- •2.Мемлекет пен құқықтың пайда болу теориялары айтып беріңіз
- •4. Мемлекеттің түрлері.
- •6. Мемлекеттің саяси режимі және нысаны
- •10. Мемлекеттің функцияларының түрлері.
- •11. Құқықтық мемлекет
- •12. Азаматтық қоғам белгілері
- •15. Құқықтың қағидаларын айтып беріңіз.
- •16. Құқықтың функциялары
- •21. Құқық бұзушылық түсінігі
- •20. Құқық шығармашылық және оны жүзеге асыру
- •23. Заңды жауаптылық дегеніміз не?
- •25. Құқық ұғымының мәні
- •29. Мемлекет пен құқық теориясының қалыптасуы мен дамуының тарихын айтып беріңіз.
- •30. Қазақстандағы мемлекет пен құқық теориясының негізгі бағыттары туралы айтып беріңіз
16. Құқықтың функциялары
Құқықтың функциясы Құқықтың функциялары – бұл құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөлін көрсететін, өқұқықтық әсер етудің негізгі бағыттары. Құқықтың функцияларын түрлерге бөлудің негізінде жатқан екі жақты шартты түрде бөліп қарастыруға болады: 1) Сыртқы жақ, бұған сәйкес құқықтың әлеуметтік функциялары анықталады, олар: -экономикалық (құқық өңдірістік қатынастарды, реттейді,меншік нысанын бекітеді және т.б.) -саяси (құқық саяси қатынастарды, саяси жүйе субъектілерінің қызметін реттейді және т.б.), - тәрбиелік (құқық белгілі біридеологияны көрсетеді, тұл,аларға арнайы педагогикалық әсер етеді және т.б.) функциялар. 2) ішкі жақ, бұл құқықтың табиғатынан туындайды, олар реттеуші және қорғаушы функциялар. Реттеуші функция- бұл позитивтік жүріс- тұрыс ережелерін орынқтырудан, қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның мүдделеріне сәйкес қатынастарды дамытуға жәрдем беру мақсатында құқық субъектілеріне субъективтік құқықтар беруден және заңды міндеттер жүктеуден көрініс табатын, құқықтық әсер етудің әлеуметтік мақсатпен байланысты бағыты. Бұл функцияның шеңберінде оның екі түрін бөліп қарастырады: реттеуші статистикалық және реттеуші динамикалық функциялар. Реттеуші статистикалық функция құқықтың қоғамдық қатынастарға оларды белгілі бір құқықтық институттарда бекіту жолымен әсер етуінен көрінеді. Статистикалық функцияны жүзеге асыруда кронституцияда бекітілген саяси құқықтар мен бостандықтар институты ерекше мәнге ие. Реттеуші динамикалық функция құқықтың қоғамдық қатынастарға құқық субъектілерінің белсенді жүріс- тұрысын қамтамасыз ету жолымен әсер етуінен көрінеді. Ол азаматтық, әкімшілік,еңбек құқығының инститтарынан көрініс табады. Қорғаушы функция- бұл ерекше маңызды экономикалық, саяси, ұлттық және жеке қатынастарды қорғауға, заңды қорғау мен заңды жауапкершіліктің шамасын,оларды жүктеу мен орындаудың тәртібін орнықтыруға бағытталған құқықтық әсер етудің әлеуметтік мақсатпен байланысты бағыты. Бұл функцияның әдіс – тәсілдері; - қоғамдағы қатынастардың дұрыс орындалуын бақылау; - құқықты нормада тыйым салудың себептерін көрсету; - жауапкершіліктің түрін көрсету; - жасағанқателіктері үшін субъектілерді жаупқа тарту.
17. Құқықтың қайнар көздерінің түсінігі. Құқықтың дереккөздері (қайнары) – жалпыға міндетті, заңдық маңыз берілген, мемлекеттен шығатын және мемлекет мойындаған ресми іс – құжатты нысанда көрінетін нормалардың жиынтығы. Құқықтың дереккөздері құқықтық нысан түрінде институтталған. Құқықтың 6 дереккөздерін бөліп көрсетуге болады:
Құқықтық дәстүр: адамдардың үнемі қолдануының барысында әдетке айналған, сақталуы мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілетін, мінез – құлық ережелерінің жиынтығы.
