- •Мазмұны
- •«Машина жасаудағы автоматтандырылған жобалау жүйелерінің негіздері» ажж (автоматтандырылған жобалау жүйелері) икемді автоматты кешенді өндірісті ұйымдастыру үшін. (
- •Ажж ақпараттық қорының құрамы
- •Ажж тілдерінің жіктелуі.
- •Технологиялық процестерді автоматты жобалаудың негізгі тәсілдері
- •1 АutoCad пакетімен бастапқы жұмыс
- •1.1 AutoCad пакетімен танысу
- •1.2 AutoCad жұмысының басы
- •1.5 Нүктенің координатасын көрсету әдістері
- •1.4 Сызуды бастаймыз
- •1.6 Сызбаны қарау
- •1.7 Жұмыстың аяқталуы
- •1.8 Сабақтың қорытындысы
- •2 Сызбаны құру және редакциялау
- •2 .1 Фасканы салу
- •2.2 Доғаларды сызу
- •2.3 Примитивпен жұмыс. Айналық шағылысу
- •2.4 Шеңберлер салу
- •2.5 Сызбаны қарапайым редакциялау
- •2.6 Автоматты түрде фаскаларды және жанасу салу
- •2.7 Примитивтерді масштабтау
- •2.8 Примитив құрамын редакциялау
- •2.9 Сызба түралы информациясын алу
- •3 Сызбаны редакциялау
- •3.1 Штрихтау
- •3.2 Примитив геометриясын өзгерту
- •3.3 Толқындық сызықтарды көрсету
- •3 .4 Объекттердiң автоматты көшiрмесiн алуы
- •3.6 Өлшемдерді орналастыру
- •3.7 Басқа бағдарламалармен сызбалар ауысу
- •Әдебиеттер
2.6 Автоматты түрде фаскаларды және жанасу салу
AutoCAD-ты ойлап тапқандар фасканы құрудың жеңіл жолын тапқан. Бірақ та, ол автоматтандыру көптеген нәрсені шектейді. Біріншіден, егер бізге фасканы шешуге және берілген радиуста екі кесіндіні доғамен қосу керек болса, онда алғашында олардың қиылысуын доғасыз және фаскасыз сызу керек. Екіншіден, осы екі команда да екі кезеңде орындалады. Және оларды қолдануда кілтті сөздерді пернетактамен еңгізу керек болады.
Қос команда да “Edit” мәзірінде орналасқан. Фаскада екі ұзындық көрсетілген, және олар үш бұрыштың катеті, ал онда фаска – гипотенуза болып саналады. Жанасу дөнгелету радиусын тандаймыз.
Егер де екі әр түрлі сызықты қосу керек болса (жанасу), онда «Пол» кілтті сөзінің орнына екі примитивті таңдап аламыз.
Фаска (Фаска) |
Chamfer (Фаска)DEnter first chamfer distance: Enter second chamfer distance: Chamfer PSelect 2d polyline |
Сопряги (Жанасу) |
Fillet (Сопряги)REnter fillet radius: FilletPSelect 2d polyline |
2.7 Примитивтерді масштабтау
Масштабтау примитивтің өлшемінің өзгеруіне әкеледі және ол сызбаның таңдап алынған масштабына қатысы жоқ. Мысалы, сызба аяқталған соң орындау керек және оны форматқа сыйдыру керек. Ол үшін “Scale” (“Масштаб”) пунктін тандаймыз, примитивті масштабтауды көрсетеміз, таңдап алуды аяқтау үшін тышқанның оң жақ батырмасын екі рет басамыз, содан кейін нүктені көрсетеміз, сол кезде оған қатысты масштабтау орындалады. Егер оны көрсетсек сызба ортасында примитивтер жан жаққа жайылады, ал егер сол жақ бұрышқа көрсетсек примитивтер оңға және жоғары қарай жылжиды.
Масштабты берілген стандартты қатардан алу керек: 1; 2; 2,5; 4; 5; 10; 15; 20; 25; 40; 50; 75; 100; 200; 400; 500; 800; 1000.
2.8 Примитив құрамын редакциялау
Құрамы деп олардың геометриясына тиіспейтін примитив параметрлерін айтамыз: түсі, сызық түрі және т.б. Примитивтердің құрамын оны «Settings» мәзірінің көмегімен салу ыңғайлы болады. Егерде сіз қателесіп жалпы немесе бұйымның контуры жасыл болса онда ештеңе етпейді. «Edit» мәзірінде «Chprop» командасы арқылы белгіленген примитивтер қабатын сызық түрін, түсін өзгертуге мүмкіндік береді. Экранның қалындығын түгел сызық өріс сегменттарын өзгерту үшін «Pedit» командасы бар. Айтып кететің бір жайт, мәзірден шақырылған түс өзгерту, сызық түрін, қалындығын өзгерту командалары AutoCAD-тың «туған» командалары емес.
