Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
oon.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
37 Кб
Скачать
☆

15.Педагогтын мен тужырымдамасы

"Мен" Тұжырымдамасы – адамның өзі жайлы біршама тұрақты, азды-көпті мәні бар түсініктерінің жүйесі. [1]

"Мен" тұжырымдамасы негізінде жеке адам өзгелермен қарым-қатынас жасап, өзіне деген көзқарасын қалыптастырады. Адам бойындағы “мендік” қасиет адамның іс-әрекеті мен әлеуметтік ортамен қарым-қатынас жасауы барысында қалыптасады. Кез келген адамның өз “менін” айыра алуы тұлғалық қасиеттің өзекті белгісі болып табылады. "Мен" тұжырымдамасы әлеуметтік өзара іс-қимылдың алғышарты мен салдары бола тұра, әлеуметтік тәжірибе барысында анықталады.

Оны құрайтындар:

  • шынайы “мен” (осы шақтағы өзі туралы түсінік),

  • идеалдық “мен” (өзінің пікірі бойынша, субъектінің моральдық нормаларға бағдар алғанда қандай болуға тиіс екендігі),

  • серпінді “мен” (субъектінің қандай болғысы келетіндігі туралы ниеті),

  • фантастикалық “мен” (егер мүмкін болса, субъектінің қандай болуды армандайтындығы), т.б.

"Мен" тұжырымдамасының қалыптасуы адамдар арасында қызмет алмасу жағдайында жүріп, оның барысында субъект “басқа адамға айнадағыдай көрінеді” және сол арқылы өз менінің бейнесін сақтап, айқындайды және түзетеді.

16.Тулганын озин ози дамытуы.Озин ози дамыту формалары

1. Тұлға - 1) дербес әрекет жасайтын субъект ретіндегі нақты

жеке адам болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның

қоғамдық өмірінің дара нысаны. тұлғаның мәні нақты индивидтің

өзіндік ерекшелігінде, оның әлеуметтік жүйе шеңберіндегі өзімен-өзі

болу қабілетінде ашылады;

2) адамдар арасындағы өзінің ұстаным-орнын еркін және

жауапкершілікпен анықтайтын, қоғамның өкілі ретіндегі адам.

Қоршаған ортамен, қоғамдық және адами қарым-қатынастар

жүйесімен, мәдениетпен өзара әрекеттестікте қалыптасады. Адам

әлеуметтену процесінде тұлғаға айналады.

Индивид (лат. individuum – бөлінбейтін) – 1) жекелей табиғи

тіршілік иесі. Homo sapiens түрінің өкілі филогенездік және

онтогенездік дамудың, туа біткен және жүре біткеннің

біртұтастығының өнімі, тән сипатты даралық белгілердің иесі

ретіндегі адам; 2) адамзат қауымдастығының жеке бір өкілі; табиғи

шектелу шеңберінен асып шыққан, құралдарды, белгілерді

пайдаланатын және осылар арқылы өзінің мінез-құлқы мен

психикалық процестерді меңгеретін әлеуметтік тіршілік иесі.

Индивидтің сипаттамалары:

- психофизиологиялық ұйымдасуының тұтастығы;

- қоршаған ортамен өзара әрекетестіктегі орнықты

тұрақтылығы;

- белсенділігі.

Тұтастық белгісі индивидтің өмірлік қатынастарын жүзеге

асыратын сан алуан функциялар мен механизмдер арасындағы

байланыстардың жүйелі сипатын көрсетеді. Тұрақтылық индивидтің85

шындық болмысқа деген негізгі қатынастарының сақталуын

анықтайды. сонымен қатар, икемділік, вариативтілік жайттарының

болуын көздейді. Белсенділігі оның өзін өзгертуге қабілеттілігін

қамтамасыз етеді.

Жеке тұлғалық (индивидуальность) – 1) жеке адамның

қайталанбас, өзіндік ерекшелігі, тек соған тән ерекшеліктердің

жиынтығы; 2) басқа адамдардан өзінің әлеуметтік мәнді

ерекшеліктері тарапынан сипатталатын адам; индивидтің психикасы

мен тұлғасының өзіндік ерекшелігі, оның қайталанбастығы. Жеке

тұлғалық темперамент, мінез белгілерінде, мүдделер сипатында,

перцептивтік процестер мен зият санасында, қажеттіліктері мен

қабілеттерінде көрінеді.

