Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
База данных 1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
144 Кб
Скачать
☆

5. Деректер базалары реляциялық моделінің ерекшеліктері мен кемшіліктері

Деректерді және олардың арасындағы байланыстарды ұйымдастырудың типтері бойынша деректер базасы:  1.реляциялық 2.иерархиялық 3.желілік деп бөлінеді.

1970 жылы ІВМ фирмасының қызметкері Эдгар Кодд реляциялық модель деп аталған деректер базасының жаңа моделін ұсынған бірқатар еңбектерін жариялаған болатын. Сонымен қатар, реляциялық мәліметтер қорларын өңдеу үшін Кодд мәліметтерді өңдеудің тілдерін – реляциялық алгебра мен реляциялық есептеуді әзірлеп шығарды, олар бір командамен бүкіл мәліметтер қорын өңдеуден өткізуге мүмкіндік береді, ал иерархиялық және желілік модельдерде бір жолы тек бір ғана жазба өңдеуден өткізіледі. Физикалық көрсеткіштердің орнына Кодд мәліметтердің тасымалдағышта физикалық орналасуына тәуелсіз оларды өздерінің ішкі логикалық қарым-қатынастарына сәйкес байланыстыру идеясын ұсынды.

Реляциялық деректер базасында объектілер мен олардың арасындағы байланыстар кесте түрінде көрсетіледі.

Реляциялық модельдің мәні – ол мәліметтерді реляциялар немесе қатынастар деп аталатын екі өлшемді кестелер түрінде беруді ұйымдастырады және ұсынады. Бір кесте бір объектіні сипаттайды. Кестенің бағандары мәліметтер қорының өрістеріне сәйкес келеді және атрибуттар деп аталады. Сол арқылы атрибут объектінің жеке қасиетін сипаттайды. Кестенің жолдары жазбалар деп аталады. Сонымен, жазбалар объектінің бір элементіне арналған атрибуттар мәндерінің жиынтығын сипаттайды. Деректер базасының құрылымын әзірлеу және сипаттау кезінде әрбір кестедегі атрибуттарға атаулар беріледі және олардың типтері анықталады.

Кестелерге де атау беріледі. Деректер базасының біреуі бірнеше кестеден тұруы мүмкін және қандай да бір құрамдас объектіні сипаттайды. Деректер базасына да атау беріледі.

Егер кестенің элементі әлі анықталмаған болса немесе ешқандай мәнге ие болмаса, онда оған Null - мәні меншіктеледі.

Мәліметтердің арасындағы логикалық байланыс бастапқы және сыртқы кілттердің көмегімен жүзеге асырылады. Бастапқы кілт деп кестенің әрбір жолын бір мәнді анықтайтын кестедегі атрибуттардың ең аз жиынтығы аталады. Бастапқы кілтті құрайтын атрибуттар мәндерінің комбинациясы әр жазба үшін бірегей, қайталанбайтын болып табылады. Сыртқы кілт дегеніміз - басқа кестедегі бірінші ретті кілттің өрісіне немесе өрістеріне сілтемесі бар кестедегі бір немесе бірнеше өрістер. Сыртқы кілттер бір деректер базасының кестелеріндегі мәліметтердің арасындағы қажетті байланыстарды қамтамасыз етеді.

Сонымен реляциялық деректер базасында:

-бастапқы кілттің және оған сәйкес келетін сыртқы кілттің атрибуттарының атаулары бірдей болуы міндетті емес, бірақ та бір типті болуы тиіс;

- мәліметтер қорының әрбір кестесінің бірнеше сыртқы кілттері болуы мүмкін, ал бастапқы кілт тек біреу ғана бола алады;

- жалпы жағдайда кестеде екі және одан да көп бірдей кортеждер болуы мүмкін емес;

  • кестеде кортеждер реттелмеген, еркін түрде болуы тиіс;

  • атрибуттар да реттелмеген, еркін түрде болуы тиісті.

Мәліметтердің реляциялық моделінің артықшылығы оны ЭЕМ-де физикалық жүзеге асырудың қарапайым, түсінікті және ыңғайлы болуында. Пайдаланушы үшін дәл осы қарапайымдылығы мен түсініктілігі оларды кең түрде қолдануға негізгі себеп болды. Осы типтегі мәліметтерді өңдеу тиімділігінің мәселелері техникалық тұрғыдан шешілетін болып шықты.

Реляциялық модельдің негізгі кемшіліктері:

- жеке жазбаларды идентификациялаудың стандарттық құралдарының болмауы;

- иерархиялық және желілік байланыстарды сипаттаудың күрделілігі жатады.