- •Ақпараттық технологиялар ұғымын анықтаңыз, оның объектілерін атап көрсетіңіз. Ақп техн-ң кәсіби
- •Ақпараттық технологиялардың даму тарихына шолу жасаңыз. Ақп-қ техн-ң дамуының сатыларын,
- •3.Ақпараттың эем-де берілуі және өлшем бірліктерін атап көрсетіңіз
- •4.Ақпарат ұғымына анықтама беріңіз. Ақпараттың құрылымын анықтаңыз.
- •5.Ақпарат ұғымын анықтап, оның қасиеттерін топтастырыңыз.
- •6.Ақпарат ұғымын анықтап, оның түрлерін және берілу формаларын жіктеңіз.
- •8.Қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не? Ақпараттық ресурстар, ақпараттық үрдістерді атап көрсетіңіз
- •14. Логика дегеніміз не? Ойлаудың логикалық заңдарын атаңыз. Пікірге анықтама беріңіз
- •15. Бульдік алгебраға түсініктеме беріңіз. Логикалық амалдарды атап, анықтама беріңіз.
- •20.Ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың бағдарламалық жасақтамасы. Бағдарламалық жасақтаманы жіктеңіз
- •21. Ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың бағдарламалық жасақтамасы. Жүйелік бағдарламалар.
- •22.Ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың бағдарламалық жасақтамасы. Инструменталдық бағдарламалар.
- •23.Ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың бағдарламалық жасақтамасы. Қолданбалы бағдарламалар.
- •24.Ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың бағдарламалық жасақтамасы.Қызметтік бағдарламалар.
- •27.Бумалар мен файлдар. Сілтеуіш бағдарламасы - файлдық жүйені басқару технологиялары екенін түсіндіріңіз
- •29.Амалдық жүйелерге анықтама беріңіз. Амалдық жүйеде файлдар мен бумаларды іздеу технологиясының қолдануын түсіндіріңіз.
- •30. Алгоритм, бағдарлама ұғымдарына анықтама беріңіз. Алгоритмнің қасиеттері мен түрлерін анықтаңыз
- •33. Компьютерлік ақпаратты қорғау. Ақпаратты қорғаудың криптографиялық əдістері.
- •34. Компьютерлік ақпаратты қорғау. Электрондық цифрлық қолтаңба және оны пайдалану аумағы.
- •35 Компьютерлік ақпаратты қорғау. Мұрағаттаушы бағдаламалармен жұмыс істеу технологиялары.
- •36.Есептеу желілері және телекоммуникациялар. Есептеу желісінің классификациясы және жұмыс істеу технологиясы.
- •39. Есептеу жүйесінде мәтіндік ақпараттарды өңдеу құралдарын атаңыз және қызметін анықтаңыз.
- •41 Есептеу жүйесіндегі кестелік процессорда мəліметтер қорын құру және басқару технологиялары.
- •42 Есептеу жүйесіндегі электрондық кестелерге енгізілетін ақпарат түрлері жəне оларды өңдеу технологиялары.
- •43 Электрондық кестелерді өңдеу құралдары. Функция шеберлері арқылы есептеулер
- •45.Әлеуметтік желілер. Іздеу жүйелері. Әлеуметтік желілерде ақпаратты іздеу технологиясы.
- •46. Web парақтарды шолушы бағдарламалар. Internet Explorer және басқа шолушы бағдарламаларды қолдану.
- •47.Интернет-бұқаралық ақпарат құралы екенін анықтаңыз. Интернеттің қосымша қызмет түрлері.
- •48. Мәліметтер қорлары және мақсаты. Мқ модельдері.
- •49. Ms Access интерфейсі. Ms Access-те мәліметтер типі және қасиеттері.
- •52. Ms Access бағдарламасында пішімдер (формалар) түрлері жəне оларды құру технологиялары.
- •54. Ms Access бағдарламасында кестеаралық байланыстар. Байланыстар схемаларының түрлері.
- •55. Сайт жасау технологиясы. Html элементтері.. Html тегтері
- •56. Электрондық үкіметтің қызметі. Эү дамуының концепциясы. Электрондық үкіметтің бұқаралық ақпарат құралы ретінде пайдалануы.
- •57. Компьютерде қойылған есепті шешудің негізгі кезеңдері, концепциялары.
- •58. Жергілікті желі құру принциптері. Желінің аппараттық және бағдарламалық жасақтамалары.
- •59. Компьютерлік желі түрлері. Желі топологиясы.
- •60. Электронды үкімет-электронды құжат айналым жүйесімен жұмыс және мемлекетті басқаруда азаматтардың қатынасын кеңейту жүйелері.
41 Есептеу жүйесіндегі кестелік процессорда мəліметтер қорын құру және басқару технологиялары.
Электрондық кестелер процессоры – электрондық кестелермен жұмыс істеуге арналған программалар жиынтығы. Кестелер деректер қоймаңыздың негізі болып табылады, нақ соларға барлық деректер сақталады.
Кесте- бұл деректеріңді сақтайтын обьект. Кестен құруда бір типті ақпараттан тұратын өрісті анықтаймыз. Кестелер құрылымын құрар алдында деректер қоймасын құру нәтижесінде жететін мақсатыңызды көрсетуіңіз керек. Қойылған мақсаттан оған жету үшін қолданылатын кестенің қандай болуы керек екенін айқындап алып, қажетті кестені құруға кірісіңіз. Excel – кестелік құжаттармен жұмыс істеуге арналған көрнекті бағдарламаның бірі. Excel құжаты жұмыс кiтабы деп аталады. Бiр жұмыс кiтабы бiр файлға жазылады, ал әp файлдың бiр немесе бiрнеше кecтeci болуы мүмкiн. Электрондық кecтeнiң жұмыс аймағы жолдар мен бағаналардан тұрады. Жол аты – оның номері. Жол номері 1-ден басталып 65536 аяқталады. Баған аттары – латын алфавитінің бас әріптерінен A-дан Z-қа дейін, сосын AA -дан AZ, BA, BZ-қа дейін, т.с.с. тұрады.
