3. Гүлді өсімдіктердің тозаңдануы
Тозандану. Аталық тозаңның аналық аузына барып түсуі тозаңдану деп аталады. Тозаңданудын екі тәсілі бар: өздігінен тозаңдану жөне айқас тозаңдану. Өздігінен тозаңдану кезіңде бір гүлдің аталық тозаңы сол гүлдегі аналық аузына барып түседі. Өздігінен тозандану гүлдің құрылымы соған икемделген, қос жынысты гүлдерге журеді. Мұндай гүлдерге тозаңқаптар аналық аузынан жоғары орналасады және олар аналық аузы жағынан ашылады да тозандар оған еркін төгіледі. Өэдігінен тозаңдану үшін тозаң мен жұмыртқа клеткасы бір мезгілде пісіп жетілуі қажет. Өздігінен тозаңданған гүл өздігінен ұрыктанады. Өздігінен тозаңдану көптеген астық түқымдастарына (бидай, сұлы, арпа), бүршақтар түқымдасына (үрме бұршақ, ас бұршақ және т.б.) тән. Кейбір өсімдіктерде өздігінен ұрықтану ешуақытта ашыл- майтын гүлдерде де жүреді. Мұндай гүлдер клейстогамдылар (грекше «клейстос» — жабық) деп аталады. Айқас тозаңдануда бір гүлдің аталық тозаңы екінші гүл аналығының аузына келіп түседі. Жел арқылы айкас тозаңдану немесе анемофилия Жел аркылы тозанданатын өсімдіктердін гүлдері реңсіз, майда хош міссіз, олар шырын болмейді. Насекомдар арқылы айқас тозаңдану немесе энтомофилия. Насекомдар гүлден шырын, тозаң жинап бір гүлдін тозанын екінші гүл аналығының аузына тасымалдайды. Сөйтіп өсімдіктерді айкас тозандандырады. Кең тараған тозаңдан- дырушы насекомдар — бал аралары.
Билет №14
1Вакуоль.Клетка шырынында кездесетін заттар,пигменттер,олардың маңызы
Вакуоль деп цитоплазманың клетка шырыны деп аталатын сұйыктықлен толы кеңістігін атайды. Клетка шырыны цитоплазмадан жартылай өткізгіштік касиеті бар вакуоль мембранасы тонопласт аркылы бөлінген. Олардын пішіндері көпіршік, жінішке тутікшелер тәрізді. Вакуоль клеткада жүретін тіршілік әрекеттердің нәтижесінде цитоплазмадан белінетін сұйык күйіндегі әр түрлі заттар қоспасының алып жаткан орны және эндоплазмалык тордын құрамды бөлігі. Олар осы торда өте жінішке жолақтар ретінде пайда болады да зат алмасу өнімдерінің біртіндеп жиналуынан көлемін үлғайтады. Тірі клетканын вокуольіне судын ену күші сору күші деп аталады. Судың енуі барысында вакуольдің және протопластың барлық серіктерінін көлемі үлғаяды да, клетка қабыкшасына қысым түсіріп кернейді, бұл кысым — тургор қысымы немесе тургор деп аталады. Клетка шырынының химиялық құрамы. Вакуольдегі клетка шырынынын химиялық кұрамы өсімдіктердін түріне байланысты өзгереді. Дегенмен, негізгі кұрам бөлігі — су. Клетка шырынынын құрамындағы заттарды органикалык және минералдық заттар деп екіге бөледі. Органикалық заттар азотты және азотсыз заттар деп тағы жіктеледі. Азотты органикалық заттарға: белоктар (протеиндер, протеидтер), амин қышқылдары (аспарагин, тирозин, лейцин т. 6.) алкалоидтар (хинин, морфин, никотин, колхицин, кофеин, кодеин, папаверин т. 6.) гликоалкалоидтар (голанин, дигиталин) жатады. Азотсыз органикалық заттарға мыналар жатады: көмірсулар — моносахарндтер (глюкоза, фруктоза); дисахаридтер (сахароза, мальтоза); полисахаридтер (инулин, пектиңдер, декстриндер). Илік заттар — танин, катехин т. б. Органикалық қышқылдар (кымыздық қышкылы, алма кышқылы, шарап кышқылы, лимон кышқылы т. с. с.).