүктеменің кезенді түсіруі және оның таңба ауысу қосымшасын іске асыру өте қиын.
Берілген жетіспеушіліктердің нәтижесінде құрылыс конструкцияларын көлденең жүктемемен сынау жабдығы бос болады. Ол өз құрамына күштік еденде орнатылған тіректерді, домкратты дана жүктер үшін блогы мен платформасы бар тягты және өлшеу құралдарын қосады. Онда күштік рамка, қосымша көлденең тягы , винтты тіреу ; сондай-ақ күштік рама сыналатын конструкцияны толық қамтиды, көлденең тягтар күштік рамканың қарама-қарсы жақтарында қатаң бекітілген, ал қосымша тяг күштік еденде орнатылған винтті тіреумен байланысты (7.7-ші сурет).
|
1- тіреулер(упоры);2- күштік гайка; 3- анкерлі бұранда (винт); 4- подшипник; 5,7- динамометрлер; 6-рамка; 8-блок;9- жүкті табан; 10-гидродомкрат; 11- электроконтактты манометр;
7.7-сурет. Көлденең бойлық майысуға тіреулерді сынау үшін орнату сұлбасы
|
Әдебиет
Нег. 1 [546-570]; қос. 1 [141-162],.
Бақылау сұрақтары:
Бақылау әдістерін қалай жіктеледі?
Құрылыс құралымдарының сынаудың негізгі түрлерін атаңыз.
Жүктемелер әсерін еліктеу үшін қандай механизмдерді қолданады?
Сынаудың статикалық түрін сипатта.
Құрылыс құралымын жүктеген кезде жарықшақтың ашылу енін немен өлшеуге болады?
Ғимараттар мен имараттардың құралымдардың жүккөтергіш қабілетінің қорын қалай анықтауға болады?
Құрылыс құралымдарының және ғимараттарын динамикалық жүктемемен сынаудың негізгі көзделетін мәселелерін атаңыз.
8-ші Дәріс. Құрылыс құралымдарын сынау. Бақылау тәсілдердің жіктелуі. Сынау түрлері. Құралымдардың жүктемелері мен жүктелі сұлбалары.
Ғимараттарды тексеру мен сынау кезінде техникалық қауіпсіздік.
8.1. Құрылыс құралымдарын сынау. Бақылау тәсілдердің жіктелуі. Сынау түрлері. Құралымдардың жүктемелері мен жүктелі сұлбалары.
Кранды ұстындарды лабораторияда сынау көлденең жағдайда арнайы құралда жабдықта (8.1б-сурет). Оның құрамына күштік еденде қатаң бекітілген екі тіреу, жүктемелерді беру және ұстындардың үстіңгі бөлігін ығыстыру үшін арнаулы құралдар. Жалпы жағдайда ұстын төсемнен (N), крандардан тік және көлденең (G,T) және желден (q) жүктемені қабылдайды. Ұстынның берілген үстіңгі бөлігінің ығысуын және N ,G,T жүктемелерін бергеннен кейін барлық жүктемелерді ұлғайтып конструкцияны қирауға дейін әкеледі. Ұстынның топсалы бөліктерінің сынамалары бойлық күштің N және крандардан тік жүктемеге G әсеріне көлденең жағдайда сынайды (8.1а-сурет). Рамалы ұстындардың сынамаларын арнайы стендте сынайды. Одан да көп жүктелген тармақтың қысып ұстауын сығу динамометрлердің жүйесі және домкрат қамтамасыз етеді. Конструкцияның баулық (оголовка) белдеуінде және қысылып ұстау (защимление) белдеуінде орнатылған сығыоу динамометрлер көрсеткіштері бойынша статикалық анықталмағандықты «ашады» және ұстынның барлық элементтеріндегі күштеулерді анықтайды (8.2-сурет).
