Қосымша әдебиет:
1.Белошенков В.В. және т.б. Оқу құралы. Жақ-бет аймағының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері және оны зерттеу әдістері. М.: 2005-180б.
2. Иброгимова Р.С. Самай төменгі жақ буынының аурулық дисфункция синдромы (патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі): Оқу құралы. Алматы, ЭФФЕКТ баспасы 2007.-140б.
3. Кващук В.В. Бас пен мойынның клиникалық анатомия атласы. Ростов н/Д.:2002-72 б. 20.
4. Лойт А.А., Каюков А.В. Бас пен мойынның клиникалық анатомиясы. М., Медпресс-информ, 2006-128б.
4. Самедов Т.И., Иванов Ю.В. Төменгі жақтың қозғалыс дисфункциясы: Дәрігерлерге арналған жетекшілік. М.М.Соловьева редакциясында –Спб,: СпецЛит, 2008.-46 б.
5. Семенов Г.М. , Лебедев В.А. Стоматологтарға арналған топографиялық анатомия және оперативті хирургия. Спб, Питер, 2008.-304 б.
6. Рузин Г.П. Жақ-бет хирургиясы мен хирургиялық стоматология бойынша дәрістердің қысқаша курсы. Оқу құралы. – Киев. «Книга плюс». – 2006, 231 б.
7. Бақылау (сұрақтар, тест түріндегі тапсырмалар, жаттығулар) Сабақтың жүргізілу сценариі
Этаптар |
Методикалық камтамасыз ету |
Мазмұны |
Уақыт (мин) |
Ұйымдастыратын уақыт. Сабақтың мақсатын және міндетін анықтау
|
Үлгерімдік Журналы Методикалық ұсыныс |
Түгендеу, сыртқы түрге мәне беру, ынталадыру,тапсырманың мақсатын айту және т.б. |
10 мин |
Соңғы дайындық деңгейіндегі бақылау ,түсіндіру |
Конспект толтырылған дәптер, сұрағы бар билет, науқас, нақпішін, презентация |
Жазбаша сұрау Самай төменгі жақ буындары зақымдану нәтижесінде сырқаттанудың анатомо-топографиялық және нейро-физиологиялық ерекшеліктері |
20 мин
|
Орындалған тапсырмалардың фантомда корсетілімі Тапсырмаларды альбомда, дәптерде орындау |
Науқас, нақпішін, презентация, нақпішін құрал-жабдықтары альбом, дәптерлер |
Сабақ материалдарын Самай төменгі жақ буындары зақымдану нәтижесінде сырқаттанудың анатомо-топографиялық және нейро-физиологиялық ерекшеліктерін қарау, Науқасқа ВНЧС ауруы бойынша тексеру жүргізу |
40 минут |
|
|
|
|
Үзіліс |
- |
|
30 мин |
Студенттердің рөлдік ойыны |
Ситуациялық есептер |
Ойын сценариы:. Студенттерге ситуациялық есеп таратылады |
50 минут. |
Сапаны тексеру этапы |
1.Тұжырымды бақылау жұмысы 2.Кері байланыс жүргізу 3. Баға орындарын толтыру (чек-парақ) балды есептеу. 4.Бағаны айту және оны сабақ журналына кою 5. Келесі сабақтың тақырыбы бойынша үй жұмысына түсініктеме беру |
Студенттер арасында науқас рөліне бөлінеді Науқас - шағымдарын суреттейді, өмір анамнезі Дәрігер объективті тексеру жұмысын жүргізеді, қосымша тексеру әдіс – тәсілін тағайындайды Мұғалім ойынға қатысқан студенттердің іс- әрекетіне баға береді, қатесін түзетеді 1.Жазбаша сұрау 2.Қосымша сұрақ 3.Блиц – сұрақ 4.Тесттік жұмыс |
30 минут |
Барлығы: 180 минут: 3 сағат 50 минуттан; 1 үзіліс 30 минут |
|||
Сұрақтар :
Шайнау бұлшықет топтарының анатомиясы мен қызметі.
Мимикалық бұлшықеттердің анатомиясы мен қызметі.
Самай-төменгі жақ буынының анатомиясы.
Самай-төменгі жақ буынының қызметі.
