- •11 Билет.
- •Несептік синдром
- •2. Созылмалы пиелонефрит
- •Қауіп-қатерлі факторлар
- •Диагностика
- •Дифференциалды диагноз
- •Емдеу тактикасы
- •Госпитализация
- •Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы
- •3. Жүрек және қантамыр жүйесін зерттеу
- •Клиникасы
- •Іштің пальпациясы
- •Соқыр ішекті пальпациялау (4.69 сурет).
- •Көлденең тоқ ішекті пальпациялау.
- •Жоғары және төмен өрмелеген тоқ ішек бөліктерін пальпациялау
- •Жүрек аускультациясы келесі тәртіппен орындалады:
- •Жіктемесі
- •Клиникалық көріністері
- •17 Билет
- •Қанайналым мүшелері аурулары кезіндегі сндромдар: Коронарлық жетіспеушілік, Артериалдық гипертензия, жүрек жеткіліксіздігі.
- •Жүрек қызметі жеткіліксіздігінің клиникалық көріністері
- •3. Анафилактикалық шок. Жедел көмек.
- •Ревмотоидты артрит. Этиология. Клиникалық көрінісі. Диагностика. Емдеу принциптері.
- •Жиа. Миокард инфарктісі. Этиология. Клиникалық көрінісі. Диагностика. Емдеу принциптері
- •Квинке ісігі. Жедел көмек
- •Артериальды гипертензия. Диагностика. Емдеу принциптері
- •Созылмалы гепатит. Диагностика. Емдеу принциптері
- •Бүйрек аурулары науқастарын сұрастыру және қарау. Пальпация және перкуссия.Бүйрек ауруларын лабороторлы- аспапты зерттеу тәсілдері.
- •1Анемия диагностикасы емдеу шаралары
- •2 Қант диабеті
Созылмалы гепатит. Диагностика. Емдеу принциптері
Созылмалы гепатит (СГ) – этиологиясы әртүрлі, 6 айдан ұзақ бауырдың созылмалы диффузды қабыну-дистрофиялық ауруы. СГ этиологиялық факторлары: 1. Вирус. СГ вирусты гепатиттің А түрімен ауырғаннан соң 1-2% жағдайда, ал вирусты гепатиттің В түрінен соң 20% жағдайда туындайды. Кейде дельта-вирус, вирус С, Е түрлерімен ауырады, яғни олардан кейін бауыр ауруларымен белсенді ауырғаннан кейін 80% кем емес жағдайда туындайды. 2. Алкоголь, ол бауырдың майлы дистрофиясымен қатар созылмалы алкогольды және жіті гепатитті тудырады. 3. Созылмалы өндірістік интоксикациялар (хлорланған көмірсутегілер, бензол және оның гомологтары, қорғасын, фосфор, сынап, марганец және т.б.) 4. Бауырдың гепатотоксикалық әсері бар дәрілермен зақымдалулары (туберкулезге қарсы препараттар, антибиотиктер, сульфаниламидтер, аспирин, аминазин, анаболикалық стероидтар, метатрексат және т.б.). негізінде кез-келген дәріні ұзақ уақыт немесе оны үлкен дозада қолданса, бауырдың қызметіне және құрылымына қолайсыз әсер етеді. 5. Аутоиммунды (люпоидты) СГ – ағзаның иммунды реакциясының өзгеруі нәтижесінде дамиды. 6. Метаболикалық СГ - альфа 1-трипсин жеткіліксіз өндіруінен, Вильсона-Коновалова нәтиджесінде дамиды. 7. Бейспецификалық реактивті гепатит – АІТ аурулары вирусты гепатиттің ағымына қолайсыз әсер етуінде. 8. Холестатикалық гепатит – бауырдың экскреторлы функциясының бұзылуында дамиды. Патогенезі: СГ кезінде ағзаның иммундық жүйесінің қалыптаспауында, әсіресе генетикалық бейімділігі бар адамдарда дамиды. Нәтижесінде вирусқа қарсы антиденелер жеткіліксіз бөлінеді, гепатоциттер Т-жасушалармен және антиденелермен бұзылады, содан гепатоцит элементтеріне аутоантиденелер түзіледі. Содан соң жасушалық лимфоцитарлы инфильтрация, порталды жолдардың фиброзы дамиды. Созылмалы А гепатитінде гепатоциттер сатылы түрде некрозданады.
