Қор нарығының теориялық негіздері мен құқықтық аспектілері
Қор нарығының рөлі мен мәні өндірісті дамыту үшін капитал ағымдарын қамтамасыз етуде, бюджетке ресурстарды инфляциялық емес жолмен тартуда, қаржы жүйесінің тұрақтылығында болып табылады. Дәл, осы қор нарығында қарызгерлер қажетті ресурстарды, ал инвесторлар капиталды салу сфераларын табады.
Көптеген экономикалық әдебиеттерде «қор нарығы» термині кең мағынада кең көлемдегі барлық қаржы құралдары (барлық бағалы қағаздар, соның ішінде вексельдер де, чектер де және т.б. да) ретінде, ал тар мағынада акциялар мен облигациялар нарығы ретінде қолданылады.
Дәлірек айтсақ, «қор нарығы» терминінің түпнегізі шетелдік болуына қарамастан, олардың шетелдік әдебиеттерде де толық айқындалмағанды байқалуда. Мысалы, У. Шарп, Г. Александер, Дж. Бэйлидің «Инвестициялар» атты белгілі еңбегінде «Қор нарықтары бағалы қағаздардың сатушылары мен сатып алушыларын біріктіру үшін қызмет етуде. Бұл нарықтар қаржы активтерінің айырбасталуына жағдай жасаушы механизм ретінде ұсынылады» делінген, сондай-ақ «қаржы нарығы немесе бағалы қағаздар нарығы бағалы қағаздардың сатушылары мен сатып алушыларын бірге біріктіру жолымен қаржы активтерінің айырбасталуына көмектесетін механизм» деп жазылған. Яғни, бұдан шығатын қорытынды қор нарығы және бағалы қағаздармен қатар қаржы нарығын да синоним ретінде қолданғандығы.
Сонымен қатар, көптеген ресейлік ғалымдардың еңбектерінде қор нарығы мен бағалы қағаздар мағыналары бірдей қолданылған. Атақты Ресей ғалымы, бағалы қағаздар нарығын зерттеуші Я. Миркин еңбектерінде де «қор нарығы мен бағалы қағаздар нарығы түсініктері сәйкес келеді» делінген.
Қор нарығын зерттеуші қазақстандық ғалым В. Ю. Додонов өз еңбегінде отандық, сондай-ақ шетелдік экономикалық әдебиеттерде де қор нарығының дәл өзінің анықтамасы жоқтығынан, қор нарығы мен бағалы қағаздар түсініктерінің синоним ретінде қолданудың орын алғандығын айтып, соңында ғалым «қор нарығы» (stock market) мен «бағалы қағаздар нарығы» (securities market) терминдерін олардың шығу этимологиясына байланысты қарастырып, қор нарығын акциялар нарығы деуге болатынын зерттеген.
Дамыған нарықтық экономикалы елдерде ресурстарды бөлуде мемлекеттің араласу мүмкіндігі шектеулі. Көптеген кәсіпорындар нарықтарда өздігімен материалдық және қаржы ресурстарын іздестіреді. Өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстырушы буын ретінде нарықтар жүйесінің қызмет етуі мен оқшаулануын қазіргі жағдайдағы өндіріс дамуының сипаттамалы ерекшеліктерінің бірі ретінде түсінуге болады. Бұл жерде инвестициялық процеске апаратын бағалы қағаздар маңызды орын алады.
Біздің ойымызша, қор нарығын шаруашылық субъектілермен өзінің тұрақты дамуы мақсатында қолдана алатын құралдар нарығы (инвестициялық бағалы қағаздар) ретінде түсінуге болады. Басқаша айтқанда, қор нарығын негізгі капиталдың ұдайы жаңғыртылуын қаржыландыруды қамтамасыз етуші механизм ретінде қарастырамыз.
«Қорлар» сөзі ғасырлар тереңінен шығады, оның мәні бірден тұрақтанбады; ол ұзақ уақыт бойы «капитал» мәнінің орнына қолданылды. «Қор» сөзінің бастапқы мағынасы қазіргі түсініктегі, яғни әлі табыс әкелмеген, бірақ мұны істеуге әрекеттендіретін құндылық, негіз ретінде түсінуге болатын «бастапқы капитал» түсінігіне эквивалент ретінде болды.