Тәрбиенің негізгі мақсаты – қалыптасып келе жатқан жеке

тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан-жақты үйлесімді

дамуы. Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп

ғасырлық тарихы бар. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның

дамуына биологиялық факторлармен қоса әлеуметтік факторлар да

әсер етеді деп есептеген.

Адам - өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі,

сондықтан да табиғат заңдары оның дамуына әсер етеді. Адам

табиғатының өзгеруі адам өмірінің әлеуметтік жағдайларының

әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологиялық жағынан емес,

сонымен қатар, тарихи даму нәтижесінде де пайда болады. Адамның

жалпы дамуында, осылайша, негізгі екі бағыт байқалады:

биологиялық және әлеуметтік. Адам биологиялық тіршілік иесі

болып туады, алайда өз дамуы барысында ол әлеуметтік тіршілік

иесіне айналады.

2. Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасатын

болғандықтан, жеке тұлғаның «дамуы» мен «қалыптасуы» ұғымдары

қолданылады. Даму табиғатқа, қоғамға, жеке тұлғаға тән жалпы

қасиет болып табылады. Даму – төменнен жоғарыға, қарапайымнан

күрделіге қарай қозғалыс. Даму кезінде барлық философиялық заңдар

жүзеге асады: өзгеру, санның сапаға ауысуы, Бұл қозғалыс, өзгеріс

жеке тұлға дамуының қозғалыс күші болып келетін қарама-

қайшылықтар күресі арқылы жүзеге асады.

Жеке тұлғаның дамуы – оның қасиеттері мен сапасындағы

сандық және сапалық өзгерістер процесі (адамның анатомиялық-

физиологиялық жетілуі, оның жүйке жүйесі мен психикасының

дамуы, танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі, оның86

дүниетанымы, өнегелілігі, қоғамдық-саяси көзқарастары мен

сенімдерінің кеңеюі).

Қалыптасу – бір нәрсеге пішін мен тұрақтылық беру; толықтық

пен нақты бір түр беру; жеке тұлғаның дамуының нәтижесі және

оның пайда болып, тұтастыққа, бірқалыпты қасиеттер мен сапаларға

ие болуы. Бұл арада тұқымқуалаушылықтың мәні өте зор.

Тұқымқуалаушылық – баланың ата-анасынан немесе ата-

бабаларынан қалған биологиялық ерекшеліктердің жиынтығы. Ол екі

түрге бөлінеді: жалпы адамзаттық (тік жүру, сана, ақыл, сезім

мүшелерінің даму бейімділігі, шартсыз рефлекстер, нәсілдік және

ұлттық белгілер) және даралық (жүйке жүйесінің түрі, анатомиялық-

физиологиялық бейімділіктер).

Жеке тұлғаның қалыптасуына қоршаған орта да әсер етеді, яғни

адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи

қалыптасқан жағдайлар. Оның екі түрі бар: макро және микро.

Макроорта – адамға әлеуметтік-экономикалық ықпалдардың мол

жиынтығы (өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар деңгейі,

өмірдің қаржы жағдайлары, мәдениеттің даму деңгейі, бұқаралық

ақпарат құралдары). Микроорта – адамның ең жақын қарым-қатынас

ортасы.

2. Тұлға деген түсінікті жеке адам деген түсінікпен шатастырмау

керек. Жеке адам дегенімізді - ол әлеуметтік немесе биологиялық

бірліктің жеке өкілі деп түсінеміз.

Тұлға дегеніміз ғылыми термин сөз. Жеке адамның қоғамның

мүшесі ретінде саналы ісі мен қатынасының субъектісін тұлға деп

түсінеміз.

Педагог-ғалымдар бүгінгі таңдағы ілім жетістіктеріне сүйене

отырып, қоғамның материалдық өмірі мен санасын дамытуда

адамның атқаратын қызметінің рөлін анықтау үшін тұлғаны

қалыптастыру объективті және заңды үрдіс екендігін көрсетеді.

Адамның тұлғасы оны қоршаған ортада белсенді ету үрдісінде

қалыптасып, ашылатындығы ғылымда дәлелденген.