Тест түріндегі тапсырмалар:
1. Төменгі жақты түсіретін бұлшықеттерге төменде көрсетілгендердің бәрі жатады, мынадан басқасынан:
жақ-тіласты;
иек асты-тіл;
қосқұрсақты;
күрек-тіласты;
өзіндік шайнау;
2. Екі жақты жиырылу кезіндегі төменгі жақты алға ығыстыратын бұлшықетке жатады:
самай;
жақ-тіласты;
қосқұрсақты;
иек асты тіл;
сыртқы қанатша
3. Самай төменгі жақ буыны дискісінің алға қарай ығысуына қандай бұлшықеттер жатады:
самай;
жақ-тіласты;
ішкі қанатша бұлшықет;
қанат тәрізді бұлшықеттің ішкі жоғарғы басы;
қанат тәрізді бұлшықеттің сыртқы жоғарғы басы.
4. Самай төменгі жақ буыны дискісінің артқа қарай ығысуына қандай бұлшықеттер жатады:
біз-төменгі жақ;
бет-төменгі жақ;
диск-төменгі жақ;
қанатша төменгі жақ;
латеральді бұлшықет.
5. Самай төменгі жақ буынының биламинарлы аймағына мына төменде көрсетілген барлық қызметтер жатады, мынадан басқасынан:
амортизациялаушы;
қорғаныштық(барьерлік);
төменгі жақ қозғалысына қатысу;
синовиальді сұйықтықтың түзілуі;
самай төменгі жақ буынының дискісінің қозғалысқа қатысуы
6. СТЖБ АНАТОМО- ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ТӨМЕНДЕ АЙТЫЛҒАНДАРДЫҢ БАРЛЫҒЫ ЖАТАДЫ, ТЕК:
СТЖБ ішкі- және сыртыбуындық байламға ие;
СТЖБ-ның буындық беттері гиалинді шеміршекпен қапталған;
СТЖБ-ның буындық беттері фиброзды шеміршекпен қапталған;
Ауызды ашу барысында буын басы топсалы қозғалыс жасайды;
Ауызды ашу барысында буын басы үдемелі қозғалыс жасайды;
7. ТІЛ ИННЕРВАЦИЯСЫНА ТӨМЕНДЕ АЙТЫЛҒАНДАРДЫҢ БАРЛЫҒЫ ЖАТАДЫ, ТЕК:
тілдік;
шүйделік;
тіластылық;
тілжұтқыншақ;
барабанды струна.
8. СТЖБ ҚАНМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІНЕ ТӨМЕНДЕ АЙТЫЛҒАНДАРДЫҢ БАРЛЫҒЫ ЖАТАДЫ, ТЕК:
қанаттәріздес;
артқы құлақтық;
терең құлақтық;
ішкі ұйқы;
алдыңғы барабанды.
9. ТӨМЕНГІ ЖАҚ ШҰҢҚЫРЫНЫҢ БАРЛЫҚ ШЕКАРАЛАРЫ ДҰРЫС КӨРСЕТІЛГЕН, ТЕК:
жоғарыдан – құлақ қуысы;
алдынан- буындық төмпешік;
ішкі жағынан – бұрыштық қылқан;
артынан – самай сүйешінің барабанды бөлігі;
сыртынан – самай сүйегінің бет өсіндісінің негізі
10. САМАЙ –ТӨМЕНГІ ЖАҚ БУЫНЫ – БҰЛ ТӨМЕНГІ ЖАҚ ПЕН НЕНІҢ ҚОСЫЛУЫНАН ТҮЗІЛГЕН ҚОС БУЫН?
маңдай сүйек
шүйде сүйек;
төбе сүйек;
самай сүйек;
жоғарғы жақ сүйектерімен
11. ТӨМЕНГІ ЖАҚ АЙДАРШЫҚ ӨСІНДІСІНІҢ БУЫНДЫҚ БАСЫ ҚАНДАЙ ФОРМАДА БОЛАДЫ?
домалақ;
тегіс;
шартәріздес,
конустәріздес;
эллиптәріздес;
12. САМАЙ СҮЙЕГІНІҢ ТӨМЕНГІ ЖАҚ (БУЫНДЫҚ) ШҰҢҚЫРЫ АЛДЫҢҒЫ ЖАҒЫНАН ШЕКТЕЛЕДІ:
буындық шұңқыр;
буындық диск;
бетсүйек өсіндісі;
буындық төмпешік;
тасты-барабанды саңылауының алдыңғы қырымен
13. САМАЙ СҮЙЕГІНІҢ ТӨМЕНГІ ЖАҚ (БУЫНДЫҚ) ШҰҢҚЫРЫ АРТҚЫ ЖАҒЫНАН ШЕКТЕЛЕДІ:
буындық шұңқыр;
буындық диск;
бетсүйек өсіндісі;
буындық төмпешік;
тасты-барабанды саңылауының алдыңғы қырымен
