Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТАРИХ МЕМЛЕКЕТТИК ЕМТИХАН.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
705 Кб
Скачать
☆

74)Нарықтық экономикаға өту жолындағы Қазақстан.

Кеңестер Одағы ыдыраған соң Қазақстанда теуелсіз мемлекеттің дамуының қарқынды процесі басталып, жергілікті жерлердің езін-езі басқару негізінде, обылыстарда, қалаларда және аудандарда атқарушы өкімет билігіне реформа жасалынып, екімдер лауазымы енгізілді. Мемлекеттік меншік бойынша комитет, Антимонополиялық комитет, Мемлекеттік салық инспекциясы т.б. қурылды. Республиканың Валюта, Алмаз және Алтын қорлары жасалынып, айналымғы 1993 ж. 15 қарашасынан үлттық теңге енгізілді.

Экономикалық дағдарыс жағдайында республикада, табиғи байлықтардың аса бай қоры барлығын негізге алатын, экономикалық қайта қүрылыс пен нарықтық қатынастарға өтудің өзіндік үлгісі жүзеге асырылуда. Республика экономикасының мемлекеттік емес секгоры дамытылуда. 1992 ж. ортасында оның қатарында 35 акционерлік қоғам, 76 салааралық және сыртқы экономикалық ассоциациялар, 30-дай концерндер мен консорциумдар, 120 коммерциялық банк, 60 биржа, 40 қамсыздандыру және 20 лизингалық компания, 2 ірі аудиторлық орталық болды.

Шағын және орта енерквсіпті ынталандыруға, вйелдерді бизнеске тартуға бағытталған шаралар жүзеге асырылуда. Салық салу жвне бюджетті жоспарлау, банк саласының жүйелері түбегейлі қайта қаралды. Зейнетақымен қамтамасыз ету реформасы жүргізілді, жумыспен қамту және медициналық сақтандыру қорлары қурылды.

Республикамызда құрылған нормативтік - қүқықтық база адамдардың санасын өзгертуге ықпал етті, ері қоғамды жаңа болмысты қабылдауға - меншіктің барлық түрлерін мойындауға негізделген, мемлекеттің араласуынан азат еркін нарықтық экономикаға баруға мүмкіншілік туғызды. Қазақстандағы барлық сауда, турмыс қажетін етеу мекемелері: қонақ үй, дүкен, мейрамхана, шаштараз т.б. жекешелендірілді.

Мемлекетте жаңа қүрылыстың қалыптасуының маңызды көрсеткіші шағын және орта квсіпкерлердің санының өсуі болды. Теуелсіздіктің 10-шы жылында шағын және орта бизнестің 200 мындай жаңа квсіпорындары пайда болды, 250 мыңнан астам адам еркін квсіпкерлік қызметпен айналысты, ал аграрлық секторда 1,3 млн. фермер мен кооператорлар еңбек етті. 1993 ж. республикада ендірілетін жалпы ішкі өнімнің 75 % жуығы жеке меншік секгордыңүлесіне тиді.

Өндіріс саласында да жекешелендіру ісі жүзеге асырылуда. 1993 ж. наурызда 1Қазақойл" үлттық мунай-газ компаниясы қүрылып, оның қарамағына "Маңғыстаумүнайгаз", "Ақтебемунайгаз", "Теңізмунайгаз", "Ембімунайгаз", 1,Өзен№унайгаз", 1Қазақстанкаспийшельф",

1'Қарашығанақмунайгазпром", "Атырау №унай өндеу" зауыты т.Б. Берілді. Оның бақылау пакеті мемлекет қолында.

Нарықтық экономикаға ету тусында шетелдік капитал, техника мен технология кеңінен пайдалануда. Экономикалық ынтымақтастық туралы шарттарға іс жүзінде Шығыс және Батыс Еуропаның барлық мемлекеттерімен, арабтың шығыс елдерімен, Үндіқытаймен, Корей түбегімен, Түркиямен, Иранмен және Пәкстанмен қол қойылған. Балтық және Қара теңіз жағалауы елдерімен байланыс жолға қойылды. Аса ірі шетелдік фирмалар және корпорациялармен, оның ішінде американдық иДау кемекал", ағылшындық 1,Бритш петролиум" және 1,Бритш газ", француздың 11Эльф Акитен" және басқалармен келісімдер жасалды. Соңғы жылдарда 1'Шеврон", 1'Мобил", "Эш", 1'Мицуй", "Харрикейн", иАЕС" жвне басқа жетекші корпорация, компанияларымен жемісті ынтымақтастық дамуда. Ірі келісімдерге қол жеткізіліп, Каспий мунайы мен газын өндіру, Қарашығанақ пен Теңіз кеніштерін, сондай-ақ, Екібастүз көмір разрездерін пайдалану жөніндегі жобалар іс жүзінде іске асуда.

Қазақстан экономикасына аса ірі капитал тартудың айқын мысалы 40 жыл мерзімге "Теңізшевроил" бірлескен квсіпорынын қуру туралы меморандумға қол қойылуы болды. Бірлескен квсіпорынның қызмет істейтін бүкіл мерзімі бойында табыстың 30 % Қазақстанға, 20 % ЧИевронға" тиісті. Тек 1993-1997 жж. аралығында "Теңізшевройл" Қазақстанға 224 млн. доллар қаржы түсірді.

Қазақстанға қаржы тарту үшін шетел капиталына қолайлы жағдай жасалынуда. Инвесторлар қызметінің зандылық жвне нормативтік базасы дайындалды, бағалы қағаздар нарығының инфрақурылымы қалыптасты. 1996 ж. инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитет қурылып, ол келесі жылы ақпанда "Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы" Заң қабылдап, шетел инвестицияларының ерістеуіне жағдай туғызды. Осының нвтижесінде қазіргі уақытта өнерквсіппен ауылшаруашылығына тғлыпған иетеддк і4-€ести4ияп=р 3 мгрд. />КШ долгер=.н қдоап отьр.

Алайда бурынғы Кеңес Одағының экономикасының ыдырауы салдарынан влеуметтік-экономикалық жағдайдың шиеленіскен жағдайында нарықтық реформа қиындықпен жүзеге асырылуда. Әлеуметтік-саяси жағдай влі де болса жеткілікті түрде турақты емес. Инфляция мен бағаның есуі, реформаны жүзеге асырудағы қателікгер - қылмыс, имандылықтан айырылу, масылдық сияқты влеуметтік кеселдердің қайталанып отыруы қоғамдық жағдайға жақсы всер етпей отыр. Өтпелі кезеңнің қиындықтарын бастан кешіру жвне экономика мен қоғамды реформалаудың екінші кезеңінің басты міндеттері Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1997 ж. 10 қазандағы республика акгивінің жиналысында жасаған 1Қазақстанның 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған даму стратегиясы" атты баяндамасында көрсетілген. Президент ез баяндамасында алдағы отыз жыл бойына басшылыққа алатын жеті ұзақ мерзімді мақсаттарды белгіледі: 1. Ұлттық қауіпсіздік, егеменді твуелсіздік. 2. Ішкі саяси турақтылық жвне қоғамның топтасуы. 3. Инвесициялардың жвне ішкі жинақ қаржыларының жоғары деңгейіне твн нарықтық экономиканың негізіндегі экономикалық есу. 4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен жақсы турмысы. 5. Энергетикалық ресурстар. 6. Инфрақурылым, всіресе, келік пен байланыс. 7. Квсіби врі пврменді үкімет, жемқорлыққа жвне қылмыскерлікке қарсы батыл күрес.

Өтпелі кезеңдегі рухани өмір мен мәдениет. Казақстан твуелсіздік алғаннан кейін халықтардың мвдениеті мен двстүрлері қайтадан қалпына келтіріліп, даму үстінде. Халыққа білім беру, ғылым мен мвдениет ез дамуында идеологиялық даяр үлгілердің қыспағынан қутылды. Муның өзі рухани өмірдің барлық қурылымдық бвлшектері мен буындарында қалыптасқан жүйе мен бір сарындылықты жеңуге мүмкіншілік вперді. Осының арқасында көп партиялық жүйе қалыптасуының бастамасы жасалынып, "Азат", ғҚазақстан халық конгресі", "Азамат", иАлаш", ғОтан" Қазақстанның социал-демократиялық, коммунистік партиялары мен 100-ден астам қозғалыстар мен бірлестікгер дүниеге келді. Қазіргі уақытта республикада 14 саяси партиялар, 2500-ден астам үкіметтік емес үйымдар, 30-дай конфессияны қамтитын 2700 діни бірлестікгер қызмет етуде. Елде сез бен баспасез бостандығы, діни нанымға еркіндік секілді демократиялық қүндылықтар жарияланып, твуелсіз буқаралық ақпарат құралдарының жүмыс істеуі үшін жағдай жасалынды. Республикада ресми буқаралық ақпарат қуралдарымен қатар жеке газеттер мен журналдар шығарылды, телерадиостудиялар мен компаниялар жүмыс істейді. Қазіргі көзенде 11 ақпараттық агенттік, 36 телерадиокомпания мен студия жүмыс істейді. 314 газет пен 79 журнал қазақ, орыс жвне Қазақстан халықтарының басқа тілдерінде жарық көреді.

