- •Оқте – нің құрылымдық этаптары:
- •Оқте үшін клиникалық дағдылардың тапсырмалар тізімі
- •Оқте үшін жабдықтардың, құралдардың және құжаттардың тізімі
- •Машықты дағдыларды қадам бойынша орындауда емтихан тапсырушының іс әрекетін балдық бағалау критерилері
- •Емтихан алушыға арналған бақылау материалдары (дұрыс жауаптар үлгісі). Этап 2
- •Емтихан алушыға арналған бақылау материалдары (дұрыс жауаптар үлгісі). Этап 3
- •Бағалау парағы.
- •Студенттің қорытынды аттастациялық парағы
- •Мамандығы: 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»
- •Оқке нәтижесін бағалау критерилері
- •«Коммуникативті дағдылар» пәні бойынша оқте әр кезеңінің рейтингке сәйкес балдары
- •Оқте нәтижелерін бағалау.
- •Оқте бойынша анкета
- •Құрметті студент !
- •Оқте бойынша анкета
- •Құрметті әріптес !
Емтихан алушыға арналған бақылау материалдары (дұрыс жауаптар үлгісі). Этап 2
1. Емдік-профилактикалық мекеменің бас дәрігері интроверт болған жағдайда жас маманды жұмысқа қабылдау кезіндегі вербальды қатынастың қандай әдісін ұсынасыз.
Сыртқы келбетті дұрыстау (міндетті түрде медициналық халатта, беттегі бояу аз, ұялы телефон сөндірулі).
Жоғары оқу орнын бітіргені туралы барлық құжаттар толық болуы керек.
Сұрақтарға ашық түрде жауап беру.
2. Емдік-профилактикалық мекеменің бас дәрігері экстраверт болған жағдайда жас маманды жұмысқа қабылдау кезіндегі вербальды қатынастың қандай әдісін ұсынасыз.
Сыртқы келбетті дұрыстау (міндетті түрде медициналық халатта, беттегі бояу аз, ұялы телефон сөндірулі).
Жоғары оқу орнын бітіргені туралы барлық құжаттар толық болуы керек.
Сұрақтарға қысқа әрі нақты жауап беру.
3. Медбикемен қарт жастағы ашулы науқастың арасындағы вербальдық қарым – қатынас әдісін ұсыныңыз.
Науқас түсінетін тілде, баяу, төменгі тонда сөйлеу. Науқасқа «айқайлауға» немесе «өштесуге» дайын сияқты екенін айту керек.Мысалы:
«Сіз көңілсіз сияқтысыз»;
Бірдеңе айтқыңыз келмейді ме?»;
Егер, медбике науқастың өшпенділігін сезсе, сұрау керек:
«Не болғанын түсіндіріңізші?»;
Мен бірдеңені дұрыс айтпадым ба ?»
4. Медбикемен жас жастағы ашулы науқастың арасындағы вербальдық қарым – қатынас әдісін ұсыныңыз.
Медбикенің сыртқы көрінісі ұқыпты болу керек. Сұрақтарға сыпайы жауап беру керек. Науқасқа «айқайлауға» немесе «өштесуге» дайын сияқты екенін айту керек.Мысалы:
«Сіз бірдеңіге көңіліңіз толмайтын сияқтысыз»;
Бірдеңе айтқыңыз келмейді ме?»;
Егер, медбике науқастың өшпенділігін сезсе, сұрау керек:
«Не болғанын түсіндіріңізші?»;
Мен бірдеңені дұрыс айтпадым ба ?»
5. Медбикемен тілдік тосқауылы бар ашулы науқастың арасындағы вербальдық қарым – қатынас әдісін ұсыныңыз.
- Аудармашының көмегіне сүйену керек. Науқас аудармашының сөзіне сену керек, аудармашы объективті және ортақ болу керек. Тілдік тосқауылға қарамастан, медбике сөйлесу барысында науқастың көзіне қарап сөйлеу керек. Бұл науқаспен түсіністікті жоғарылатады.
6. Жұмыс орнында өз міндеттерін орындамаған қарт жастағы тазалықшы мен бас медбике арасындағы вербальді қатынас әдісі қандай.
Міндеттерін түсіндіру;
Қоғам үшін пайдасымен зиянын түсіндіру;
Мысалы келтіру: сол науқастың орнына өзін қойып көру.
7. Жұмыс орнында өз міндеттерін орындамаған жас жастағы тазалықшы мен бас медбике арасындағы вербальді қатынас әдісі қандай.
Міндеттерін түсіндіру;
Қоғам үшін пайдасымен зиянын түсіндіру;
Мысалы келтіру: сол науқастың орнына өзін қойып көру.
Еңбек туралы міндеттерді қайталап түсіндіру;
Еңбек қызыметі көп және тәжірибесі мол тазалықшыны мысалыға келтіру.
8. Медбикелік жиналыс өткізу кезіндегі бас медбикенің кедергі келтіретін вербальдық емес белгілерін көрсетіңіз.
Қаламсапты мазасыз айналдыру;
Сағатқа мезгіл – мезгіл қарау;
Көз байланысынан қашу;
Ұялы телефонға қоңырау шалу;
Бір тақырыптан екінші тақырыпқа тез өту.
9. Медбикелік жиналыс өткізу кезіндегі бас медбикенің назар аудартатын вербальдық емес белгілерін көрсетіңіз.
Үстелді қаламсаппен тықылдату;
Қызыметкерлерге Аты – жөнімен атау;
Интонация;
Дауыс тембрі;
Акцент;
Дауыс күші.
10. Жұмыс орнында өз міндеттерін орындамаған тазалықшы мен бас медбикенің арасындағы тілдік тосқауыл кезіндегі вербальді қатынас әдісі қандай.
Тілді білетін әріптестердің көмегін сұрау, міндеттерін түсіндіру;
Қоғам үшін пайдасымен зиянын түсіндіру;
Мысалы келтіру: сол науқастың орнына өзін қойып көру.
Еңбек туралы міндеттерді қайталап түсіндіру;
Еңбек қызыметі көп және тәжірибесі мол тазалықшыны мысалыға келтіру.
