Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
A_1179_parat2.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
152 Кб
Скачать
☆

1.2.Ақпаратты рұқсатсыз алу себептері

Ақпаратқа хабар ретінде қарау 1948 жылғы Клод Шеннонның әйгілі "Байланыстың Математикалық Теориясы" атты мақаласынан кейін қалыптасты. Мақала Байланыс теориясының негізін қалады және ақпарат ұғымына техникалық мағына беріп қана қоймай оған мөлшерін анықтады. Егер құрылғы бірдей ықтималдықпен N хабардың бірін жіберсе, онда “жиыннан хабар таңдалған кездегі ақпарат мөлшері” екі негіздегі логарифм N-ге тең (Бұл мөлшер өздік-ақпарат деп аталады). Сол мақалада Шеннон былай жалғастырады: Логарифм негізін таңдау ақпаратты өлшеу өлшем бірлігіне сәйкес келеді. Егер негізі 2 болса нәтижесінде ақпарат бірлiктері бинарлық сандар, немесе қысқаша Тюки (J. W. Tukey) енгізген биттер болар еді. Екі бірқалыпты дәрежесі бар құрылым, мысалы – реле, бір бит ақпарат сақтай алады. Осындай N құрылым N бит сақтай алады…[1] Алгоритмдік байланыс теориясы ақпаратты өлшеудің қосымша жолын береді. Қысқаша қайырғанда, бұл тәсіл ақпарат мазмұнын белгілер тізімінің болжамдығына негіздеп өлшейді, немесе басқаша айтқанда бағдарлама арқылы тізімді есептеу қаншалықты оңай: тізімнің ақпарат мазмұны ең қысқа осы тізімді есептейтін бағдарламаның биттер саны болып табылады. Төмендегі тізімнің алгоритмдік өлшемі өте аз болар еді, өйткені ол - оңай болжауға болатын құрылым, және құрылым ретінде жалғасқанымен өлшемі өзгермейді. Шеннон ақпараты тізімнің әр белгісі үшін, олар статистикалық кездейсоқ болғандықтан, дәл осындай ақпарат өлшемін берер еді, ал әр жаңа белгі өлшемін үлкейтер еді. 123456789101112131415161718192021 Адамдық көзқараспен қарағанда дәстүрлі ақпарат теориясы мен алгоритмдік ақпарат теорияларының шектеулері бар. Мысалға, хабар мазмұны дегенде Шеннон “Жиі хабарлардың мәні бар… бұл байланыстың семантикалық жағы инженерлік мәселелерге маңызды емес. Маңызды жағы – нақтылы хабардың ықтимал хабарлар жиынының таңдалып алынған бірі болғандығында” (екпін түпнұсқадан сақталған). Ақпарат теориясында сигналдар процесстердің бөлігі болып табылады, субстанция емес; олар бірнәрсе істейді, олардың арнайы мәні жоқ. Алгоритмдік ақпарат теориясы мен ақпарат теориясын бірге пайдалана отырып ең кездейсоқ сигнал қалай тәржімеленсе де ең ауқымды ақпаратты қамтиды, әрі сығыла да алмайды деген тұжырымға келуге болады. Майкл Редди (Micheal Reddy) "математикалық теория 'сигналдары' 'алмаса алатын құрылымдар' деп байқаған. Сигналда еш хабар жоқ, онда тек мүмкін болатын хабарлар жиынынан бір хабарды таңдау қабілеті бар." Ақпарат теориясында "жүйе әр ықтимал болатын таңдаумен жұмыс істей алатындай жобалану керек, тек таңдалғанмен емес, себебі жобалану кезеңінде ол хабар беймәлім болған ".

Киберқылмыс – ақпараттық технологияларды пайдаланумен жасалатын, қылмыстық-жазалау әрекетін көздейтін, қылмыс түрі .

Киберқылмыскердің негізгі мақсаты әртүрлі үдерістерді басқаратын компьютерлік жүйе және онда таралатын ақпарат болып табылады. Шынайы өмірдегі қарапайым қылмыскерге қарағанда киберқылмыскер дәстүрлі – пышақ және тапанша секілді қаруды қолданбайды. Оның арсеналы – ақпараттық қару, желіге ену, программалық жасақтаманы бұзу және модификациялау, ақпаратты рұқсатсыз алу және компьютерлік жүйенің жұмысын уақытша тоқтатуға қолданылатын барлық құралдар.