Клиникасы: әртүрлі, негізінен: 1. Оң жақ қабырға астының тұрақты түрде, сыздап ауыруы. Физикалық жүктеме және салқындағанда күшейеді. Сирек иррадиация береді, егер берсе, онда оң жақ жауырынға. 2. Диспепсиялық синдром жүрек айну, тәбеттің жоғалуы, эпигастрийдегі ауырлық сезімі, кекіру, ас дәмінің бұрмаланып сезілуі, ауыздағы ащы дәм, іштің ұлғаюы, іш қату. Жүрек айну тағам және дәрілер қабылдаған соң күшейеді. 3. Астеновегетативті синдром - әлсіздік, шаршағыштық, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі, жиі «бауырлық жалқаулық» - күндіз сағат 5-6-ға дейін төсектен тұрмай жатуы, невроздылық, ипохондрия, дене салмағының төмендеуі, ұмытшақтық. 4. Кіші бауырлық жеткіліксіздік түріндегі симптомдар: қызыл иектің қанталауы, мұрыннан қан кету, терінің қышуы, несептің қараюы, нәжістің ақшылдануы, меноррагия, сарғаю, тамырлық жұлдызшалар, тырнақтардың бұзылуы. 5. Бауырдан тыс симптомдар – кезеңді түрде немесе ұзақ қызба, буындардың ауырсынуы, деформациясыз және қозғалысының шектелуімен, спленомегалия, бұлшықеттердің ауырсынуы. Объективті: қарағанда терінің түсі сұр-қоңыр түсті, дене, мойын, бетте жиі терілік бөртпелер, тамырлық жасушалар, терілік телеангиоэктазиялар, тырналған орындар, ерлерде гинекомастия, бауырлық алақан (алқызыл-қызыл тері), бауырлық тіл, түктердің артуы, тырнақтардың өзгеруі. Васкулит көріністері – қанның ұю қызметінің бұзылуы және тромбоцитопенияға байланысты. Бауырдың 2см-ден жоғары ұлғаюы және оның тығыздалуы – гепатомегалия деп аталады. СГ кезіндегі спленомегалия көбіне порталды гипертензияға байланысты болады. Сарғаю, эпизодты басталады, өршумен байланысты және бауырдың экскреторлы қызметінің бұзылуы туралы мәлімет береді. Лимфоаденопатия – үдерістің белсенділігінің белгісі және ретикулоплазмоцитарлы жүйе реакциясымен байланысты. Қызба – бауырлық жасушалардың ыдырауы және иммунды жүйенің бұзылуы нәтижесінде туындайды, ал буындық синдром бауырдағы патологиялық үдерістің белсенділігін дәлелдейді.
Диагностикасы: 1) зертханалық белгілер: a) қан сарысуында билирубиннің (байланысқан), трансаминаза ферменттерінің (ACT, АЛТ), лактатдегидрогеназының ЛДГ5 – фракцияларының, сілтілі фосфатазаның жоғарылауы - бауырлық-жасушалық жеткіліксіздігін айқындайды. b) қан сарысуындағы альбуминдер, протромбин, холестерин, холинэстераза деңгейінің төмендеуі холестатикалық синдромда, яғни бауырдың дезинтоксикациялық қызметінің бұзылуында кездеседі. с) ЭТЖ жоғарылауы, альфа-глобулиндер деңгейінің жоғарылауы, тұнбалық сынамалардың өзгеруі, иммуноглобулинов деңгейінің өзгеруі (тимол, С-реактивті ақуыз, гексоза, тетракомпоненттің төмендеуі) – мезенхималды - қабыну синдромына тән, ол үдерістің белсенділігін дәлелдейді. d) тікелей емес билирубиннің, холестериннің, бетта-липопротеидтің, сілтілі фосфатазаның, альфа - глютаматтранспептидазаның, өт қышқылдарының, фосфолипидтердің жоғарылауы және несептегі уробилиногеннің төмендеуі - бауырдың экскреторлы қызметінің нашарлауын (холестатикалық синдром) айқындайды. e) гиперспленизмде анемия, тромбоцитопения, лейкопения байқалады.
2) УДЗ – бауырдың құрылысы мен өлшемдерін анықтайды.
3) Бауырды сканирлеу – радиоизотопты зерттеу.
4) Магнитті томография.
5) Бауырдың тері арқылы пункциялық биопсиясы. Бауыр циррозы (БЦ) – бауыр жасушасының дистрофиясымен, оның құрылымының өзгеріп, тыртықтанып бүрісуімен бауыр қызметінің жеткіліксіздігінің ұдайы өршуімен сипатталады.
Лечение.Больные хроническим гепатитом, агрессирующим и персистирующим, должны придерживаться особой диеты. Она подразумевает собой отказ от жареной пищи, тугоплавких животных жиров, а также пряных и острых блюд. Рекомендуется употреблять в пищу творог (ежедневная норма – 100-150 г), нежирные сорта рыбы (только в отварном виде), неострые сорта сыра. При токсико-аллергических и токсических гепатитах нудно полностью прекратить контакт с данным токсическим веществом. А вот при алкогольных гепатитах, соответственно, нужно отказаться от употребления алкоголя.
При каких-либо обострениях гепатита возможна госпитализация, постельный режим, а также соблюдение строгой диеты, при которой больной будет получать необходимое количество витаминов и белков. Врач может назначить витаминотерапию (аскорбиновая, фолиевая и никотиновая кислота, витамины B12, B6, B2, B1). Чтобы значительно улучшить анаболические процессы, применяются стероидные (анаболические) гормоны. Принимать внутрь метандростенолон по 15-20мг в лень. Дозу нужно постепенно снижать. Также подойдет ретаболил. Его нужно принимать внутримышечно 1 раз в 2 недели по 20-50 мг. В небольших дозах, но достаточно длительно показаны иммунодепрессанты и кортикостероидные гормоны. Применяются они в более острых случаях, в особенности, когда речь идет о признаках значительной активации иммунокомпетентной системы. Проводится лечение гидролизатами печени (сирепар, витогепат) и экстрактами. Но делать это нужно предельно осторожно. Ведь при острых гепатитов введение некоторых печеночных гидролизаторов может только усилить обострение гепатита, а также усилить аутоаллергические процессы.