Органикалық қышкылдардың тұздары (кальций оксалатынын кристалы т. 6.).Терпеноңдтар, эфирлер т.б.Минераддық заттарға калий фосфаты, натрий фосфаты, катьццй фосфаты, кашй нитраты, натрий нитраты (селитраіар), кадий хлориді, натрий хлориді, кальций сульфаты, иод, бром жатады. Алкалоидтар өсімдіктерде белоктардың ыдырауынан пайда болады, оның құрамыңда көміртегі, сутегі және шамалы азот бар. Хинин — хина ағашының қабығында кездеседі, медицинада пайдаланылады. Апаверин, морфин және кодеин — апиыннын сүтті шырынында және түқымында кездеседі. Бұлардан медицинада ауруды басатын жөне тыныштаңдыратын дәрілер жасайды Никотин — темекі және махорканын жапырағыңда болатын өте күшті у. Ауыл шаруашылығында зиянкес жәңдіктерге карсы жұмсалады. Анабазин — анабазистін жас өркеңдерінде болады, зиянкес жәндіктермен күрес шараларында пайдаланылады. Аконитнн — у корғасын өсімдігі тамырыңда кездеседі. Ол медицинада пайдаланылады. Кұрамында алкалоид бар кейбір өсімдіктер жағымды сусыңдар орнына жүреді. Мысаіы, шайдын жапырағы, кофенің жемісі, кола және какао тұқымдары осындайларға жатады.
2. Гидрофиттік су өсімдіктерінің жапырағының анатомиясы
Су сүмбілесінің жапырағы жалпақ, сыртқы беті жылтыр, пішіні ерекше, ол өз сағағында домалақ немесе сопақша ісінді болып орналасады. Жапырақтар судың бетінде қалқымалы табақша түзеді, оның мезофилінде ірі паренхималық қуыстардың қалыптасуы қалтқы қызметін атқарады және өсімдіктің сулы ортаның белгілі бір тереңдігінде болуын қамтамасыз етеді Су сүмбілесінің жапырағының анатомиялық құрылымы . Жоғарғы эпидермис клеткалары біршама ірі, сопақ пішінді, жұқа қабықшалы. Сирек устицелі кешенді, кутикуласыз қалыңдығы 13,6 ± 0,09 мкм. Жапырақ мезофилінің бағаналы паренхимасы айқын 4 – 5 қатарлы, клеткалары ұзынынан созыңқы, біршама тығыз орналасқан. Бағаналы паренхиманың орташа қалыңдығы 54,74 ± 2,5 мкм, ал оның соңғы (ішкі) қатары, мезофилл ортасын түгел қамтитын ірі ауалық қуыстарға ұласады, олардың орташа мөлшері 61,03 ± 2,7 мкм. Мезофильдері бұл қуыстардың аралығын паренхималық Су сүмбілесінің тамыр жүйесі мейлінше ықшамдалған сабақ түбіртегінен дамыған көптеген (ұзындығы – 2 см, көлденеңі – 1,2 см) қосалқы тамырлардан қалыптасқан шашақты типті даму барысында қосалқы тамырлардың базальді бөлігі, шамамен орташа 5 – 7 см бөлігі бүйірлік тамырсыз, сарғыш түсті, жалаңаш болды да одан әрі әр қосалқы тамыр қалың орналасқан бүйірлік тамырлар дамытады немесеқалыптастырады. Алғашқы қосалқы тамырлар біршама жақсы дамыған да, орташа ұзындығы 40 – 45 см астам. Тамырлардың жалпы жиынтығы су ағысымен жайылып тарқатылғанбастағы қалың шаш тәрізді төгілген шашақ түзеді.
