Қазақстан Республикасының анықтамалық іздестіру жүйелері
http:\www.site.kz — «Весь WWW-Казахстан» – Қазақстандық іздестіру порталы, ол Интернет әлеміндегі жүздеген мың серверлер мен сайттарды табуда көмек береді. Өзекті сөз бен қатар классификаторлар арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.
http://tabu.nursat.kz – TABU іздестіру жүйесі KZ доменіндегі ресурстар мен қатар Қазақстаннан тысқары жерлердегі еліміз туалы веб-парақтарды іздестіруге арналған. Өзекті сөз бен қатар классификаторлар арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.
http://akolya.hypermart.net — қазақ тіліндегі ақпараттарды, веб-парақтарды іздестіруге болады. Өзекті сөз арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.
Большая энциклопедия Казахстанского Интернета —http://www.lyakhov.kz
Виртуалды энциклопедиялық және анықтамалық басылымдар
Рубрикон – http://www.rubricon.ru
Серверден көптеген отандық белгілі энциклопедиялар мен сөздіктерге шығуға болады. Олардың арасында «Большая Советская Энциклопедия»(1969-1979), Энциклопедический словарь Брокгауза и Эфрона(1890-1906), «Малая медицинская энциклопедия». Энциклопедиялық сөздіктер «История Отечества» және «Всемирная история», В.Даль және басқаларының «Толковый Словарь живого великорусского языка» т.б. Барлық ақпараттар толық мәтінде иллбстрацияларымен және әдебиеттер тізімімен қоса берілген.
Britannica энциклопедиясы – http://www.britannica.com
Әлемдегі авторитеттік энциклопедияның желілік нұсқасында 72 мыңға жуық барлық салалар бойынша мақалалар жинақталған. Іздестіру нәтижесі мақалалар мен бірге Интернет ресурстарға да сілтеме береді, сондай-ақ журналдардағы таңдаулы шығарылымдарды да ұсынады.Көптеген жағдайларда иллюстрациялар, таблицалар, бейнефайлдар қамтылған.
Мегаэнциклопедия Кирилла и Мефодия — http://www.km.ru
Ірі көлемдегі электрондық мәтіндік мәліметтер базасы.
Брокгаузъ on-line — http://www.russia.agama.com/bol
Әйгілі энциклопедиялық сөздіктің қысқартылған нұсқасы, құрамында 46 000-ға жуық мақалалар енген.
Биографическая база данных на сервере компании Biography-http://www.biography.com
Ежелгі дәір батырлары мен қатар әр елдің қазіргі замандағы қайраткерлері туралы 25 мыңға жуық қысқаша мағлұматтар бар.
http://www.translate.ru -Online – переводчик компании «Промт»
Промт компаниясының оnline – аудармашысы.
Серверде интерактивтік сөздіктердің толық кешені берілген. Ол екі жаққа бірдей тәржімалайтын ағылшын ,неміс тілдері және біржақтылы французб итальян тілдерінен аударуды қамтамасыз етеді
http://www.tilashar.kz – Тілашар – Қазақ тілін оқып үйренушілерге арналған «Хабар» Агенттігінің «Тілашар» телебағдарламасы негізінде ашылған сайт. Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытуда, online сабақтар жүргізуде сайттағы методикалық бөлімдерді пайдалануға болады.Сайтта қазақша-орысша лингвистикалық сөздік берілген.
http://www.kz.index.kz — Орысша-қазақша мультмедиялық сөздік.
Google құрылу тарихы
Google Inc.([ɡuːɡl], қаз. Гугл) – Google Inc. Америка қоғамдық корпорациясына тиесілі кеңейтілген іздеу жүйесі.[3] Танымалдығы бойынша бірінші орында тұр (79.65 %), айына 41 млрд 345 млн сұраныс қабылдайды (нарық бөлігі 62,4 % ), 25 миллиардтан астам веб-беттерді индекстейді, (2009 жылдың 15 қазанынан бастап) ақпараттарды 191 тілде іздеу мүмкіндігіне ие.
Google іздеу жүйесі PDF, RTF, PostScript, Microsoft Word, Microsoft Excel,Microsoft PowerPoint және т. б. форматтағы құжаттарды тауып беру мүмкіндігіне ие.
