- •Аңдатпа
- •Орындаушылар :
- •Жобаның мақсаты мен міндеті
- •Қр экономикасын қорландыру құралы ретінде сукукты орналастырудан күтілетін нәтижелер:
- •2.Жобаның маңыздылығы
- •3. Жобаның мақсаты мен міндеттері
- •4. Жұмыстың сипаттамасы
- •4.1 Ислам қаржы жүйесіндегі сукук: анықтамасы, құрылымы
- •2014-2015 Жылы корпоративтік шығарылым көбеюі мүмкін.
- •5.Алынған мәліметтер бойынша Қазақстандағы сукук нарығы үшін swot талдау және ұсыныс кестесі
- •6. Сукук моделін құру
2014-2015 Жылы корпоративтік шығарылым көбеюі мүмкін.
Бірінші рет 2007 жылдан бастап 2013 жылы тәуелсіз шығарылымның төмендеуі секілді корпоративті шығарылым өсті. Тәуелсіз шығарылым кенеттен 26% -ға төмендеген кезде, нарық сипаттамасының мүмкін өзгерісінің белгісі ретінде, тәуелсіз емес шығарылым 20% көтерілді. Ғаламдық сукук нарығындағы қызмет тәуелсіз және квази-тәуелсіз қарыздық міндеттемелермен жүретін барлық актив классының Малайзиядағы тенденциясын айқындайды. Малайзия жеке сектордағы инвестицияны қолдау саясатын ұстанса, ғаламдық деңгейдегі тенденцияны жалғастыра отырып тәуелсіз емес шығарылым 2014-2015 жж қарқыны өседі деп сенілуде. (график 7). Алайда, соңғы екі жылда мемлекеттен және ұйымдардың үлкен көлемдегі шығарылымдары бұл тенденцины оңай жоққа шығаруы мүмкін.
6-сурет. 2003-2013жж үлкен аумақтардағы сукуктың жалпы шығарылымы
27.01.2014 [2.12б]
Сонымен қатар, Малайзия моделіне еліктеу қозғалысын оң бағаланып отыр. Мысалы , Дубай және Түрік елі басшылары ислам қаржысы «хабтың» ақырын пайда болу үшін сукуктың нақты негіздеріне қолдау көрсетіп отыр. 2013 жылы Гонконг сукук үшін тең алаң құру туралы қаулы қабылдады.
Сукук нарығы жергілікті нарықтардың жиынтығы ретінде жұмыс атқарады. Олардың ішіндегі ең мықтысы Малайзия болып табылады. Әлемдік эмиссияның 40%, 2013 жылы қысқа мерзімді сукук бір ғана эмитентпен шығарған – ол Малайзия Орталық Банкі. Сонымен қатар, АҚШ долларынан қарағанда, ұлттық валютаны көп шығарады. Соңғы 10 жыл ішінде, жергілікті Малайзия мен GCC елдерінің сукук шығаруы ішкі сукук деңгейіне елеулі әсер етті. Бірақ, 2013 жылы шығарылған 117 миллиард доллар сукуктың тек 16%-ы «халықаралық» деп танылды, яғни осы көлемі ғана доллар ретінде шығарылды.
Халықаралық сукуктың көп бөлігі келесідей биржаларда болады: Ирландия биржа қоры, Nasdaq Dubai, Сингапур биржалық қоры, Бурса Малайзия, Лондон биржалық қоры. Егерде жергілікті биржа фондыннан сукук шетелдік валютамен берілсе Standard & Poor 's Ratings Services оны халықаралық сукук деп есептейді.
Standard & Poor зерттеуі бойынша , Исламдық қаржылық перспективасы 2015 жылға тарифтық жалпы сома 50 млрд доллар шығарады. Инвесторлардың қаржылық жағынан аз шығындалу оларды қызықтырады. Болашақта премия жақсы пайдасын көрсетеді деп және сукук құжаттауы стандартты түрде және қолайлы болады деп сенеді. Соңғы он жылда сукук шығару деңгейі өсті, Малайзияда сукук көлемі 2013 жылы $ 82.1млрд, Парсы шығанағының елдерінде 26,5 млрд долларды құрады. Ішкі Ислам Банктерін қаржыландыру үшін 2013 жылы Малайзия Орталық Банкі 50 млрд доллар қысқа мерзімді сукук бөлді. Малайзия нарығының осылайша сукук шығаруын Парсы шығанағы елдері, Қытай мен Сингарпур өз уақытында кәдеге асырды.
2013 жылы $117 млрд шығарылымның, тек 16% халықаралық болды, 2006 жылдағы жалпыға қарағанда 48%дан да аз (7-сурет).
