Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bukh_esep_1_2_3_4.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
37 Кб
Скачать
☆

12. Ұзақ мерзімді және ағымдағы міндеттемелердің есебі.

Ұзақ мерзімді берешектердің негізгі типтері-банктік несие,төлеуге облигация. Банктік несие банктермен ақша түрінде қайтарымдылық,қамтамасыз етудің негізінде беріледі. Сонымен бірге қарыз алу кәсіпорынды сипаттайтын құжаттар болуы тиіс: құрылтайшылық құжаттардың нотариалды бекітілген көшірмелер,соңғы үш жылдың бухгалтерлік есептіліктері,ішкі қаржылық есептіліктер,мәліметтер. Төлеуге облигация-корпорация ақша қаражаттарын тарту үшін жиі пайдаланатын қаржылық құжат және сәйкесінше неғұрлым көп кездесетін ұзақ мерзімді берешек.

13. Қаржылық есеп беруді дайындау

Қаржылық есеп беру бұл есепті кезең аралығында субъектінің қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді сипаттайтын ,қорытынды және өзара байланысты көрсеткіштердің жүйесін түсінуге болады. Қаржылық есеп беруді құрастыру-есепті жұмыстың қорытынды деңгейі. Қаржылық есеп беруге кіреді:бухгалтерлік баланс-кәсіпорынның жылдық есеп берудің негізгі нысаны. Баланс-нақты уақыт моментіне экономикалық субъектінің жағдайының стратегиялық көрінісі. Табыстар мен шығындар туралы есеп. Табыстар активтердің көбеюін немесе міндеттемелердің азаюын білдіреді,ал шығындар активтердің азаюын немесе міндеттемелердің ұлғаюын білдіреді. Ақша қражаттарынң қозғалуы туралы есептің негізгі мақсаты-кезең аралығындағы кәсіпорынның ақша қаражаттарының түсуі және төленуі турлы қаржылық есепті қолданушыларды ақпаратпен қамтамасыз ету. Қаржылық есеп беруге түсіндірме хаты-дайын есеп беруге қосымша құрастырылған негізгі аналитикалық құжат. Онда бизнес жоспардың барлық бөлімдерінің орындалуы бойынша қысқаша сипаттама болуы қажет және кәсіпорынның келесі жылдағы жұмыстың жақсаруы бойынша шаралардың жоспары болуы тиіс.

14. Меншікті капитал есебі.

Меншікті капиталдың негізгі элементі жарғылық капитал болады,ол кәсіпорынның қатысушыларымен бастапқыда салынған салымдардың сомасы болып табылады. Қосымша төленбеген капитал. Негізгі құралдарды және инвестицияларды қайта бағалау сомаларының қозғауы және бар болуы ақпаратты жалпылау үшін. Резервті капиталды құру ұйымның және оның кредиторларын шығындардан қосымша қорғауын қамтамасыз ету үшін заңдық актілермен және құрылтайшылық құжаттармен қарастырылады. Бөленбеген табыс-бұл табысты бөлгеннен кейін ары қарай қолдануға дайын кәсіпорынның таза табысының қалдығы.

15.Қаржылық есеп берудің элементтері және бухгалтерлік есеп объектілері.

16. Ағымдағы активтердің есебі: 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты»

17. Бухгалтерлік есептің пайда болуының тарихи аспектісі

18. Ағымдағы міндеттемелер есебі: 3010 «Қысқа мерзімді банктік қарыз»

19. Экономикалық ақпараттың көзі ретіндегі бухгалтерлік есеп беру және оны қолданушылардың жіктелінуі

Есеп беру- белгілі кезең ішіндегі кәсіпорындардағы есепті жұмыстардың қорытынды нәтижесі. Онда кәсіпорын жұмысының қаржылық нәтижелері, шаруашылық құралдары мен олардың көздерінің жағдайы, өндіріске жұмсалған шығындар туралы мәліметтер болады.

Кәсіпорын (шетелдік кәсіпорындармен жұмыс істейтін кәсіпорындардан басқа) тоқсандық және жылдық есеп беруді төмендегілерге тапсырылуы тиіс:

  • Құрылтай құжаттарына сәйкес меншік иелеріне;

  • Мемлекеттік салық инспекциясына;

  • ҚР-ның заңдарына сәйкес кәсіпорын қызметінің жекелеген жақтарын тексеру мен есеп алу үшін жүктелген басқа мемлекеттік органдарға;

Мемлекеттік немес муниципалды меншікте толық немесе бөлшекті түрде болған, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар немесе олардың бөлімшелері толық сатып алғанға дейін кәсіпорын бухгалтерлік есеп беруді мемлекеттік немесе муниципалды мүлікті басқару өкілетті органдарына да тапсырады.

Шетелдік инвестициялары бар кәсіпорын бухгалтерлік есеп беруді кәсіпорынның әрбір қатысушысына мемлекеттік салық инспекциясының органына құрылтай құжаттарында қарастырылған тәртіпте жылдық бухгалтерлік есеп береді.

Тоқсандық есеп берудің негізгі үлгілерінің бірі кәсіпорынның балансы болып табылады. Оны толтыру үшін шоттар бойынша айналымдар есептеліп және еспті тоқсанның келесі айының соңына қалдықтар есептеліп шығарылады. Баланстан басқа, есепті тоқсан үшін қаржылық нәтижелер және оларды пайдалану туралы есеп толтырылады.

Жылдық есеп берудің алдында материалдық құндылықтар, ақша қаражаттары мен олардың есеп айырысулары түгенделуі керек. Оның мақсаты – дебиторлық қарыз бойынша талаптың мерзімін өткізіп алмау үшін материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттарының нақтылығын анықтау және барлық есеп айырылысуларды салыстыру, сондай-ақ кредиторлық қарызы бар болған кезде өсім, айып, айыппұлдар төлеуден қорғау.

Жылдық есеп беру барлық қосымшаларымен бірге келесі жылдың 31 наурызын қоса есептеген мерзімде тапсырылады. Бухгалтерлік есеп берудің үлгілерін толтыру мен оларға қосымша түсініктерден басқа, кәсіпорын салық және статистикалық органдарға тиісті есепті материалдарды тоқсан сайын тапсырады.