Google іздеу жүйесін Стэнфорд университетінің аспиранттары
Ларри Пейдж және Сергей Брин оқу жобасы ретінде шығарған еді. Олар 1996 жылы BackRub іздеу жүйесімен жұмыс істеп, 1998 жылы аталмыш іздеу жүйесінің негізінде Google-дың негізін салады. Алғаш рет Google жеке-меншік корпорация ретінде 1998 жылы 4 қыркүйекте құрылады, Ларри Пейдж, Сергей Брин және Эрик Шмидт Google-да 2014 жылға дейін бірлесіп жұмыс істеуге келіседі. Компанияның көздеген мақсаты «әлемдік ақпаратты жинап, халық тұтынуына мол мүмкіндік беру. Google инженері Амит Патель ойлап тапқан компанияның бейресми ұраны –"Don't be evil" (Қатыгез болма!)». 2006 жылы компания қазіргі Штаб-пәтері орналасқанКалифорния штаты, Маунтин-Вьюға көшеді. Google.com домені 1997 жылы 15 қыркүйекте тіркеледі, іздеу жүйесі (2000 жылдан бастап) туған күнін 7 де және 27 қыркүйекте де атап өтеді.
Google компаниясы
Google сондай-ақ Gmail электронды поштасы қызметін және Orkut, Google Buzz және Google+ әлеуметтік желілер қызметін, Google Chrome веб-браузерін ұсынады, сонымен қатар Google Motorola Droid ұялы телефондарына, Samsung Galaxy смартфондар серияларына, сондай-ақ Google Chrome OS, 5 Samsung серияларына және Acer AC700 Android ұялы операциялық жүйесін қондырумен жұмыс жасауда. Қазіргі кезде Google-дың бүкіл әлем бойынша миллионнан астам серверлері және миллиардтан астам іздеу сұраныстары қызмет көрсетуде. Alexa-ның тізімі бойынша, google.comсайты интернеттегі ең көп қолданылатын веб-сайт ретінде анықталды. Сондай-ақ YouTube (Alexa: 3), Blogger (Alexa:. 6), және Orkut сияқты Google - дың көптеген халықаралық жеке сайттары (Үндістанда google.co.in сайты, Ұлы Британиядаgoogle.co.uk сайты) ең көп қолданылады. 2011 жылы Google-ге кірушілер саны 1 миллиардқа жетеді. Google атауынГугол (Googol) – Сергей Брин берген. Google «гугол» сөзінің жазылуында өрескел қате кеткен. Жүз нөл біреуінде дегенді көрсетеді, яғни іздеу жүйесі халықты мол ақпаратпен қамтамасыз етеді дегенді білдіреді. Алғашында Google Стэндфорд университеті сайтында google.stanford.edu доменімен жұмыс істейді. 2001 жылдан бері Google көптеген компанияларға ие болады. 2004 жылы Google компаниясы Keyhole, Inc компаниясын иемденіп Жердің 3D көрінісінберетін Earth Viewer деп аталатын өнімін шығарады.
Қызметі
Викиіздеу Пайдаланушыға іздеу сұранысы бойынша берген нәтижелерді реттеуге мүмкіндік беретін іздеу технологиясы. Пайдаланушы шыққан нәтижелерді тізімнен өшіріп, тізімді жоғары көтере алады. Аталмыш технологияны 2009 жылы Google компаниясы шығарады, технология сол жылдың күзіне дейін қызмет атқарып келеді. 2010 жылы, 4 мамырда іздеу баптауларында «Викиіздеу» қызметін қосумен жұмыс істеуді бастайды.
Google Аудармашы - мәтіндерді немесе веб-беттерді аударуға арналған машиналық аудармашы. SYSTRANтехнологиясын қолданатын Babel Fish және AOL аударма сервистеріне қарағанда Google де Translate.ru сияқты өзіндік бағдарламалық қамтамасыз етуін қолданады. Компания қызметкерлері веб дизайнерлер үшін сайттың аудармасын бірден басқа тілдерге аударуын қамтамасыз етеітн скрипт ойлап шығарған. Google Аудармашының да басқа автоматты аударма құралдар сияқты өзіндік шектеулері бар. Әрдайым аударманың сапасына қатысты жұмыстар жүргізіп отырады, басқа да тілдерге аудару жұмыстары жасалуда.
Дыбыстық іздеу 2010 жылы 22 қыркүйекте компания Ресейде дыбыс іздеуін шығарады. Іздеу үшін телефондағы іздеу түймесін басып, өз сұранысыңызды дыбыстайсыз. Телефон сіздің дыбысыңызды серверге жіберіп, браузер дыбыс бойынша іздеу нәтижелерін тауып береді. Бұл халық үшін өте қолайлы болды.
