- •Ағаш материалдардың тасымалдау ерекшеліктері.
- •Берілген жүктің массасын тексеру (жетіспеушілік, өзгерістер). Есептің тәртібі және рәсімі. Коммерциялық акті. Ортақ пішіннің актісі.
- •Вагондағы жүк массасын анықтау тәсілдері. Темір жолдағы салмақтың шаруашылығы. Өлшеу автоматизациясы.
- •Вагондардың статистикалық жүктемесі (нагрузка). Статистикалық жүктемені арттыруға бағытталған шаралар,олардың нәтижесі.
- •Жергілікті вагон өңдеуінің технологиясы. Жергілікті вагонның қарапайым нормалануы
- •Жөнелту маршруттары және оларды ұйымдастыру.
- •Жүк құжаттары
- •Жүк станциясында орындалатын негізгі операциялар түрі. Тасымалдау жасау және жүк жұмыстарының әдістері.
- •Жүк тарифтері.
- •Жүктердің хабарлау түрлері. Тасымалдау түрлері.
- •Жүкті қайта жіберу
- •Контейнерлік тармақтарда жүктік және коммерциялық операцияларының орындалу технологиясы.
- •Көліктік-экспедициялық қызмет көрсету. Орталықтандырылған жүктерді жеткізу мен тасып шығару.
- •Мәлімемелердің орындалуына және жүктің тасымалдалуына жауапкершілік.
- •Өнеркәсіптік ұйымдардағы кірме жолдар, вагондарды тазалауға берудің реті, вагондардың тұрып қалудың түрлері. Біртұтас технологиялық процес (бтп)
- •Тағайындалған бекеттегі жүк және коммерциялық операциялар (поездың ыңғайын табу ақпараты, поездың келу операциялары, тасымалдау құжатының рәсімі, вагон берілісі туралы ақпарат)
- •Тағайындалған стансада жүкті жіберу тәртібі. Жүк жіберу құжатының рәсімі, жүк түрін тексеру және массасы
- •Тағайындалған стансадағы жүк және коммерциялық операциялар (вагонның берісі, жүктің алымы ). Вагонды тазалау, жүктің сақталуы.
- •Тапсырылатын станцияда орындалатын жүк және коммерциялық операциялар (жүкті түсіру, сақтау, тарату,тексеру, жүк массасы).
- •Тез бүлінетін жүктердің тасымалдау ерекшеліктері. Рефрижераторлық жылжымалы құрам (ржқ).
- •Темір жол көлігімен тасымалданатын жүктің есептік карточкасының дұрыс құру тәртібі (есептік карточканың мазмұны, толтыру тәртібі).
- •Тиеу орнынан тасмалдауды маршруттау. Маршруттаудың түрлері. Маршруттау тиімділігі.
- •Халықаралық құжаттар: invoice, т.Б.
Вагондағы жүк массасын анықтау тәсілдері. Темір жолдағы салмақтың шаруашылығы. Өлшеу автоматизациясы.
Таразы шаруашылығы темір жолда түрлі таразылар үлгісімен, салмақты бақылау аспаптарымен, таразының әрекетінің дұрыстығының тексерісі үшін құрылымдармен және жөндеуге арналған шеберханалармен жабдықталған. Жабық қоймаларда жүктер жүккөтерімділігі 0,5 тоннадан 3 тоннаға дейін жылжымалы таразыларда өлшенеді және стационарлық таразыларда межелі жүк салмағы 5 тонна.
Динамикалық таразыда өлшеудің негізгі принципі-жүк тиелген вагон салмағы арнайы жабдықталған платформа үстімен жүріп өтуі кезінде анықталады. Өлшеу барысындағы маңызды мәселе- вагон типін дұрыс анықтау, вагондағы әр оське түсетін жүктемені анықтау жане өлшенбейтін локомотив түрін анықтау.
Динамикалық өлшеу барысындағы маңызды сұрақтардың бірі- өлшеу түрін таңдау: вагон бойынша, ось бойынша немесе арбашық бойынша (потележечный)
Вагон бойынша өлшеу кезінде таразы платформасы вагон сыятындай ұзындықта болады және вагон тұтастай өлшенеді.
Арбашық бойынша өлшеу кезінде алдымен бірінші арбашық өлшенеді де ол компьютер жадында автоматты түрде сақталады. Содан соң екінші арбашық өлшеніп екеуінің салмағы қосылып, бір вагон салмағын көрсетеді.
Ось бойынша өлшеу кезінде әр оське түскен жүктеме анықталып солардың қосындысынан вагон салмағы есептеледі.
Вагондардың статистикалық жүктемесі (нагрузка). Статистикалық жүктемені арттыруға бағытталған шаралар,олардың нәтижесі.
Вагонның орта статикалық жүктемесі тиелген жүктің жалпы тонна санын вагонның физический жүктемесінің санына бөлгенге тең. Бұл көрсеткіш бір вагонға тиелген жүктің тонна санын ескереді. Пайдалану дәрежесін жүккөтерімділігін пайдалану коэффициенті сипаттайды- статикалық жүктемесінің вагонның жүккөтерімділігіне қатынасы. көрсеткшінің.
Вагонның жүккөтерімділігін және сыйымдылығын тиімді пайдалану мақсатында, вагондарды тығыздап жүктемелеудің алдынғы қатарлы әдісі кең таралды
Вагонды тығыздап жүктемелеудің неғұрлым кең таралған әдістеріне жатады:
Салмақты жүктерді вагонның бортынан жоғары тиеу. Салмақты жүктердің бір бөлігін, жоғары емес салыстырмалы көлемдік массалы жүктерді(көмір, кокс, кірпіш және т.б.) «шапка» деп аталатын вагон бортының деңгейінен жоғары тиейді, ал орман материалдарын тасымалдауда тиеудің толық габаритін, оның ішінде оның тарылған (суженную) бөлігін де пайдаланады. Бірақ қазіргі қозғалыс жылдамдығымен көмірді және кокстық ұсақтарды «шапка»-мен тасымалдауда, үрленуден жүктердің көп көлемі азаяды. Осы жоғалуды азайту үшін бірнеше мероприятилар пайдаланады(арнайы катоктары бар виброқұрылғылар көмегімен жүкті тығыздау, жүкті майлармен жабу және т.б.). Орман материалдарын габариттің тарылған бөлігін пайдаланып тиеу әдісі вагон жүктемесін 20—25%-ке арттырады;
үлкенемес көлемдік массалы жүктерді (торф, кокс, қант свекласы) тасымалдауда вагон көлемін үлкейту үшін платформалар және жартылай вагондардың бортын өсіру және решеткалау;
автомобилдерді жартылай қисық қалыпта тиеу, әртүрлі машиналарды және механизмдерді араласытырып тиеу, оларды жартылай бөлшектеп тиеу;
вагонды жеңілсалмақты және ауыр салмақты жүктермен араластырып жүктемелеу. Жеңілсалмақты және ауырсалмақты жүктердің тиімді қатынасы есептеулермен анықталады;