Қазақ үлты қайтадан топтаса бастады, кезінде жазықсыз қудалаудың қурбаны болған қазақ халқының тандаулы өкілдерінің есімдері қайтадан жаңғыртылып А.Байтурсыновтың Ә. Бвкейхановтың Ш. Күдайбердиевтің М. Жүтміабаевтың X. Дос№/камедовтың М. Дулатовтың Ж. Аймауытовтың М. Тынышпаевтың С. Свдуақасовтың жвне басқалардың кітаптары жарық көрді. Жер-су аттары қалпына келтірілуде, кеші-қон жвне азаматтық туралы заң қабылданып, үлттық мвдениеттің гүлденуі үшін жағдай жасалынуда.

Бірыңғай мекгептердің орнына мекгепте білім беруде плюрализм орнап келеді. Гимназиялар, лицейлер, колледждер, жеке жвне авторлық мектептер ашылып, жумыс істей бастады. 1999 ж. бастап Қазақстанның барлық мектептерін компьютерлендіру ісі басталып, "Атамура" баспасынан влемдік деңгейдегі биік талаптарға сай жаңа буын оқулықтары шығарыла бастады.

Қазақстан Республикасы Рылым академиясының қурылымы мен ғылыми ізденістерінің тақырыптары жаңа талаптарға сай келтірілуде. Ә.Х. Марғулан атындағы Археологиялық институт, Рарыштық зерттеу, Механика жвне машина зерттеу, Информатика жвне басқару, Физика-технологиялық проблемаларды зерттеу институттары жвне басқа жаңа ғылыми-зерттеу институттары үйымдастырылады. Салалық ғылым академиясының жүйесі кеңейтілуде. Қазақстан Республикасының Инжәнерлік жвне Ауыл шаруашылық академиялары жумыс істей бастады. Рылыми дврежелер тағайындау жвне ғылыми атақтар беру, диссертациялық жумыстардың сапасын бақылау үшін республика жоғарғы аттестациялық комитеті қурылды.

2000 жыл мвдениетті қорғау жылы деп жарияланып, тек осы жылы ғана 727 мвдениет нысаны, соның ішінде 463 кітапхана, 233 кпуб, 5 жаңа театр жвне 5 музей ашылды немесе жумысын қайтадан жалғастырды. 1449 кітапхана, 631 кпуб, 49 музей, 11 театр жвне 6 кинотеатр жөндеуден өткізілді. Мемлекет басшысы тарапынан мвдениет қайраткерлері ез еңбектері үшін жоғарғы бағаға ие болып, көптеген адам мемлекеттік наградалармен марапатталып, вдебиет пен енер саласының50 екіліне мелекеттік стипендия тапсырылды.

Осымен бірге Қазақстанның қазіргі заманғы ғылымы, мвдениеті мен енері бастан кешіріп отырған қиыншылықтар аз емес. Жоспарлы экономиканы нарықтық қатынастар бағытына кешіруге байланысты ендіріс келемінің қүлдырауы мвдениет мекемелерінің, халыққа білім беру мен ғылымды материалдық-техникалық жабдықтау жвне қаржымен қамтамасыз ету ісіне елеулі қиыншылықтар туғызуда. Гуманитарлық интеллигенция мен өндірістік емес саланың мамандары влеуметтік жағынан қорғалмаған болып шықты.

Тәуелсiздiк кезеңі

Тәуелсiздiк алғаннан кейiн (1991) Қазақстанда экономиканы реформалаудың бiрнеше тәсiлi қолданылды. Мемлекеттік экономикалық саясаттың базалық бағыттары мыналар болды:

1) социалистік экономикадан кейiнгi қайта құру;

2) дағдарысқа қарсы бағдарлама;

3) макроэкономикалық тұрақтандыру;

4) дүниежүзілік экономикалық дағдарысты еңсеру;

5) экономикалық өрлеудi қамтамасыз ету.

[өңдеу]Реформалар: бiрiншi кезең (1991-1992)

Бiрiншi кезең Қазақстанда социалистік экономикадан кейiнгi экономикалық жағдайдың шиеленiсiп, құлдырауымен сипатталады. Бұл 70-жылдардың аяғында КСРО экономикасы нақты секторының жаппай үдере қожырауы салдарынан туған едi, оның үстiне өзгерiске ұшыраған сыртқы және iшкi әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси бағытта жүргiзiлген экономикалық саясат өрiстеп кете алмады.

90-жылдардың басында ҚР-ның экономикалық саясаты социалистік экономикалық жүйенi өзгертуге және ұлттық нарықтық экономиканы құруға бағытталды. Негiзгi бағыттар мыналар болды: экономиканы ырықтандыру: сыртқы реттеуiштердi енгiзу, әлеуметтік-экономикалық аяға мемлекеттiң қатысуын шектеп, қамқорлығын азайту, сыртқы экономикалық қызмет нысандарын кеңейту, сырттан инвестициялар тарту, валюталық тәртiптi тұрақтандыру; көп ұстынды экономиканың негiздерiн қалыптастыру: экономикада жекеше сектордың жұмыс iстеуi үшiн жағдай жасау, шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге нарықтық нышандар үлгiлерiн енгiзу, кәсiпкерлiктi, шағын және орташа бизнестi дамыту, толымды нарықтық бәсекенi өрiстету үшiн жағдай жасау.

Республиканың жалпы iшкi өнiмi 1991 ж. ағымдағы бағамен — 85863,1 млн. сом., 1992 ж. — 1217689,2 сом болды. Бағаны ырықтандыру салдарынан үдей түскен инфляцияға байланысты жалпы iшкi өнiм ағымдағы бағамен 15 есе көбейдi. Тұтыну бағасының индексi 1992 ж. 3060,8%-ды құрады, мұның өзi 1991 жылмен салыстырғанда 12,4 есе (247,1%) көп. Нақты бағамен жалпы iшкi өнiм деңгейi 5,3%-ға төмендедi. 1991 жылмен салыстырғанда 1992 ж. экономиканың барлық саласы бойынша өндiрiс көлемi күрт азайды. Өнеркәсiптiк өнiмнiң құлдырау қарқыны құрылыста 40,5%-ды, саудада 17,4%-ды, көлiкте 19,4%-ды құрады. Өндiрiстiң өсуi тек ауыл шаруашылығында ғана тiркелдi. Сатып алу қабiлетiнiң тепе-теңдiгi бойынша орта есеппен жан басына шаққандағы жалпы iшкi өнiм 1991 ж. 5756 АҚШ доллары, 1992 ж. 5561 АҚШ доллары болды. 1992 ж. Қазақстанның стратегиялық дамуының алғашқы бағдарламасы — “Қазақстанның егемендi және тәуелсiз мемлекет ретiнде дамуының қалыптасу стратегиясы” қабылданды, мұнда мемлекет дамуының басым бағыттары айқындалды және экономика аясында стратегиялық мақсаттар белгiлендi, олар: бәсекеге негiзделген, экономикалық және әлеуметтік өзара байланыстардың жалпы жүйесiнде әрқайсысы өз мiндеттерiн орындайтын негiзгi меншiк нысандары (жекеше және мемлекеттік) ұштасатын және өзара байланыста болатын әлеуметтік нарықтық экономика құру; адамның экономикалық өзiн-өзi билеуi қағидатын iске асыру үшiн құқықтық және басқа жағдай жасау.

