- •Жетілдіру жолдары»тақырыбына жазылған диплом жұмысы
- •1 Сыныптан тыс уақытында 5-7 сынып оқушыларының спорттық сауықтыру жұмыстарының теориялық негіздері
- •1.1 Мектептегі оқушылардың сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен сипаты
- •1.2 Мектептегі 5-7 сыныптардағы сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ерекшіліктері
- •1.3 Мектептегі оқушылардың сыныптан тыс кезінде қолданылатын әдіс –тәсілдер
- •1.5 Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда денсаулық сақтау ерекшеліктері
- •2 Мектеп тыс дене тәрбиесі мен спорт жұмыстары
- •2.1 Мектептен тыс дене тәрбиесі мен спорт жұмыстарда дененің қасиеттерін қалыптастырудың жолдары
- •2.2 Мектептегі 5-7 сынып оқушыларының дене қабілеттерін сабақтан тыс уақытта дамытуға тигізетін әсері
- •2.3 Тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының нәтижесін шығару және ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасау
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қорытынды
Бала денсаулығы – ең жоғары әлеуметтік құндылық. Бүгін мектеп партасында отырған балалар, он жылдан соңғы елдің әл-ауқат деңгейі мен экономикалық потенциалын, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Басқарудың жобалау технологиясы жалпыға білім беретін мекемелерде оқушы денсаулығын сақтайтын педагогикалық орта моделін жасауға мүмкіндік береді.
Қазіргі қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайда мектептегі оқушылардың аурулары жоғарылауы оқу-үрдісінің тым қарқынды және ағзаның психологиялық, физиологиялық шығынның қалпына келуінің бұзылуына байланысты.
Тиімді және үйлесімді оқыту оқушының танымдық дамуының табиғи логикасын ескеру негізінде ғана мүмкін. Егер оқытуды мәдениет пен қоғамның тұлғамен жан-жақты қарым-қатынасының үнемі жүріп отыратын үрдісі десек, оның негізгі «байланысқа» түсіруші танымдық үрдістер болып табылады. Дәл солар арқылы тұлғаға дидактикалық әсер ететін, ішкі дүниесінің өзгерісі қалыптасатын, оның мәні оқушының білімі, білігі мен дағдысында көрінеді.Оның негізінде тұлғада психологиялық жаңарулар жүзеге асады.
Мектепте баланың болашақта игеруіне болатын кез келген ғылым негізінің алғашқы білімдері қалыптасатындығын ескере отырып, оқушысының – бірте-бірте қалыптасып келе жатқан тұлға ретінде, қоғамдық санамен идеяларды талдай отырып, өз мотивтері мен мінез-құлық стимулын қалыптастыру арқылы өзі таңдаған және салалы түрде жасайтын әрекеттерімен өмір сүру әдеті пайда болады.
Оқушының тұлға болып қалыптасуына өзінен үлкендермен (мұғалімдер), өз қатарларымен (сыныптастары), әрекеттің жаңа түрлері (оқу арқылы), ұжымның (бүкіл мектеп, сынып) қарым-қатынасы әсер етеді. Оларда әлеуметтік сезімдер элементтері қоғамдық мінез-құлық (ұжымшылдық, өз әрекетіне жауапкершілік, жолдастық, қамқорлық, т.с.с.) дағдылары қалыптасады.Мектеп оқушыларына адамгершілік саналар мен тұлғаның оң қасиеттерін қалыптастыру мүмкіндігі зор. Оқушылардың тез икемделгіштігі, сезгіштігі, еліктеуге құмарлығын мұғалім беделіне сүйене отырып, жоғары адамгершілікті тұлғаны қалыптастыруға болады. Адами мінез-құлық негізі сыныпта қалыптасады,оның тұлғаны әлеуметтендіруде маңыза зор. Дәл осы кезеңде оқушы денсаулығының негізі мен салауатты өмір сүру нормаларының принцптеріне деген сұранысы қалыптасады.
