Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билеты кардио пулмо 5к.12-13 каз..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8 Мб
Скачать
☆

Билет №14

1. Жедел ми қан айналымының бұзылуымен асқынған, гипертониялық криз кезіндегі диагностикалық критерилері және шұғыл көмек.

2. Науқас 63 жаста, ашық қанды қақырыққа, әлсіздікке, бас айналуына шағымданды.

Анамнезінен: онкологта есепте тұрады. Көп мөлшердегі қанды қақырық түнгі жөтел ұстамасынан кейін кенеттен пайда болған.

Объективті: жағдайы ауыр, айқын кахексия. Науқас шошынған, қозған. Тері жабындылары бозарған. Оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде тұйықталған перкуторлы дыбыс, күрт әлсіреген тыныс естіледі. ТД 28 рет минутына, пульсі аз толымдылықта. Жүрек тондары тұйық, ЖСЖ 96 рет минутына, АҚ 90/60 мм.с.б. Басқа ағзалары ерекшеліксіз.

Науқаста қандай шұғыл жағдай дамыған?

«Жедел көмек» дәрігерінің әрекеті.

Билет №15

1. Жүрекшелік пароксизмалды тахикардияның этиологиясы, патогенезі, диагностикалық критерилері.

2. Науқас 57 жаста, ашық қанды қақырыққа, әлсіздікке, бас айналуына шағымданды.

Анамнезінен: пульмонологта бронхоэктаз ауруы бойынша есепте тұрады. Көп мөлшердегі қанды қақырық түнгі жөтел ұстамасынан кейін кенеттен пайда болған.

Объективті: жағдайы ауыр, күрт жүдеген. Науқас шошынған, қозған. Тері жабындылары бозарған, акроцианоз. Оң жақ өкпенің ортаңғы және төменгі бөліктерінен әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. ТЖ 30 рет мин. Пульс толымдылығы аз. Жүрек тондары тұйықталған. ЖСЖ 96 рет мин. АҚ 90/60 мм с.б. Басқа ағзалары ерекшеліксіз.

Науқаста қандай шұғыл жағдай дамыған?

«Жедел көмек» дәрігерінің әрекеті.

Билет №16

1. Жүрекшелік пароксизмалды тахикардия кезіндегі шұғыл көмек.

2. Науқас 56 жаста, ашық қан араласқан жөтелге, әлсіздікке, бас айналуға, ентігуге шағымданды.

Анамнезінен: бірнеше айлар бойы әлсіздік, қақырықты жөтел, тершеңдік, жүдеу, дене температурасының жоғарлауы 38°С, ентігу мазалаған. Дәрігерге қараламаған, өз бетімен емделген.

Объективті: орташа ауырлықта, күрт жүдеген. Тері жабындылары бозғылт, ылғалды. Температурасы 37,9°С. Сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде тұйықталған перкуторлық дыбыс, әлсіз везикулярлы тыныс, ылғалды сырылдар естіледі. ТЖ 26 рет мин. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ 98 рет мин. АҚ 100/70 мм с.б. Басқа ағзалары ерекшеліксіз.

Науқаста қандай шұғыл жағдай дамыған?

«Жедел көмек» дәрігерінің әрекеті.

Билет №17

1. Қарыншалық пароксизмалды тахикардияның этиологиясы, патогенезі, диагностикалық критерилері.

2. Науқас 32 жаста, бетінің ісінуіне, терісінде бөртпелердің пайда болуына, тыныс алудың қиындауына шағымданды.

Анамнезінен: басының ауыруын басу үшін анальгин қабылдаған. Біраз уақыттан кейін беті, қабағы, құлақтары ісіп, шулы қиналған тыныс алу пайда болған.

Объективті: жағдайы ауыр, науқас шошынып қалған. Беті қызарған, айқын қабақтары, еріннің, құлақтарының ісігі бар.денесінде, аяқ-қолдарында ұсақ нүктелі папулезды бөрпелер бар және тері қышуымен. Өкпесінде бірен саран ысқырықты сырылдар. ТЖ 24 рет мин. Жүрек тондары қатты. ЖСЖ- 98 рет мин. АҚ 140/70 мм с.б. Басқа ағзалары ерекшеліксіз.

Науқаста қандай шұғыл жағдай дамыған?

«Жедел көмек» дәрігерінің әрекеті.