Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
адебиет теориясы.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
219 Кб
Скачать
☆

42. Жанр туралы р.Уэллек пен о.Уоррен тұжырымдары

Р.Уэллек пен О.Уорреннің  тұжырымдамаларында  жанр мәселесі анағұрлым кеңірек зерттелген. Олар: әдеби жанр – бұл фикция емес дей келе, әдеби жанрға төмендегідей анықтама береді. Олардың тұжырымдамасы бойынша: «Бір мезетте жазушының жазу мәнері арқылы анықталатын белгіленген ереже» әдеби жанр. Уоррен мен Уэллектің пікірі бойынша жанр теориясы: әдеби процесті  уақыт пен орын санатының көмегі (кезеңділігі мен тілі) арқылы емес, таза  әдеби категориялардың көмегімен  классификациялауға мүмкіндік беретін, тәртіпке келтірілген жүйе. Осындай таза әдеби категориялардың қатарына  жанр да жатады. Зерттеушілердің идеясы бойынша, жанр әдеби құрылым ретінде көркем шығармағы сыни  баға беруде де қолданылады. Уэллек пен Уорреннің ойы бойынша жанр мәңгілікке белгіленбейді. «Шығармағы жеке, сыни көзқарас жаңа тек түріне жол ашуға мүмкіндік береді.  Уэллек пен Уоррен жанр деп шартты түрде  жалпы  «ішкі» (ішкі сезім, көңіл-күй, қарым-қатынас, ойлау, өзге сөзбен айтсақ- тақырып пен аудитория) және «сыртқы» (пішіні, құрылымы)  теориялық белгісі көрінетін  әдеби шығармалар тобын атайды 

43. Сана ағымы. У.Джеймс «Психология принциптері» еңбегі (1890).

Сана ағымы терминін 1890 ж У.Джеймстің «Принципы психологии» еңбегінде аталған. Көркем шығармашылықтың психологиясы туындының ішкі тұтастығын қабылдаудан туындайды. Бұған көркем шығармадағы проблема, бейнелеу, қиял, әсер мен қабылдау секілді компоненттер енеді. Бұларды анықтайтын орталық жүйе жазушы шығармашылығын тұтас зерттеуден орнығады. Осы зерттеудің деңгейлерін ажырата кетсек, алдымен, әдеби үрдістің мақсаттылығын көрсететін көзқараста жекелеген шығармалардың тууын зерттеу; нақты бір автор шығармасын қарастыру үстінде сол кезеңдегі шығармашылық үрдісті анықтау; қандай да бір белгілеріне қарай әртүрлі суреткерлердің шығармашылығына салыстырмалы зерттеу жүргізу; одан кейін жоғары абстракцияның категориясы ретінде танылатын көркемдік ойлауды зерделеу. Осылардың бәрі қаламгердің дүниетаным ерекшелігін, шығарма тудырудағы психологиялық ерекшеліктерін, кеіпкер жасаудағы тәсілдерін түрлендіреді, өзінің әсер-сезімін¸ толғаныс-тебіреніс арналарын жасайды. Кейде осындай кейіпкер санасының және одан тыс тұрған суреттеу тәсілін жазушы мен оқырманның қабылдауы аса күрделі. Мұны меңгеру үшін жоғары әдеби-көркемдік құзыреттілік қажет.

