Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
базы данных 2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
112 Кб
Скачать
☆
  • Ресурстарды (уақыт, жұмысшы топ, программалық құралдар және т.с.) және қаржының көлемін анықтау

  • Білімдердің көздері (әдебиеттер, мамандар, әдістемелер және т.с.)

  • ЭЖ әзірлеушілермен танысу

  • 6 Айдан кем емес

  • Қаржы мәселесі (аз болған жағдайда жаңа жүйе қарастырылмайды, бар жүйенің адаптациясы жүргізіледі)

Тұжырымдама жасау

  • терминология, негізгі ұғымдар мен атрибуттарды, шығыс жіне кіріс ақпарат, шешімді қабылдау стратегиясы; гипотезалар

  • Пәндік аймақ туралы білімдерді (білімдердің құрылымын) және олардың байланыстарын анықтау

Диаграммалар

  • Контекстілік (Не?)

  • Табиғаты-байланыс (Жүйе не істейді)

  • Деректердің ағыны (Қалай)

  • Күй-ауысу (Жүйе жағдайы)

Формализация

  • Кілттік ұғымдар және байланыстарды білім инженері ұсынған программалау тілінде көрсету

  • Қарастырған мәселені шешуге арналған құралдарды анықтау

Орындау (реализация)

  • Бір немесе бірнеше түптұлғаны іске асыру

  • ЭЖ-1 (1-3 ай)

  • ЭЖ -2 ...

  • Паскаль, С+ және т.б. программалау тілдерін қолдану

Тестілеу (тексеру)

  • Кіріс-шығыс интерфейстың қолайлығын анықтау

  • Басқару стратегиясының тиімділігін анықтау

  • Білім қорының дұрыстығын анықтау

  • Тәсілдемедегі және түптұлғаны жүзеге асырудағы қателіктерді анықтау

  • Өндірістік нұсқаманы (промышленный вариант) жасауға ұсыныстарды дайындау

  • verification (ЭЖ дұрыстығы – корректность)

  • Validation (қойылған талаптарға сәйкестігі)

  • Бастапқы деректерді тексеру

  • Білімдер базасын логикалық тексеру

  • Қолданатын жүйені тұжырымдамалық тексеру

Тәжірибелік қолдану

  • Соңғы пайдаланушылар үшін ЭЖ жарамдылығын тексеру

20.Эксперттік жүйелердің жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз

ЭЖ - формализацияға жатпайтын есептерді шешу үшін мамандардың тәжірибелерін және білімдерін колданылатын ақпараттық технологиялар.

ЭЖ ерекшеліктері

  • қиын практикалық есептер үшін қолданылады

  • Тиімді

  • Сапалылығы жоғары

  • пайдаланушыға шешімі түсінікті (сандық немесе статистикалық әдістерге қарағанда)

  • эксперттің көмегімен білімін толықтыруға мүмкіндік бар

Экспертті жүйені құрушыларға коллективіне минимум төрт адам кіреді:

  • Эксперт;

  • Білім инженері;

  • Программист;

  • Қолданушы.

Қолданушы – жүйемен жұмыс жасайтын нақты саладағы маман. Көп жағдайда қолданушының квалификациясы төмен болады, сондықтан ол экспертті жүйелер жағынан көмекті қажет етеді. Білім бойынша инженер – эксперт және білім базасы арасындағы аралық буфер ролін атқаратын жасанды интеллект бойынша маман.

Эж жұмыс істеу принципі:

        • Эксперт білім инженерінің көмегімен ЭЖ-ні керек білімдермен толтырады. Көп жағдайларда керекті білімді алу үшін қосымша эксперттерді шақырады.

        • Программист көмегімен қолданушы интерфейсі жасақталынады

        • Есептерді шешу режимінде соңғы қолданушы ЭЖ-ге қажетті мәліметтерді енгізеді.

        • Енгізілген мәліметтер жұмыс аумағына түседі және білім базасынан керек ақпараттарды кірістіру арқылы есеп шығарушымен (решатель) өңделеді.

        • ЭЖ өз қорытындысын ұсынады.

22.Білімнің түрлерің анықтаңыз

Білімнің келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады:

  1. Базалық элементтер – әлемнің шынайы объектілері. Олар тікелей қабылдаумен байланысты, талқылауды қажет етпейді және базалар фактісіне еш өзгертулерге ұшырамай, алынған күйде қосылады.

  2. Бекітпелер мен анықтамалар. Олар базалық элементтерге негізделген және сенімді білім болып табылады.

  3. Концепциялар – базалық объектілердің группалау немесе жалпылау. Әр концепцияны құру барысында әр түрлі амалдар қолданылады.

  4. Қатынастар. Олар базалық элементтердің қарапайым қасиеттері мен концепциялар арасындағы қатынасты анықтайды.

  5. Теоремалар мен жазбалар ережесі. Эксперттік жүйелерде теоремалардың болуы оның классикалық мәліметтер қорын басқару жүйелерінен негізгі айырмашылығы болып табылады.

  6. Есептің алгоритмі. Олар белгілі бір есептерді шешу кезінде қолданылады.

  7. Стратегиялар мен эвристика. Белгілі бір жағдайлар кезінде қажет шешімдерді қабылдауға мүмкіндік беретін ережелер жиынтығы.

  8. Метабілімдер. Білімдерге сенімділік коэффициентінің шамасын анықтайды және кез келген деңгейлерде болады.

Эксперттік жүйенің архитектурасына байланысты білімдерді екі түрге бөлуге болады:

  • Интерпретацияланатын

  • Интерпетацияланбайтын

Интерпретацияланатын білімдер:

  • Пәндік білімдер

  • Фактілер

  • Орындалатын бекітпелер

  • Басқарушы білімдер

  • Фокустаушы білімдер

  • Шешім қабылдаушы білімдер

  • Ұсынылатын білімдер

Интерпетацияланбайтын білімдер:

  • Қосалқы білімдер

  • Қолдаушы білімдер

  • Технологиялық білімдер

  • Семантикалық білімдер

26. Сарапшы және эксперттік жүйенің жұмысын салыстырыңыз

Сарапшы-адам алдындағы эксперттік жүйенің артықшылығы:

  • Тұрақтылық пен бірқалыптылық (постоянство и стабильность)

  • Ақпараттарды берудің жеңілдігі

  • Алынатын нәтижелердің тұрақтылығы

  • ЭЖ-ні құру мен пайдаланудың арзандығы

  • Кез келген уақытта пайдалану мүмкіндігі

  • Субъективтік факторлардың болмауы

Кемшілігі:

  • Тар пәндік облысқа арналған

  • Жұмыс сапасы білім базасының сапасына тәуелді

  • Өз бетімен оқу мүмкіндігінің болмауы

  • Бағдарламалық жабдықтарды жаңартып отыру керек

  • Творчествалық нәтижелерді шығара алмауы

28.Кесте құру тәсілдерін көрсетіңіз