[өңдеу]Реформалар: екiншi кезең (1993-1994)

Екiншi кезең экономикалық дағдарыстың түйiндi кезеңiне айналды, бұл дағдарыс мыналардан көрiндi: Ресей Федерациясымен шаруашылық байланыстардың үзiлуi және осының салдары ретiндегi төлем төленбеу дағдарысы: кәсiпорындардың өзара борыштары 1993 — 94 ж. және 1995 жылдың басында 634913 млн. теңге болды; инфляция(гиперинфляция) өрши түстi: 1993 ж. тұтыну бағасының индексi 2265% деңгейiне жеттi (Ресей Федерациясының жаңа рублiнiң инфляциясы); өнеркәсiптiң шегiне жете құлдырауы: өндiрiлген ұлттық табыс 1991 — 93 ж. 1976 жылғы деңгейге дейiн төмендеп, жалпы құлдырау 38,2% болды. 90 жылдардың басындағы жалпы экономикалық дағдарыс халық тұрмысының күрт нашарлауына әсерiн тигiздi: 1990 жылдан 1994 жылға дейiн тұтыну қабiлетiнiң тепе-теңдiгi бойынша жан басына шаққанда орта есеппен жалпы iшкi өнiм 20%-ға азайып, 4711 АҚШ доллары болды. Бұл кезеңде халықтың жаппай көшi-қоны басталды, ол 1994 ж. терiс сальдоға жеттi (–410387 адам). Жалғастырылған реформалардың мақсаты мына шараларды көздедi: меншiк қатынастарын қайта құру жеке меншiктi заңдастыру жағына ойысты; “рубль аймағынан” шығу және ұлттық валюта — теңгенi енгiзу (1993 ж. қараша); валюта-қаржы және банк жүйесiн өзгерту; инфляция мен бюджет тапшылығын кемiтуге қатысты қатаң шектеу шараларын жүзеге асыру; алтын-валюта сақтық қорларын еселей түсу. Бұл кезеңде үкiмет дағдарысқа қарсы шаралар бағдарламасын қабылдады, ол инфляция деңгейiн азайтуға және өндiрiстiң құлдырауын шектеуге бағытталды. Қаржы секторы беретiн қарыздардың көлемiн шектеуге қосымша несиенiң “бағасын ұтымды ету” талабы, яғни жоғары пайыздық мөлшерлеме белгiлеу қарастырылды. Бұл шара жекеше жинақ ақшаның өсуiне септiгiн тигiзетiн, қарыз қорларына жұмсалатын шығынның өсуi себептi банк секторының қарыздарына жалпы сұранымды қысқартуға жәрдемдесетiн барынша тиiмдi шаралардың бiрi ретiнде қарастырылды. Мұндай жағдайда ҚР-ның Үкiметi басшылық нұсқамасымен “директивалық” несиелер беру есебiнен кәсiпорындарға талғамалы қолдау көрсетуге тырысты: 1994 ж. оның көлемі 14063,7 млн. теңге болды. Тұрақтандыру бағдарламасы шеңберiнде қолданылып жатқан шараларға қарамастан мемлекеттiң нысаналы несиелерi көбiнесе қайтарылмайтын несиелерге айналды. 1994 жылдың аяғына қарай шамамен 2300 млн. теңге (яғни бөлiнген несиенiң алтыдан бiр бөлiгi) қайтарылды. Бұл кезеңде жалпы iшкi өнiмнiң серпiнi өндiрiстiң шапшаң құлдырауымен сипатталды, ал 1995 жылдың басына қарай жалпы iшкi өнiмнiң көлемi 1990 жылғымен салыстырғанда 61,4% болды. Дағдарысқа қарсы бағдарламаның нәтижесiнде таза жинақ қаражат — өндiрiстi тұрақтандыратын әлеуеттi инвестициялар өсуге тиiс едi. Алайда, жинақ қаражат күткендегiдей өсе қоймады: халықтың салымы небәрi 606,9 млн. теңгеден (1.1. 1994) 1673,5 млн. теңгеге дейiн (1.7.1994) ғана көбейдi, ал банкiлердегi ағымдағы, есеп айырысу және депозиттiк шоттардың қалдықтары тиiсiнше 4154,1 млн. теңгеден 12472,0 млн. теңгеге көбейдi. Сөйтiп, экономиканың нақты секторында болған тұрақсыздану өндiрiстiң құлдырауын ушықтыра түстi. Тек 1994 ж. ғана Қазақстан өз өнеркәсiбiнiң ширегiнен астамынан айрылды. Дағдарысты шектеу қатаң экономикалық саясат жүргiзудi талап еттi, соның салдарынан әлеуметтік-экономикалық ахуал одан әрi нашарлады. Қазақстанның экономикалық саясатына түзету енгiзудiң нәтижесiнде экономика дәрменсiздiктен серпiлiп, макроэкономика тұрақтану үшiн жағдай жасауға мүмкiндiк туды. Бұл кезеңде Қазақстан Халықаралық валюта қорына кiрдi, ол елге дағдарысты еңсеру үшiн нысаналы несие бөлдi.

[өңдеу]Реформалар: үшiншi кезеңде (1995-1997)

Үшiншi кезеңде Макроэкономиканы тұрақтандыру бағдарламасы қабылданды, ол қатаң шектеу арқылы инфляцияны төмендетудi көздедi. Тұрақтандыру бағдарламасы мынадай мақсаттарды алға қойды: нарықтық экономикалық институттары мен инфрақұрылымды дамыту; халықаралық стандарттарға сәйкес екi деңгейлi банк жүйесiн жаңғырту, инвестициялық және сақтандыру компанияларын, биржалар мен аудиторлық фирмалар құру; қатаң ақша-несие және нысапты бюджет-салық саясатын жүргiзу; ұлттық валюта бағамының тұрақтылығына қол жеткiзу; атаулы жалақыны шектеу; берiлетiн несиелердi шектеу және ақша массасының қатаң көлемiн (11722 млн. теңгеден аспайтын) белгiлеу. Бұл кезеңде шет ел капиталы кеңiнен тартылды, рыноктер мен нарықтық құрылымдарды дамыту үшiн жағдай жасалды. Қолданылған шаралардың нәтижесiнде 1996 жылдың қарсаңында теңгенiң валюталық бағамы тұрақтанды (1994 ж. — 1 доллары үшiн 35,76 теңге, 1995 ж. — 60,93 теңге, 1996 ж. — 67,29 теңге), бюджет тапшылығы азайды, өнеркәсiптiң сыртқа шығаруға бағдарланған бiрқатар салаларында өндiрiс жанданды. әлеуметтік аядағы қаржы-экономикалық қайта құрулар қаржы жүгiн республикалық бюджеттен жергiлiктi бюджетке беру, көрсетiлетiн әлеуметтік қызметтердiң сапасын арттыру, әлеуметтік сала мекемелерiнiң қызметiне жаңа экономикалық бәсекелестiк қатынастарды енгiзiп, дамыту, қаржыландырудың бюджеттен тыс көздерi мен көлемдерiн ұлғайту бағытында жүзеге асырылды. Қаржы қорларын шектеу жағдайында негiзгi қаржы-экономикалық өзгертулер аралас қаржыландырудың жаңа үлгiсiне көшу негiзiнде қаржыландыру жүйесiн өзгертумен ұштастырыла жүргiзiлдi, мұнда бюджеттен қаржыландыру, сақтандыру жарналары мен жекеше инвестициялар негiзгi көздерге айналды. Жан басына шаққандағы жалпы iшкi өнiм 1994 жылмен салыстырғанда 1997 ж. 14,1 млрд. теңге деңгейiне дейiн көбейдi. 1997 жылдың бас кезiндегi экономиканың жай-күйiн мынадай факторлармен сипаттауға болады: iс жүзiнде барлық тауарлар мен қызметтердiң бағасы босатылды немесе ырықтандырылды, негiзгi заңдық актiлер өзгертiлдi, олар реформаларды жүргiзуге мүмкiндiк туғызды, сыртқы экономикалық қызмет ырықтандырылды, нарық талаптарына сай келетiн жаңа салық базасы жасалды, меншiктi қаржы рыногi құрылды, банк жүйесi жаңғыртылды, оның инфрақұрылымы дамытылды; мемлекеттік бағалы қағаздар рыногi құрылды, мемлекеттік меншiктi жекешелендiру қарымды қарқынмен жүргiзiлдi. Алайда, қатаң ақша-несие, бюджет-салық саясатының экономикалық тұрғыдан тиiмдi нәтижелерiне қарамастан бұл кезеңде халықтың әлеуметтік- демографиялық ахуалы күрт нашарлады: халықтың өсiп-өну деңгейi кемiдi; өмiрдiң ұзақтығы қысқарды; бiлiм деңгейi төмендедi; материалдық әл-ауқат құлдырап кеттi: қазақстандықтардың 31%-ға жуығы тұтыну қоржынының ең төмен деңгейiнде өздерiнiң күн-көрiс қажеттерiн қанағаттандыра алмады, жұмыссыздық деңгейi екi есеге жуық көбейдi. Бұл кезеңде бұрынғы әлеуметтік саясат қағидаларын өзгерту қажеттiгi туды: халықты әлеуметтік қорғаудан әлеуметтік көмек пен қолдауға көшу, сондай-ақ, әлеуметтік саладағы мемлекеттік қамқорлықты қысқарту қажет болды. Бұл нарықтық реформалар кезеңiнiң басты жетiстiктерi: елде тұрақты әлеуметтік-экономикалық жағдай сақталды; ұлттық ақша бiрлiгi енгiзiлдi және дербес ұлттық ақша саясатын жүргiзу мүмкiндiгi туды; Қазақстан рыногi тұтыну тауарларымен молая түстi; респбликаның тәуелсiздiгi мәртебесiн дүниежүзілік қоғамдастығы мойындады және ол халықаралық қаржы институттарына кiрдi. Әлеуметтік-экономикалық шаралардың iске асырылуы Қазақстанда жекеше зейнетақы, сақтандыру және медициналық қорларын құруға жол ашты.