Қолдарында статистикалық мәліметтері бар ресми тұлғалар, киберқылмыстың іс жүзіндегі ахуалы туралы нақты мағлұматтар беру мүмкін емес деп санайды.

Біріншіден, қазіргі заман талабына сай ақпараттық және компьютерлік технологиялардың дамуына байланысты олардың функционалдық мүмкіндіктері де өсе түсуде, ал бұл өз негізінде киберқылмыстар деректерін табу процесін қиындатады. Қылмыстың басқа дәстүрлі түрлеріне қарағанда киберқылмыстан зардап шеккендер көп жағдайда қылмыстық қол сұғушылыққа тап болғандарын сезбейді, немесе қылмыс байқалған кезде құқық қорғау органдарына ол туралы хабар өте кеш түседі.

Екіншіден, киберқылмыстарға байланысты қылмыстық істер бойынша анықтау және тергеу істерін жүргізетін мамандардың көбіне техника саласынан білім деңгейлері жеткіліксіз болады.

Үшіншіден, көптеген компьютер жүйелері мен желілерінде қорғаныс жүйесі төмен немесе мүлдем жоқ, ал мұндай жағдайда қылмыстық әрекеттің табыспен аяқталуы және “байқатпай кетіп қалу” мүмкіндігі зор.

Төртіншіден, өз фирмалары мен кәсіпорындарының беделін ойлайтындар бұл туралы көпшілікке жария етуді, заң орындарына белгілі себептермен құқық қорғау органдарына хабарлауды артық санайды.

Желідегі шабуылдар, пластикалық төлем карточкаларымен алаяқтық, банктік шоттардан қаражат ұрлау, корпортативтік тыңшылық, заңсыз порнографиялық материалдарды тарату – бұл киберқылмыскерлердің Интернет желісінде жасап жүрген қылмыстарының тек бірнешесі ғана. Мұндай құқық бұзушылық әрекеттер басқа көптеген әлем елдеріне ғана емес, сонымен қатар біздің мемлекетке ұлттық қауіпсіздіктің жасаушысы – ақпараттық қауіпсіздікке қатер төнгізетін маңызды қоғамдық қауіп-қатерлерді құрайды .

Мемлекеттің ұлттық инфрақұрылымы бүгінде заманауи компьютерлік технологияларды қолданумен тығыз байланыста. Мемлекеттің ақпараттық жүйелеріне компьютерлік шабуыл жасау мен қарақшылық әрекетті жүзеге асыру әдісі ретінде қолдану қаупі артуда. Энергетикалық және банктік жүйелердің, әуе көлігін басқарудың, көліктік жүйенің, тіпті жедел медициналық көмектің күнделікті қызметі автоматтандырылған электронды-есептеуіш жүйелердің сенімді және қауіпсіз жұмыс жасауына толығымен тәуелді.

2011 жылы маусым айында Иранның уран байыту орталығының компьютерлік жүйесінде центрифугалардың айналу жылдамдығын өзгерткен Stuxnet атты вирус табылды. Бұл олардың істен шығуына әкеліп соқты.  Аталған оқиға көптеген дамыған елдерді өздерінің маңызды өнеркәсіптік объектілерін, жекелеп айтқанда, энергетика және сумен жабдықтау объектілерін қорғауды күшейтуге мәжбүр етті. Өйткені осыған ұқсас оқиғалар басқа елдерде, басқа да объектілерде болуы мүмкін екендігі белгілі. Яғни, компьютерлік код арқылы мүлдем компьютерлік емес объектілерді істен шығаруға немесе, керісінше жұмыс істетуге болады. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Жылдан-жылға инфрақұрылымдық және қорғаныс кәсіпорындардың сайттарында киберқылмыстың саны қарқынды өсуде. Интернет арқылы жасалатын қылмыстың зардабы орасан зор, сондықтан да, киберқылмыстарды ядролық және химиялық қарулар әрекетімен теңес­тіруге болады .

Соңғы кезде киберқылмыс террористік мақсатта да кеңінен қолданылуда, яғни компьютерлік жүйелер мен желілердің көмегімен мемлекеттік органдарға, корпорацияларға немесе жалпы ел халқына қарсы террордың анағұрлым ыңғайлы әдісі болып табылады. Киберқылмыстың арту себебін мынамен түсіндіруге болады:

  • кибертерракт жасаған осы мақсат үшін қару сатып алғаннан арзанырақ;

  • жасырын қалудың қамтамасыз етілуі;

  • шабуыл жасау үшін объектілердің көп саны;

  • қашықтан жасалу мүмкіндігі;

  • кәдімгі терроризммен салыстырғанда өте көп адамдарға әсер етуі.

