- •Қазіргі психологиядағы математикалық әдістер пәні бойынша қысқаша лекциялар
- •Математикалық әдістер негіздері
- •Өлшеу ұғымы. Таңдау ұғымы.
- •Оларға математикалық статистиканы қолдану
- •Параметрлік емес критерийлер
- •Әртүрлі психологиялық зерттеу нәтижелеріндегі байланыспаған таңдаулар үшін параметрлік емес критерийлер негізі
- •Өзгергіштіктер арасындағы тәуелділіктер ді статситикалық зерттеу.
- •Уі. Психологиядағы математикалық әдістер пәніне арналған демонстрациялық материал: Психологиялық зерттеулердің статистикалық өңдеу тәсілдерінде қолданылатын белгілеулер:
- •Уіі. «Психологиядағы математикалық әдістер» пәніне арналған глоссарий
Өзгергіштіктер арасындағы тәуелділіктер ді статситикалық зерттеу.
Математикалық статистика көп жақты пән, оның ішінде біз көп өлшемді және факторлы анализ, ықтималдылықтар теориясы, аналитикалық геометрия және басқа да аспектілерін қарастырған жоқпыз. Бұл математикалық теорияларды оқып үйрену үшін алдымен қарапайым математикалық статистика негіздерін білу керек. Біз өзімізге мына міндеттерді жүктедік:
студенттерде математикалық әдістерді психологиялық зерттеулерде қолдану негіздерін қалыптастыру;
негізгі математикалық ұғымдарды психологиялық зерттеулерде қолдана алу білімдерін тереңдету;
психологияда кеңінен қолданылатын эксперимент нәтижелерін талдау әдістері мен модельдеу тәсілдерін беру.
Сонымен жалпы алғанда психологиядағы барлық сандық бағалау мәні бойынша статистикалы болып саналады. Алынған зерттеу нәтижелері математикалық статистика көмегімен өңделеді. Математикалық статистика математиканың қолданбалы саласының бірі, эмпирикалық мәліметтерді талдайды және жүйелендіреді. Статистика-бақылау тәсілі, оның әдісі, мәліметтерді жинау және оны талдау.
Ең бастысы таңдалған методиканың валидтылығын, сенімділігін және обьективтілігін дәлелдеу. Алынған зерттеу нәтижелері белгілі бір статистикалық көрсеткіштер арқылы суреттеледі. Соның негізінде оларға сәйкес математикалық тәсілдерді қолдануды үйрену әрбір зерттеушінің кәсіби міндеті болып табылады.
«Статистика» деген сөз жиі түрде «математика» деген сөзбен, күрделі формулалармен ассоциацияланып студенттерді үркітіп жүреді. Статистика (Мак Коннелл) ол ең алдымен ойлау тәсілі, оны қолдану үшін математиканың тек негізін ғана білу жеткілікті.
Күнделікті өмірде өзіміз байқамаймыз статистиканы күнде жасаймыз. Бюджетті жоспарлаймыз, үнемдейміз сонымен қатар алған информацияларды таңдаймыз, топтаймыз, жіктейміз, реттейміз оларды басқа мәліметтермен байланыстырамыз соның арқасында дұрыс шешім алуға тырысамыз.
Осы жағдайлар ғылыми мәліметтерді синтездеу операциясынан ешбір айырмасы жоқ болады. Осы жағдайдың бәрін толық түсіну үшін статистика туралы хабарымыз болуы керек.
1.Суреттеуші статистика - алынған мәліметтерді кестелейміз, графике саламыз, нәтижелерді бөлу көрстекіштерін кесте, график түрінде өрнектейміз, сол берілген бөлудің орташа мәндерін есепптейміз, оның жайылуын (размах) және дисперсияны есептейміз.
2.Индуктивті статистика - сол популяциядан алынған таңдау (выборки) берген мәліметтерді барлық популяцияға тарата аламыз ба сол жағдайды тексеруден тұрады.
Басқаша айтсақ индукция жолымен эксперимент немесе бақылау барысында шектелген топты зерттеуде табылған заңдылықтарды және объект сандарын үлкен сандарға қаншалықты және қандай дәрежеде жалпылауға болатынын табуға мүмкін етеді.
Индуктивті статистика көмегімен таңдау көлемін зерттеуден алған мәліметтер негізінде қандайда бір қорытындылар мен жалпылаулар жасалынады.
Психологияда зерттеулерді математикаландыру міндетін шешу барысында қолданбалы математиканың ерекше бөлімі ретінде психометрия алынады. Бұрынғы кеңестік психологияда ол математикалық психология деген атау алды. Өлшеу процесі барлық эмпирикалық ғылымның негізіне жатады.
Психологиядағы қолданылатын өлшеу процедураларының өзіндік ерекшеліктері бар. Психологиялық өлшеулер зерттеуге қатысты қолданылатын өлшеу шкалаларының типтерінен тәуелді болып топтанады. Мұнда ескеретін мәселе мынада, психологияда қолданылатын шкалаларды бөлу формальды сипатқа ие емес, әрбір шкала математикалық аппараттың белгілі бір шегінде ғана қолданылады.
Психологиялық өзгергіштік немесе психологиялық шкалалау дегеніміз – психикалық процестер мен күйлердің ерекшеліктерін өлшеу үшін қолданылатын процестер мен күйлердің ерекшеліктерін өлшеуде қолданылатын эксперименттік және математикалық тәсілдердің жиынтығы. С.С. Стивенстен кейін «шкалалау» терминінің орнына «өлшеу» ұғымы қолданылады.