[өңдеу]Реформалар: төртiншi кезеңде (1998-1999)

Төртiншi кезеңде Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясы қабылданды. “Қазақстан — 2030”: Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының жақсаруы: ел Президентiнiң “Қазақстан халқына жолдауы” (1997 ж. күз) бағдарламасы — ҚР-ның ұзақ мерзiмдiк стратегиялық дамуының тұжырымдамалық негiзi — даму бағыттары және елдiң дамыған елдер тобына шығу жолдары айқындалды. Стратегияның мiндеттерiне сәйкес Қазақстан 2030 жылға қарай дамыған мемлекеттердiң деңгейiне жетiп, әлемнiң ең дамыған 20 елiнiң қатарына қосылуға тиiс (Қазақстан — 2030 даму стратегиясы). 1997 жылдың аяғында басталған дүниежүзілік қаржы дағдарысы Қазақстанның экспорттық салаларына айтарлықтай ықпал жасады. Ұзақ мерзiмдi стратегияның алдын-ала белгiленген кезеңiн iске асыру мақсатында Президенттiң 1998 ж. 28 қаңтардағы Жарлығымен ҚР дамуының 1998 — 2000 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекiтiлдi, ол дүниежүзілік қаржы дағдарысының зардаптарын еңсеруге, экономиканың нақты секторын сауықтыру жолымен экономикалық өрлеудi қамтамасыз етуге, бюджеттiк аяны реформалауға, белсендi әлеуметтік саясат жүргiзу жағдайында ел экономикасына жұмсалатын инвестицияларды көбейтуге бағытталды. Бұл кезеңде теңгенiң өзгермелi бағамы енгiзiлдi (1 АҚШ доллары 1998 ж. — 78,29 теңгеге, 1999 ж. — 119,64 теңгеге тең болды), мұның өзi 1996 жылмен салыстырғанда 12%-ға азайған (1998) өнiм экспортын ынталандыруға мүмкiндiк бердi. 1999 ж. экспорт көлемі 5592,2 млн. АҚШ доллорына жеттi; Бұл кезеңде тұтыну қабiлетiнiң тепе-теңдiгi бойынша жалпы iшкi өнiм 74891,6 млн. АҚШ доллорынан (1998) 77976,8 млн. АҚШ доллорына (1999) көбейдi. Жалпы iшкi өнiмнiң нақты көлемі 2,7%-ға артты. Бұл кезеңде зейнетақы реформасы (ынтымақты зейнетақы жүйесiнен жинақтаушы зейнетақы жүйесiне көшу) жүргiзiлдi, ол iшкi қорлануды одан әрi ұлғайтып, iшкi инвесторлардың қалыптасуына жағдай жасады. 1998 жылдың соңында зейнетақының қоры 23542 млн. теңгеге жеттi, бiр жылдан кейiн ол 2,7 есе көбейдi (64504 млн. теңге).

[өңдеу]Реформалар: бесiншi кезең (2000 ж.)

"Қазақмыс" корпорациясының Жезқазғандағы офисі.

Бесiншi кезеңде Қазақстан экономикалық өрлеу жолына түстi. ҚР дамуының 1998 — 2000 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын iске асырудың оң тәжiрибесi бюджеттiк-қаржылық өзара iс-қимыл мен реттеудiң жаңа қағидаларына негiз қалады, оның серпiнi мына мақсаттармен айқындалды: 2000 — 02 ж. орталық және жергiлiктi атқарушы органдар арасында қаржы-экономикалық мiндеттердi бөлiсу; 2001 жылдан бастап елдiң экономикалық дамуын жоспарлауға көшу. Бұл кезеңде жалпы iшкi өнiм жыл сайын өсiп отырды: тұтыну қабiлетiнiң тепе-теңдiгi бойынша 2000 ж. — 87607,5 млн. АҚШ доллоры, 2001 ж. — 101674,1 млн. АҚШ доллоры. 2002 ж. жалпы iшкi өнiм көлемi бұрынғыдан 9,5%-ға көбейдi. 1999 — 2000 ж. бейқаржылық активтер негiзiнен шетелдiк инвестициялардан құралса (тиiсiнше 57% және 51%), 2001 ж. iшкi инвестициялар тұңғыш рет салымның 60%-ынан астамын құрады. Инвестициялардың жалпы сомасы 1158,1 млрд. теңгеге жеттi. 2000 — 02 ж. елдiң экономикалық дамуы үшiн инвестициялық мүмкiндiктер жасауға баса назар аударылды. Өз қызметiн экономиканың басым секторларында жүзеге асырушы инвесторлармен 119 келiсiмшарт жасалды, негiзгi капиталға 165 млрд. теңгеден астам сомада (1,2 млрд. АҚШ доллоры) инвестициялық мiндеттеме қабылданды. 2001 ж. негiзгi капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі 775,7 млрд. теңгенi құрады, бұл бұрынғы жылдағыдан 21%-ға көп. 2001 ж. 4 желтоқсанда Президенттiң Жарлығымен “Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейiнгi стратегиялық жоспары” бекiтiлдi. Қазiргi кезде 2010 стратегиясы (2001), Үкiметтiң 2002 — 04 ж. арналған iс-қимылдар жоспары (2002) және соның негiзiнде әзiрленген 2003 — 05 жылдарға арналған республикалық бюджеттiң болжамдық көрсеткiштерi (2002) экономика үшiн негiз ретiнде басшылыққа алынып отыр. Негiзгi мақсат — бәсекелестiк қабiлетi күштi экономика құру, жалпы iшкi өнiмдi 2002 жылмен салыстырғанда 2 есе көбейту. Мұндай iлгерiлеуге стратегиялық салаларды — мұнай-газ секторын, энергетика мен агро-өнеркәсiптiк секторды оңтайлы реттеу жолымен қол жеткiзiледi. ҚР-ның 2003 — 2005 жылдарға арналған мемлекеттік агротехникалық азық-түлiк бағдарламасының қабылдануы осыны қуаттайды. Бұл бағдарламада негiзгi басым бағыттар көрсетiлдi, олар: елдiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; агро бизнестiң белсендi жүйесiн қалыптастыру; iшкi және сыртқы рыноктарда ауыл шаруашылығы өнiмiн және оның ұқсатылған өнiмдерiн сату көлемiн ұлғайту; ауыл шаруашылығы өндiрiсiн мемлекеттік қолдау шараларын ұтымды ету. Соңғы екi жылдағы экономикалық өрлеу Қазақстандағы әлеуметтік ахуалға дұрыс ықпалын тигiздi: жұмыссыздық қысқарып, халықтың кедей топтарының үлесi азая түстi. Тәуелсiздiк алғаннан кейiнгi 12 жылдың iшiнде Қазақстанда әлеуметтік, зейнетақы жүйесi, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық реформалары жүргiзiлдi, қызмет көрсету аясы 100% жекешелендiрiлдi, жер реформасын жүргiзу үшiн жағдай жасалды.

"Қазмұнайгаз" компаниясының Астанадағы штаб-квартирасы..

Қазақстанда iрi өнеркәсiп орталықтары, оның iшiнде отын-энергетикалық, металлургия, химия, машина жасау, құрылыс өнеркәсiбi жұмыс iстейдi. Республика кәсiпорындары шойын, кокс, болат, қорғасын, мыс, мырыш, титан, магний, қарашiрiк, синтетикалық каучук, шайыр, пластмасса, химиялық талшықтар, автомобиль шиналарын, минералдық тыңайтқыштар, цемент, металл жонғыш станоктар, ұсталық-сығымдағыш жабдықтар, қақтау стандарын, күш трансформаторларын, рентген аппараттарын, ауыл шаруашылығы машиналарын, тракторлар, экскаваторлар, т.б. өндiредi. Әлемдiк экономика ауқымында Қазақстан — тауар рыногiне мұнай, газ, қара, түстi, сирек кездесетiн металдар, уран өнiмiн шығарушы ел. Кен қазу өнеркәсiбi Қазақстан экономикасының жетекшi секторы болып табылады. 2001 ж. өнеркәсiп өндiрiсiнiң 44,3%-ы осы өнеркәсiптiң үлесiне тидi. Қазақстанда көмiр-сутектi шикiзаттың бiрегей қоры бар. Барланған қор бойынша елiмiз әлемде 13-орында. 250-ден астам мұнай-газ кенiштерi ашылды, олардың көбi республиканың батыс бөлiгiнде, негiзiнен Атырау облысында. Олардың iшiнде 1 млрд. т-дан астам мұнай қоры бар Теңiз кенiшi; газ қоры 1,3 трлн. м3 және конденсат қоры 700 млн. т-ға жуық Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кенiшi; сондай-ақ, Кенбай, Жаңажол, Жетiбай, Қаламқас, Қаражанбас, Өзен, Құмкөл кенiштерi бар. 2000 ж. Қазақстанда Солтүстік Каспий қайраңында iрi мұнай кенiшi (Қашаған) ашылды. Бағалаудың алғашқы кезеңiнде кенiштiң жалпы геологиялық қоры 38,4 млрд. баррель, ал өндiрiп алынатын қоры — 13 млрд. баррельге жуық. Атырау облысындағы аса iрi кенiштер: жалпы қоры 800 млн. т-дан астам, Теңiз кенiшi (оның бастапқы өндiрiп алынатын қоры 700 млн. т), Королев кенiшi (бастапқы өндiрiп алынатын қоры 30,5 млн. т), Кенбай кенiшi ( 30,8 млн. т). Маңғыстау облысындағы аса iрi мұнай кенiштерi: Өзен, Жетiбай, Қаламқас, Қаражанбас. Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарындағы Қарашығанақ пен Жаңажолдың мұнай мен газ өндiрiсiндегi келешегi зор. Республикада мұнай-газ саласын 2002 ж. “Қазақойл” ұлттық мұнай компаниясы мен “Мұнай және газ тасымалы” ұлттық компаниясының бiрiгуi жолымен құрылған “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы басқарады. Қазақстанда мұнай мен газ өндiру iсi шет ел инвесторларының қатысуымен жүзеге асырылуда (“Теңiзшевройл” бiрлескен кәсiпорны, “Қазақойл-Ембi” АҚ, “Атырау мұнай компаниясы”, “Қазақстанкаспийшельф”, “Каспиймұнайгаз”, “Қазгермұнай” ЖАҚ-дары, т.б.).