|
а- 1-ші сериядағы сынамалар үшін; б – 2-ші сериядағы сынамалар үшін; 1-тартпа (тяж); 2- консоль; 3- күштік рама; 4- тіреу; 5- сыналатын сынама; 6- тұғырық (подставка); 7- тумба; 8- траверс; 9- болатты сызық; 10- топса; 11- сорғыш станция; 12- динамометр; 13- күштік шланг; М байланыстың төлкесі (втулка)
8.1-сурет. Тәжірибелі сынамаларды сынау сұлбасы
|
|
|
|
|
1- пышақты топса; 2- тіреулер; 3- тіреулі тумбалар; 4- домкраттар; 5- манометрлері бар гидраликалық станциялар; 6- сепараторлар; 7- сығу динамометрлері; 8- обойма; 9- башмак; 10- күштік еден; 11- рамкалар; 12- цилиндрлі штанга; 13- төлке; 14- саптама (насадка); 15- жылжу механизмі; 16- күштік шланг
8.2-сурет. Ұстындарды сынау стенді
Статикалық сынауларды жүргізген кезде құралдардың рационалды орналастыруын ескеру керек. Приборларды белгілі мәнді жүктемелерді берген кезде пайда |
болатын деформациялар мен зақымданулар туралы информацияны алу үшін орнатады.
Сынаулар тек оңды температурада өткізеді. Конструкцияны жүктеу алдында оның бүкіл элементтері мен байланыстардың бөлшекті өлшемін жүргізеді, орындау сызбаларын құрастырады. Алдын-ала кернелегн конструкциялар үшін сынауда қолданған барлық жабдықтың монтажынан кейінгі майысуды өлшейді. Сынаудың алдында ақауларды (жарықшақтар , раковиналар, осьтерлің қисаюы) анықтау үшін конструкцияны жақсылап тексереді, оны белгілейді және ақаулар ведомостіне кіргізеді. Приборларды орнатқаннан және нөмірленгеннен кейін бүкіл приборлар орналасуы және олардың реттік нөмірлері көрсетілген орныдау сызбалары құрастырылады.
Сынау кезінде конструкцияның иілу мәндері, тірек қималардың бұрылу бұрыштары, алғашқы жарықшақтардың пайда болуы, олардың дамуы, жүктемені үлкейткен кезде жарықшақтардың ашылу ені, сымды арматураның ығысуы анықталу тиіс. Қажетті аппаратура бар кезінде конструкцияда тарату сұлбасын анқытау кезінде, қирау себептерін анықтау кезінде көмектесе алатын элементтердегі талшықтардың деформациясын (ұзару немесе қысқару) өлшеу ұсынылады. Майысуларды майысу өлшегіштермен өлшегені дұрыс. Сымды арматураның ығысуы индикаторлардың көмегімен өлшенуі мүмкін. Майысу өлшегіштер мен индикаторлар сыналатын конструкциямен байланыспайтын жылжымайтын реперлі жабдықтарда орналастырады.
Деструкция процесі кезінде материал түріне және жүк түсіру деңгейіне байланысты аз не көп мөлшерде байқалатындығын акустикалық тәсілдер арқылы тіркеуге болады. Ультрадыбыс импульсты әдіс және акустикалық эмиссия әдісі жүктелу кезіндегі құрылыс материалында ең мәнді емес құрылымдық өзгеоістерді бекітуге мүмкіндік береді, себебі микро қираудың әсерінен макроқираулар пайда болатындықтан, тұтастықтың ең ұсақ зақымдануларын анықтаған кезде бақылай алмайтын күштік жарықшақтардың пайда болатын статикалық жүктеменің деңгейін көрсетуге болады.
Құралымның жүктелуі кезең бойынша жүргізіледі. Жүктелу баспалдақтары есептік сынау жүктемеден 0,05 – 01 шегіндегі сынау есептеріне байланысты белгіленеді. Приборлардың көрсеткіштері жүктемені бергеннен және алғаннан кейін әрбір кезеңде алынады. Приборлардың көрсеткіштері сынау журналына енгізіледі. Өлшеулердің нәтижелер ведомостының формасы өлшенетін параметрдің теориялық мәндері бар графасы болу керек, сонымен бірге приборлардың көрсеткіштері жазылған бағаналар болу керек. Әрбір жүктелу кезенінен кейін конструкцияның бетін тексереді. Қайта пайда болған жарықшақтарды анықтау және алдында пайда болған жарықшақтар ұзындығының ұлғаюын белгілеу үшін зерттелетін учаскені тез буланатын сұйқтықпен сүрткені дұрыс. Табылған жарықшақтарды конструкцияның бетінде қарындашпен белгілейді, соңғы бөліктерде керткен таңба(засечка) салады, оны жүктеме баспалдағының ретті нөмерімен белгілейді.
