- •1. Зілзала түсінігі және оның қысқаша сипаттамасы. Қар басу туралы хабарды алған бойда жасалатын іс-шаралар.
- •2. Тәуекелдік факторларына түсінік бер. Ыстық, шөлдеу сияқты авариялық жағдайда болған адамға көмек көрсету шаралары.
- •3. Оқиға орнында көмек көрсету қалай жүзеге асырылады ?
- •1. Дененің сыдырылуы, тілінуі, буынның таюы, сіңірдің созылуы кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек.
- •3. Кеуде мен іштің зақымдануы. Кеуденің жарақаты.
- •1. Өрт кезінде қауіпсіз ұстау ережелері.
- •2. Өндірістік авариялар мен апаттардың сипаттамасы.
- •3. Жеке қорғаныстың медициналық құралдарды ата.
- •1. Жарылыс дегеніміз не және жарылу қауіпі бар объектілер.
- •1. Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық шараларын жобалау нормалары.
- •2. Буынның шығу белгілері.
- •3. «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қашан қабылданды және бұл заңда көрсетілген Азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттерін ата.
- •1. Асептика және антисептика туралы түсінік.
- •2. Адамға сәуле алудың қауіпінің түсінігі және сәуле алу барысында пайда болатын аурулардың ауыртпалық деңгейлерін ата.
- •3. Жеке химиялық улануға қарсы пакетінің мақсаты мен құрылысы.
- •1. Өрт сөндіру құралдары және оны пайдалану тәртібі.
- •2. Адамдардың эпидемиялық аурулары.
- •3. Балалар жарақатының себептері.
- •1. Зілзала түсінігі және оның қысқаша сипаттамасы. Су басу ықтимал болатын аймақта болатын шаралар.
- •2. Бас жарақаттарын алған адамдарға көрсетілетін алғашқы медициналық жәрдем.
- •3. Ұйымдардағы Азаматтық қорғаныс мен Төтенше жағдай жөніндегі оқу-жаттығу түрлері.
- •19 Билет
- •1.Жаракат түсінігі
- •2 Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соғатын табиғи және техногенді құбылыстарды ата.
- •3. Жараланған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету шаралары.
- •1.Материалдық құндылықтарды көшіру тәртібі.
- •2.Сүйектің сынуы кезінде көрсетілетін дәрігерге дейінгі алғашқы көмек.
- •3. Химиялық ахуалының түсінігі. Ауаның вертикалдық тұрақтылығының үш деңгейін ата.
- •1.Өрт сөндіру құралдары және оны пайдалану тәртібі.
- •2. Жарақаттар түсінігі және себептері.
- •3. Адамға сәуле алудың қауіпінің түсінігі және сәуле алу барысында пайда болатын аурулардың ауыртпалық деңгейлерін ата.
3. Оқиға орнында көмек көрсету қалай жүзеге асырылады ?
№12 ЕМТИХАН БИЛЕТІ
1. Дененің сыдырылуы, тілінуі, буынның таюы, сіңірдің созылуы кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек.
Дененің сыдырылуы, тілінуі, буынның таюы, сіңірдің созылуы. Терінің айтарлықтай беріктік қасиеті бар және жарақат кезінде оның тұтастығы бұзылмайды, ал осы уақытта жұмсақ ұлпалар мен сүйектер зақымдалуы мүмкін. Егер дене тілінген немесе сыдырылған жерлер ластанбаса, оны адамның өзінің емдеуіне болады. Егер жара үлкен болса, ең жақсысы дәрігерге барып, ауруға қарсы ектіру керек. Жұмсақ ұлпалар зақымдануының аса көп тараған түрі дененің сыдырылуы болып табылады, ол қатты заттың соққы салдарынан пайда болады,соққы тиген жер бірден үлбірейді, көбінесе көгереді олардың пайда болуы зақымдалған тамырлардан қанның ағуымен түсіндіріледі. Тарамыстың созылуы секірген, құлаған,ауыр затты көтерген кездегі ебдейсіз әрекеттерден туындайды. Созылу белгілері-буынның сырқырауы, терінің үлбіреуі,қозғалауы қиындығы. Алғашқы медициналық көмек. Жараға тиіспей, оның айналасын суланған мақтамен сүртіңіз, жараға йод жағып, оны таза дәкімен таңыңыз, үлкен жараны ең жақсысы алғашқы көмектің жеке пакетіндегі дәкілі-мақталы жастықшасы бар таңғышпен байлаған жақсы (мұндай пакеттер дәріханада сатылады), таңғыш материалды алған кезде ешбір жағдайда жараның үстіне жабылатын жастықшаға тиіспеңіз,егер қолыңызда дәкі жоқ болса, таза бет орамалды пайдаланыңыз, жараны толық жабу керек, таңғыш денені қатты ауыртпау үшін оны аса қатты тартпау қажет, егер бір-екі күннен кейін тілінген немесе сыдырлыған жер іріңдеп, ал оның төңірегі ісіп кетсе дәрігерге барыңыз.Сырқатты басу үшін зардап шегушіге 0,25-0,5г анальгин беруге, ал жарақаттанған жерге мұзды қағанақ қоюға болады. 2. Табиғи өрттердің негізгі түрлері.
