- •3. Дәріс сабақтарының конспектісі
- •Үшінші әдістер немесе қабаттардың мұнайбергіштігін арттыру әдістері.
- •Дәріс №2. Мұнай кенорындарын игерудегі суландыру әдісі. Суландыру технологиясы.
- •2.1 Ұңғылардың орналасуы
- •3.1 Қққ үшін тереңдік сулары қолданудың техникасы мен технологиясы
- •8.1 Коллектор қасиеттерінің және оған қаныққан сұйықтардың температураға тәуелділігі.
- •8.2 Мұнайды бумен ығыстыру
Үшінші әдістер немесе қабаттардың мұнайбергіштігін арттыру әдістері.
Қазіргі кездегі қабылданған классификацияға сәйкес МАӘ бес топқа жіктеледі: физика-химиялық, физикалық, жылу, газдық және микробиологиялық.
2.1.Физика-химиялық топқа келесі әдістер кіреді:
2.1.1.Күкірт қышқылының өнеркәсіптік қалдықтарын айдау.
2.1.2. Тұз қышқылының үлкен көлемін айдау.
2.1.3. ПАВ ерітіндісі арқылы мұнайды ығыстыру.
2.1.4. Полимер ерітінділерімен мұнайды ығыстыру.
2.1.5.Полимерлі-дисперстік және басқа да су өткізуші пропласткілері.
2.1.6.Су ағымдарын шектеу және қабаттың түбі маңын гидрофобизациялау әдістері.
2.1.7. Алюминий күкірт қышқылын қолдану.
2.1.8. Мұнайды ығыстырушы реагенттің (су ерітіндісінің) жуу қасиеттерін жақсартатын тринатриий фосфатын қолдану.
2.1.9. Сілті ерітінділерімен мұнайды ығыстыру.
2.1.10. Мұнай мен суды кезекпен айдау.
2.1.11. Мицеллярлық-полимерлік әсер ету.
2.1.12. Комбинерленген әсер етуді қолдану.
2.1.13. Қабатқа әсер етудің жүйелік технологиясы.
2.1.14. Физикалық-химиялық циклдық әсер ету.
2.2. Физикалық әдістер.
2.2.1. Физикалық өріспен әсер ету.
2.2.2. Электромагниттік әсер ету.
2.2.3. Қабатты гидравликалық жару.
2.2.4. Көлденең ұңғылармен игеру жүйесі.
2.3. Жылу МАӘ.
2.3.1. Ыстық сумен мұнайды ығыстыру.
2.3.2. Қабатқа бу-жылумен әсер ету.
2.3.3. Өндіруші ұңғылардың ұңғы түбі маңын пароциклдық өңдеу.
2.3.4. Қабатішілік жану.
2.3.5. Жылумен әсер етудің біріккен технологиялары.
2.4. Газдық әдістер.
2.4.1. Жоғары қысымды газбен әсер ету.
2.4.2. Су және газбен әсер ету.
2.4.3. Көмірқышқыл газымен әсер ету.
2.4.4. Аралас ығыстыру әдісі.
2.5. Биотехнологиялық МАӘ.
2.5.1. Меластық технология.
2.5.2. Микрофлораны белсендендіру технологиясы.
Негізгі: 1 [161-166]
Қосымша: 7 [2-4]
Бақылау сұрақтары:
1. Мұнайбергіштік коэффициенті дегеніміз не?
2. Сулану, ығыстыру, ауқымдылық коэффициенттері дегеніміз не?
3. Гидродинамикалық МАӘ қалай жіктеледі?
4. Арттырудың үшінші әдістеріне не жатады?
5. Физика-химиялық әдістер тобына қай әдістер жатады?
Дәріс №2. Мұнай кенорындарын игерудегі суландыру әдісі. Суландыру технологиясы.
Дәріс мақсаты: Суландыру технологиясын; суландыруды қолдану арқылы игерудің негізгі көрсеткіштерін; суландырудың қолданылатын түрлерін зерттеу.
Дәріс жоспары: Мұнай кен орындарын суландыру әдістерін қолдану мақсаты. Суландыру кезіндегі ығыстыру мен қабаттың ауқымдылық коэффициентінің негізгі факторларға тәуелділігі.
