- •1 Кәсіпорынның қаржылық стратегиясын жоспарлау және жүзеге асыру
- •Қаржылық стратегия мен тактиканың мазмұны
- •1.3 Қаржылық стратегияны құрудың мақсаты, міндеттері мен құрылымы
- •«Кәсіпорынның қаржылық стратегиясын талдау («Богатырь Көмір» жшс мысалында)
- •2.1 «Богатырь Көмір» жшс қызметінің сипаттамасы
- •3 Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың қаржылық стратегиясының мәселелері және оны дамыту тенденциялары, жолдары.
1.3 Қаржылық стратегияны құрудың мақсаты, міндеттері мен құрылымы
Қаржылық стратегияның маңызды мақсаттарына - қаржылық және төлемдік тәртіпті күшейту, бюджеттік дағдарыстан шығу, инфляция деңгейінің әрі қарай төмендеуі, кәсіпорындардың қайта құрылу реформалануын өткізуі жатады.
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясының негізгі мақсаттары:
-қаржылық ресурстарды тиімді қолдану мен қалыптастыру;
-инвестициялар мен шоғырландырылған қаржылық ресурстардың тиімді бағыттарын анықтау;
-кәсіпорынның материалдық мүмкіндіктері мен экономикалық жағдайдың қаржылық қызметіне сәйкестігі.
-бәсекелестіктердің үстемдігіне жету маневрлігі мен қаржылық қызмет бағыттарын дұрыс таңдау, бәсекелестіктердің жағдайынан негізгі қауіпті анықтау;
-стратегиялық резервтерді дайындау мен құру;
- мақсатқа кезең бойынша жету.
Қаржылық стратегияны мақсаттырда ғана қалыптастыруды көздемейді, сонымен қатар осы мақсаттарға жету үшін іс шаралар жоспарын құрастырады. Басқраушылар ағымдағы жағдайдың қаржылық стратегияның мақсатарына сәйкес келуін білу керек. Стратегиялық мақсаттарға жетуді жиі бақылап отыру керек. Стратегияның жүзеге асуын бақылау үшін стратегиялық мақсаттар белгілі бір уақыт аралығында шешу қажет нақты стратегиялық мәселелерге бөлінеді. Стратегиялық мақсаттарға жетуді бақылау тактикалық мәселелерді шешу арқылы жүзеге асады. Қалыптасқан қаржылық мақсаттар бағыттар бойынша топтастырылады және кәсіпорынның қаржылық саясатын қалыптастырады.
Кәсіпорын мақсаты анық қызметі жүзеге асатын бағыт болып табылады. Негізгі мақсаттар құрылымға, басқару жүйесіне ықпал ететін стратегияға әсер етеді. Мақсаттар арқылы иерархиялық жүйе құрылады. Кәсіпорынның тиімділік параметрлерін жоспарлауда қозғалыс жасайтын басты негізгі мақсаттар өсім, рентабельдік, төлем қабылеттілік, нарық үлесі, икемдік, тұрақтылық болып есептеледі.
Мақсаттар бұтағы - иерархиялық жүйеге байланысқан мақсаттардың жиынтығы. Мақсаттардағы қарама - қайшылық мынандай: ұзақ мерзімді мақсаттар қысқа мерзімді мақсаттарға сәйкес келмеуі мүмкін, жалпы мақ-саттар жеке мақсаттармен, кәсіпорынның мақсаттары сыртқы ортамен, кәсіпорынның ішкі ортамен сәйкес келмеуі мүмкін. Сондықтан кәсіпорынның жетістігі үшін мақсат мынадай болуы тиіс:
1) Кәсіпорында қабылданған құндылықтар жүйесіне сәйкес болу;
2) Оған сәйкес келетін қаражатпен қамтамасыз етілу;
3) Жоғарғы реттегі мақсаттарға қайшы болмау;
4) Нақты жүзеге асатындай болу;
5) Мүмкін болатын жанама эффектілерді ескере отырып тиімділікпен қамтамасыз ететін амалдармен мақсаттарға жету;
6) Жетекшілік күші бар, нақты, анық, қысқа құрылу, бірден түсінікті болу;
7) Күрделі мақсаттар тиімділік талаптарына сай құрылып, мақсаттар бұтағын құрау керек.
Өз мақсаттарын, мақсаткерлігін бекіткеннен кейін жетекші стратегиялық жоспарлау процесінің диагностикалық кезеңін бастауы қажет. Бұл - үш параметрлер бойынша бағалау:
1) Ағымдағы стратегияның түрлі аспектілеріне ықпал ететін өзгерістерді бағалау;
2) Кәсіпорынның ағымдағы стратегиясына қандай факторлар қауіп әкелетінін анықтау;
3) Жалпы кәсіпорынның мақсаттарына жету мүмкіндіктерін қай факторлар көрсететінін анықтау.
Қорыта келе,қаржылық стратегияның маңызды мақсаттарына - қаржылық және төлемдік тәртіпті күшейту, бюджеттік дағдарыстан шығу, инфляция деңгейінің әрі қарай төмендеуі, кәсіпорындардың қайта құрылу реформалануын өткізуі жатады.