Психологиялық процестерді шкалалау дегеніміз оларға сандарды белгілі бір ережемен теңестіру. Ол сандар өлшеуге түсетін құбылыстарды бейнелейді. Эмпирикалық жүйелерді математикалық жүйелер көмегімен суреттеп, әрекеттерді сандар қатынасымен алмастыратын өлшеу психология ғылымын суреттеуші сипаттан жаңа фактілерді көрсете алатын ғылымдарға айналдырады.
Психологиялық өлшеудің ерекшелігі мынада, сандар теңестірілетін обьектілер үшін психикалық құбылыстардың өздері алынбайды, мінез-құлық пен іс-әрекеттің әртүрлі «бірліктері» және физиологиялық реакциялар алынады. Зерттеу нәтижелерін анализдейтін сандық және сапалы сипаттамалар-көрсеткіштер деп аталады.
Кез-келген әрекет көптеген факторлармен шарттанады. Олардың кейбіреулері лабораториялық экспериментте де бақылауға көнбейді. Сондықтанда психологияда қолданылатын көптеген көрсеткіштер кездейсоқ шамалар болып табылады, яғни ықтималдылықтар арқылы сандық мәндердің көптігі ретінде қолданылатын шамалар болып табылады.
Ғылыми қорытындылар бір ғана мәліметпен шектелмейді, көп мәліметті қажет етеді, ондай көптіктерді алу үшін өлшеулерді көп рет қайталау керек. Одан алынған сансыз көп сандық мәндерді математикалық статистиканың көмегімен арнайы өңдеу керек. Сондықтанда психолог зерттеуші әртүрлі зерттеу мәліметтерін жинаумен қатар оларды өңдеудің математикалық тәсілдерін игеру керек.
Мәселен зерттеуден алынған орташа мән өлшенген процестің шын шамасы деуге болмайды, алайда оны «қателер» немесе өлшеу методикасы дәл деп те түсінуге болмайды. Бұл шама ықтималды мән болып табылады. Ықтималдылық математикалық термин, бұл ұғым шектеулі ұғым, кездейсоқтық ұғымымен математикалық тұрғыдан тәуелді.
Психикалық құбылысты өлшеуде оның статистикалық сипаты көрінеді. Психикалық процестердің өту шарты мен өту салдарының арасында біржақты немесе функционалды байланыс жоқ. Бұлар статистикалық жиынтықты немесе сапалы және сандық жиынтықты өзіне жинайды. Статистикалық заңдылықтарды бөлу немесе анализдеу және берілген құбылысты қажетті және кездейсоқ деп бөлу мәселелерімен математикалық статистика айналысады.
Сонымен жалпы алғанда психологиядағы барлық сандық бағалау мәні бойынша статистикалы болып саналады. Алынған зерттеу нәтижелері математикалық статистика көмегімен өңделеді. Математикалық статистика математиканың қолданбалы саласының бірі, эмпирикалық мәліметтерді талдайды және жүйелендіреді. Статистика-бақылау тәсілі, оның әдісі, мәліметтерді жинау және оны талдау.
«Статистика» деген сөз жиі түрде «математика» деген сөзбен, күрделі формулалармен ассоциацияланып студенттерді үркітіп жүреді. Статистика (Мак Коннелл) ол ең алдымен ойлау тәсілі, оны қолдану үшін математиканың тек негізін ғана білу жеткілікті.
Күнделікті өмірде өзіміз байқамаймыз статистиканы күнде жасаймыз. Бюджетті жоспарлаймыз, үнемдейміз сонымен қатар алған информацияларды таңдаймыз, топтаймыз, жіктейміз, реттейміз оларды басқа мәліметтермен байланыстырамыз соның арқасында дұрыс шешім алуға тырысамыз.
Осы жағдайлар ғылыми мәліметтерді синтездеу операциясынан ешбір айырмасы жоқ болады. Осы жағдайдың бәрін толық түсіну үшін статистика туралы хабарымыз болуы керек.
1.Суреттеуші статистика - алынған мәліметтерді кестелейміз, графике саламыз, нәтижелерді бөлу көрстекіштерін кесте, график түрінде өрнектейміз, сол берілген бөлудің орташа мәндерін есепптейміз, оның жайылуын (размах) және дисперсияны есептейміз.
2.Индуктивті статистика - сол популяциядан алынған таңдау (выборки) берген мәліметтерді барлық популяцияға тарата аламыз ба сол жағдайды тексеруден тұрады.
Басқаша айтсақ индукция жолымен эксперимент немесе бақылау барысында шектелген топты зерттеуде табылған заңдылықтарды және объект сандарын үлкен сандарға қаншалықты және қандай дәрежеде жалпылауға болатынын табуға мүмкін етеді.
Индуктивті статистика көмегімен таңдау көлемін зерттеуден алған мәліметтер негізінде қандайда бір қорытындылар мен жалпылаулар жасалынады.
Бұл орайда психология ғылымын басқа нақты ғылымдардан ажырату мүмкін емес. Зерттеу әдісіне байланысты психологияны гуманитарлық ғылымдар қатарына жатқызады, ал қазіргі кезде анализдердің нәтижесінің ыңғайына қарай жаратылыстану ғылымдарына жатқызылып келеді. Бір жағынан жаңа психологиялық зерттеулердің нәтижесін алуға мүмкіндік туды.
Психологияда математиканы қолданудағы ең басты әдісі ол математикалық модельдеу әдісі. Объективті әрекетті субъективті бейнелеу процесі психологияда мінез-құлық пен іс-әрекетті реттеу үшін қажет. Кейде психологияда математикалық әдістер эксперименттік мәліметтерді өңдеу үшін қажет деген көзқарас қалыптасты, бірақ бұл көзқарастың ауқымы шектеулі.