Сонда мектептегі оқушылардың психикалық дамуында маңызды өзгерістер болады. Бұл кезеңді толыққанды өткізу үшін мұғалімдер, ата-аналар, психолог, тәрибиешілер оқушының потенциалды мүмкіндіктерін ашу мен оны жүзеге асыруға жағдай жасағанда мүмкін болады. Сол себепті әр баланың ерекшелігі ескерілген жетістік сабақтары қажет. Егер осы кезеңде бала таным қуанышын сезінбейтін болса, оқу біліктерін, сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыра алмасақ, оны қалпына келтіру қиын болады және үлкен рухани және физикалық күш жұмсауды қажет етеді.
Еліміздің әр аймағында жүргізілген әлеуметтік саулнама нәтижесі бойынша, мектеп бітірушілердің дені сауларының саны төмен болуына қолайсыз жағдайы ғана емес, мектеп басшыларының сауықтыру жұмыстарына немғұрайлы қарауы оқу-тәрбие үрдісін тиімсіз ұйымдастыруы, қазіргі оқыту әдістері мен педагогиккалық технологиялардың денсаулықты сақтауға негізделуінің әлсіздігіне байланысты екендігін көрсетті.Сондықтан да мектептегі оқу үрдісі оқушының оқу жүктемесін болдырмау, яғни денсаулық сақтаушы болу керек. Ол үшін: баланың жеке ерекшеліктерін (интеллектуалдық, эмоциялық, мотивациялық темпераментін, естің түрлері, т.б.). ескеру оқу материалын игеру кезінде оқушылардың нормадан тыс интеллектуалдық, эмоциялық жүктемесін болдырмау; мектеп пен сыныптағы жағымды моралды-психологиялық ортаны қамтамасыз ету, балалардың психикалық және физикалық денсаулығын сақтау, қолдау және нығайту; бағалы стресстен қорғану тәсілдерін үйрету қажет.
Бұны жүзеге асыруда мынадай психологиялық-педагогикалық жағдайларды ұстану қажет олар: ересектердің балаларға қарым-қатынасы тұлғалыққа бағытталуы; әр балаға әрекет түрлері мен құралдарын, т.б. өзі таңдау жасауын, бала жетістіктерін үнемі салыстырмалы түрде педагогикалық бағалап отыру (бүгінгі жетістіктерін кешегісімен салыстыру); оқушының эмоциялық-құндылықты, әлеуметтік-тұлғалық, танымдық, эстетикалық дамуы мен оның жеке ерекшелігін сақтайтын білім беру ортасын жасау: бала дамуының ең маңызды факторы ретінде жетекші әрекет түрін қалыптастыру; оқу әрекетін қалыптастыратын ойындарға сүйену.
Бүгінгі күнде мектептің негізгі мәселелері: оқушыларда қоршаған ортаға деген өзіндік көзқарас дамудың орнына керісінше, білім беру тәсілдері бала қызығушылығымен олардың шығармашылық потенциалдарын төмендетуде, бала инициативасы өшуде, балалардың жеке ерекшеліктері ескерілмейді, педагог пен оқушы қатынасында алшақтық байқалады, оқушының білім, білік, дағдысының формалді қалыптасуы сияқтылар анықталған.
Қазіргі мектептің мақсаты оқушыны өмірге дайындау екендігін ескерсек, әрбір оқушының мектепте алған білімі оның бүкіл ғұмырында қажеттілігін жоймау қажет. Бұл мақсатқа жету денсаулық сақтау педагогикасы арқылы жүзеге асады. Бүгінгі күнгі педагогтар соңғы педагогикалық жаңалықтарды біле отырып, оқушы денсаулығын сақтау және нығайтуға бағытталған жоспар бойынша жұмыс жүргізеді.
Денсаулық сақтау технологияларының баланың мектептегі оқу кезеңінде денсаулығын сақтайтынын, оның сабақтан тыс жұмыстарының қажеттілігі мен білім, білік, дағдыларын қалыптастыратындығын, алған білімін өмірде пайдаланатынын ескере отырып, барлық оқу мектептерінде кеңінен қолдану ұсынылады.