Мұнай кен орындарын суландыру әдісі қабаттан мұнайды сумен ығыстыру және берілген деңгейде қабат қысымын ұстап тұру мақсатында қолданылады. Қосымша мұнай өндіру үшін қабат-коллекторға су айдалады. Ол қабатқа арнайы су айдау ұңғылары арқылы енгізіледі.
Мұнай кенішіне әсер етудің мақсаттары қабат қысымын қолдау және одан да маңыздысы, соңғы мұнай бергіштікті ұлғайту болып табылады. Соңғы жағдайда әсер ету әдістері басқаша болуы мүмкін және олар қоры азайған, өндірудің соңғы сатысындағы кен орындарда жиі қолданылады, алайда қабат қысымы бастапқы деңгейде қалуы мүмкін немесе одан жоғарылайды.
Әдетте, әсер ету әдістері екі мақсатта жүреді, яғни қабат қысымын қолдау және соңғы мұнай бергіштік коэффициентін ұлғайту.
Мұнай кенішіне әсер ету әдістерінің қолданылу ауқымы өте кең. Мұнайдың шамамен 85%-ы әсер ету әдістері жүретін қабаттардан өндіріледі. Олардың арасындағы басым әдісі қабат қысымын қабатқа су айдау арқылы қолдау әдісі болып табылады.
Қабатқа әсер етудің келесі негізгі әдістері бар.
А. Қабатқа су айдап қабат қысымын қолдау (ҚҚҚ), оларға мыналар жатады:
Нұсқа сыртынан су айдау.
Нұсқа жанынан су айдау.
Нұсқа ішінен су айдау, олардың түрлері:
а) кенішті айдау ұңғыларының сызықты немесе айналмалы қатарларымен бөлу;
б) су айдаудың блокты жүйесі;
в) ошақтап су айдау;
г) таңдап су айдау;
д) алаңда су айдау;
Б. Қабат қысымды газ айдау арқылы қолдау:
Ауа айдау.
Құрғақ газ айдау.
Байытылған газ айдау.
Критикалыққа жақын параметрлер кезінде газ айдау.
В. Әсер етудің жылулық әдістері:
Қабатқа ыстық су айдау.
Қыздырылған бу айдау.
Қабатта жылжымалы жану фронтын жасау.
Қабаттардың түп аймағын жылулық өңдеу.
Сонымен қатар өте шектеулі ауқымда, жоғарыда аталғандармен бірлесіп жүретін басқа да арнайы әдістер бар. Бұл әдістерге құрғақ газбен немесе сумен ығыстырылатын еріткіштер (сұйытылған газ айдау); сумен ығыстырылатын карбондалған су; көмірқышқыл газ; қабат мұнайымен және ығыстырушы агент―сумен араласатын, жиектеу (немесе жұрын) түріндегі мицеллярлы ерітінділер; арнайы аппараттарда ― газдыгенераторларда айдау қысымы кезінде мұнайды жағу арқылы алынатын газдыгенераторлық газдар сияқты әр түрлі заттарды қабатқа айдауды жатқызуға болады.
Бұл әдістердің көбісінің негізгі арналымы – қабат қысымын қолдау емес, мұнай бергіштік коэфициенттін қабат қысымын ішінара қолдау эффектісімен бірлестіріп жоғарылату.
Зерттеулер көрсеткендей, айдау кезінде еріткіштер көлемі, қабаттың айдау және өндіру сызықтары арасындағы көлемінің 5-тен 15%-ға дейін құрауы керек. Газ айдау үшін жоғары қысымдағы (қабат қысымынан жоғары) өте қуатты компрессорлық қондырғылар қажет. Бұл су айдаумен салыстырғанда, өндірілген мұнайдың бірлігіне энергияның үлкен меншікті шығынына әкеледі. Тиімді әдіс – карбондалған суды СО2 айдауды жүзеге асыру үшін, өте үлкен көлемде көмірқышқыл газы қажет. Көмірқышқыл газын қажетті мөлшерде алу көптеген техникалық қиындықтарды туғызады және арнайы күрделі салымдарды қажет етеді.
