Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әдістемелік жұмыс жауаптары.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
68 Кб
Скачать
☆
  1. Балабақшадағы педагогикалық кеңестер мен жиналыстардың өткізу.

Мектепте әдістемелік бірлестіктердің түрлері: пән мұғалімдерінің бірлестіктері, сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестіктері. Әдістемелік жұмыстың мазмұны келесі бағытар бойынша жүргізіледі:

- мұғалімнің мәдени дайындығы;

- кәсіби – білім деңгейі;

- мәдениеттілігі;

- диагностикалық қабілеті;

- Ұйымдастырушылық, басқарушылық қызметі.

Мектеп басқарудың жалпы әдістеріне: педагогикалық кеңес, кәсіптік кеңес, нұсқаулар.

Педагогикалық мәжіліс. Қазіргі мектептерде педагогикалық мәжілістің мынадай түрлері бекітілді: педагогикалық кеңес, мектеп кеңесі, әдістік кеңес, өндірістік мәжіліс, директор жанындағы мәжіліс, әдіс бірлестігінің отырысы, педагогикалық маслихат педагогикалық жылдамдық.

Бұл әдіс оқу – тәрбие үрдісінің маңызды мәселелерін шешуде, оның дәрежесін көтеруде, маңызды және күрделі келелі мәселелердің алқа шешімімен қабылдауға мұғалімдердің белсенді қатысуына мүмкіндік береді.

Кәсіптік қатынас басқару әдісі ретінде жұмыс тәжірибесін алмасу тәсілін ұйымдастырушы, педагогикалық ғылымның және педагогикалық тәжірибенің жетістіктерін мектепте таратушы болуы. Мұғалімдердің педагогикалық қатынасын ұйымдастыру ең алдымен ұжым мүшелерінің мамандығын көтеруге бағытталған. Кәсіптік қатынастың мынадай түрлері өздерін жоғары нәтижелілігімен көрсете білді: педагогикалық оқу, ашық, панорамды сабақ, ашық тәрбиелік жұмыстар.

  1. Оқу жылын жоспарлау

Оқу жылының жоспары – балабақшаларда оқытылатын тікелей білім беру қызметі түрлерінің саны және құрамы анықталған құжат. Оқу жоспары екі бөлімнен тұрады: инварианттық (міндетті) және вариативтік.

Жоспардың міндетті бөлімі тікелей білім беру қызметінің негізгі түрлеріне бөлінетін ең аз сағат санын реттейді. Жоспардың бұл бөлімі өзгермейді.

Жоспардың вариативтік бөлімі білім берудің вариативтігін қамтамасыз етеді, мектепке дейінгі ұйымдар қызметтерінің басты бағыттарын және тәрбиешілерге арналған білім беру салаларын кеңейтуді мәлімдейді. Өзіндік қызмет мектепке дейінгі ұйымдар жүйесі қызметкерлеріне көптеген мәселелер мен қиындықтар туғызады.

1. Педагогтар өз бағдарламаларының түрлерін толық жеткілікті білмейді.

2. Педагогтарға бағдарламадағы өз бөліктерінің маңыздылығын және оны нақты топтармен жұмыстың тәжірибесіне енгізу қажеттігін негіздеу қиындық туғызады.

3. Педагогтарға бағдарламаларды құрылымдау қиындық туғызады, олар қосымша білім беру бағдарламасына берілген құрылымға сүйене отырып өздері әзірлеген құжат бөлігі болып есептелетін мектепке дейінгі білім берудің негізгі жалпы білім беру бағдарламасына қойылатын мемлекеттік стандарт талаптарын ескермейді.

4. Педагогтарға өздері әзірлеген бағдарламалар мазмұнындағы «күтілетін нәтиже» анықтамасы қиындық туғызады.

Осыған байланысты білім беру процесіне қатысушылар әзірлеген негізгі жалпы білім беретін бағдарламаның бөлімін құрастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар мен ережелер әзірлеу қажеттілігі пайда болды.

Вариативтік бөлім, мектеп жасына дейінгі баланың жеке мінез-құлқын қалыптастырады және олардың тұлғалық ерекшеліктерін, қызығушылықтары мен бейімділіктерін ескереді.

Білім берудің вариативтігі - Қазақстандағы қазіргі заманғы білім беру жүйесін дамыту бағыттары мен негізін қалаушы қағидаларының бірі.

Вариативтік бөлім тәрбие мен оқытудың кешенді бір ізді жүйесі ретінде білік пен дағдылар, нұсқама деңгейінде денсаулыққа деген жанашырлық, арақатынасты құруға мүмкіндік береді:

• Қазіргі әлемде өзін барынша тиімді және қауіпсіз көрсетуге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастастыру;

• Туындаған мәселелерге шығармашылықпен қарайтын, өзін-өзі реттейтін дағдыларды меңгерген тұлғаны қалыптастыру;

• Адамдармен тиімді өзара іс-қимыл, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру;

• Балаларды тәрбиелеу және отбасылық қатынастарды құруға қажетті білім мен дағдыларды алу;

• Науқасты күту, аурудың алдын алу және гигиена дағдыларын, салауатты өмір салтына сұранысты қалыптастыру;

• Ұтымды тамақтану, дене шынықтыру және басқа да жеке денсаулығын жетілдіру дағдыларын қалыптастыру.

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҮЛГІЛІК ОҚУ ЖОСПАРЫНЫҢ ВАРИАТИВТІК БӨЛІМІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Бірінші кезекте, білім беру үдерісінің қатысушылары қалыптастырған Бағдарламаның бөлігі қазіргі кездегі мектепке дейінгі білім берудің вариативтігін қамтамасыз етуге төмендегілердің әсер ететініне назар аудару керек:

1. Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің мекемелерінің әр түрлілігі.