Сынау аяқталғаннан кейін жарықшақтарды жарықшақ пайда болуының бетінің ұңғы түрінде салады. Жарықшақтардың ашылу енін 0,05-0,1 мм бөлгіштері бар микроскоп МПБ-2 арқылы өлшеуге болады немесе 0,1 мм бөлгіштері бар өлшеуіш лупамен өлшеуге болады. Өлшеулерді созылған арматура деңгейінде және өлшенетін жарықшақтың максималды ашылу жерінде конструкцияның бетінде жүргізіледі.
Сынаулар кезінде 10-нан кем емес кең ашылған жарықшақтар өлшенуі тиіс. Жергілікті деформацияларды(бетон мен арматураның ұзару және қысқару) өлшеу механикалық тензометрлер және электротензометрия арқылы жүргізіледі.
Сынауларыдң ұзақтығы әрбір жүктелуде конструкцияның жүктемені қабылдау уақытына тәуелді. Мысалы, ағаш конструкциялар деформациясы бетонға қарағанда ал бетон металлға қарағанда тұрақтану баяу өтеді. Металл конструкциялары үшін сынауларыдң орташа ұзақтығы 1-2 сағат, темір бетон үшін 4-6 сағат, ағаш үшін 24-30 сағат. Егер конструкцияларды сынау толық қирауға дейін жүргізбесе, приборлардың көрсеткіштерін конструкцияның жүк түсірілгеннен кейін өлшенеді және сынау ұзақтығына тең уақыттан кейін алады.
Ғимараттар мен имараттарды динамикалық жүктемемен сынаудың негізгі көзделетін мәселелер:
Эксплуатациялық жүктемелердің динамикалық сипаттамаларын анықтау(олардың мәндері бағыттары және жиіліктері);
Негізгі динамикалық сипаттамаларды анықтау: амплитудалар, жиіліктер, үдеулер, мәжбүр тербелістердің формалары, конструкцияның эксплуатациялық жүктемелерге жұмыс істеген кездегі динамикалық коэффициент;
Динамикалық жүктеменің конструкцияның беріктігіне, қатаңдылығына, жарықшаққа қарсы тұру әсерлерін;
Құралымға динамикалық жүктемелері бар агрегатты орналастыру мүмкіндігі;
Ғимарат вибрция физиологиялық әсердің адам ағзасына әсер етуі.
Келтірілген динамикалық сипаттамаларды алу үшін конструкцияны сынау кезінде динамикалық жүктеменің негізгі 3 түрін қолданады:
Механизмдердің және салмақты емес масалары бар агрегаттардың жұмысы арқылы пайда болатын жылжымайтын вибрациялық жүктеме;
Арнаулы жүктердің массасы 0,1 % конструкцияның массасынан 2-2,5 м-ден құм жастығына құлаған кезде құралымға берілетін соққы жүктеме.
Жылжитын вибродинамикалық жүктеме (көпір крандары, конвейрлер және т.б.)
Тербелістердің параметрлерін немесе динамикалық сипаттамаларын белгілейтін приборлар арқылы алатын арнайы график-виброгамма арқылы анықтайды.
Егер конструкция беріктік шартттарын қанағаттандырмаса тиісті шараларды қолдану керек. Олар техникалық және экономикалық тиімділігіне байланысты: құралым қатаңдығынын өзгеруі, құралымда агрегаттың орналасуы, айналым және т.б. бұл әдіс жер сілкінісінен кейін ғимараттың техникалық күйіне баға беруші және басқа жағдайларда егер статикалық сынаулар нәтиже бермесе. Бұл үшін күрделі сынау комлекстерін қолданады, көп каналды электронды аппаратураның көмегімен ғимараттың көптеген нүктелерінде бір мезгілде тербеліс параметрлері анықталынады.
8.2. Ғимараттарды тексеру мен сынау кезінде техникалық қауіпсіздік.