Шындығында, «қор» сөзі (франц. «fond», лат. «fundus» - основание) біріншіден, ақша қаражатының қоры, капиталы; екіншіден, белгілі бір мақсатқа жұмсау үшін бір жерге жинақталған ақшалай немесе заттай қаражаттарды білдіреді. Бұл мәнде кәсіпорын қызметін бастау мен дамуының жағдайына қажетті капиталды көбейту осы мақсаттарға қолдануға болатын қорлардың құрылуы болып табылады. Мұндай іс-әрекетті жүзеге асырудағы құралдардың бірі ретінде қор құндылықтарын білдіретін инвестициялық бағалы қағаздар болып табылады. Шаруашылық субъектілерімен эмитенттелетін инвестициялық бағалы қағаздардың қозғалысы капиталдық құнды тасушы ретінде, ұзақ мерзімді қаржы ағындарының құралдары ретінде капиталдық құрылымды қалыптастыру және қайта құру процестеріне қызмет етеді.
Қор нарығының рөлі мен мәні өндірісті дамыту үшін капитал ағымдарын қамтамасыз етуде, бюджетке ресурстарды инфляциялық емес жолмен тартуда, қаржы жүйесінің тұрақтылығында болып табылады. Дәл, осы қор нарығында қарызгерлер қажетті ресурстарды, ал инвесторлар капиталды салу сфераларын табады. Қор нарығының жетік қызмет етуі, инвестицияларды тарту қолайлы инвестициялық жағдайдың куәсі болып табылады.
Қор нарығы қаржы нарығының құрамдас бөлігі болып табылады. Оның пайда болуы мен дамуы шаруашылық қызметті кеңейту жағдайында инвестициялық ресурстарды тарту қажеттіліктерінің өсуімен тікелей байланысты. Қор нарығы ақша ресурстарының еркін қозғалысын қамтамасыз етуші ұдайы өндіріс процесі жүйесінде маңызды орын алады. Бағалы қағаздардың көмегімен ішкі және сыртқы жинақтаушылардың құралдары шоғырлануы және олардың кәсіпорындарға фирмаларға және т.б.-ға табыстауы жүзеге асырылады. Қор нарығы арқылы жинақтаушылардың кәсіпкерлердің пайдаларына қатысуы қамтамасыз етіледі.
Қор нарығында ресурстарды қайта бөлістіру жүзеге асырылатын бірқатар формалар мен механизмдер бар. Қор нарығы өзіне жүктелген міндеттерді тиімді атқаруы үшін оның инфрақұрылымы, қор нарығында қызмет ететін маманданған ұйымдардың болуы қажет. Әдетте, қор нарығының инфрақұрылымы ретінде нарықта мәмілелерді жүзеге асыру үшін қолданылатын технологиялардың жиынтығы түсіндіріледі.
Қор нарығының инфрақұрылымын қалыптастыратын элементтер болып сауда жүйелері, клирингтік ұйымдар, депозитарий, брокерлер – дилерлер, есеп – айырысу палаталары және т.б. табылады.
Қор нарығы жүйесінің бөлігі болып қаржылық құралдардың жиыны табылады. Қор нарығы құралдарын үлестік (акциялар) және қарыздық (облигациялар) деп бөлеміз. Үлестік бағалы қағаз кәсіпорын мүлкінің бөлігін иемденуге құқық беретін, жарғылық капиталды қалыптастыруға иесінің қатысуын бекітеді және де кәсіпорынды басқаруды қатысуға, пайда алуға құқық береді. Қарыздық бағалы қағаз оны белгіленген уақытта және белгілі бір пайызды төлеуге міндеттеме алатын оның иесі мен эмитенті арасындағы қарыздық қатынасын бейнелейді. Қарыздық бағалы қағаздарға, сондай – ақ вексель де жатқызылады, бірақ та ол инвестицияларды қаржыландыру көзі болып табылмайды. Бұл өтімділікті басқару үшін қолданылатын ақшалай міндеттеме. Сондықтан да осы мәселеде бұл бағалы қағаз қолданылмайды.
Қаржы жүйесінің шеңберіндегі құралдардың орналастырылуында маңызды рөлді өтімділікті қамтамасыз ететін және нарықта теңсіздікті жоятын қаржы делдалдары атқарады. Олардың әрекеті тұрақтанушы әсерге ие. Дилерлердің қызметі жеке инвесторларға бағалы қағаздарын ақшаға айырбастауға мүмкіндік береді.
Осылайша, қор нарығы қаржы нарығының құрамдас бөлігі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының салалар арасында қайта бөлістірілуін жүзеге асыра отырып, жалпы алғанда, ұлттық шаруашылықтың дамуына, экономиканың өсуіне жағдай жасайды [2].
