Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
смс.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
11 Мб
Скачать
☆
  1. Стандарттаудың негізгі түсініктері мен терминдері.

Стандарттау – ғылым, техника және экономика саласында көбірек қайталанылатын және осы салалардың мақсаттарын тиімді дәрежеде ретке келтіретін мәселелерді шешу жолындағы әрекет.

Заңда. Стандарттау - нақты қойылып отырған және ықтимал міндеттерге қатысты көпшілікке ортақ, көп мәрте және ерікті пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы өнімге, көрсетілетін қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған қызмет.

Стандартау объектiлер: Өнiм, көрсетiлетiн қызмет, процестер болып табылады.

Өнім - процестің немесе қызметтің нәтижесі. Көрсетілетін қызмет - беруші мен тұтынушының тікелей өзара іс-қимылының және берушінің тұтынушы қажеттіктерін қанағаттандыру жөніндегі ішкі қызметінің қорытындылары. Процесс - өнімнің өмірлік циклінің процестерін қоса алғанда, қандай да бір тапсырылған нәтижеге жету жөніндегі өзара байланысты және дәйекті іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы.

Жалпы алғанда стандарттау стандартты жасау, жариялау және олардың қолдану процестерінде орындалады.

Нормативті құжат түрлі қызметтерге және оның нәтижелеріне қатынасты жалпы ережелерін және принциптерін қабылдайтын құжат.

Стандарт – мүдделі жақтардың бір-бірімен бірлесіп, келісімді немесе мақұлданған түрде жасаған ғылым мен техниканың және практикалық тәжирибелердің нәтижелеріне негізделген қоғамның пайдасына бағытталған, стандарттау органдарымен қабылданған нормативті техникалық құжат.

Заңда. Стандарт - уәкілетті орган көздеген тәртіппен бекітілген, көп мәрте және ерікті пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектілеріне ережелерді, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгілейтін құжат.

Стандарт өнім мен қызметтерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативті техникалық құжат. Осы құжаттарды жасау, өндіру, пайдалану, сондай-ақ стандарттаудың басқа да объектілеріне қойылатын талаптар туралы ережелер.

***стандарттау жониндеги нормативти кужат, стандарттау жониндеги кызметтин ар турге немесе онын натижелерине катысты нормаларды,ережелерди,сипаттамаларды,принциптерге белгилейтин кужат.

Стандарттаумен катар нормативтик техникалык кужаттардын ишинде техникалык талаптар/шарттар/ орын алады.Техникалык талаптар онимнин немесе кызмет корсетудин белгили бир турине койлатын талаптар туралы жане онымен байланысты ондирис адистери туралы нормативти техникалык кужат.***

Техникалық реттеу - санитарлық және фитосанитарлық шараларды қоспағанда, сәйкестікті растау, аккредиттеу және белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау жөніндегі қызметті қоса алғанда, өнімге, көрсетілетін қызметке, процестерге қойылатын міндетті және ерікті талаптарды анықтауға, белгілеуге, қолдануға және орындауға байланысты қатынастарды құқықтық және нормативтік реттеу.

Техникалық регламент - өнімдерге және олардың өмірлік циклінің процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес әзірленетін және қолданылатын нормативтік құқықтық акт.

Техникалық регламент өнімнің белгілі бір түріне қойылатын талаптар туралы нормативтік техникалық құжат. Демек, техникалық талаптар өнімнің техникалық құжаттар жинағының бөлігі.