Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarikh_din.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
36 Кб
Скачать
☆

56,1916 Жылғы ұлт – азаттық көтерілістің себептері, барысы, нәтижесі және маңызын түсіндіріңіз.

себептері Бірінші дүниежүзілік соғыс Қазақстан экономикасының құлдырауына әкеліп соқты. Ауыл шаруашылығы өлкедегі егіншілік облыстар бойынша біркелкі дамымады. Ер азаматтарды жаппай майданға алу мал шаруашылығының да құлдырауына әкеліп соқты. Оған сан және сапа жағынан үлкен зардап келтірді. Ұсақ мал көбірек, ал ірі мал азырақ өсіріле бастады. Байырғы халықтың басым көпшілігі тұратын жерлерде жылқы, түйе, ірі қара мал саны кеміді. Соғыс жылдарында қазақтың мал шаруашылығы, бірінші кезекте, мал жайылымдық алаптарды тартып алу салдарынан зардап шекті Мал санының қысқаруы, ең алдымен, қазақ халқының армия қажеттері үшін мәжбүрлеу тәртібімен ет беруге міндетті болғандығынан орын алды. Сан миллиондық армияның өсе түскен қажеттерін қанағаттандыру мүмкін емес еді. Өйткені қазақ шаруашылығында мал саны жылдан-жылға азая берді. 1916 жылы 25 маусымда патшаның Қазақстан, Орта Азия, Сібір тұрғындарынан 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарын тыл жұмысына алу туралы жарлығы шығады. Бұл жарлық 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің басталуына себеп болды. Стихиялы қозғалыс бірте-бірте ұйымдасқан сипат алып, қарулы көтеріліске ұласып, оның ірі ошақтары (Жетісу мен Торғайда) пайда болды. Көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтыды. Бұл көтерілістің басты мақсаты ұлттық және саяси азаттық болды. Сол арқылы ол қазақ халқының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы бұрынғы бүкіл күресінің қорытындысын шығарды. Көтерілістің негізгі күші ұлттық шаруалардың қалың тобы, сондай-ақ сол кезде туып келе жатқан жергілікті жұмысшы табының өкілдері, қолөнершілер болдыҚазақстанның әр түрлі аудандарында пайда болған стихиялы қозғалыс бірте-бірте ұйымдасқан сипат ала бастады: Жетісуда (басшылары: Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Жәмеңке Мәмбетов, Тоқаш Бокин, Әубәкір Жүнісов, Серікбай Қанаев, Монай және Мұқан Ұзақбаевтар және т.б.) және Торғайда (басшылары - Әбдіғаппар Жанбосынов, Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин және басқалар) оның ірі ошақтары пайда болды.

Верный уезінде Б.Әшекеев Жетісудың бытыраңқы көтерілісшілер топтарын біріктіру үшін шаралар қолданып, 1916 жылғы 13 тамызда Ошақты деген жерде әр түрлі болыстар өкілдерінің съезін шақырады. Съезде тыл жұмыстарына адамдар алу туралы жарлық шығарған үкімет орындарына қарулы қарсылық көрсетуге дейін барып, бағынбауға шешім шығарды. Көтерілістің етек жаюы барысында Әбдіғаппар Жанбосынов қыпшақ көтерілісшілерінің ханы етіп жарияланса, Шолақ Оспанов арғын көтерілісшілерінің ханы болып сайланады. Кейіннен 1916 жылы 21 қарашада 13 болыс (6 болыс арғын, 6 болыс қыпшақ, 1 болыс найман) өкілдерінің құрылтайында халық арасындағы атақты Нияз бидің ұрпағы Әбдіғаппар Жанбосынов көтеріліске шыққан Торғай уезінің ханы болып сайланады. 22 қазанда А.Иманов бастаған 15 мың қол Торғай қаласын қоршады. Қаланы қоршау бірнеше күнге созылып, қоршау кезінде генерал-лейтенант А.Лаврентьевтің жазалаушы корпусы қалаға қарай үш бағытта бет алды. 16 қарашада А.Иманов бастаған 12 мың адамға жуық сарбаздар Түнқойма пошта станциясына шабуыл жасайды. Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі Торғайдан өзге барлық аймақтарда қатаң басып-жаншылды К.Қасымов басшылық еткен ұлт-азаттық қозғалыстан кейін 1916 жылғы көтеріліс бірінші рет кең-байтақ өлкенің барлық аймақтарын әр түрлі дәрежеде қамтып, бүкілқазақтық сипат алған көтеріліс болды. 1916 жылғы көтерілістің айрықша ерекшелігі өлкенің бірқатар аудандарында (негізінен, Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында) оған қазақтармен қатар қырғыз, ұйғыр, өзбек және басқа да халықтар өкілдерінің де қатысуы болды. Қазақстан мен Орталық Азиядағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тұтас алғанда Ресей империясындағы саяси және әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың одан әрі асқына түсуіне себепші болды. Ол Ресейдегі әскери-отаршылдық басқару жүйесінің іргесін шайқалтып, шығыстың отар халықтарының импералистік езгіге қарсы XX ғасырдың басында өріс алған бүкіл ұлт-азаттық қозғалысының құрамдас бөлігі болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]