69. Психологиялық талдаудың синтетикалық түрі

Психологиялық романның өзге жанрлық түрлерден ерекшелігі кейіпкердің жан дүние бейнелеуінен көрінеді. Суреткер кейіпкердің жан дүние диалектикасын, белгілі бір іс-әрекетке бастар көңіл-күйінің себеп-салдарын көркемдік тұрғыда талдап жазғанда ғана шығармада психологизм өріс алады . Бұл ойымызды нақтыласақ: "...әдебиеттегі психологизм-кейіпкердің ішкі әлемнің толық суреттелуі шығармадағы эстетикалық әлемнің бөлігін құрайды". Шынында да көркем шығармада кейіпкердің әр түрлі қалыптағы қарама-қайшы дүниетанымын, көзқарастарын, іс- әрекеттерін, көңіл күйлерін тереңдей талдап, жан-жақты бейнелеу психологизмнің көркемдік табиғатын танытады. Ғылыми сында психологиялық талдаудың аналитикалық, синтетикалық яки динамикалық психологизм атты ұғымдары бар. М.Храпченко Н.Гоголь шығармашылығын зерттеп, типологиялық психологизм ұғымын енгізген. Психологизмнің бұл түрін Б. Майтанов М. Әуезов шығармашылығымен байланыстырып "тұйық психологизм" ,- деген ат береді. Бұл синтетикалық психологизмнің өзгеше бір сергек те, сыпайы түрі деуге келеді. Синтетикалық психологизм дегеніміз - қоғамдық тартыстағы кейіпкер көрсететін іс-әрекет, қақтығыстар сыртқы кескін-келбет, бет-жүздегі құбылулар. Психологиялық роман табиғатының өзі жеке адам тағдырын екі әлем, атап айтсақ, сұлулық пен ұсқынсыздық, саналылық пен бейсаналық, өмір мен өлім т.б. арасындағы ымыраға келмейтін күрес пен мәңгілік құндылықтар жайында ой қозғауға мәжбүр етеді. Бұл-психологиялық туындыға қойылар басты шарттардың бірі. Психологиялық шығарманың өзіне тән жанрлық ерекшеліктері нақты көркем мәтіндерді талдау барысында төмендегідей айқындалады: Біріншіден, психологиялық прозада оқиға, кейіпкер, кезең, уақыт, тақырып, идея т.б. деген мәселелер алдыңғы сапқа шыға қоймайды. Ол талап та етілмейді. Екіншіден, мұнда ең бастысы-жеке адамның ішкі өмірі, өмір мен өлім арасындағы кезеңде адам бастан кешетін азапты тағдыр тәлкегі, кейіпкердің күрделі тұлғаға айналуы көркемдік назарға алынады Үшіншіден, шығармада шым-шытырық оқиғалар тізбегінен гөрі жеке адам санасындағы сапалық өзгеріс, рухани қопарылыс, ішкі сезімдік құбылыстар тереңдетіле талданады. Төртіншіден, психологиялық прозаның көркемдік әлемі өзінің жанрлық талабына сай жеке санада жүріп жатқан ой мен сезім қайшылықтарын, сөз бен іс сәйкессіздіктерін тереңдеп талдап, көркемдік жүйеде саралайды Негізі, көркем шығармада психологиялық талдау жасалынбаса "адамның ойына өң беріліп, көңіліне күй түсірілмейді". Психологизмнің синтетикалық түріне Б.Майтанов жоғарыда аталған психологиялық процестерді көрсетеді. Сонымен қатар , "Оянған өлкедегі" Ғ. Мүсірепов стилінде синтетикалық психологизмге жатқызады. Мұнда өзімізге мәлім сюжет қоюлығы, қоғамдық-саяси тартыстар шымырлығы, суреттеу құрылымындағы динамизм басым [3;137б]. Осыдан келіп, синтетикалық психологизм дегеніміз - қоғамдық тартыстағы кейіпкер көрсететін іс- әрекет, қақтығыстар, сыртқы кескін-келбет, бет-жүздегі қүбылулар екендігін қорытуға болады. Синтетикалық тәсіл қазақ әдебиетінде ертеден қалыптасқан. Бүгінгі таңдағы синтетикалық тәсіл жазушы идеясының жүзеге асуына қызмет етіп, жазушылық мақсат-мүддеге бағындырылады. Бұған дәлел портретті, қимыл-әрекетті алсақ, екеуі де ауыз әдебиетіндегі батырлар жырынан бастап, бүкіл әдебиеттегі кейіпкер түр-түлға, ой-санасын, мінез-қүлқын танытуға қызмет етіп келеді. Пейзаж да, деталь, штрих та (бүлар аналитикалық тәсілге де тән) ертеден қалыптасқан дәстүр.