7-сурет. 2003-2013 жж халықаралық және жалпы сукук шығарылымы [2.17б]
Халықаралық шығарылымдар жалпы мөлшердің пайызынан ғана емес, аз мөлшерде абсолютті жағдайдан да төмендеп кетті. 2012 жылы сукук $ 19,1 млрд шығарылған, ал 2013 жылы тек 18,9 млрд доллар шығарылды. Кейбір сукук шығарылымдар қайталанбады. Дегенмен, негізгі нарықта инвестициялық жобалардың қаржыландыру бөлігі ретінде сукуктың халықаралық шығарылымы өседі деп күтемілуде. Әзірше дәстүрлі нарық шегінен тысқары тұратын заңды тұлғалар шығаратын халықаралық шығарылым қазіргі уақытта әлем бойынша тек сукуктың аздаған бөлігін шығарды , дәстүрлі емес эмитенттерден , Солтүстік Африка, Еуропа, Ресей сияқты өңірлерден үлкен қызығушылық танытқанын көрінуде. Дегенменде, сол уақытта нарықтың дамуы шығарылымды қолдауы мүмкін, прогресс жай болады деп күтеміз.
Халықаралық сукутың үлкен бөлігі Парсы шығанағында шығарылады. Соңғы он жылдықта шығарылғандардың 75 пайызының эмитенттері Таяу Шығыс елдерінен болды (график 2), негізінен эмитенттер БАӘ-нен, одан кейін Сауд Арабиясы және Катар эмитенттері. Соңғы бірнеше жылдар бойы, халықарлық нарық шығарылымына жаңа ойыншылар, әсіресе, инвесторлардың жаңа класстарын тарту үшін Индонезиядан және Түркиядан шыға бастады. Соңғы үш жыл ішінде Индонезия әр қайсысының көлемі $ 1,0 -$ 1,5 млрд құрайтын, тәуелсіз үш сукук шығарды. Сол кезде, түрік эмитенттері- соның ішінде үкімет, халықаралық нарық шығарылымын $ 4 млрд. Жуық сукук шығарды. Парсы шығанағы елдерінің осы жылғы сукук шығарудағы үлесі келесі дигараммада берілген. Барлығы 41 сукук шығарылған, оның 19-ы Бахрейнге тиесілі, ал 13-і Сауд Арабиясына тиесілі.
8-сурет. 2014 жылғы қыркүйек айы GCC елдерінің сукук шығарылымы үлесі
Шариғатты сақтау сукук инвесторларының жартысынан көбін қызықтырады.
S&P инвесторлардың қомақты үлесі нарыққа ең алдымен діни себептерге байланысты кіреді деп түсінеді. Thomson Reuters және Zawya жыл сайынғы жарияланатын зерттеу болжамы бойынша, инвесторлардың жартысынан көбі сукук құралдарын діни мандат бойынша таңдағанын айтты. Бұл инвесторлар әдеттегі жағдай бойынша ислам банктерін, такафул компанияларын, исламдық жинақтар мен highnet қосады. Қалған жартысы сукуктан ұсынылатын түсімге немесе олардың портфельдеріне әкелетін әртараптандыруға қызыққан.
Сала бойынша шығарылған ғаламдық сукук агрегаттары (1996 қаңтар – 2013 қыркүйек)
Сала |
Шығарылым саны |
Сомасы (млн долл) |
Нарықтағы үлесі |
Ауыл шаруашылығы |
92 |
3,492 |
0,72% |
Конгломераттар |
14 |
2,723 |
0,56% |
Құрылыс |
400 |
14,307 |
2,93% |
Тұтыну тауарлары |
39 |
751 |
0,15% |
Білім |
5 |
64 |
0,01% |
Қаржылық қызметтер |
396 |
61,927 |
12,69% |
Тамақ және сусындар |
35 |
2,313 |
0,47% |
Үкімет институттары |
1,356 |
280,523 |
57,46% |
Денсаулық сақтау |
29 |
544 |
0,11% |
Индустриялық өндіріс |
64 |
1,536 |
0,31% |
Ақпараттық технология |
7 |
29 |
0,01% |
Туризм |
5 |
1,361 |
0,28% |
Тау кен және металл |
10 |
442 |
0,09% |
Мұнай және газ |
109 |
14,613 |
2,99% |
Энергетика және энергетикалық компаниялар |
366 |
33,342 |
6,83% |
Жылжымайтын мүлік |
182 |
24,949 |
5,11% |
Бөлшек сауда |
16 |
167 |
0,03% |
Қызметтер |
36 |
3,672 |
0,75% |
Телекоммуникация |
74 |
6,039 |
1,24% |
Транспорт |
308 |
35,377 |
7,25% |
9-сурет. Ғаламдық сукук шығарылымының соңғы үш жылдағы шығарылу типі бойынша талдауы (2010 қаңтар – 2013 қыркүйек; млрд долл)
Ғаламдық сукук нарығының тарихында, Малайзиядағы жекетші үкіметті қосқанда, сукук шығарылымында ең белсенді болып үкімет қала береді. Тәуелсіз 1996 жылдан бері жалпы 280 млрд долларға шығарылған. Соңғы үш жылда ғаламдық сукук шығарылымының 82% үкіметке және квази үкіметке (282 млрд доллар) тиесілі, бұл кезде корпорациялар шығарылымы (63 млрд доллар) 18% құраған.