Қор нарығын реттеу деген оған барлық қатысушылардың іс-әрекетін және олардың арасындағы операцияларды тәртіпке келтіруге бағытталған қоғам өкілетінің қызметі. Нарыққа қатысушылардың іс-әрекетін екі жақты — ішкі және сыртқы — реттеуге болады. Ішкіреттеу деген осы ұйымның, оның бөлімшелері мен қызметкерлерінің өз қызметінде ұйымның жарғысын, ережелерін және т.б. іс-әрекетін айқындайтын ішкі нормативтік құжат талаптарын орындауы. Сыртқы реттеу деген осы ұйымның өз қызметінде мемлекеттің, басқа да ұйымдардың, халықаралық келісімдердің нормативтік актілерін орындауы.
Кез келген бағалы қағаздар нарығын тікелей немесе жанама түрде сауда-саттыққа барлык қатысушылардың — эмитенттердің, инвесторлардың, кәсіби делдалдардың, нарық инфрақұрылымы ұйымдарының қызметін тәртіпке келтіретін уәкілетті органдар реттеп отырады. Реттеудің түрлері:
• мемлекеттік реттеу, онымен қызмет бабына реттеу функциясы кіретін мемлекеттік органдар шұғылданады;
• нарықтың өзін-өзі реттеуі,немесе бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың өз ұйымдарының қызметін реттеуі. Жалпы мемлекеттің немесе нарыктың кәсіби мамандарының өз реттеу қызметін бастауының ең алғашқы себебі бағалы кағаздар нарығынын кейбір іс-әрекеттеріне қалың бұқара топтарының қарсылығы болып табылады;
• қоғамдық реттеу, яғни нарықты қоғамдык пікір арқылы реттеу.
Таратып айтқанда, бағалы кағаздар нарығындағы кейбір іс-әрекеттер мемлекеттің немесе нарыкка кәсіби қатысушылардың реттеу әрекеттерін жүргізуіне негізгі себепші болуы мүмкін.
Әлемдік тәжірибеде бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу екі түрлі жолмен жүргізіледі: мемлекеттік органдар уәкілі қатысуымен тікелей араласу, сонымен қатар іс-шаралар арқылы нарыққа жанама араласу.
Тікелей араласу шараларына мыналар жатады:
• бағалы қағаздар нарығы мәселелері жөнінде заң шығаратын өкілетті органдардың жұмысы;
• осы мәселелер бойынша атқарушы үкімет органдарының қаулылары мен бұйрықтары;
• бағалы кағаздар нарығының жұмысына жаңа ережелер енгізетін немесе ескілерін өзгертетін басқа да мемлекеттік органдардың іс-шаралары.
Негізінен бұл бағалы қағаздар нарыгына қатысушыларға лицензия беру, бағалы қағаздардың кейбір түрлерінің айналысына шек крю немесе оны тоқтату, бағалы қағаздарды тіркеу және с.с. жұмыстар.
Жанама араласу тетіктеріне мыналар жатады:
• несие үшін процент мөлшерін өзгерту арқылы айналымдағы ақша массасын және несие көлемін мемлекеттік бақылау;
• мемлекеттің салық саясаты;
• депозиттерге, несиелерге, қарыздарға үкімет кепілдігі;
• қарыз капиталы нарығына мемлекеттің араласуы (қазынашылық облигацияларды,вексельдерді,ортажәнеұзақмерзімді бағалы қағаздарды, мемлекеттік органдардың міндеттемелерін және с.с. шығару) арқылы мемлекет пен корпорациялардың арасында несие үшін тікелей бәсекенің тууы;
• мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты (шетел валютасы мен алтын операцияларын, экспорт шараларын ынталандыру және с.с. жұмыстарды реттеу);
• мемлекеттің сыртқы экономикалық (саяси байланыстарды ұлғайту немесе шектеу және с.с.) іс-шаралары.
Бағалы қағаздар нарығын реттеу мемлекеттік органдарға, не арнаулы ұйымға (бағалы қағаздар жөніндегі комиссияға), не қаржы министрлігіне, не мемлекеттік (орталық) банкке жүктеледі. Мысалы, АҚШ-татиісті заңдарды шығарып, олардың орындалуын тексерумен конгрессте қүрылған бағалы қағаздар және кор биржалары туралы комиссия шұғылданса, Жапонияда бұл сұрактар Қаржы министрлігінде қаралады.