Ғимараттарды техникалық тексеру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Адамдар үшін барлық қауіпті зоналар қауіпсіздік белгілермен ескеру жазулар мен плакаттар болуы тиіс.
Тексеру жұмыстары алдында тексеру жұмыстарына жауапты адам іскерлерге тексеру жерелерін және қауіпсіз жүру жолдарын, одан басқа бұл адам қажетті жерлерде берік төсемдерді, жеңіл баспалдақтарды (стремянки), өту жерлерін, тексерілетін жерлер мен өтістердің жеткілікті жарықпен қамтамасыз ету керек.
Егер ғимараттың бөліктері мен элементтерін техникалық тексеру кезінде жұмысты орындайтын адамдар үшін қауіптілік туса, жауапты адам қажетті шаралар қолдану керек және қауіпілікті жойғанға дейін жұмыстарды тоқтатады.
Ернеулердің, белдеулердің, мандайшалардың, сылақтың, балкондардың, қабырғалар қалауының, бөгеттердің(перемычка) және т.б.қанағаттандырмайтын күйде болса, асылып жатқан мұздар, мұз сүмелектері болса, аталған учаскелердің жанында жұмыстарды жүргізуге тиым салынады.
Ғимараттың авариялық бөліктері техникалық тексеру бойынша жұмыстарды тек қана қажетті сақтандыру шаралары жүргізілгеннен кейін жүргізеді.
Ремонтқа немесе ремонтта болып жатқан ғимараттарды тексеру осы ремонтты жүргізетін техникалық қызметшілермен және ұйымның орындаушылармен ескеру және келісу жүргізілгеннен кейін басталады.
Ғимараттарды техникалық тексеру кезінде жасанды жарық көзі ретінде ашық жалын бар шамдарды қолдануға тиым салынады.
Жұмыс кезінде техникалық нормалармен жер асты және жер үсті құбырларға тұруға, сонымен бірге жылу беру электрокабель батареяларына және вентиляциялық қорабтарға тұруға, олардың үстімен жүруге бір биіктіктен басқасына көтеру немесе түсіру кезінде сүйенуге тиым салынады. Бұл кезде сүйеніш тасымалдағыш баспалдақтармен жұмыс жүргізу жерде немесе еденнен 1,3 м биіктікте жүргізілу тиіс. Тасымалдағыш баспалдақтармен 1,3 м-ден жоғары биіктікте жұмыс істеген кезде төсеме тақталарды орнату керек және жұмысшыларға ғимарат конструкциясына бекітілген немесе конструкцияға бекітілген шартында баспалдаққа бекітілген сақтандыру белбеулерін беру керек.
Ғимаратты тексеру кезінде (жерден 5 м жоғары биіктікте)жоғары өрмелегіш жұмыстарды тек арнайы жоғары өрмелегіш мамандармен жүргізіледі. Жоғары өрмелегішті биіктіктен құлаудан сақтандыратын негізгі құрал бұл сақтандыру белбеуі.
Жер төле бөлмелерінде электрлі кабельдерге және электрожабдықтарға жақын орналасқан жұмыстар электромонтердің бақылауымен жүргізілуі тиіс. Нормалармен жертөлелер мен шатырдың астында люктерді ашуға, заттарды жылжытуға тіреулереді алып тастауға тиым салынады.
Қолдану жерінен және тез жанатын заттар қасында радиусы 50 м-ден кем жерде ашық жалынмен жұмыс істеуге болмайды.
Техникалық тексеру кезінде тиым салынады: өрт баспалдақтарынан көтеруге немесе түсуге, баспалдақтары, аражабындары, төсемдері жоқ толық салынбаған ғимарат бөлмелерінде үлкен биіктікте материалдар сынамаларын алуға және конструкцияны тексеруге және қоршаулары немесе қабырғаның ашық тесіктері (проем) арқылы өтетін баспалдақтар мен жеңіл баспалдақтармен көтерілуге немесе түсуге.
Мұз басқан немесе қар басқан баспалдақтар бойымен көтеру мен түсуге толық салынбаған ғимараттар каракасының элементтеріне ерекше назар аудару керек; тесіктерден шығуға терезе алдында тұруға, сыртқы белдеулерге шығуға сонымен бірге төбеден, шатыр астыдан немесе қабаттардан құралдар мен материалдарды лақтыруға болмайды.