Террористердің ақпараттық технологияларды тәжірибелік құрал ретінде қолдана алу фактісінің өзі ақпараттық инфрақұрылым олардың келесі нысаны болып табылатындығын білдірмейді. Дегенмен, технологиямен танысу және оны кеңінен қолдану аталған мақсатты таңдауда қажетті шарт болып табылады. Шешімдер қабылдау үшін және басқа да ұйымдастыру мақсаттарында ақпаратты технологияларды қолдануға біртіндеп көшуге байланысты террористтер бұл технологияларды шабуыл жасау қаруы ретінде өздерінің деструктивті іс-әрекеттерінде қолдану мүмкіндігі артады.

Инернетте таралатын ақпаратты бақылау туралы мәселені шешу қажеттілігі де маңызды проблема болып табылады. Осыған байланысты кейбір сарапшылар толық бастапқы ашылу концепциясынан түбегейлі бас тартып, жаңа интернет жүйесіне өтуді ұсынады. Жаңа модельдің негізгі мәні желіні пайдаланушылардың құпиялықтан бас тартуынан тұрады, бұл қылмыстық қол сұғушылықтан қорғануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мысалы, 2012 жылғы 16 наурыздан бастап Қытай интернетін пайдаланушылар өздерінің жеке нақты мәліметтерін – адресін, телефонын, паспорт мәліметтерін міндетті түрде көрсетулері керек. Қытай өкіметі «атаусыз ақпараттың» көбінесе қоғам үшін қауіпті болатынын, ал адамдардың интернетте орналастырылғандарға жауапкершілікті сезінулері тиіс екенін мәлімдейді. Қытай үкіметі бұл саясатты әлеуметтік тұрақтылықты ұстауға бағытталған және жалған сыбыстар мен қолайсыз материалдардың таралуын тоқтатуға мүмкіндік береді деп есептейді [4].

Сонымен, киберқылмыспен күресу үшін оларды бірнеше санатқа бөлуге болады:

Заңнамалық – бұл салада біршама істер жасалды және қазіргі кезде жасалып жатыр. Мысалы, көптеген елдердің заңнамалық органдары киберқылмыстылық арқылы жасалатын қылмыстарға арнайы заңдар қабылдады, тіпті компьютерлік қылмыстарға байланысты заңнама жазаның қатаңдығымен ерекшеленетін жеке заңнама саласы болуда. Біртіндеп интернеттегі байланысты реттейтін және кибернетикалық қылмысқа қарсы бағытталған халықаралық заңнамалық актілер, мысалы компьютерлік қылмыстар туралы Еуропалық конвенция қабылдануда. Киберқылмыспен күресу саласындағы заңнаманы, әсіресе халықаралық заңнаманы ары қарай жетілдіру, күмәнсіз бұл құбылыспен күресуге көмектеседі.

Ұйымдастырушылық – яғни, жеке бір мемлекеттердің киберқылмыстармен күресу міндеті болып табылатын басқа да мемлекеттермен, олардың құқық қорғаушы органдарымен және арнайы қызметтерімен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен  өзара қарым-қатынасы.

Сонымен қатар, киберқылмысқа қарсы күрес ұйымдастырылатын Интерпол сияқты бірыңғай халықаралық ұйым құру қажеттілігі туды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Интернет-агрессияларына қарсы бағытталған «Киберпол» қызметін атқаратын арнайы Шанхай ынтымақтастық ұйымы органын құруды ойлауға болатын еді» – деп атап өтті[5]. Кейбір елдер бұл бағытта өздерінің күшін біріктіріп үлгерді, бірақ бұл ынтымақтастық кеңейтуді және тереңдетуді қажет етеді.

Технологиялық – әрине, қоғамды киберқылмыстан  қорғау және оларға қарсы іс-әрекет ету технологияларын жетілдіру бағытын ұстау қажет, өйткені бұл қылмыскерлердің мақсаттарына жетуді болдырмауға көмектеседі және тіпті, қылмыстардың өзін жасауға кедергі келтіреді. Осындай технологиялардың дамуына жоғары технологиялар мен программамен  қамтамасыз ету саласында жұмыс істейтін мемлекеттік институттардың және жеке компаниялардың, сондай-ақ компьютерлік технологиялар саласындағы сарапшылар арасындағы тиімді ынтымақтастықтың болуы өз септігін тигізуі мүмкін.