Малайзияда 1996 жылдан 2013 жылға дейін сукук шығарылымы 325 млрд доллар көлемінде болды, оның ішінде 67% тәуелсіз, 13% квази және 20% корпоративтік болып табылады. ПШБК корпорациялары сукук нарығында тәуелсізге қарағанда белсендірек, бірақ ПШБКдағы тәуелсіз бен квази тәуелсіздің жалпы шығарылымы корпоративтік шығарылымнан аздаған мөлшерде жоғары. ПШБК 1996 жылдан 2013 жылға дейін жалпы сукук шығарылымы 123 млрд доллар құрап, оның 49% корпоративтік, 20% квази және 31% тәуелсіз алады.
10-сурет
4.4 Қазақстандағы ислам қаржы нарығын әкімшілік, құқықтық, салықтық, стратегиялық жақтан талдау. Сукуты орналастыру жағдайын анықтау
Қазақстандық эмитенттердің корпоративтік бағалы қағаздарына деген сұраныс туғызған және қолдаған заңнамалық өзгерістер нәтижесінде жинақтаушы зейнетақы қорлары және зейнетақы активтерін басқарушылар түріндегі институционалдық инвесторлардың негізгі сыныбы инвестициялық белсенділігінің төмендеуі отандық қор нарығы өтімділігінің азаюына теріс ықпалын тигізді. Бұдан өзге эмитенттердің бағалы қағаздар нарығы арқылы акционерлік және (немесе) қарыз капиталын тарту мүмкіндігі мен басқа инвесторлар үшін инвестициялық мүмкіншіліктер тарылды, соның салдарынан «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамынан (бұдан әрі – Қазақстан қор биржасы) тұратын ішкі ұйымдастырылған нарық көлемі қысқарды.
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы көбінесе институционалдық инвесторларға бағдарланған, өйткені сауда-саттықтың жалпы көлемінде мемлекеттік бағалы қағаздармен мәмілелер және репо операциялары басым болып келеді. 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында жалпы көлемі 3 620,5 млрд. теңге болатын 187 шығарылым айналыста болды. 2012 жылы мемлекеттік бағалы қағаздарды бастапқы орналастыру кезінде қатысуға құқығы бар банктер, жинақтаушы зейнетақы қорлары және «өмірді сақтандыру» саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары түріндегі инвесторлар тобына шектеулердің енгізілуі осы қаржы құралдарымен сауда-саттық көлемінің қысқаруына әкеп соқтырды. Бұл шара мемлекеттік бағалы қағаздар нарығындағы айла-шарғыны және жосықсыз практиканы болдырмауға бағытталды.
Мемлекеттік емес облигациялардың, оның ішінде қор биржасындағы айналысқа жіберілгендерінің қолданыстағы шығарылымдарының саны мен көлемі қысқарды. Егер 2010 жылдың соңында жалпы көлемі 6 196 млрд. теңге болатын 388 шығарылым айналыста болса, 2014 жылғы 1 қаңтарда – 6 000,5 млрд. теңге сомаға 359 (оның ішінде қор биржасында – 250) шығарылым болды. Бұл ретте банктер 2013 жылы өздерінің орта мерзімді қарыз алу стратегиясы шеңберінде облигацияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында белсенді орналастыруды жүзеге асырғандықтан, облигациялармен сауда-саттық көлемі 2010 жылдың соңындағы 270,4 млрд. теңгеден 2013 жылдың соңындағы 392,2 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.
Қор биржасында айналыстағы акциялар шығарылымдарының саны 102-ні құраса, акциялардың қолданыстағы шығарылымдарының саны 2010 жылдың соңынан бері 11 шығарылымға ұлғайып, 2014 жылғы 1 қаңтарда 1 628 болды. Өз кезегінде, акциялармен сауда-саттық көлемі 2010 жылдың соңындағы 280,6 млрд. теңгеден 2013 жылдың соңындағы 117,5 млрд. теңгеге дейін елеулі түрде қысқарды.
