Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
адеб.теор. удачи 3.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
802 Кб
Скачать
☆

38. Әдебиет пен өнердің халықтығы

Әдебиеттің халықтығы – көп мағыналы ұғым, яғни, 1) жеке шығармашылықтың ұжымдық шығармашылыққа қатынасы: шығармашылық алмасу мен кәсіби әдебиеттің халқықтық шығармашылықтағы поэтика, образ, сарындарды мұра ету деңгейі; 2) көркем шығармадағы халық бейнесі мен оның дүниеге көзқарасының өнердегі көрінісінің тереңдігі мен сәйкестігінің (адекватность) өлшемі; 3) өнердің қалың бұқараға эстетикалық және әлеуметтік тұрғыдан түсініктілігнің өлшемі. Тарихи дамуға орай өнердің суреттеу құралдары да, автор көздеген идеялық мұрат та өзгеріске ұшырайды. Сол себепті «әдебиеттің халықтығы» деген ұғымның аясы да өзгеріп отырады. Әдебиеттің халықтығының ең басты өлшемі – халық үшін ең маңызды да қажетті құбылыстар мен өзгерістерді бейнелеу. Әдебиеттің ұлы туындылары қай кезде де өз алдына халықты толғандырған сауалдарды қойып, қоғамдық өмір заңдылықтары ашылатын аса маңызды құбылыстарды бейнелеп отырған. Екінші өлшем – аталған дәуірдің ең озық идеалдарына негізделген өмірлік ақиқатты шынайы суреттеу. Алайда осы аталған екі өлшем әдебиеттің халықтығы ұғымын толығымен көрсетпейді. Себебі шығармада халық үшін маңызды да қажетті жағдайлар суреттеліп, сол дәуірдің ең озық идеалдарымен үндесіп жатуы мүмкін. Бірақ соның бәрі ешкімді қызықтырмайтын қарабайыр үлгіде баяндалуы да ықтимал. Демек, өнер туындысының халық игілігіне айналуында қаламгер шеберлігі орасан маңыз алмақ. Әдеби шығармашылықта қаламгер ұлылығы өмірдің маңызды құбылыстарын кеңінен қамти білуімен, оған тереңдей бойлауымен және бейнелеу қуатымен өлшенеді. Осы белгілер арқылы алдыңғы екеуімен тығыз байланысты үшінші өлшем шығады. Яғни, халықтықтың үшінші өлшемі қаламгер шеберлігі болып табылады.

39. Өлеңдегі редиф ұйқас

Өлең жолдарындағы ұйқас туралы айтқанда редиф жөнінде айтпай кету мүмкін емес, өйткені бұл құбылыс — ұйқаспен тікелей байланысты мəселе.

Редиф — көркемдік тəсіл жəне поэзиялық шығармаларда кездесетін ерекшелік.

Бұл турасында профессор С .Негимов: «Ұйқастың буындық құрлысына тоқталғанда өлең эвфониясын арттыратын редифті ұйқас та мол ұшырасады. Редиф дегеніміз — ұйқастан соң бір не бірнеше сөздің тұрақты қайталануы.

Ұйқастың редифпен келуі буын мен дыбыс үндестігіне сəйкестелуі өлеңнің музыкалығына кең өріс ашады» [1] дейкеліп, бұл қосымшаның əдеби айшықтығын баса көрсеткен.

Ал біздің тарапымыздан бұл қосымшалардың тілдік тұлға түріндегі байланыстырғыш рөлі көрсетілмекші. Ерте заман поэзиясындағы редиф құбылысының мəнін А.Ахметбек былайша көрсеткен : «Ахмет Йассауи хикметтері зікір негізінде туындағандықтан, зікірдің атрибуты қайталамалар (редиф) өте көп кездеседі. Оның«мəнə», «әрміш» сияқты жай редифтермен қатар күрделі бір тармақтық редифтерді А.Əділова қолдануы хикметтердің əуендік ырғақта айтылуына мүмкіндік берген. Бұл редифтер көркемдеу қызметімен қоса əр тармақ не шумаққа мағыналық толықтық пен мəнерлілікті

Беріп отырған» [2]. Ал орыс ғалымы Стеблева өзінің «Ритм и смысл классической тюркоязычной поэзии» деген еңбегінде редифті: «Согласно определению средневековых поэтик, редиф— это одно или несколько слов, следующих за словами с буквой равви (т.е за рифмующимися словами). Редиф должен быть неизменным на всем протяжении стихотворения .

Это значит, что слова, образующие редиф, должны употребляться одинаковой грамматической форме, иметь один и тот же смысл и занимать в бейтах ритмическую тождественную позицию» [3; 89], — деп сөз еткен.

Негізінен, редиф түзеуге ең көп қатыстырылатын элемент— күрделі етістіктің көмекші сыңары. Демек, бұлқұбылыс, еңалдымен, баяндауыш мүшелердің құрамында молынан жүзеге асады. Бұл турасындағы пікірімізді нақтылау үшін

Стеблеваның мына тұжырымын ұсынамыз: «Очень часто в редиф ставится вспомогательный глагол, образующий глагольную часть сказуемого, и уж поэтому редиф невозможно было исключить из бейта(или его полустиший), Не нарушив смысл, заключенный в их предложениях» [3; 90].

Жыраулар туындыларында күрделі баяндауыштың көмекші сыңары əр сөйлем сайын қайталанып редиф жасайды. Өздері қатыстырылған жолдардың өзгеше өрнегін айшықтайды.

Бұл олардың өлең жолдары ішіндегі əуез талабын еселеуші құрал қатарына енуі. Мұнда келер шақ есімшенің жалғауымен келген е-етістігі жиі қолданылады