Реттеуші органдар инвесторлардың қаржьюын қорғауға бағытталған негізінен үш қызмет атқарады.
Бірініиіден, нарықта шаруашылық субъектілері ретінде кызмет істейтін барлық бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды, сонымен қатар, бағалы қағаздарға тікелей қатысы бар қызметкерлерді тіркеу. Тіркеуден өтетін барлық кандидаттар қаржы жөнінен белгілі бір талаптарға сай болуы кажет, яғни олардың керекті мөлшерде (минимум) өз капиталы болғаны жөн. Инвесторлардың мүддесін қорғау мақсатында, әдетте, тіркеуші органдар тіркеуден өткізбеу құқығын алады.
Екіншіден, экономиканың барлық субъектілерін нақты хабарлармен қамтамсыз ету. Ол әдетте, бағалы қағаздарды шығару мен оны шығарушылар туралы анық та толық хабар беретін эмиссия проспектін шығарумен жүзеге асырылады. Оған алдын ала белгілі бір адамдар ғана біліп және тек солардың арасында орналастыратын жеке бағалы қағаздар қосылмайды. Одан басқа эмитенттер бұқаралық ақпарат беттерінде үнемі қаржы есебін, фирманың басшы адамдары туралы өзгерістерді жариялап тұруға міндетті.
Үшіншіден, институционалдық органдар бағалы қағаздар нарығын тексеру және ондағы құқықтық тәртібін сақтауқызметімен де айналысады. Бұл органдардың өкілі заң бұзушылардың кез-келгенін тексеріп, кінәлілерге әкімшілік шара қолданып, істерін сотқа беруге құқығы бар. Ол үшін оларға мысалы, бағалы қағаздарға және ақша қаражатына тыйым салуға (арест), құжаттарын алуға және с.с. үлкен өкілеттілік берілген.
Бағалы қағаздар нарығын реттеу мемлекеттің ең маңызды міндеттері:
• нарыққа қатысушылардың кызмет етуіне нарык ережесіне сай жағдай жасау;
• нарыққа қатысушыларды кейбір жақтардың алаяқтық, арамдық және қылмыстық іс-әрекеттерінен қорғау;
• бағалы қағаздарға сұраныс пен ұсыныс негізінде ашық баға белгілеу процесін қамтамасыз ету;
• кәсіпкерлікті ынталандыратын тиімді нарықты калыптастыру және әрбір тәуекелге барабар сыйлық беру;
• белгілі бір қоғамдық нәтижеге жеткізетін бағалы қағаздар нарығының ұлттық моделін (мысалы, экономикалық даму деңгейін көтеру, жұмыссыздық деңгейін төмендету және т.б.) құру.
Бағалы кағаздар нарығын реттеудің мақсаты - бағалы қағаздармен келісімге келушілердің заңды мүдделері мен құқығын сақтауды қамтамасыз ету. Мемлекеттің мұндай айырықша статусқа ие болуы ол бағалы қағаздар нарығында ең ірі эмитент (мемлекеттік карызды қаржыландыру), әрі инвестор (кәсіпорындар мен банктердің бағалы қағаздарындағы мемлекеттік акциялардың бумасы) болуына байланысты туындайды. Сондай-ақ, бағалы қағаздар нарығына қызмет көрсететін қаржы институттарының ісін бағыттау мен реттеу мемлекеттік органдарға жүктелген. Олардың ең негізгісі — 1995 жылы Президенттің «Бағалы қағаздар жэне Қор биржасы туралы» жарлығына сэйкес құралған Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия.
Қор нарығын мемлекеттік реттеу органының негізгі атқарған қызметтері төмендегідей:
• бағалы қағаздар нарығын дамыту Бағдарламасын дайындау және орындау;
• қор нарығын реттейтін заңдар мен нормативтік актілердің жобасын дайындау;
• бағалы кағаздар нарығын дамыту Бағдарламасын орындау үшін мемлекеттің каржылық, техникалық және ұйымдық ресурстарын шоғырландыру;
• бағалы қағаздар нарығында қадағалауды және бақылауды қамтамасыз ету;
• қор нарығына мамандар дайындаудың мемлекеттік жүйесін құру;
• бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын құруға әрекет жүргізу.
Осы аталған қызметтердің орындалу барысында Қазақстан бағалы кағаздар нарығындағы және оның кызметін қамтамасыз ететін инфрақұрылым қалыптасып, одан әрі дамуда. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу ғылымға негізделіп алдын-ала дайындалған концепцияға жүгінеді.