70. Композиция және оның аспектілері. Сипаттау және пайымдау

Композиция(лат. сотрозійо - құрастыру, шығарма) -көркемөнер туындысының құрылымы, оның жанры мен мазмұнына орай құрамдас бөліктерінің тұтастығы. Композиция - құрамдас бөліктері бірлікте ұштастырылған, бір-біріне және жалпы мүддеге бағындырылған мақсатты көркем құрылым. Пластик. өнерле композиция көркем пішін (форма) түзілімінің жеке сәттерін біріктіріл түрады. Композиция әдістері өнердің өзіндік ерекшеліктеріне, шығарманың идеясына, авторлық ойтүйсігіне сәйкес туындайды. Композиция шығарманың ішкі құрылымымен бірге оның сыртқы орта мен көрермендер арасындағы қатынасын белгілейді. Көркем шығарм. процесі мен өмірді эстеттану тұрғысында қалыптасқан композиция заңдары өнердің жалпылама заңдылықтарының, нақты өмір құбылыстарындағы өзара байланыстылықтардың белгілі мөлшеріндеғі бейнесі әрі жиынтығы болып табылады. Сәулет өнерінде композиция идеялық-көркемдік принциитердің бірлігіне, құрылыстар мен ғимаратардың функциялық мақсатына, жобалық ерекшеліктеріне, олардың қала құрылысындағы мән-маңызына орай құрылады. Композиция қаланың жалпы келбеті мен құрылымын, архит. үндестігін, жобадағы көлемдік, кеңістік түзілімін айқындайды. Бейнелеу өнеріндегі композиция шығарманың идеялық және сюжеттік-тақырыптық негізін нақтыландыру барысында заттар мен фигураларды кеңістікке орналастыру тәртібін, шығарма көлемін тиянақтау әрі жарық пен көлеңке үнасымын қадағалау арқылы көрінеді. Композиция тектері "орнықты", "айнымалы", "ашық" және "жабық" болып бөлінеді. Композицияның орнықты және жабық тектері Қайта әрлеу дәуіріндегі өнерде басымырақ қолданылды, ал айнымалы және ашық тектері барокко стилінен айқын көрініс тапты; Композицияны түрлері:

  • Сюжеттің басталуы (уақиғаның басталуы).

  • Шығарма ішіндегі уақиғалар байланысы.

  • Уақиғаның шарықтау шегі.

  • Уақиғның аяқталуы (шешімі).

  1. композитордың немесе суретшінің шығарм. еңбегінен туған шығарма (музыка, кескіндеме, мүсін немесе графика);

  2. өнер түрлері жинақталған күрделі көркем туынды (мысалы, әдеби-муз. К.);

  3. музыка шығару теориясының атауы. Композиция муз. оқу орындарында (колледж, консерваторияларда) арнаулы пән ретінде оқытылады. Композицияны оқыту гармония, полифония, муз. шығармаларды талдау, аспаптау сияқты муз.-теориялық пәндерді қоса үйретумен тығыз байланысты.

Көркемдік форманың негізгі аспектілері:

  1. кейіпкердің орналасуы, мазмұндық орналасуы.

  2. Шығармалардың оқиғалық байланысы;

  3. Детальдарды құрастыру: 1) мотив; 2) психологиялық, портреттік, пейзаждық.

  4. Символдық детальдардың қайталануы

  5. Баяндауға байланысты сөз және сөйлемдер ағынының орын ауыстыруы;

  6. Сипаттау, белгілеу

  7. Диалог

  8. Талқылау

  9. Сөйлеу стилі диалектикасы;

  10. Өлең ырғағы мен өлшемнің сәйкестігі.

Сипаттау немесе бейнелеу сөзімен негізінен әдебиеттануда әрекет пен оқиғаны түсіндіруді айтады. Сипаттаудың классикалық түріне пейзаж, интерьер, портрет жатады. Сондай-ақ кейіпкерлерді мінездеу, олардың ішкі жан-дүниесі, бірнеше мәрте қайталанатын әрекеттер мен әдеттер кіреді.

