Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Инкар 21 26 дейын.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35 Кб
Скачать
☆

1 Жауап жок

Билеті № 25

  1. Нарықтық экономика жағдайларында коммуникациялық қызметтің маңызы

2 Коммуникациялық кедергілерді жою әдістері

Коммуникация дегеніміз қарым қатынас, екі және одан да коп адамдардың өзара түсінісуге негізделген байланысы: бір-бірінен ақпарат, мәліметтер алмасуы. Басшы өзінің көпшілік уақытың мәліметтер алу және шешім қабылдау үшін біреулермен байланысуға, қарым-қатынас орнатуға арнайды. Басқарудың жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау қызметтерін орындау да қарым-қатынас орнатуға байланысты. Коммуникация – басшылық етудің байланыстырушы процесі болып саналады. Басшы өз уақытының көпшілік бөлігін әңгіме, кеңес өтікузге, тікелей байланыс орнатуға, мәлімет алмасуға жұмсайды. Осыған орай жеке адамдар арасындағы коммуникацияда қандай кедергілер болатындығын білудің айрықша маңызы бар.

Бірінші қабылдауға — түсініп, ұғынуға қатысты кедергілер. адамдардьін қабылдап, ұғынуына алуан түрлі факторлар ықпал етеді, сондықтан коммуникация тиімділігін кемітпес үшін бұларды ескеру қажет. Коммуникациялық ахуал басшылар мен бағыныштылар арасындағы өзара қарым-қатынасқа байланысты. Кедергілердің өзі осылардын арасындағы келіспеушіліктегі немесе пікір қайшылықтарынан туындайды.

Семантика — сөзді және а.йтылған сез мәнін пайдалану әдісін зерттейді.

Екіншіден – байланысқа қатыса қатыса отырып және символдарды пайдаланып, мәліметтер алмасады, әрі оны түсінуге тырысады да, мұндайда сөз символын, дене қимылы мен мәліметтерді қолданады.

Үшіншіден, вербалсыз (латынша вербалис — ауызша, сөздей деген мағынаны білдіреді) кедергілер. Вербалсыз қатынаста сөзден басқа кез келген символдар қолданылады. Вербалсыз хабар (передача) көп жағдайда вербалды хабармен қоса өтеді де, сөз мәнін күшейтуі де немесе өзгертуі де мүмкін. Вербалсыз қатынас мысалына пікір алмасуды, адамның бет-әлпетіндегі өзгерісті, мәселен, күлкісін, қабылдамау белгісін, ойнақы немесе түнерген қалпын, қабылдаған немесе қабылдамаған көзқарасын алуға болады.

Төртіншіден, нашар кері байланыс. Кері байланыс өте маңызды, өйткені оның өзі сіздің алған хабарыңыздың нақтылығын анықтауыңызға мүмкіндік береді. Басшылар тарапынан жіберілген хабарға қатысты кері байланыстың болмауы жеке адамдар арасында мәлімет алу тиімддігін шектейді.

Бесіншіден, тыңдай білмеу. Қарым-қатынас тиімділігін арттырудың маңызды жағдайларының бірі — адам хабарды жібергенде де және кабылдағанда да бірдей дәл болуы тиіс.

Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас тиімділігін арттыру үшін мынадай жайттар ұсынылады:

— мұқият тыңдай білуге дағдылану;

— өз идеяңды айтпас бұрын айқындап алу;

— потенциалдық семантикалық проблемаларды қабылдай білу;

— өзіңнің дене тұрысыңа, қимылыңа, дауыс ырғағыңа зер салу;

— эмпатияға және ашық жарқын әңгімеге көңіл бөлу. Эмпатия — бұл басқа адамның сезіміне көңіл аудару, әрі өзара пікірлескенде, хабар алмасқанда қолдау, көңілді әңгімелесу;

— кері байланыс орнатуға тырысу.

1, 3 Жауап жок

Билеті № 26

4 Коммуникативтік тұлғаға тән қасиеттер

Коммуникативтік тұлғааралық қатынастарды ұйымдастыру және қолдау функциясы. Кез-келген адамның қарым-қатынасы өзге адамдарды бағалаумен және белгілі бір – жағымды немесе жағымсыз эмоциалық қатынасты орнатумен байланысты. Тіпті бір адамның өзіне әр түрлі жағдайда біз түрліше қатынас жасаймыз.

Тұлға ішіндегі қарым-қатынас формасы. Өз-өзімен жүргізетін диалогтың негізінде адам белгілі бір шешімдер қабылдап, маңызды әрекеттерге барады.

Тұлғаның нақты әлеуметтік жағдаятта әрекет етуі барысында мінез-құлықтық және когнитивтік іскерліктерді айқындай білуі.

Әлеуметтік интеллектінің жетіспеушілігін эксперименттік-педагогикалық зерттеудің үш деңгейі «бейімделушілік» феномені негізінде қарастырылуы қажет және олар былай көрініс береді,олар:

  1. тұлғалық – бейімделу міндетін жүзеге асыруға көмектесетін оқушының тұлғалық әлеуметтік-психологиялық әлеуетінің көрінуі.

  2. әлеуметтік – оқушының мүмкін бейімделу белсенділігін айқындауға көмектесуші әлеуметтік-коммуникативтік құзыреттіліктің даму деңгейін сипаттау.

  3. Психологиялық – тұлғаның әлеуметтік-психологиялық бейімделунің қалыптасуының даралық-әлеуметтік диспозициялар жүйесінің айқындалуы.