2. Мектеп жасына дейінгі балалардың бірігу сапасын дамытуды және балаларды одан әрі жалпы білім беретін мекемелерде оқытудың бастапқы тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін балабақшалар қызметінің басты бағыттарының болуы.

3. Санитарлық-гигиеналық, профилактикалық және сауықтыру іс-шаралары мен ұйымның еркіндегі жағдайларды ескере отырып нақты балабақшаларындағы процедураларды өткізу ерекшеліктері.

4. Нақты топтардағы балалардың және олардың қызығушылықтары, ынталары, сұраныстары мен қабілеттері, сондай-ақ ата-аналар қауымының сұраныстары ескерілген дене, әлеуметтік-тұлғалық, танымдық-сөйлеу, көркемдік-эстетикалық даму ерекшеліктері.

5. Нақты мектепке дейінгі ұйымның білім беру үдерісін жүзеге асыратын ұлттық-мәдени, демографиялық, климаттық жағдайларының ерекшеліктері.

Осылайша, бағдарлама балабақшаның білім беру қызметінің мазмұнын жаңарту нақты жағдайлары ескерілген жағдайда қалай болатынын көрсетуі тиіс.

Бағдарламада педагогикалық технологияның жаңартылуы көрсетілуі тиіс.

Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі балалардың өзіндік іс-әрекетін жандандыруға көңіл бөлу ұсынылады. Сондықтан бағдарламада мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиешілерінің білімдік қызметтерін ынталандыру қалай арттырылатыны көрсетілуі тиіс.

Вариативтік бөлімде бір баланың қосымша жүктемесі төмендегіден жоғары болмауы тиіс:

▪ 1-2 кіші және орта топтар: аптасына 1 сабақтан артық болмауы;

▪ 5-7 жастағы балалар тобы: аптасына 2 сабақтан артық болмауы;

▪ Факультативтік топтар (үйірмелер) жас ерекшеліктертіне байланысты 10-30 минут аралығында айналысуы тиіс.

▪ Сабақтар, үйірмелер топ-топқа бөлініп өткізіледі (12-15 бала).

Осылайша, вариативтік білім беру үдерісі – мазмұнды (мемлекеттік стандарт аясында), құралдар мен тәсілдер таңдау және қарым-қатынас, жеке тұлғаның мақсатқа, мазмұнға, білім процесіне деген құнды мағыналық қарым-қатынасы жағдайында жүзеге асырылатын білім мақсаттарын іске асыру бойынша білім беру үдерісі қатысушыларының өзара байланыстағы қызметі.

Вариативтік бөлім – ұйымдастырылған іс-әрекеттен тыс мектепке дейінгі ұйымдардың тақырыптық бағыты бойынша жұмыс, педагогтардың шығармашылық жұмысы, дарынды балалармен жұмыс, балалардың қызығушылығы бойынша және шет тілін оқыту.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу жоспарының вариативтік бөлімдері ЖМББС білім беру салалары: «Денсаулық», «Қатынас», «Шығармашылық», «Таным», «Әлеуметтік орта» бойынша балалардың жас кезеңдерін ескере отырып, педагогикалық процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу жоспарының вариативтік бөлімін білім беру процесіне қатысушылар қалыптастырады.

Жоспарлау кезінде қолданылатын негізгі құжаттар

№

Құжат атауы

Көрсетілген құжаттардан шығатын нұсқаулар

1

«Қазақстан Республикасының Білім туралы» заңы.

Мектепалды даярлық.

2

Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие. Астана 2009 ж.

Дамытушы ортаны ұйымдастыру. Мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларының базалық мазмұнына негізгі талаптарды белгілейді.

3

Бала құқығы туралы конфенция.

Әрбір баланың жеке басының ерекшеліктерін ескеру, әрбір баланы жеке тұлға ретінде құрметтеу.

4

«Балбөбек» бағдарламасы.

Тақырыптар бойынша жоспарлауда апталық әдістеме.

5

«Қарлығаш » бағдарламасы.

Тақырып бойынша көркем әдебиетті  жоспарлау.

6

«МДҰ-да бала өмірін және денсаулығын қорғау» нұсқаулығы (ҚР БжҒМ-нің 13.01.1998 жылғы №14 бұйрығы).

Бала өмірін және денсаулығын қорғау бойынша жұмысты, баланың дене бітімінің дамуын, эмоционалдық және психикалық дамуын қамтамасыз ету.

7

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі.

Ұжымдағы өзара қарым-қатынасты реттейді.

Қызметкерлердің еңбегін қорғау бойынша жұмысты қамтамасыз етеді.

8

«Алғашқы қадам» бағдарламасы. Астана-2010ж.

Баланың құзырлылығын жалпы білім беру іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптастыруға бағытталған мектепке дейін тәрбие және оқытудың базалық мазмұнын анықтайды: денсаулық сақтау, құзырлық-тілдік, танымдық, шығармашылық, әлеуметтік іс-әрекеттер.

9

«Зерек бала» бағдарламасы. Астана-2010

10

«Біз мектепке барамыз» бағдарламасы. Астана-2010ж.

11

Балабақшадағы 6-7 ж. балаларды мектепалды даярлау бағдарламасы. Алматы -1999 ж.

Мектепке дейінгі және орта білімді ұйымдастыруда мектепалды даярлықтың негізгі міндеттерін белгілейді.

12

Қазақстан Республикасының МДҰ-ның қызметін ұйымдастыру тәртібі.

Балабақша ұжымының іс-әрекетінің міндеттерін және оқу-тәрбие үрдісіне қатысушылардың міндеттерін анықтайды.