- •Глоссарий
- •Силлабус Иммунология
- •5В060700-Биология мамандығы үшін
- •1. Пәннің оқу бағдарламасы — syllabus
- •Оқытушы жөнінде мәліметтер:
- •1.2. Пән туралы мәліметтер:
- •Пререквизиттер:
- •Ожжсөж- дәріс материалдарын толықтыру, кеңейту, нақтылау, жүйелеу, және семинар сабағында ағымдық бақылау жұмысына счтуденттерді дайында болып табылады. (Схема 1)
- •1.6 Курстың тақырыптық жоспары
- •1.7 Сөж бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •1.8 Әдебиет тізімі:
- •Пәннің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
- •1.9 Білімді бағалау бойынша ақпарат Студент білімін бағалаудың (аралық және қорытынды) әдістемесі
- •1.10 Курс саясаты және процедурасы
- •Лимфа бездері
- •Туа пайда болған (түр немесе тұқым қуалайтын )иммунитет
- •Жүре пайда болған иммунитет
- •Антигендер
- •Антигенділік
- •Конъюктивті антиген
- •Микроб клеткасының антигендік структурасы
- •3. Практикалық (семинарлық) сабақтардың тақырыбы мен орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •4. Соөж тапсырмалары мен олардың орындалу графигі
- •5. Сөж тақырыбы мен орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •6 Рубеждік бақылауға арналған тестілік сұрақтары
- •7. Пәннің емтихан сұрақтары
- •Мамандандырылған және зертханалық жабдықтармен білім беру үдерісінің қамтамасыз етілуі туралы мәліметтер
- •Мазмұны
Жүре пайда болған иммунитет
Ертеде өмір сүрген адамдар инфекциялық аурумен ауырып тұрған адам, сол аурумен ауырып жатқан адамды күту барасында қайталап ауырмайтындығын аңғарған.
Әр елдің халқы аурулардың алдын алу шараларына үлкен мән берді. Мысалы, Африка халқы жылан уына қарсы вакцинаны жақсы қолданады. Оңтүстік-Шығыс Азияда біздің эрамызға дейін 2000 жүйе бұрын балаларды шешекке қарсы вакцинациялаған. Ирандықтар кептірілген ұнтақталған шешек қоздырғышының жиынтығын теріге еккен. Черкестер мен грузиндер шешекпен ылғалданған инені тері астына еккен.
Англия, Франция , Германия халықтары шешекпен ауырмас үшін қолы ойылған балаларға сиыр шешегімен ауырған сиырды саудырған.
ХІХ ғ.екінші жартысында Л.Пастер және оның шәкірттері тауық тырысқағы, күйдіргі, құтырма қоздырғыштарын әлсіздеу тәсілін тауып, оны спецификалық иммунизациялауға пайдаланады. Әлсізденген микроб вакцина (иммунизация) деп ааталды. Тірлік иммунитетке қарағанда жүре пайда болған иммунитет өмір сүру барысында пайда болады және ол өмірлік емес. Организимнің ерекшелігіне байланысты әр түрлі мерзімде әлсіреп немесе жойылып кетеді. Бұл иммунитет табиғи және жасанды болып бөлінеді.
Табиғи иммунитет. Инфекциялық аурумен ауырып болғаннан соң организмдерде табиғи иммунитет пайда болады. Мысалы, шешек, туляремия, оба, полиомиелит, қызылша, күл және т.б аурулармен ауырып тұрғанда организимде қорғанғыштық комлексті реакция пайда болады. Олардың мерзімі әр түрлі. Мысалы, қызылша ауруынан кейін өмірлік, ал тырысқақтан кейін бір жылға иммунитет сақталып қалады.
Иммунитет формалары Сурет
Табиғи иммунитет клиникалық айқын ауырған адамдар мен қатар жасырын түрімен ауырған адамдарда да болады. Табиғи иммунитет организимдердің иммуно –биологиялық өзгеру және органдармен ұлпалардың физиологиялық реакциясының түзелу қалпына келу салдарынан пайда болады.
Табиғи иммунитет-белсенді және пассивті болып бөлінеді.1) белсенді-аурудан кейін (постинфекциялық) немесе жасырын инфекция немесе бірнеше реттік инфекция, клиникалық айқын көрінісі болмайды; 2) жас нәрестенің пассивті иммунитеті (аналық, плацентарлық), яғни онтогенез процесінде жатыр ішінде анадан қабылдап алатын иммунитет. Жасанды иммунитет белсенді немесе пассивті иммунизация арқылы жасауға болады.
Жүре пайда болған иммунитет ұрпаққа берілмейді. Ол белгілі бір қоздырғышқа қарсы пайда болады.
Антигендер
Антиген –(лат.antigenum) адам ағзасына (тері асты, тері ішіне, тері үстіне, кілегей қабатқа, бұлшық етке, күре тамырға, ауыз қуысына) енгенде қарсы денелер (антителелар) өнідіреді немесе спецификалық иммунитеттік реакциялардың басқа түрлерімен жауап беретін, ағза үшін генетикалық жат заттар ( белоктар, полипептидтер, полисахаридтер, жоғары байланысқан белоктар) түзеді, яғни антиген әсерінен организмде қорғаныш заттар антителалар түзеледі.
Антигендерге сонымен бірге тірі микробтар,олардың уы, өлген микробтар және әртүрлі белоктарда жатады. Ал антителалар осы айтылған заттар әсер еткенде организм ұлпаларында түзілетін заттар жөне олардың сол антигендерімен күресіп, оларды құртып жіберетінде қабілеті бар. Негізінен антителалар көк бауырдың лимфалық түйіндерінде түзеліп, одан қанға таралады.
Антиген белгілі бір антителалармен спецификалық қатынасқа түседі. Антигендер толық және толық емес (гаптендер) болып бөлінеді. Толық антигендер –бұған жататындар өсімдік және жануар белогы, бактериялар, риккетциялар, вирустар және кейбір бактериялардың экзотоксиндері, микробполисахариді, рибосомалар, нуклеоидтар, митохондриялар, сондай ағза өсімдіктері мен жылан уы (рицин, кротин, курцин, абрин және т.б.). Ас –ішек қуысы арқылы антигенді тез таралып кетсе ғана антигендік қасиет көрсетеді. Егерде баяу таралса ферменттің әсерінен антигендік қасиетін жоғалтады. Толық емес антиген (гаптендер)-бұған әр түрлі көмірсулар, липидтер жатады. Бұларды ағзаға еккенде антитела болмайды, бірақ оған әсер етуі мүмкін. Оған белоктың аз мөлшерін қосса, гаптендер толық антигендік қасиет көрсетеді. Әдебиетке «гаптен» деген терминді К.Ланштайнер (1936 ж.) енгізген.