Психологиялық анықтама бойынша тұлға-қоғамдық

қатынастардың жиынтығы делінген. Соңғы зерттеулерде тұлға

ұғымына әр түрлі анықтамалар берілген. Белгілі психолог –ғалым

Қ.Б. Жарықбаевтың еңбегінде: “”Жеке адам – тарихи әлеуметтік

жағдайдың жемісі, ол әлеуметтік ортада /белгілі қоғамда,

коллективте/ ғана қалыптасады. Орыс тіліндегі “личность” терминін

соңғы кезде “кісі”, “Жеке тұлға” деп те алып жүр. Бұл анықтамаларда

жаңа туған нәрестені адам деп атауға болады, бірақ ол әлі де болса87

жеке адам тұлға емес, себебі онда тәжірибе білім, іс-әрекет жоқ-

ғалым өзінің ой-тұжырымын осылай деп пайымдаған.

Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз - ол өзіне тән мінез –

құлқындағы, іс әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен

даралануы-деп көрсетеді профессор С.Қалиев.

Жеке тұлғаның жан-жүйесі мен сана сезімінің дамуы, айналасы

мен қоғамдық өмірге тәуелді. Осындай жағдайда оның дүниетанымы

мен сенімі, арманы мен талғамы, кісілігі қалыптасады. Адам тұлға,

кісі болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен шектелмей жалпы

адамзатты сүю шарт”.

Жеке тұлғаны қалыптастыру барысында оның өзіне тән

ерекшелігін ескере отырып, көзқарасындағы даралықты анықтап,

өмірде болып жатқан өзгерістерге, қоғамның дамуына немқұрайлы

қарамайтын шын мәнінде өмірдегі өзін қоршаған адамдарға

жанашырлықпен, сүйіспеншілікпен, жауапкершілікпен қарау рухани-

адамгершілік сезімін бойына сіңіру үлкен абыройлы іс. Осы орайда

педагогика ғылымдарының докторы Ә.

Мұқанбетжанова өзінің «Дүниенің ғылыми бейнесін

қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері» - атты

монографиясында: «… дүниені қабылдау, тану, сезіну адамның тек

тұлға ретіндегі сана мүмкіндігі болып табылады»- деп

тұжырымдайды.

Әрі қарай өзінің монографиясында Ә.Мұқанбетжанова …”тұлға ”

ұғымы тек қоғамдық қатынастар жүйесінде, адамның әлеуметтік рөлі

туралы ғана айтуға болатын жағдайда емес, әрі оның даралығын

сақтауда да мағынаға ие болады- деп тұлғаның өз бойындағы

даралық қасиеттерінің өмірдегі маңызына тоқталады. Тұлға тек жай –

жеке тұлға ретінде ғана емес, ол - өзін-өзі тану арқылы рухани ішкі

дүниесін байыту арқасында жан-жақты жетілгенде ғана дара, шын

мәніне ие болатындығын көруге болады.

Тұлғаның негізгі даму ерекшеліктерін толықтай қарастыра келе,

А.В. Петровскийдің “Тұлға” ұғымына жасаған көзқарасын зерттеу

негізіне алып бөліп көрсетуге болады:

1. Тұлға - оның “жеке” дүниесінің мазмұнын құрайтын өзінің

мотивтері мен ұмтылыстары жағынан, яғни тұлғалық

мағыналарының ерекше жүйесімен, сыртқы әсерленуі мен ішкі

толғаныстарын тәртіпке келтірудің жеке өзіндік тәсілдерімен

сипатталуы мүмкін.

2. Тұлға – салыстырмалы тұрақты, сырттай байқалатын даралық,

сипаттамалар, яғни субъектінің өзі туралы пікірлерінде , сол88

сияқты ол туралы басқа адамдар пікірінде сақталатын белгілер

жүйесі ретінде қарастырылады.

3. Тұлға- субъектінің қайраткерлік -әрекеттік “мені” ретінде

бастапқы жоспарынан тыс оның мінез-құлқын тәртіпке

келтіретін жоспарлар, бағыттар, мағыналық құрылымдар

жүйесі ретінде сипатталады.

4. Тұлға- даралану субъектісі, яғни индивидтің басқа адамдарда

өзгеріс тудыратын қасиеттері мен қабілеттері ретінде

қарастырылады.

Тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарының қалыптасу

жолын өзін-өзі түсіну мен өзін-өзі тану үрдістерінен бөліп-жарып

қарауға болмайды. “Адам жаны өзін-өзі тек өз іс-әрекеттері үстінде

ғана тани алады, оның өзі туралы білімі, сыртқы табиғат

құбылыстары туралы білік секілді, қадағалаудан құралады”, - деп

жазды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]