Мұнай-газ секторының өнiмi Еуразия құрлығының ондаған елдерiне экспортқа шығарылады (аса iрi импортшылар: Ресей Федерациясы, Ұлыбритания, Украина, Швейцария, Италия). Экспорт құрылымында мұнай мен газ конденсатының үлесi 2001 ж. 49,3% болды. Қазақстанда өнеркәсiп өнiмiнiң жалпы көлемiнде түстi металлургияның үлесi 11%. Өндiрiс деңгейi бойынша Қазақстан әлемде тазартылған мысты iрi көлемде өндiрушiлер мен экспортқа шығарушылар қатарына жатады. Республиканың әлем бойынша мыс өндiрудегi үлесi 2,3%. Қазақстан мысының негiзгi импортшылары: Италия (50%) мен Германия (35%). Экспорт құрылымында мыс пен мыс қорытпалары 7%. Тазартылған мыстың 90%-ын “Қазақмыс” корпорациясы өндiредi, ол Қазақстанның түрлi аймақтарында бiрнеше зауыттарды, кенiштердi және энергия нысандарын бiрiктiрiп отыр. Қазақстан темiр кентасының қоры жөнiнен әлемде 8-орында. Оның әлемдiк қордағы үлесi 6%. Елде өндiрiлетiн темiр кентасының 70%-дан астамы экспортқа шығарылады. Қазақстанның қара металлургиясы өнеркәсiп өнiмi көлемiнiң 7%-ға жуығын өндiредi. Мұндағы аса iрi кәсiпорын – Қарағандыдағы “ИспатКармет” металлургия комбинаты, ол шойын мен дайын қара металдар қақтамасының 100%-ын және болаттың 90%-дан астамын өндiредi. Бұл комбинат өнiмi ТМД елдерi мен алыс шет елдерге экспортқа шығарылады. Сондай-ақ, “Жәйрем кен-байыту комбинаты” АҚ тотыққан марганец және темiр-марганец кентастарынан жоғары сапалы марганец концентраттарын өндiредi. Қазақстанда хромды кентастардың мол қоры бар, ферроқорытпа зауыттары жұмыс iстейдi. 1994 жылдан кен-металлургия кешенi кәсiпорындарының көбi шетелдiк және отандық компаниялардың басқаруына берiлдi. 1996 — 97 ж. кен байыту және металлургия кәсiпорындарын бiрыңғай технологиялық тiзбекпен байланыстырған iрi бiрлестiктер құрылды, олар: “Қазмырыш”, “Қазақмыс” корпорациясы, “Қазақстан алюминийi”, “Испат-Қармет” ААҚ-дары, “Қазхром” Ұлттық акционерлік компаниясы.

Лондондағы Уран институтының есебiне қарағанда, әлемде барланған уран қорының 25%-ы Қазақстанда.

Полиметалл кенiштерi негiзiнде Өскемен қорғасын-мырыш, Лениногор полиметалл, Зырян қорғасын, Шығыс Қазақстан мыс-химия, Ертiс полиметалл, Жезкент кен-байыту комбинаттары жұмыс iстейдi. Кәсiпорындардың басқа бiр тобы — Өскемен титан-магний, Белогор кен-байыту комбинаттары, Үлбi металлургия, Ертiс химия-металлургия зауыттары сирек металдармен олардың қосылыстарын, т.б. шығаруға мамандандырылуда. Республикада 3 мұнай айыру зауыты, сары фосфор алынатын фосфориттi кентастарды өңдейтiн iрi кешен “Қазфосфат” ЖШС жұмыс iстейдi. Ол “Қаратау” кен-химия комбинаты, Жаңа Жамбыл фосфор зауыты, Минералдық тыңайтқыштар зауыты сияқты аса iрi кәсiпорындарды бiрiктiрiп отыр.

Республиканың машина жасау кешенiнiң өнiмi өнеркәсiп өнiмiнiң жалпы көлемiнде 3%-ға жуық. Оңтүстік аймақта Станок жасау зауыты, Алматыда Ауыр машина жасау зауыты жұмыс iстейдi, олар түрлi станоктар шығарады. Солтүстік аймақта “Шағын литражды двигательдер зауыты”, “Дизель”, “Ротор” ЖШС-терi, “ЗИКСТО”, “Мұнаймаш”, “С.М. Киров атындағы зауыт”, Петропавл “Ауыр машина жасау зауыты” АҚ-дары сияқты iрi машина жасау кәсiпорындары жұмыс iстейдi. Олар ауыл шаруашылығы машиналары үшiн қосалқы бөлшектер, жабдықтар, двигательдер, көшпелi электр станцияларын, тамақ өнеркәсiбi үшiн жабдықтар, газ бен электр энергиясының шығынын есептейтiн есептеуiштер шығарады. Қазақстанда құрылыс индустриясының дамуына ел ордасының Астана қаласына көшiрiлуi жаңа серпiн бердi. Құрылыс материалдары өнеркәсiбi өнiмiнiң көлемi республика өнеркәсiп өнiмiнiң жалпы көлемiнде 4%-ға жуық.

Қазақстан Еуроазия құрлығының ортасында орналасқандықтан транзиттiк тасымал саласында айтарлықтай орын алды. Республиканың жер бетiндегi көлiк магистралiнiң ұзындығы 106 мың км. Оның iшiнде 13,5 мың км — темір жол, 87,4 мың км — автомобиль жолы, 4 мың км — өзен жолдары. Қазақстан мен Қытай арасында Достық — Алашанькоу шекаралық темір жолы өткелi, Түрiкменстан мен Иран арасында Серакс – Мешхед темір жолы өткелi салынған соң Ұлы жiбек жолы бойында жаңа транзиттiк дәлiздер ашылды: Қытайдың Тынық мұқиттағы Ляньюнган, Циньдао, Тяньцзин порттарынан Қазақстан, Қырғызия, Өзбекстан, Түрiкменстан, Иран, Түркия, Жерорта теңізі мен Парсы шығанағының порттарына қатынау мүмкiндiгi туды. Бұл жолмен жүк тасымалдануда. Автомобиль жолдарының торабы Ресей Федерациясына, бұрынғы одақтық республикаларға, сондай-ақ, Қытайға, Түркияға, Иранға, Қара т. бен Жерорта теңізінiң, Үндi мұхитының порттарына шығуға мүмкiндiк бередi. Теңiз кеме қатынасы Каспий теңізінде Ақтау порты арқылы өтедi, ол Ресей Федерациясының өзен жолдарымен Қара теңіз бен Балтық теңізіне шығады. “Эйр Қазақстан” ұлттық әуе компаниясы, басқа да жетекшi компаниялары жолаушылар тасымалын жүзеге асыруда

1990 жылы 25 қазанда Қазақстан өзінің егемендігін жариялады. "Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы" Қазақстанның тәуелсіздігін бекітуге жасалған алғашқы қадам болды. Онда елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы жасалды. Осы бағдарлама негізіңде 1991 жылы 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заң қабылданды.

80-жж. ақырында Кеңес мемлекеті ыдырай бастады. Халық депутаттары бірінші съезінің өзінде-ақ және партиялық форумдарда егемендік, экономикалық, дербестік, орталық пен федерацияның мүшелері арасында өкілеттікті бөлісу, жаңа Одақтық шарттар жасасу идеялары талқылана бастады. Демократиялық қайта құрылыстардың және ұлттық сананың ояну процестерінің дамуы, уақиғалардың даму барысы партиялық және мемлекеттік басшылық тарапынан осыған сай орталық пен одақтас республикалардың қарым-қатынасын үйлестіретін шаралар қолдануды талап етті.