Қазақстан Республикасында табиғи өрттердің негізгі түрлері ландшафты өрттер – орман, орманды дала және дала (егіс) өрттері болып бөлінеді. Ормандағы өртті сөндірудің негізгі жолы суды пайдалану, ал мүмкін болмағанда өртті қолда бар құралдармен сөндіруге күш салады. Мысалы, отты топырақпен көму, оттың шоғын бұтамен жанып кетен жерге қарай сыпыру, қарсы от қою, тулақты немесе киізді пайдалану т.с.с. Ормандағы өрттердің 80 пайызы халықтың еңбек немесе демалыс орындарында өрт қауіпсіздігі шараларын бұзуынан, сондай-ақ орманда ақаулы техниканы пайдалану нәтижесінде болады. Орманның жоғарғы жағындағы өртті сөндіру қиын, сондықтан оны кедергі жасау, күйдіру және суды пайдалану арқылы сөндіреді. Бұл жағдайда кедергінің ені ағаш биіктігінен кем болмауы керек, ал жоғарыдағы өрт аумағының алдындағы күйдірілетін кедергінің (жердің) ені кемінде 150-200 м өрт қанаттарының алдында кемінде 50 м болуға тиіс. Өрт адамдарға психологиялық тұрғыдан үлкен әсер
3. Кеуде мен іштің зақымдануы. Кеуденің жарақаты.
Кеуде жарақаттары ауыр зақымданулар санатына жатады және кейде жоғары леталдықпен бірге өтеді. Қазіргі заманғы сыныпталу бойынша кеуденің бір жақты және екі жақты, жабық және ашық жарақаттары (жараланулары) бөлініп қарастырылады. Өз кезегінде жабық жарақаттарды оқшауланған және бірлескен, кеудеішілік ағзалардың зақымдануымен бірге немесе зақымдануынсыз деп бөледі. Кеуденің ашық жарақаттарын (жаралануларын) соқыр және тесіп өткен, енулі және енусіз деп бөледі.
Енілген жарақаттың кеудеішілік ағзаларды зақымдаусыз немесе кеуде жақтауын, өкпені және көкірек ортасы ағзаларын зақымдаумен бірге болуы ықтимал. Кеуде жарақаты кейде пневмо- немесе гематоторакспен асқынады. Көбіне плевралды қуыста ауаның жиналуы плевраішілік қан кетумен бірге өтеді. Мұндай жағдайда гемопневмоторакстың болуы туралы сөз етіледі.
Кеуденің жабық жарақаттарының жарақаттық талумен (шокпен), өкпе коллапсы және ателектазы нәтижесінде өкпелік желдетудің бұзылуымен, сондай-ақ кіші қан айналым шеңберіндегі қан ағудың төмендеуімен және миокардтың жиырылу қабілетінің азаюымен өтуі мүмкін.
Кеуденің ауыр зақымдануларының диагностикасы зардап шегушінің жағдайының ауырлығына, патофизиологиялық жылжудың үдеуінен туындайтын организмдегі өзгерістердің тез өтуіне байланысты қиындай түседі. Кеуде жарақатының барлық симптомдарын шартты түрде жалпы, жергілікті және ерекшеліктік деп жіктеуге болады. Жалпы симптомдарға тыныс алу мен қан айналу бұзылыстарының белгілері жатады. Жергілікті симптомдар ауыру, сыртқы қан кету, сүйек сыну белгілері (патологиялық жылжымалылық, крепитация), перкуссия мен аускультация деректері болып табылады.
Кеуде жарақатын аңғарудағы үлкен мәнді ерекшеліктік симптомдар иеленеді: қан тастаумен бірге болатын жөтел, ентігу, теріастылық эмфизема, гемоторакс, пневмоторакс, көкірек ортасының флотациясы, өкпе ателектазы.
№13 ЕМТИХАН БИЛЕТІ
