Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
standart.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
69 Кб
Скачать
☆

5. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы қр заңына шолу

Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

 Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiктiң мақсаты мүдделi тұлғаларды дара кәсiпкерлер мен ұйымдардың қаржылық жағдайы, қызметiнiң нәтижелерi және қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.

Есептеу мен үздiксiздiк бухгалтерлiк есептi жүргiзудiң және қаржылық есептiлiктi жасаудың принциптерi болып табылады.

Түсiнiктiлiк, орындылық, сенiмдiлiк және салыстырмалылық қаржылық есептiлiктiң негiзгi сапалық сипаттамалары болып табылады.

 6-бап. Бухгалтерлiк есеп жүйесi

      1. Бухгалтерлiк есеп дара кәсiпкерлер мен ұйымдардың операциялары мен оқиғалары туралы ақпаратты жинаудың, тiркеудiң және қорытудың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасымен, сондай-ақ есеп саясатымен регламенттелген тәртiпке келтiрiлген жүйесiн бiлдiредi.       2. Есеп саясаты Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына, халықаралық немесе ұлттық стандарттарға, шағын және орта бизнеске арналған халықаралық стандартқа және бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгi жоспарына сәйкес, олардың қажеттiлiктерi мен қызмет ерекшелiктерi негiзге алына отырып, бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есептiлiктi жасау үшiн дара кәсiпкер немесе ұйым қолдануға қабылдаған нақты принциптердi, негiздердi, ережелердi, тәртiп пен практиканы бiлдiредi.       3. Операциялар мен оқиғалар бухгалтерлiк есеп жүйесiнде көрсетiледi, бұл ретте:        1) бухгалтерлiк жазбаларды бастапқы құжаттардың түпнұсқаларына сайма-сай бекiту және бухгалтерлiк жазбаларда барлық операциялар мен оқиғаларды көрсету;        2) операциялар мен оқиғаларды хронологиялық тәртiппен және уақтылы тiркеу;        3) синтетикалық (қорытынды) есепке алуды талдамалық (егжей-тегжейлi) есепке алуға сәйкес келтiру қамтамасыз етiлуге тиiс.       4. Операциялар мен оқиғалар ұйымдардың уәкiлеттi орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген талаптарға сай келетiн бухгалтерлiк есеп шоттары үлгi жоспарының негiзiнде синтетикалық шоттарда екi рет жазу тәсiлiмен көрсетiледi.       Операциялар мен оқиғалардың талдамалық есебiн жүргiзу тәртiбiн дара кәсiпкер немесе заңды тұлғаның лауазымды адамдары (бұдан әрi - басшылық) белгiлейдi, олар Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне және құрылтай құжаттарға сәйкес дара кәсiпкердiң немесе ұйымның қажеттiлiктерiн негiзге ала отырып ағымдағы басшылықты және iстердi жүргiзудi жүзеге асырады.       5. Жеке кәсiпкерлер мен ұйымдар мемлекеттiк тiлде және (немесе) орыс тiлiнде бухгалтерлiк есеп жүргiзудi және қаржылық есептiлiк жасауды қамтамасыз етедi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]