Жолдармен бағандардың қиылысуы ұяшықтарды құрайды, екеуінің бірігуі оның адресі болып есептелінеді. Адрестерді білу үшін сілтеулер жасалады
Ұялар (ұяшықтар) және олардың адрестерi. Жолдар мен бағаналар қиылысында ұялар орналасады, оларға мәлiметтер (мәтін, сан, формула) енгiзiледi. Ұялардың бiреуi әрдайым активтi, яғни екпiндi күйде болып тұрады. Ұялар жиыны (диапазоны - ауқымы). Қатар орналасқан көршi ұяларда бiртұтас мәлiметтер орналасады да, оларға адрес арқылы сiлтеме жасауға болады. Ұялардың осындай жиынын диапазон деп атайды.
42 Есептеу жүйесіндегі электрондық кестелерге енгізілетін ақпарат түрлері жəне оларды өңдеу технологиялары.
Электрондық кестелер жүйесінде миллионнан аса торлар болады, олар пернелермен ақпаратты енгізу арқылы немесе формулалар өрнегін есептеу нәтижесі бойынша ком.ге жазылады. Мұнда кестелік мәліметтерді түзету оларды дискілерге сақтау түрлендіру қағазға басып алу сияқты көптеген өрнектер өте жылдам орындалады. Мәліметтер типі. Кестенің ұяшықтарына мәліметтердің келесі үш типінің біреуін ғана енгізе аламыз. Ол мынадай типтер: 1)Сан 2)Формула 3)Мәтін. Енгізілетін мәліметтің сан немесе формула екенін оның алғашқы символына қарап анықтайды. Егер енгізілетін символдың біріншісі сан болса, онда оны сандық типке жатқызамыз. Егер біріншісі теңдік белгісі болса, формула деп қабылдайды. Егер бірінші символымыз әріп немесе апостроф болса, мәтін деп қабылдайды.
Мәліметтерді енгізу Enter пернесін басумен жүзеге асырылады. Енгізілген мәліметтерді енгізбей алып тастау үшін немесе ұяшықтың бастапқы мәндерін қалпына келтіру үшін esc пернсін басамыз немесе формулалар жолындағы Болдырмау (отмена) батырмасын шертеміз.Excel-де енгізілген сандық мәліметтер автоматты түрде ұяшықтардың оң жақшетіне орналасады.
Сандық пішімде экономикалық есептерде санның үш түрлі пішімде жазылуы қолдананылады: кәдімгі сандық пішім, қаржылық және мерзімдік. Кәдімгі сандық пішім әр түрлі сандқ шамаларды жазуға арналған. Мысалы: қайсыбір тауардың санын, пайзын жас мөлшерін және т.б. Ақша сомасын енгізу қаржылық пішімде жүзеге асырылады. Уақыт мезгілін жазу үшін мерзімдік пішім пайдалынылады.
Мәтіндік пішім. Мәтіндік пішім мәтіндік жолдар мен цифрмен көрсетілген сандық емес мәліметтерді жазу үшін қолданады. Бұларға жататындар: регистрациялық нөмірлер, поштаның индексі, телефонның нөмірі.
Ағымдағы ұяшықтың немесе ерекшеленген ауқымдығы мәлдіметтердің пішімін өзгерту үшін Пішім > Ұяшықтар(Формат > Ячейки) командасын пайдаланады. Ашылған Ұяшықтарды пішімдеу (Формат ячеек) сұхбат терезесіндегі қыстырмалардан мәліметтердің жазылу пішімін таңдап алады. Сол терезеде мәтіннің бағытын көрсетіп, оны түзеу, қарпін өзгерту, символдардың жазлуын, фонның түсін, жақтаудың түрін анықтайтын параметірлерді енгізуге болады.
Әдетте кестелер қайталатын, біртектес мәліметтен тұратындықтан, Excel программасының енгізуді автоматтандыратын құралдары бар. Оларға жататындар автотолтыру, формулалармен автотолтыру. Мәтіндік мәліметтерді автоматтандыру үшін авто толтыру әдісін қолданады. Оны жұмыс парағының бір бағанына бірнеше рет қайталанатын мәтіндік жолды енгізгенде пайдаланады. Мәтінді енгізу кезінде программа оны жоғарғы жолдармен салыстырып, бірдей элементтер кездессе автоматты түрде толтырады.
Сандарды автолтыру. Сандармен жұмыс істеген кезде автолтыру әдісі пайдаланады. Ағымдағы ұяшықтың қоршауының төменгі бұрышында кішкентай қара түсті шаршы орналасқан. Оны толтыру маркері деп атайды. Тышқанның нұсқағышын сол маркерге алып барса, оның пішіні кішкентай крест тәрізді болып өзгереді. Сол кезде маркерді тік немесе көлденең тасымалдау арқылы автолтыру жүзеге асырылады.MS Excel-де есептеулер. Есептеулер формулалар және функциялар аппараттарын қолданады. Формула – сандық тұрақтылар, ұяшықтарға сілтемелер, функциялардың математикалық операциялар арқылы байланысқан өрнектері. Формуланы құру (=) теңдік белгісін енгізуден басталады. Формуланы құру кезінде қиындықтар кездессе, онда Функция Шеберін қолдануға болады. Мұнда Автоқосындылау командасы да бар. Берілген бағаналар немесе жол ұяшықтарын ерекшелеп (кез келген ұяшық диапазонын) «Автоқосындылау» батырмасын басу қажет.