Қазіргі кезде бағалы қағаздар нарығын реттеумен және қадағалаумен айналысатын уәкілетті орган — ол 2004 жылы құрылған Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау Агенттігі.
Агенттіктің негізгі атқаратын қызметтері мыналар:
• бағалы қағаздар нарығын дамытудың мемлекеттік саясатын және заңнамалық базасын дайындау және орындау;
• белгіленген мақсатқа (негізінен макроэкономикалық) жету үшін қаржы ресурстарын (мемлекеттік және жеке) шоғырландыру;
• нарыққа қатысушылар үшін «ойын тэртібін» белгілеу;
• нарықтың кәсіби мамандары мен нарық клиенттері үшін қаржылық тұрақтылық пен нарықтың қауіпсіздігін бақылау;
• нарықтың жағдайы туралы ақпарат жүйесін құру және оның инвесторлар үшін ашықтығын қамтамасыз ету;
• инвесторларды шығыннан корғау жүйесін құру және т.с.с.қызметтер.
Бағалы кағаздар нарығын мемлекеттікреттеу тәсілдерімен қатар нарықтың өзін-өзі реттеу іс-шараларының да маңызы зор. Өзін-өзі реттеуде қоғамдық реттеу әдістері қолданылады. Ондай әдістерге бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби кызметтердің стандартын дайындау және оларды практикада жаппай қолдану, теріс ниетті жарнамаға рұхсат бермеу, инвесторлар мен эмитенттердің жақсы қылықтарын дэріптейтін қоғамдық пікір қалыптастыру әрекеттері жатады.
Өзін-өзіреттеуші ұйымдар — ол бағалы кағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының нарықтың кейбір іс-әрекетін реттеу мақсатында ерікті негізде ұйымдасқан коммерциялық емес және мемлекеттік емес ассоциация немесе одақ түріндегі құрылымдар.
Өзін-өзі реттеуші ұйымдар өз шығынын өзі өтейтін қағидамен қызмет көрсетеді. Оның қаржысы мүшелерінің төлеген жарнасынан, әртүрлі төлемдерден, мүліктерін пайдаланғаннан түскен түсімнен, көрсеткен ақпараттық, кеңес беру және басқа да қызметтерінен алған қаражаттарынан құрылады.
Бұндай ұйымдардың негізгі қызметі:
• бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялардың жалпы ережелері мен стандарттарын дайындау;
• кәсіби қатысушылардың және клиенттердің мүддесін қорғау;
• кәсіби қатысушылар тиімді қызмет етуі үшін жағдай жасау.
Өзін-өзі реттеуші ұйымдардың құқықтары:
• кәсіби қызмет жэне нарыктағы операциялардың стандарттары мен міндетті ережелерін дайындау;
• кадрлардың кәсіби дайындығын қамтамасыз ету, осы нарыққа қатысушылар үшін міндетгі талаптарды бекіту;
• нарыққа қатысушылардың бекітілген нормативтер мен ережелердің орындалуын бақылау;
• нарықтағы ақпараттық қызметті орындау;
• мемлекеттік басқару органдарында нарыққа қатысушылардың мүддесін қорғау және олармен байланысты қамтамасыз ету.
Өзін-өзі реттеуші үйымдардың белгілері:
• ерікті бірлесу;
• ұйымға мүшелік, яғни оның мүшесі — ол бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы;
• ұйым қызметін және ұйымның өзін-өзі реттеуін ұйымдастыру, қатысушылардың қызмет ережесін бекіту;
• мемлекетпен қарым-қатынас орналастыру, ол — мемлекет өзінің реттеушілік қызметінің бірсыпырасын ұйымға беруі.
Бұндай ерікті ұйымдар мемлекеттік реттеудің кейбір жетіспеу жағдайлары кезінде құрылып, кейбір ассоциация мүшелерінің кесірінен бағалы қағаздар нарығына қатысушыларға нүсқан келтіргенін тексереді. Сонымен, маманданған ұйымның бағалы қағаздар нарығының дұрыс қызмет істеуіне бағытталған іс-әрекеттері көп жағдайларда осы тұрғыда мемлекет мүддесімен сай келеді [3].
Қор нарығының теориялық негіздері мен құқықтық аспектілерін талдай отырып, келесі тарауда жапония қор нарығының қазіргі жағдайымен және оның қатысушылары танысамыз.
ІІ ТАРАУ. ЖАПОНИЯ ҚОР НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