Риторика поэтикада белсенді қолданылады. Сондықтан анықтамасы кең көлемде «Ежелгі және жаңапоэзия» сөздіктерінде сипаттауға анықтама: «Ол – заттың кейбір өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді, сондай-ақ бір нәрсенің жағдайын, ахуалын танытады. Сол зат пен нәрсе туралы жеткілікті түсінік алуға, танытуға қызмет етеді».

Пайымдау – жан-жақты ұғым. Кең мағынада ойлау ұғымдарымен жақын. Пайымдау, пікір ойлану, талқыға салу – бәрі де адамның ойлану актісін сипаттайтын ұғымдар. Әдеби дүниеге тән емес. Баяндауға пайымдау қызмет етеді. «Қан мен тер» романы мысал бола алады.

Авторлық пайымдау – стильдің әр түрлі формасын көрсетіп, бейнелейтін автор бейнесінің құрамдас бөлігі.

Автор бейнесі – Ж. Аймауытовтың «Ақбілек», «Елес» шығармаларынан көрінеді.

71. Құбылту, оның түрлері.

   Троп (гр. tropos – айналым, тіл оралымы, иін, иірім, сөз қолданысы) немесе құбылту – атаудың немесе мағынаның ауыспалы түрде қолдану тәсілі. Сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп жеткізу тәсілі болып табылады. Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлігі үшін де орасан қажет.

Заттар мен құбылыстардың алуан түрлі өзгеріс-күйлері, қимыл қозғалыстары, реңктері болады. Троп солардың бәрін біршама дәл бейнелеуге қызмет етеді. Риторика мен стилистикада троп түрлері ежелден қарастырылып келеді. Квинтилиан оның 7 түрін атап көрсетсе, М.В. Ломоносов 11 үлгісін ұсынған, ал А.А. Потебня 3 түрі бар екенін айтады. А.Байтұрсынов троп түрлері туралы: “Тіл көрнекі болу үшін дерексіз нәрсе деректі нәрседей, жансыз нәрсе жанды нәрседей суреттеліп, адамның сана-саңлауына келіп түсерлік дәрежеге жетуі керек. Қалыпты түріндегі сөз ондай дәрежеге жету үшін түрлі әдістер істеледі. Ол әдістер негізгі түріне қарай үш топқа бөлінеді:

  1. көріктеу,

  2. меңзеу,

  3. әсерлеу дейді.

Троп түрлеріне көріктеу, меңзеу, теңеу, ауыстыру, бейнелеу, алмастыру, кейіптеу, бернелеу, әсірелеу, арнау, қайталақтау, шендестіру, дамыту, түйдектеу, бүкпелеу, кекесіндеу, т.б. жатқызылады. Троп сөздің нәзік иірімінің күш-қуатын ажарландырып, эмоционалды-экспрессивті мәнін бейнелі жеткізеді. Сөз бір мезгілде тура және астарлы мағынада қолданылады, бұлардың бір-бірімен байланысының өзі заттар мен құбылыстардың ұқсастығына қатысты келеді. Тілде троп түрлері өте көп, ол екі нәрсенің, не құбылыстың бір-бірімен сабақтастығы мен арақатынасын ашу негізінде жасалады (метонимия, синекдоха), не сипатталатын құбылыстың белгілерін екінші бір құбылыс ерекшеліктеріне ұқсату, ауыстыру тәсілі негізінде туындайды (метафора, теңеу), сондай-ақ троп бір нәрсені үлкейту не кішірейту, не сықақтау яки қарсы мағынада сипаттаумен, әсірелеу сарынымен де шендеседі (гипербола, литота, кейіптеу, ирония). Троп көркем әдебиет стилінде, публицистика мен ауызекі сөйлеуде жиі қолданыс тапқанымен, ғылыми-техникалық мәтіндерде, ресми іс қағаздарында қолданылмайды. Көркем мәтінде троптың бірнеше түрі бір мезгілде қатар қолданыла береді. Мысалы, Жарқ етпес қара көңілім не қылса да, Аспанда ай менен күн шағылса да (Абай).

1