Ғылыми құқықтық доктрина: доктрина деген сөз ілім, ғылыми философиялық не құқықтық теория, құқықтық білімдер жүйесі деген мағына береді. Мысалы, діни доктринаға сүйеніп біршама қоғамдық қатынастар құқықтық сипатқа ие болады.
Соттық құқықтық үлгі: төменгі деңгейдегі немесе сол дәрежедегі басқа соттарға осыған ұқсас істерді қарағанда өнеге болатын соттың белгілі бір іс бойынша қабылдаған шешімі.
Нормативтік құқықтық актілер: референдумда қабылданған не уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат.
Нормативтік құқықтық актілер негізгі және туынды актілер болып бөлінеді. Нормативтік құқықтық актілердің негізгі түрлері:
Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар
ҚР Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлықтары
ҚР Парламенті мен оның палаталарының нормативтік қаулылары
ҚР Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы сотының, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары.
Орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары
Нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлері:
Регламент – қандай да бір мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің ішкі тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық акт.
Ереже – қандай да бір мемлекеттік органның немесе оның құрылымдық бөлімшесінің мәртебесі мен өкілеттігін белгілейтін нормативтік құқықтық акт.
Қағида – қандай да бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық акт.
Нұсқаулық – заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бір саласында қолданылуын егжей – тегжейлі көрсететін нормативтік құқықтық акт.
Нормативтік құқықтық актілер ішінде заңдық күші жағынан ең жоғарғы тұрған – ҚР – ның Конституциясы. Нормативтік құқықтық актілердің бірі – Кодекс. Кодекс – біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар біріктіріліп, жүйеге келтірілген заң. ҚР – ның кодекстері: Бюджеттік, Азаматтық, Азаматтық іс жүргізу, Неке – отбасы, Экологиялық, Су, Жер, Орман, Салық, Кеден, Көлік, Еңбек, Қылмыстық жазаларды орындауға байланысты, Әкімшілік жауапкершілікке тартуға байланысты, Қылмыстық жауапкершілікке тартуға байланысты, Қылмыстық іс жүргізу. Нормативтік құқықтық актілердің бірі – заңдар. Заңдар – белгіленген тәртіппен қабылданған нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы.
Құқықтың қайнар көзі болып табылуы үшін әрбір осындай нысанда бірқатар мынадай белгілер болуы қажет:
1) Субъектілердің белгілі бір категориялары орындау үшін міндетті бір немесе бірнеше мінез – құлық ережелері (құқық нормалары) болуы қажет.
2) Осындай болуы үшін мемлекеттік билік ресми түрде мақұлдауы қажет.
Әкімшілік құқықтың басқа құқық салаларымен арақатынасы — әкімшілік құқық бірыңғай жүйенің құрамды бөлігі бола отырып құқық салаларының барлығымен өте тығыз байланысты.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 28 бабына сәйкес Әкімшілік құқық бұзушылық – бұл мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, белгіленген басқару тәртібіне қол сұғатын, құқыққа қайшы, кінәлі әрекет немесе әрекетсіздігі, сол үшін заңнамада әкімшілік жауаптылық қарастырылған
18.Құқық нормалары. Құқықтық норма – құқықтың бір ғана ереже, қағидасы. Мемлекет таныған және оны өзі қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарға араласып түсушілердің құқықтары мен міндеттерін туындататын, олардың әрекеттерін үлгі, эталон, масштаб, өлшем есебінде реттей алатын жалпыға бірдей міндетті ереже, норма. Әрбір құқықтық норманың 3 элементі болады:
Диспозиция – мінез құлық ережесі
Гипотеза – жорамал
Санкция – жаза, шара
Құқықтық норманың гипотезасы – құқықтық норманы қолдану немесе қолданбау үшін қажетті мән – жайлардың бар екенін көрсететін құқықтық норманың бөлігі. Құқықтық норманың диспозициясы – құқықтық қатынастарға қатысушылардың мінез – құлқы қандай болуы керек екенін анықтайтын құқықтық норманың бөлігі. Диспозиция 3 түрлі болады:
Қарапайым диспозиция, егер мінез – құлықтың мазмұны ашылмаса
Сипаттамалы диспозиция, мінез – құлықтың барлық мәнді белгілері анықталса
Сілтемелі диспозиция, егер құқықтық норма диспозициясы анықталған басқа құқықтық нормаға сілтеп нұсқаса
Құқықтың норманың санкциясы – құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлігі. Санкцияның түрлері:
Абсолютті – анық
Баламалы
Салыстырмалы
Заң нормаларын жіктеуде оларды реттеуші және қорғаушы деп бөлу жіктеудің ең бастысы болып табылады.