Жүк түсіру жүк көтеру зонасында тұруға және төбеде жалғыз жұмыс істеуге найзағай кезінде, жел жылдамдығы 15 м/с асқан кезде мұз басқан шатырға шығуға; еңістігі 20 º-тан ратық еңістігі бар ғимараттың төбесінде сақтандырушы белбеусіз немесе канатсыз жүруге; денсаулыққы зиянды шарттарда қорғаныш құралдарсыз бөлмелерде жұмыс істеуге, өз бетімен көлемді ыдыстарды, құдықтарды ашуға және оларға түсуге рұқсат етілмейді.
Электрофицерлі жабдықпен сүйінгіш баспалдақпен практикада жұмыс істеуге болмайды. Бұл жағдайда жұмыстар биіктігі 1м-ден кем емес қанаттары(перила) бар жағдайда жұмыс істейді.
Қолмалы инструмент арнайы жабылған қорабтарда сақталуы және көлікпен тасу керек. Ылғалды және суға сінген топырақтарда жұмыстар резенке етікпен жүргізіледі.
Газ приборлары роналасқан бөлмелерде өлшеу және тексеру жұмыстары жүргізілгенде, бөлмені үнемі желдету керек.
Конструкцияны ашу кезінде бетонды кесу, цементті сылақты және лак сылақты алып тастау кезінде жұмыстар қорғаныш көзілдірікпен жүргізу керек.
Сыртқа қабырғаларда өтпелі тесіктерді кесен кезде қабырға қалдықтарынын құлау зонасы қоршаулы болу керек, тексерушілер бригадасынын бір адамы сыртта болу қажет. Ультрадыбыс және басқа электрлі приборлармен қабырға қалауын және бағаналарды тексеру кезінде электроқауіпсіздік ережелерін сақтау керек.
Механикалық соққылармен байланысты аражабындарды ашу төменгі қабатта жұмыс істейтін адамдарды ескергеннен кейін ғана басталады. Төбе жабынды тексеру тексеруді жүргізетін ұйымның бұйрығымен белгіленген адам жүргізеді. Құдықтарды және басқа терең жер асты коммуникацияларды тексеру жұмыстары 3 адамнана кем емес бригада жүргізеді. Осы бригада қорғаныш және сақтандырғыш құралдармен қамтамасыз етіледі.
Құдықтардың жаппаларын ашу үшін ілгіштер мен сүймендер (ломы) болу керек; тұтқалардың (скоба) беріктігін тексеру үшін қада (шест) болу керек: қоршауыш тасымалы белгілер; инвентарлы қоршаулар және т.б. Құдықтың жаппасын қолмен және арналмаған көмекші құралдармен ашуға немесе жабуға болмайды. Жұмыстарды ұйымдастыратын жетекші адам конструкцияны сынау кезіндегі жұмыстарға жауапты. Ол ұйыммен бекітіледі. Сынаудың барлық қатысушылар енгізу инструктажын өту керек.
Әдебиет
Нег. 1 [546-570; 578-584]; қос. 1 [141-162], 9[137-140].
Бақылау сұрақтары:
Бақылау әдістерін қалай жіктеледі?
Құрылыс құралымдарының сынаудың негізгі түрлерін атаңыз.
Жүктемелер әсерін еліктеу үшін қандай механизмдерді қолданады?
4.Сынаудың статикалық түрін сипаттаныз.
Құрылыс құралымын жүктеген кезде жарықшақтың ашылу енін немен өлшеуге болады?
Ғимараттар мен имараттардың құралымдарын жүккөтергіш қабілетінің қорын қалай анықтауға болады?
Құрылыс құралымдарын динамикалық жүктемемен сынаудың негізгі көзделетін мәселелерін атаңыз.
Құрылыс құралымдарын тексеру кезінде қауіпсіздік ережелерін атаңыз.
Ғимаратты техникалық тексеру кезінде қандай іс-әрекеттерге тиым салынады?
Құдықтарда жұмыстарды жүргізетін бригада қандай қорғаныш құралдармен қамтамасыз етілу қажет?