Жаңа шындық жағдайды есепке ала отырып , Одақты қайта құру идеясы кеңінен қолдау тапты және ол «төменнен» - автономиялық және одақтас республикалардан көтерілді. Қазақ КСР-да республиканы өзін-өзі басқару, өзін-өзі қаржыландыру концепциясы жасалды, онда Қазақстан территориясындағы табиғи байлықтар мен өндіріс құрал-жабдықтарына, оның ішінде өнеркәсіптін негізгі болып табылатын салалық кәсіпорындарына республиканың меншіктік құқы дәлелденді, республиканың егемендігін саяси және экономикалық салада нақты түрде қамтамасыз ету қажеттігі туралы батыл мәлімденді. Қоғамды жаңғыртуға бағытталғанқозғалысты Н.Ә.Назарбаев басқарды, ол әрдайым аса күрделі проблемалардың шешімін демократиялық жолмен табуға тырысады. Оңшыл және солшыл радикализмге қарама-қарсы Н.Ә.Назарбаев табанды, демократиялық реформалар жүргізу және әлеуметтік прогресс, барлық қазақстандықтардың теңдігіне негізделген ұлтаралық ынтымақты сақтау, мемлекеттік саясаттың түбегейлі принципі ретінде саяси тұрақтылықты сақтауға баса көңіл бөлу саясатын жүргізіп келеді.

Қоғамдық демократияландыруда халық депутаттары Кеңесінің заң шығару қызметі маңызды рөль атқарды. Бұл салада ол екінші шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі (1990 ж. сәуірден) жетекші орын алды. 1990-1991 жж. қабылданған республика заңдарында әрбір адамның мұқият зерттеліп жасалған, құқықтық және әділеттік процедуралар арқылы заң жүзінде бекітілген бостандықтары мен қасиеттерін көрсетуіне қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге көңіл бөлінді. Қалыптасқан шындық жағдайдың талаптарына сай республика заңдарын жаңарту құқықтық мемлекет құру жолындағы елеулі қадам болды. Заңдар Қазақстанның саяси және экономикалық егемендігін іс жүзінде нығайтуға, демократия жолына бүкіл саналы күштерді топтастыруға тиіс еді. Олар азаматтардың құқықтарын едәуір кеңейтті, республиканы мекендейтін барлық ұлттар адамдарының талап-тілегіне жауап беретін болды. Республика парламентінің қазақ тіліне мемлекеттік тіл дәрежесін берген «Қазақ КСР-нің тіл туралы» заңын қабылдауы уақиға болды.

Елдегі мемлекеттік өкімет билігі жүйесі мен экономиканың шұғыл күйреуі жағдайында Қазақстанда саяси және экономикалық өмірді тұрақтандыруға көмектесетін президенттік басқарудың енгізілуі заңды еді. 1990 ж 24 сәуірде республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-нің Президенті лауазымын белгіледі, перламент сессиясында жасырын дауыс беру нәтижесінде оған Н.Ә.Назарбаев сайланды. Президенттің Семей полигонында ядролық сынаққа тиым салу, Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен оларға теңестірілген азаматтарға әлеуметтк көмек көрсету шаралары туралы жарлықтары Қазақстанда демократиялық қайта құрылыстар жүргізудің өзіндік бір белесі болды. Республика Жоғарғы Кеңесінің төралқасы 1986 ж. 17-18 желтоқсанда Алматыда болған уақығаға байланысты жағдайларға түпкілікті баға беру жөнінде арнаулы комиссия құрды.

1990 ж. 25 қазанда республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады. Егемендік алу Қазақстанда жалпы демократиялық процестердің барысын шапшандатты, мұның өзі елдегі болып жатқан уақиғалармен тығыз байланысты еді.1991 ж. ортасында-ақ Қазақстан басқа республикалармен бірге іс жүзінде орталыққа оппозицияда болды. Қазақстанның бастамасы бойынша Белорусиямен, Украинамен, Ресеймен және басқа республикалармен бір-бірінің егемендігін, қалыптасқан шекараларды, орнатылып жатқан өзара пайдалы экономикалық байланыстарды мойындау туралы екі жақты келісімдер жасалды.1990 ж. төрт республика – Ресей, Украина, Белоруссия және Қазақстан егеменді мемлекеттер одағын құру туралы инициатива жасады, Новоогарев келісімін талдап жасау жөніндегі бірлескен жұмыс басталды.

1991 ж. тамыздағы уақиға бұл жұмысты үзіп жіберді, КСРО-ның күйреуін және бұрынғы одақтас республикалардың, оның ішінде Қазақстанның егемендік алуын шапшандатты. ҚОКП оның бір бөлігі Қазақстан Компартиясы тарихи аренадан кетті.

«Ұлы істерді атқару үшін аса данышпан болудың қажеті жоқ, адамдардан да артық болудың керегі шамалы, тек олармен бірге болу керек», деген еді француз философы Шарль Луи Монтескье. Осы ой Нұрсұлтан Назарбаевтың феноменін сипаттауға дәл келеді.

Әлемде алуан түрлі басқарушылар – реформаторлар мен консерваторлар, арманшылдар мен прагматиктер болған, олар әлі де бар. Біздің Пре­зидентіміз – Батыстың жаңашылдығы мен Шығысқа ғана тән ғасырлардан жалғасқан құндылықтарды, дәстүр мен қоғамның не­гіз­дерін құрметтеуге деген шексіз ұмтылыс пен динамизмді табиғи үй­лес­тіре білген жасампаз Көшбасшы. Сөйте тұра, Нұрсұлтан Әбішұлы әрқашан перзенті ретінде туған халқымен жаны да бір, қаны да бір болып қала береді.

Ұстанымының, яки мерейінің ең басты құпиясын тәуелсіздіктің алғашқы таңынан-ақ Елбасымыз даусыз өзі нақты анықтаған болатын – «халықпен бірге және халық үшін ғұмыр кешу». Осы жыл­дар­дың барлығында Н.Назарбаев елінің тағдыры – өзінің тағдыры екенін дәлелдеп, ұлт пен көшбасшы бірлігін ой-көзқарасымен де, ісімен де арттырып, осы принципін бекем ұстап келеді.

Дәл осы тұлғаны 1991 жылы 1 жел­тоқсанда көпұлтты Қазақстан халқы алғашқы еркін сайлауда өздерінің Тұң­ғыш Президенті етіп сайлау арқылы қолына елдің тағдырын сеніп тапсыр­ға­ны нағыз әділеттілік болатын. Азамат­та­рымыздың осынау дана таңдауы 21 жыл ішіндегі тәуелсіз Қазақстанның қа­лып­тасуы мен даму парадигмасын ғана анық­тап қойған жоқ, сонымен қа­тар, елдің болашақтағы ілгері қарыш­та­ған сенімді дамуының баянды факторы болды.

Тарихқа әмірін жүргізу – шын­ды­ғында да, көздеген мақсаттарға жетудегі сирек кездесетін қарым, асқан батыл­дық пен қажымайтын әрі талмайтын жұ­мыс қабілеті, өз таңдауының дұрыс­ты­ғына талассыз сенімі мен мұқал­май­тын жігер, ғажайып жады мен өткір са­раптамалық ақыл-ой, жағдайды стра­те­гия­лық бағам­дау мен оны шешудің ең тиімді жолын алдын-ала болжап білу сияқты ерекше қа­сиеттерге ие ұлы адамдардың сыба­ға­сы. Ондайлар аса батыл келеді әрі ойға алған игі ой-мақсаттарын орындай алмау, шалағай­лық секілді мінездер олар­ға тән емес.

Ақиқатында, жасампаз көшбасшы­ның Құдай берген осындай қасиеттері­нің барлығы ғасырлар ауысқан өліара кезеңде, тектоникалық өзгерістер дәуі­рінде тәуелсіз жаңа мемлекетті орна­тып, оның алға қарай қарышты қадам ба­сып, табысты дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, әлемдік үдеріске де ай­тарлық­тай ықпал еткен Н.­Ә.На­зар­баевқа ғана тән екені артта қалған жылдар ішінде нақты дәлелденді.

Сөйтіп, қазақстандық Көшбасшы­ның стратегиялық көрегендігі мен жо­ғары беделінің арқасында, 1991 жылы 21 жел­тоқсанда тұңғыш рет одақтас рес­пуб­ликалардың басшылары Н.На­зар­баевтың шақыруымен, Мәскеуге жалтақтамай, Алматыға жиналды. Дәл сол жерде Пре­зи­дентіміздің бастама­сы­мен және көш­бас­шылығымен тарихи Алматы Декла­ра­циясы қабылданып, іс жүзінде КСРО бейбіт жолмен тара­тыл­ды, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылды.