Реттеу нормалары – міндеттеу, тыйым салу, құқықты белгілеу нормаларына бөлінеді. Міндеттеу мен тыйым салу нормалары әдеттегі қағида бойынша өктемдік болып келеді. Белгілеу нормалары жиі түрде диспозитивтік санаттағы нормаға жатады.
Факультативтік нормалар – белгілі бір жағдайларда мінез, іс – әрекетінің басты нұсқасынан ауытқуға мүмкіндік жасайды.
Ұсыныстық нормалар – бірнеше түрлі мінез, жүріс – тұрыс нұсқасынан біреуі ғана артықтау немесе тәуірлеу деп кеңес береді.
Анықтамалық – пайымдық /дефинитивтік/ нормалар – мемлекеттік құқықтық институттардың белгі – нышандары мен анықтамалары келтіріледі.
Қағидаттық нормалар – принципті білдіреді
Коллизиялық нормалар – нормалардағы қайшылықтарды шешуге мүмкіндік беретін нормалар.
Нормалардың негізгі және туынды, тұрақты және уақытша деген түрлері болады. 19. Құқықтың қатынастар түсінігі
Құқықтық қатынас» категориясы құқықтың жалпы теориясында негізгі, орталық категориялардың бірі болып табылады және адамдардың жүріс-тұрысына құқықтың қандай жолмен әсер ететінін түсінуге мүмкіндік береді. Құқықтық қатынас – бұл қатысушылары субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерді иеленетін, құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынас.
Қоғамдық қатынастар әртүрлі болады: саяси, моральдық, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, діни т.б. байланыстар. Бұл байланыс — қатынастар моральдық, әдет-ғұрып, діни, құқықтық нормалармен реттеледі. Мысалы, отбасы қатынастардың көпшілігі дәстүр, діни нормалармен реттеліп жатады.
Қоғамдағы барлық қатынастар құқықтық нормалармен реттелмейді, тек әлеуметтік, қоғамдық мүдде-мақсаттарды қамтитын қатынастарды реттеп, басқарып отырады.
Құқықтық қатынас дегеніміз — мемлекеттік кепілдіктегі екі жақты құқықтары мен міндеттері бар қоғамдық қатынас. Құқықтық қатынастардың нышан-белгілері:
Бірінші - құқықтық қатынастар тек нормативтік актілер арқылы реттеліп отыратын қарым-қатынастарды біріктіреді. Нормативтік актілерде қатынастың мазмұны, субъектілердің құқықтары мен міндеттері, дұрыс орындалмаса жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі. Құқықтық қатынастар арқылы нормативтік актілер іске асады, орындалады.
Екінші — қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтары мен міндеттерінің толық көрсетілуі. Бір жағының құқығы екінші жағының міндеттеріне сәйкес, тең келеді. Субъектілердің бостандығы тең болады.
Үшінші - субъектілер өз еріктерімен, өз мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін құқықтық қатынас жасайды.
Төртінші — егер қатынаста нормативтік актінің мазмұны бұзылса немесе субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің қатынасуымен бұл кемшіліктер түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауға тиіс.
Құқықтық қатынастарды түрлерге бөлу, құқық нормаларын түрлерге бөлудегі сияқты, әр түрлі негіздер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
