- •Аоо «Назарбаев Зияткерлік мектептері »
- •Химия – биология бағытындағы негізгі мектепті бітірту үшін қорытынды аттестациясының бақылау жұмысы Химия
- •Экзамен құрылымы
- •Экзаменнің өтілу уақыты:
- •Б) мырыш гидроксидінің в) күкірт қышқылының қышқылдық, негіздік және екідайлық қасиеттерді дәлелдеу.
- •Бақылау жұмысы тапсырмалары:
- •Бақылау жұмысының дұрыс жауаптары:
Экзаменнің өтілу уақыты:
Бақылау жұмысы 4 астрономиялық сағат (240минут)
Сарамандық жұмыс – 1 астрономиялық сағат (60 минут)
Сарамандық жұмыстардың тізімі
Органикалық заттардағы көміртекті, сутекті, хлорды сапалық анықтау.
Этилен алу және оның қасиеттерін зерттеу
Спирттердің альдегидке тотығуы
Көп атомды спирттердің сапалық реакциялары
Карбон қышқылдарының қасиеттерін зерттеу
Сабын алу және оның қасиеттерін зерттеу
Сахарозаның қасиеттерін зерттеу
Ақуыздардың қасиеттерін зерттеу
Магнийдің эквивалентін анықтау
Атом құрылысы. Химиялық элементтердің периодтық заңы мен периодтық жүйесі.
а) натрий гидроксидінің,
Б) мырыш гидроксидінің в) күкірт қышқылының қышқылдық, негіздік және екідайлық қасиеттерді дәлелдеу.
Мыс (II) және темір (II) комплексті қосылыстарын алу
Темірдің мырышпен (не қалайымен ) жанасқан кездегі коррозиясы.
Химиялық реакциялардың жылдамдығы
Хлорид , сульфат, нитрат және карбонат аниондары мен аммоний катионынан сапалық реакция
Аммиакты алу және оның қасиеттерін зерттеу
Химиялық тепе –теңдіктің ығысуы. (әр түрлі концентрациялы калий ( не аммоний ) роданиді, темір (III) хлоридінің ерітінділері мысалында)
Тұздар гидролизі. 1.ерітінділердің ортасын анықтау (AlCl3, Na2 SO4, K2CO3). 2. Темір (III) хлориді + магний ұнтағы гидролизі өнімін зерттеу. 3. алюминий хлоридіне натрий карбонатын қосып қыздырып біріккен гидролизді қарастыру (зерттеу)
Минералды тыңайтқыштарды танып білу
Органикалық және бейорганикалық газдарды алу , жинау және қасиеттерін зерттеу
Органикалық және бейорганикалық заттарды алу және қасиеттерін зерттеу.
Бағалау өлшемдері |
ұпай |
|
1 |
|
1 |
|
1 |
|
1 |
|
1 |
|
1 |
барлығы |
6 б |
Жұмыстың орындалуы:
Этилен алу және оның химиялық қасиеттерін зерттеу сарамандық жұмысының мысалы:
Бағалау өлшемдері |
ұпай |
|
1 |
|
1 |
|
1 |
|
1 |
|
1 |
|
1 |
барлығы |
6 б |
«Этиленді алу және оның химиялық қасиеттерін зерттеу»
Қжетті реактивтер мен құрал жабдықтар: ұстағышы бар метал тұрғы, қыздыруға қажетті құралдар (спиртшам) газ жүретін түтігі бар тығынмен тығындалатын сынауық , кішірек екі сынауық, кәрленнің ұсақ сынықтары, этил спирті, конц. күкірт қышқылы, бром (йод) суы, калий перманганаты ерітіндісі, сіріңке.
Жұмыстың орындалуы.
Этил спиртін дегидраттап этилен алу.
Реакция жүргізетін құрғақ сынауыққа 1-1,5 мл этил спирті мен 2-3 мл конц. Күкірт қышқылын ( немесе екеуінің дайын қоспасынан 3-4 мл) абайлап құйып алыңдар.Қоспаны қыздырғанда біркелкі қайнау үшін, қоспа құйылған сынауыққа аздап кәрленнің ұсақ сынықтарын салу керек. Сынауықты газ жүретін түтігі бар тығынмен жауып, көлбек етіп тұрғыға бекітеді.Қоспаны қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, қыздырыңдар.
Этиленнің қасиеттерін зерттеу:
А) газ жүретін түтіктің ұшын 1,5-2 мл бром (йод) суы құйылған сынауыққа салып, ерітіндінің сарғылт түсі жойылғанша газ өткізіңдер.
Б) газ жүретін түтіктің ұшын 1,5-2 мл калий перманганаты ерітіндісі құйылған сынауыққа салып, ерітіндінің түсі жойылғанша газ өткізіңдер.
В) газ жүретін түтіктің ұшын жоғары қаратып, бөлініп жатқан газды тұтатып, этиленнің жануын бақылаңдар.
Қыздыруды тоқтатып, қоспа салқындағаннан кейін жұмыс орнын жинап, тәртіпке келтір