Алпауыт державаның құлауы құр­лық­тың алтыдан бір бөлігін шарпуы мүмкін аса ауқымды азамат соғысын алып келмегеніне Нұрсұлтан Назар­баев­тың жұмсаған күші мен қосқан жеке үлесін тарихтың әлі лайықты бағалай­тынына сенімдімін.

Тұңғыш рет қазақ халқының көп азап шеккен сан ғасырлық тарихында өзінің тәуелсіз мемлекетін құру мүм­кін­дігі пайда болды. Күйреген импе­рия­ның қиран­дысынан жаңа мемлекетті құру – аса қиын іс. Ал Қазақстанға келгенде, бұл тіптен күрделі шаруа екені белгілі еді.

…Әлі есімде, бүкіл халық сайлаған Мемлекет басшысы өткір шынайы­лық­пен былай деп мәлімдеді: «Біздің ақыл­ман ата-бабаларымыздың дәстүрлері бо­йынша осы салтанатты сәтте мен өзім­нің сөзімді бірінші кезекте қасиетті жерімізге, туған халқыма арнаймын! Бүгінгі күн қазақ жерінің жылнамасына мәңгілікке енеді. Біз тарихтың көптеген тар жол, тайғақ кешулерінен өтіп, осы күндерге жеттік. Халқымыздың көп нәрсені басынан өткеруіне тура келді. Жаратқанға рахмет, біршама кешіксек те аяғымыздан тұрып, егемендіктің ту­ын тіктік. Халқымыздың Қазақ Респуб­ликасының Президентін сайлауы осы жолдағы аса биік шептердің бірі болды. Өз тағдырларыңызды маған бірауыздан сеніп тапсырғандарыңыз үшін сіздерге шын жүректен шыққан ризашылы­ғым­ды білдіремін. Отаным үшін, халқым үшін, менің Қазақстаным үшін та­рих­тың кез келген сынақтарына дайын­мын. Осы жолда мен бірінші кезекте біздің дана халқымызға, оның бостан­дық­сүй­гіш және дарқан болмысына, ата-ба­ба­лардың рухына арқа сүйейтін боламын. Тарих көші ұзақ. Асықсақ та аптық­пайық. Қазақстанның көп ұлтты халқы­ның жұлдызы жоғары бола­ты­нына, туған елімізде дәулетті де сәу­лет­ті өмір орнайтынына кәміл сенемін. Сенімнен айырылмайық, бауырларым!».

Сөзбен айту бір бөлек, ал оны іске асы­ру – басқа. Әсіресе, әлемдік сарап­шылар Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүру мүмкіндігіне жеткілікті түрде пессимистік болжам жа­сауға ұмтылғанда, бұған объективті себептер де аз болмағаны белгілі. Оның үстіне, сол кезеңдерде бірқатар кеңес­тік рес­пуб­ликаларды көптеген этнос­ара­лық жан­жалдар жайлап, қан төгіліп жатқан-тын. Осы орайда, көпұлтты және көп­кон­­фессиялы Қазақстанның да объек­тив­ті тұрғыдан айтарлықтай осал бол­ған­дығы анық.

Елдің экономикасы әдеттен тыс қиындықтарға тап болып, шын мәнінде құрдымға кетудің сәл-ақ алдында тұр­ды. Өнеркәсіп өндірісі екі есе, ауыл шаруашылығы үш есе қысқарды. Кә­сіп­орындар тоқтап, жұмыссыздардың саны күрт өсіп кетті. Осылардың бәріне қоса, Қазақстан Орталыққа шикізат беруші ғана болатын, өйткені, қазақ­стан­дық экономиканың 93 пайызы Одаққа тікелей бағынып, тек 7 пайызы ғана өз қажеттіліктерімізге жауап берген еді.

Осындай аса күрделі жағдайда Пре­зиденттің басқан әрбір қадамы айрық­ша дәлдікте байыпталып барып жаса­луы қажет болатын. Жан-жақтан енді ел­дің мазасы қашады деген болжамы­ның жоққа шыққанын Нұрсұлтан Әбіш­ұлы мен халқымыз бүкіл әлемге дәлелдеді. Бәрінен бұрын, біздің көп­ұлтты мекенімізде бейбітшілік пен келісім, бірлік пен өзара түсіністік қам­та­ма­сыз етілді. Және ол тәуелсіз Қазақ­стан­ның нық сеніммен ілгері қарыш­таған дамуының берік негізі болды.

Президенттің бастамасымен ұлтара­лық татулық пен келісімді қамтамасыз етудің бірегей ғажап институты – Қа­зақстан халқы Ассамблеясы құрылып, сәтті жұмыс істеп жатыр. Осылайша, Н.Назарбаев Тәуелсіз Қазақстанның бү­гінгі және болашақтағы тұрақты­лығы мен дамуының сенімді іргетасын қа­ла­ды. Осыған қатысты Ұлыбританияның бұ­рынғы премьер-министрі Маргарет Тэтчер Н.Назарбаевқа әділеттілікпен бы­­лай деп жазды: «Тәуелсіздіктің елең-алаңында-ақ Сіздің үлгі тұтарлық саяса­ты­ңыз халқыңызды бостандыққа баста­ды. Пессимистер этностық және рухани әртүрлілік Сіздің еліңіздің аза­маттарын етене жақындастыра алмай­ды деп өз­де­рінің жорамалдарынан шо­лақ қоры­тын­ды шығарып, ол Қазақ­станды әлсіретуге әкеледі деген долбар жасауға негіз болды. Алайда Қазақстан өз халқының мәдени көпқырлы­лы­ғы­ның арқасында жыл өткен сайын өр­кен­деп келеді. Ал этностар дәстүр­ле­рі­нің әртүрлілігі мен әртүрлі сенім-на­ным өзінің оң заряд­талған энергети­ка­сы­мен мемлекеттің қуа­тын толықты­рып тұр. Сіз еліктеу үшін лайықты үлгі болдыңыз».

75)Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) — ыдыраған КСРО орнына 1991 ж. 21 желтоқсанда құрылған халықаралық ұйым.

Мазмұны [жасыру]

1 Тарихи шолу

2 Құрылымы

3 ТМД-ның Қазақстанға әсері

4 Қазақстанның ТМД шеңберіндегі ынтымақтастығы

5 ТМД елдерінің тілдері

6 Пайдаланған әдебиет

7 Сыртқы сілтемелер

[өңдеу]Тарихи шолу

1991 ж. желтоқсанның 8-інде Минскіде (Беловеж) Ресей, Беларус және Украина басшылары кездесіп, 1922 ж. КСРО құрылуы туралы Келісімі істен жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды. 1991 ж. желтоқсаннның 13-інде Орта Азия мен Қазақстан басшылары Ашғабатта кездесіп, «Беловеж келісімін» қолдайтындықтарын мәлімдеді. 1991 ж. желтоқсаннның 20-ында Әзірбайжан, Әрменстан, Беларус, Гүржістан, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда 21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды. Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі салаларында ынтымақтастыққа бейілділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алма-Аты Декларациясын қабылдады. 1993 жылғы желтоқсанда Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты. Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет болып табылмайды және ұлтүстілік өкілеттікке ие емес. Ол өзінің барлық мүшелерінің егеменді теңдігіне негізделген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығы бойынша іс-әрекет жасайды. Достастықтың мүше мемлекеттері халықаралық құқықтың дербес және теңқұқықты субъектілері болып табылады.

[өңдеу]Құрылымы

Мемлекеттер басшыларының кеңесі;

Үкіметтер басшыларының кеңесі;

Сыртқы істер министрлерінің кеңесі;

Экономикалық кеңесі;

Қорғаныс министрлерінің кеңесі;

Шекаралық әскер басшыларының кеңесі;

ТМД Экономикалық соты;

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясы;

Достастықтың жарғылық және басқа да органдарының жанындағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Тұрақты өкілетті өкілдері;

ТМД Экономикалық кеңесі жанындағы Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиясындағы Достастық мемлекеттерінің тұрақты Өкілетті өкілдері;

ТМД-ның Атқарушы комитеті.