Қор биржасының ресми тізіміне енгізілген 102 акциялар шығарылымынан Қазақстан қор биржасының KASE өкілдік индексіне енгізілген 8 акциялар шығарылымымен ғана белсенді сауда-саттық жүзеге асырылады. Көрсетілген 8 акциялар шығарылымынан 5 акциялар шығарылымы ішкі нарықта да, сол сияқты бағалы қағаздардың сыртқы нарықтарында да айналыста. Осылайша, акциялардың осы санаты бойынша өтімділік пен баға белгілеу қазақстандық бағалы қағаздар нарығындағы ғана емес, сондай-ақ шетелдегі сауда-саттықпен қамтамасыз етіледі. Тиісінше, бағалы қағаздардың өтімділігін арттыру шаралары бағалы қағаздардың ішкі нарығындағы бағалы қағаздармен сауда-саттыққа қатысу үшін шетелдік инвесторларды тарту арқылы қамтамасыз етілуге тиіс.
Инвестициялық пай қорларының қолданыстағы шығарылымдарының азаю үрдісі байқалады, олардың саны 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 99 (2010 жылдың соңында – 162) болды.
Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне енгізілген мемлекеттік емес бағалы қағаздардың нарығын жалпы капиталдандыру 2010 жылмен салыстырғанда 18,8 %-ға азайып, 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 9 779 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте акциялар нарығын капиталдандыру 2014 жылғы 1 қаңтарда 4 351 млрд. теңге (51,4 %-ға төмендеу) болды.
Осылайша, отандық бағалы қағаздар нарығы қазіргі таңда сапалы қаржы құралдарының жетіспеуіне және тиісінше инвесторлардың бағалы қағаздар нарығы арқылы инвестициялар тартуға деген қызығушылығының болмауына негізделген төмен өтімділікпен сипатталады.
Ислам қаржы жүйесінің Қазақстанда даму жағдайы :
2009 жылғы 12 ақпанда Қазақстанда «Қазақстан Республикасының кейбір
заңнамалық актілеріне ислам банктерін ұйымдастыру мен олардың қызметі және исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды;
2009 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасының Үкіметі Исламдық
қаржыландыруды дамытудың 2020 жылға дейінгі жол картасын бекітті, оны іске асыру эмитенттердің, инвесторлардың және нарыққа қатысушылардың санын ұлғайтуды қоса алғанда, исламдық қаржы қызметтері индустриясының тұрақты дамуы үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік жасайды;
2009 жылы 9-маусымда ҚР-мен Біріккен Араб Әмірлігі арасындағы
келісім негізінде Алматы қаласында бірінші исламдық Al Hilal Банкі ашылды;
исламдық сақтандыру бойынша бірінші «Такафул» компаниясы жұмыс
істей бастады;
Исламдық инвестициялық фонд “Қазақстанның хадж қоры” жұмыс
істейді;
Исламдық брокерлік компаниясы «Fattah Finance» жұмыс сітей бастады;
2011 жылы “мемелкеттік исламдық бағалы қағаздар шығарылымына
рұқсат ететін” заң қабылданды;
2011 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Исламдық қаржы
қызметтері жөніндегі кеңеске (IFSB) кірді;
2012 жылы Ұлттық Банк Қазақстан Даму Банкіне “сукук” құнды
қағаздарын шығаруға және орналастыруға толық құқық берді.
2012 жылы 18 шілдесінде 100 пайыз мемлекеттің меншігіндегі Қазақстан Даму Банкі (ҚДБ) «сукук аль-Мурабаха» исламдық облигациясын KASE қор нарығына орналастырды. Бұл ТМД мемлекеттерінің ішінде Ислам Шариаты заңдары бойынша жасалынып отырған ең алғашқы қадам болды. Аталмыш ислам облигацияларын қор нарығына орналастыруда The Royal Bank of Scotland Berhad, HSBC Amanah Malaysia Berhad және АҚ «Халық Банкінің еншілес ұйымы» «Halyk Finance» жетекшілікте болды. Сукук шығарылымы Малайзияның заңы бойынша шығырылып, айналымға жіберілді. 03.08.12-03.08.17 жартыжылдық 5.50% пайыздық қойылыммен 240.0 млн Малайзиялық ринггитпен шықты. Оның 62% Малайзия, ал 38% (89,4 млн малайзиялық ринггит) Қазақстан нарығында орналастырылды. Moody's Investors 18.09.12 рейтингісі «тұрақты» деген көрсеткішті көрсетті. Ал, дебюттік бес жылдық сукук шығарылымына 22.08.12ж Fitch Ratings "BBB-" рейтингісін берді. «Standard & Poor's» орта мерзімдік сукук облигациялары үшін "ВВВ+" деңгейінде баға берді. Соңғы мәліметтер бойынша (KASE қор нарығының мәліметтері) 11.02.14 белгіленген пайыз қойылымы бойынша 2013 жылдың 5 тамызы мен 2014 жылдың 4 ақпан айы аралығындағы ҚДБ 6 618 082,19 малайзиялық ринггит үстемеақысын төледі. Ал, 2014 жылдың 5 ақпаны мен 4 тамыз аралығында сукук бойынша үстемақы 6 545 753,42 малайзиялық ринггитын құрады.