2.9 Сызба түралы информациясын алу
Сызбаның өлшемі берілгенмен бірдей екендігіне көз жеткізу үшін мәзірдегі Induiry пункті Dist бар. Ол екі нүкте беріп арасын өлшеуге мүмкіндік береді
3 Сызбаны редакциялау
3.1 Штрихтау
Сызбаның жеке аудандарын штрихтау есепті автоматизациялауға сұранады. Барлығы оңай көрінгенмен – аймақ ортасындағы нүктеге көрсетеміз, ал қалғаның AutoCAD өзі істейді деп жорамалдаймыз. Бірақ та, ондай мүмкіндік AutoCAD-тың соңғы версиясында пайда болды, дегенмен оның өзі де қателесіп жұмыс істейді.
Сызба аймағын штрихтау үшін ең алдымен осы аймақтың периметрін тұйықталған сызықпен сызып, содан штрихтаудан кейін бұл тұйықталған контурды өшіреміз.
Тұйық контурдың бары штрихтау дұрыс орындалуына көзімізді жеткізеді.
Салынғанның үстінен өріс сызығын сызу – оңай шаруа емес. Оны жеңілдететін екі жол бар:
1) контурды басқа түспен сызу керек, мысалы жасыл. Ол үшін пернетақтадан «Colour» командасын енгізіп және түс санын көрсету керек: 1 – қызыл, 2 – сары, 3 – жасыл, 4 – көгілдір, 5 – көк, 6 – күлгін, 7 – ақ. Штрихтардың алдынан қызыл түс орнатып – жіңішке сызықтар түсін, сонымен қатар жалпы сызық түрін құруды ұмытпаңыз;
контурды салу обьекті байланыстыру арқылы салу керек, бірақ та 20 нүктеден тұратын контурды айналып өтіп және қайта- қайта байланыстыру обьектісінің мәзіріне кіру ыңғайсыз. Ол үшін «Osnap» командасының көмегімен тұрақты байланыстыру обьектісін қосамыз. Ол сонымен қатар пернетақтадан енгізіледі. Байланыстыру обьектісі пернетақтадан Osnap→None командасы арқылы өшіріледі;
контур тұйық болу үшін ақырғы сегментті Close сөзі арқылы жүргізу талапты түрде ұсынылады.
Сонымен, аймақтың штрих контуры салынды. Енді «Draw» мәзіріндегі «Hatch» пунктін таңдаймыз. Алдымызда кездеспеген графикалық мәзір ашылады. Берілген жағдайда ол бұйым материалына байланысты штрих түрін таңдау үшін арналған. Дұрыс таңдау үшін тышқан курсорын эскизді суретке емес, меңзегіш тұрған кезде түсін өзгертетін сол жағында орналасқан тік төртбұрышты көрсетеміз. Назар аударыңыздар, «Previous … Next» пункті көмегімен қарайтын мәзірдегі бірнеше беттерден тұрады.
Ары қарай штрихтау масштабын көрсету керек – штрих арақашықтығын анықтайтын шартты сандық мән. Масштабтың бір бірлігігінің ара қашықтығы 0,125 мм. Егер штрихтар арасын 10 мм болдыру үшін сызықты үзсек, 10 / 0,125 = 80 мәнін енгіземіз. Масштабтың қолданымдағы мәндері 40...60 диапазонында жатыр.
Масштабтан кейін еңкіш бұрышы көрсетіледі. 45º енгізу міндетті емес – штрих берілген бұрышқа еңкіш. Еңкіш бұрышы 0º немесе 90º болуы мүмкін.
0 o 90o
8-сурет – Штрихтың еңкіш бұрышы
«Select objects:» сұранысына бір – жалғыз примитивті енгізу керек, ол штрихтың шектелген контуры. Ол ақырғы салынған болғандықтан, «Last» кілтті сөзін енгізу жеткілікті. Сонда контурды өшіру ғана қалады. Тышқанмен оны меңзеу қиын, сондықтан контурдың кіші бөлігін бүкіл экранға үлкейтіп, содан кейін оны өшіру қалады, әйтпесе контурды емес, үлкен еңбекпен салынған штрихты өшіру қаупі бар. Контурдың өшірілуі қорқыныш тудыруы мүмкін, өйткені экранда контур асты примитивтері де өшеді, тек қара бос орын қалады. AutoCAD-та ештеңе ізсіз өшпейді. Тек «Display→Redraw» пунктын орындау немесе торды өшіру және қосу арқылы экранда сызбаны қайта салу керек.
Айналық бейне көмегімен салынып жатқан симметриялық бұйымдарды штрихтау кезінде абайлау керек, өйткені «шырша» тәріздес штрих пайда болады. Ол үшін былай істеу қажет: бұйым жартысына тек штрихтау контуры салынады, бірақ штрихталмайды. Одан кейін бұйым мен контурдың айналық бейнесі орындалады. Соңғысы, екі контур да штрихталады және өшіріледі.
Алынған штрих – жалғыз примитив. Оның геометриясын өзгерту мүмкін емес, тек өшіріп қайта істеу мүмкін. Өкінішті, AutoCAD арасында қателеседі, штрихтың бірнеше кесіндісі контур сыртына шығып кетеді. Штрихтауға қатысты мұңдай іске «Edit» мәзірінде орналасқан «Explode» командасын қолданады. Бөлшектеуден кейін штрихтар кесінділерге айналады, сондықтан оны өшіруге немесе қысқартуға болады. Оны қалай істейтінін біз келесі тақырыпта білеміз.
