Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekonomika_shpor_45.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
245 Кб
Скачать
☆

4,1 Экономикалық категориялар

Экономикалық категориялар — қоғам өмірінің нақты жағдайларын теориялық тұрғыдан сипаттайтын логикалық түсініктер. Мысалы: сұраныс, ұсыныс, қаржы, несие, меншік, жалақы, нарық, пайда, тауар, ақша т.б. Экономикалық заңдардың жиынтығы, қоғамның даму заңдылықтарын белгілейтін экономикалық заңдар жүйесін құрайды. Бұл жүйені құратын заңдарды негізгі, басты, басты емес деп бөлуді дұрыс деуге қиын. Қоғам өмірін талдауда, жүйелік әдіс қолдану керек жағдайда, барлық заңдар маңызды, өзара байланысты болады. Тек бір ғана заңды пайдалануда болған қателікті барлық жүйені бүлдіріп, қоғамдағы тепе-тендікті жояды. Экономикалық ғылым, жалпы жүйедегі экономикалық заңдарды ерекше және жалпы экономикалық заңдар деп, ірі топта бөледі.

Ерекше экономикалық заңдар — бұл шаруашылықтың нақты тарихи формасының даму заңдары.

Жалпы экономикалық заңдар — бұл барлық тарихи дәуірле тән заңдар, олар барлық дәуірлерді біртұтас тарихи үйлесіп процесс етіп байланыстырады. Бұған қоғамдық еңбек бөлу заңы, т.б. заңдар жатады. Экономикалық заңдар өздері, өз алдына әрекет ете алмаған экономикалықпрогресс өзімен-өзі, өз алдына жүріп отырмақ Бұл үшін адамдардың, олардың қажеттіктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекеті қажет.

4,2. Сұраныс заны . Сұраныс және ұсыныс заңы бойынша тауардың бағасы неғұрлым төмендеген сайын тұтынушының сатып алатын тауарларының саны көбейеді немесе керісінше. Бұл заң нақты ақиқаттармен дәлелденген гипотеза болып табылады.

Мысалы:

1) күнделікті өмірде адамдар тауарды төмен бағамен және көп мөлшерде алғысы келеді. Бірақ тауарларды сатып алу кезінде тұтынушыға ең басты кедергі болатын көрсеткіш- баға. Жоғары деңгейдегі баға сатып алушыға үлкен кедергі болады да, ол өнімді көп алғысы келмейді, ал төмен деңгейдегі баға оның сатып алу қабілетін күшейтеді.

2) әр уақытта да тұтынушы өнімнің алғашқы бірлігінен көп қанағат алады. Мысалы: сіздің бірінші жеген бауырсағыңыз өте тәтті болып көрінеді, ал екіншісі ондай тәтті болмайды, үшіншісі екіншіден де аз қанағат әкеледі. Бұл жағдайда тауардың шекті пайдалылығының азаю принципі тұтынуға әсер етеді. Сондықтан тұтынушы тауардың әрбір келесі бірлігін тек қана баға төмендеген дағдайда ғана алады.

3) сұраныс заңын табыс әсері және ауыстыру тиімділігі арқылы түсіндіруге де болады.

4,3.Негізгі капитал

 Бастапқыда атап өткендей негізгі капитал (немесе негізгі қорлар) - өндірісте КӨП РЕТ қатысатын еңбек құралдары, олар  біртіндеп физикалық және моральды түрде тозады (ескіреді) және бөлшектеп (тозу шамасына қарай) өз құнын өндірілген өнімнің құнына (амортизация) қарай ауыстырады. Осылай, негізгі капиталдың құныдайын өнімнің құнымен біртіндеп өтеледі. Тауар сатылғаннан кейін ол кәсіпкерге ақшалай нысанда амортизациялық аударымдар түрінде бөлшектеліп қайтарылады, олар еңбек құралдарын жөндеуге, жаңартуға және жандандыруға пайдаланылады. Ақшалай нысандағы негізгі қорлар негізгі қаражат деп аталады. Негізгі капиталдың құрылымында актив қорлар (өндіріске ткелей қатысатын – станоктар, машиналар және басқа да жабдықтар) мен пассив қорлар (өндіріс үшін қажетті жағдайлар туғызады - өндірістік ғимараттар, құрылымдар және басқа да объектілер) болады.

 Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың үш басты көрсеткіштерін бөліп айтуға болады:  1) қорқайтарымы - ол  қорлардың өнімділік деңгейін білдіреді және қор құнының бірлігіне келетін өнім құнымен белгіленеді; 2) қорсыйымдылығы – қорқайтарымға керісінше көрсеткіш, ол өнім бірлігін шығаруға арналған негізгі қорлардың шығынын сипаттайды; 3) құрал-жабдық жұмысының ауысымдылық коэффициенті. Ол кәсіпорында орнатылған жабдықтың әр бірлігінің белгілі бір кезең ішінде орташа есеппен тәулігіне қанша ауысым жұмыс істегенін көрсетеді. Мысалы, егер цехтағы 200 станоктың 1-ауысымда 180, 2-ауысымда – 100, ал 3-ауысымда –40 жұмыс істесе, ауысым коэффициенті =1,6 (180+100+40):200), яғни әрбір станок үш ауысымдық тәртіпте, орташа түрде 1,6 ауысым пайдаланылды.
Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]