«ҚазақстанИджараКомпаниясы» АҚ – ислам құқығына сәйкес қаржы лизинг қызметін көрсететін жаңа компания. ICD-Ислам дамыту корпорациясы шетел және жергілікті инвесторлар тобымен бірігіп Қазақстанда бірінші ислам лизингі – иджара компаниясын құрды..АҚ-ның құрылтайшылары болып Қазақстандық компаниялар мен шетел инвесторлары табылады. Компания шағын және орта бизнес субъектілеріне бейімделген. Компания 2014 жылдың сәуір айында құрылды. Компания исламдық лизинг аясында жұмыс атқарады және экономиканың барлық саласындағы объекттерді қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Жалпы компанияны құру мақсаты – осы компания аясында шариғат талаптарына сай келетін жобаларға баламалы ресурстарды ұсыну арқылы қазақстандық шағын және орта бизнес кәсіпорындарын дамыту болып табылады. Қызметкерлердің орташа жылдық саны 10 құрайды. Тіркелген жарғылық капиталы 40 млн. долларды құрайды. Иджара компаниясының алғашқы төлеген капиталы 28 млн. доллар. Бүгінгі күнгі ақпарттарға сәйкес, бұл компания 4,5 млн доллардың 16 жобасын қаржыландырды.
Мекен-жайы: Nurli Тау Бизнес орталығы
703, блок 2Б, пр-т Аль-Фараби
Алматы, Қазақстан
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Заңмен ұсынылған, негізгі түзетулердің тізімі:
Заңды қабылдаудың негізгі мақсаты мемлекет тарапынан мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге асыру. Бұл шараның аясында ҚР- сының Қаржы Министрлігі оригинатор және қаржыландыруды тартушы ретінде қатысады және актив ретінде бұл келісімшартты жүзеге асыру мақсаты үшін қорытындылауға жататын, келісімшартына узуфрукт көрініс табады.
Жоспарланып отырған келісімшартта оригинатор ретінде мемлекеттік мекемелер, яғни ҚМ, ҚР, БҚН шығады, Келісімшартта оригинатор ретінде мемлекеттің рөлін нақтылау мақсатында сәйкес өзгертулер енгізілген болатын.
Жалға беру келісімшартты негізінде өз активтерін арнайы исламдық қаржылық компанияларға беретін, оригинатор ретінде мемлекеттік меншікті басқару бойынша өкілетті органдар сөйлей алады.
Сонымен қатар, енгізілген өзгертулер бағалы қағаздар нарығындағы қатысушылардың аясын кеңейтуге мүмкіндік береді жеке компанияларға оригинатор ретінде көрініс табуға мүмкіндік береді.
Жеке компанияларға осындай мүмкіндікті беру, нарықта қаржыландырудың жаңа альтернативті формасы пайда болатындықтан, әлеуметтік- экономикалық жағынан оң қорытындылар береді деп болжанады.
Келісімшартты үшін кедергілердің бірі ретінде Исламдық Арнайы қаржылық компаниясының (ИАҚБ) ЖШС немесе АҚ ұйымдастырушылық- құқықтық формсы ретінде құрылатын заңды тұлға ретінде анықталуы болып табылады. Жоспарланып отырған келісімшартта, ИАҚБ ретінде ЖШС немесе АҚ емес, мемлекеттік мекемелер көрініс табады, осыған байланысты келесі БҚҒ- да өзгертулер қабылданған болатын;
«Қоғамдық пайдаланудағы республикалық көлік жолдары немесе олардың бөлек аумағы ҚР Үкіметінің шешімінің негізінде мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық формасы ретінде құрылған исламдық арнайы қаржылық компанияға исламдық бағалалы қағаздарды шығару аясы негізінде жалға берілуі мүмкін.