[өңдеу]ТМД-ның Қазақстанға әсері

Тәуелсіз Мемлекет Достастығы 1991 жылы құрылды . Достастықтың құрылуы тәуелсіз мемлекеттердің бір мемлекеттен өркениетті формаға өтуін қамтамасыздандырып, олардың арасында толық егеменді мемлекет және халықаралық құқық принципінің негізінде жаңа қатнасты құруға көмектесті. Мұндай мемлекеттердің кеңесінде республикалар арасында еңбек бөлінісі қолайлы , яғни олапрдың әр қайсысы өнім түрлерін оларға қолайлы жағдайда өндіру үшін. Белгілі салада арнайы территориялар арқылы өнімді орналастыру қоғамдық еңбек үнемді болады. Бұл ТМД елдерінде жақсы өткізіліп отыр. ТМД – ға кіріп отырған әрбір мемлекет өэ бағыты бойынша машықтануда. Қазақстанның жаңа тарихы 15 –жыл шамасымен есептеледі. Бір кеңестік уақыт кезінде республиканың экономикасы халық шаруашылығының кешені беріліп отырған мәтінде қаралса, ал енді Қазақстанның орны мен рөлін жаһандық экономикада толығымен айталамыз. Әлемдік экономиканың конценрациясының көлемі келесі параметрмерге шағылысады. Әлемдегі ішкі өнімнің ЖІӨ - нің көптен бір бөлігі 29 дамыған мемлекетке қатысты – 54,6 %, оның ішінде үлкен 7 – ке – 43,0% кіреді, АҚШ – 20,9%, 12 – мемлекет кіреді Евроодақ – 15,3% кіреді. Әлемдегі 146 – мемлекеттен құрайтын жаңа құрушы нарық пен дамушы мемлекетке әлемдік ЖІӨ - нің 7,2% құрайды, оның ішінде 3,8% ТМД – ның 12 мемлекеті кіреді. Қазіргі уақытта Қазақстан әлемдік ЖІӨ - де 0,1% құрайды. Сонда да, 1995 жылдан бастап 1,75% ке өсті 1999 жылы осы көрсеткіш айқын төмендеді, яғни ол 2 факторға байланысты. Біріншіден, 1997 – 1998 жылығы Азия – Ресей қаржы дағдарысының салдарынан. Екіншіден, 1999 жылдың сәуір айында республикада өткен ұлттық валюталық девальвациясы.

Ал 2000 жылдан бастап Қазақстан әлемдік ЖІӨ - мі тұрақты өсуде. Бірақта өсу қарқыны бойынша Қазақстанды әлемдегі көптеген мемлекеттер озуда. Тасмалдау экономикасының өсу динамикасының салыстырмалы анализінің көрсеткіші бойынша, 1999 жылдан бастап Орталық және Шығыс Европа мемлекеттері мен салыстырғанда Қазақстанның ЖІӨ - нің арқыны өзгеріс табуда. 90 жылдармен салыстырғанда, соңғы жылдары Қазақстандағы ЖІӨ - нің өсуі ірі мұнай экспортының түсуіне байланысты. Экспорттық кірісте көмірсутегі шикізаты негізі қайнар көзі болып есептелетін мемлекеттерде экономика динамикасының өсіуі экспортық кірісте энегетика тауары емес мемлекеттермен салыстырғанда төмен. Әлемдік тауар және қызмет экспорты дамыған мемлекеттерде 71,8% құрайды, оның ішінде, осы көрсеткіштің 42,3% әлемдегі 7 жетекші мемлекеттің үлесіне кіреді әлемденгі тауарлар мен қызмет экспортының 21,2% дамушы мемлекеттерге қатысты, транзиттік экономика мемлекеттерінің үлесіне 7%, оның ішінде ТМД мемлекеттеріне 2,7% кіреді. Қазіргі Қазақстанның әлемдік шаруашылықпен бірігіуін сыртқы сауда маңызды болып отыр. Соңғы 10 – жылда Қазақстанның тауар экспорты мен қызметі 2 – есеге артты. Бұл 3 фактормен түсіндіріледі. Біріншіден, шетел инвестициясының ағымының көлеміне қолайлы инвестициялық климат құру ықпалын тигізді, оның үлесі мемлекеттегі мұнай шығару саласының дамуына баңытталады. Өз кезегінде, бұл газ және мұнай алу өсімін шақырды. Екіншіден, әлемдік нарықтағы көмірсутегінің шиказытының қолайлы конъюнкурасы Республикадағы экспорт потенциалының өсуіне ықпалын тигізді. Үшіншіден, соңғы он жылда, Қазақстандық тауар және қызмет экспортының үлесі әлемдік сауданың қарқынды дамуымен салыстырғанда өсті.

Қазақстандағы тауар экспортының өсуі әлемдегі басқа мемлекеттермен салыстырғанда жоғары. Осы он жылда тауар экспорты 3,8% есеге, ал импорт 3,3 % есесге өсті. Қазақстанның тауар экспортының жоғары қарқынды өсуі соңғы 3 жылда білінді. Қазақстанның әлемдік экономикадағы интеграциясының (бірігуі) көлемін шетел инвестициясы ағымындағы жақындық және аймақтық географияны оқуы негізінде жобалау керек. Республикадағы экономикалық реформалар негізігі бағыттарының бірі инвестициялық саясаттың тартымдылығы болып қала береді, яғни ол жергілікті және шетел инвестициялары үшін қолайлы жағдай туғызады. Қазақстандағы инвестициялық жағдай транзиттік мемлекеттер арасында тартымды болып отыр. Бұл республикамыз ТМД мемлекеттерінің арасында инвестициялық деңгейде кредиттік рейтингіні бірінші болып алуымен расталады. Қазақстан потенциалдық инвесторлар үшін экономиканың тартымдылығы, саяси жүйенің тұрақтылығы және қаржы ресурстары арқылы ТМД-дағы қалған мемлекеттердің алдында келе жатыр. Қазақстан транзиттік экономика мемлекеттірінің арасында шетел инвестициясының тура ағымы (ПИИ) көлемі бойынша жетекші орындардың біріне ие. Жаһандық көлемі бойынша Қазақстанның шетел инвестициясының тура ағымына үлесі жылдан жылға өсу үстінде. 1999-2000 жылдары республикадағы шетелдік инвестицияның тура ағымының салмағы әлемдік көлемде төмендеді, бірақта бұл көрсеткіш тез арада өзгерді. Соңғы 3 жылда жаөандық ағымдағы Қазақстанның шетелдің инветсициясының тура ағымы 0,35% деңгейінде тұр.бұл көрсеткіштің максималды мағынасы жағдайы 2000 жылдан белгіленді. Ереже бойынша инвестициялық климат қолайлы. Кейін, ішкі секілді инветсициясының көлемі өседі. Шетелдегідей, олардың өндірісі мемлекеттегі экономиканың қарқынды өсуі қолдауды шешеді. Қазақстан, соңғы 9 жылда әлемдегі көптеген мемлекеттер мен аймақтардың шетелдік инвестициясының ағым динамиканың тартымы бойынша анықтады. 2003 жылы 1995 жылмен салыстырғанда, өсу 214,5% өсті. Дамушы мемлекеттерде бұл көрсеткіш 178,2 %-ке тең, ал дамушыларда ол 153,8 %, орталық шығыс Европа мемлекеттерінде 147 %, ал Ресейде 43,3 % түскені белгіленді. 1993-2004 жылдар аралығында шетелдік инвестициялық ағымының Қазақстан экономикасына бағытталған комулятивті ағымы $ 34 млрд. құрады, оның көп бөлігі мұнай-газ секторынан келеді. $ 18,9 млрд. немесе жалпы көлемі 55,1 % . Әлемдік көлемде макроэкономикалық параметрлерге қарамастан, қазақстанда перспективті дамуы үшін ірі потенциалдар бар, яғни ол табиғи ресурсқа бай. Қазіргі кезде 500 орында 1225 минералды шикізат түрі барын айтуы жеткілікті. Республика осы түрлері бойынша әлемдегі позицияда жетекші орын алады. Қазақстан мырыш, вольфрам және бариттен әлемде бірінші орын алады, ал күміс, қорғасын, хромнан екінші мыстан, марганец,флюориттан үшінші, малибденнен төртінші орындар алып, алтын бойынша бірінші ондыққа кіреді. Біздің мемлекет әлемде темір рудасы бойынша 8 % құрайды, ураннан шамамен 25 %-ын құрайды. әлемде мұнайды барлау бойынша Қазақстан 13-ші орынға ие. 2003 жылдың басында мұнай және газ барлау бойынша 4,6 млрд тонна құрады, оның ішінде газ 331,5 млн. тонна құрайды. Каспийдегі мұнай 1,6 млрд –қа бағаланады, ол «қара алтының» 38% құрайды. Табиғи газ 3 трлн шаршы метрге тең. 1995-2004 жылдары ішкі сауда көлемі 3,6 есеге өсіп, 2004 жылы 32877,5 млн. АҚШ долларын құрады. 1999 жылдан кейің экспорт операциясының өсу қарқыны 10%, ал 2000 жылы 50 %, 2004 жылы 56 % өсті. Ішкі сауда өсімі экспорт көлеміінң ұлғаюы секілді, импорт операцисынада ықпалын тигізді. Сыртқы сауда географиясы өндірістің әртүрлілігінің кеңеюі (диверсифицированность), яғни тәуелсіздің жылдарында ТМД-ны қосты. 2004 жылы Қазақстандағы сауда құрлымындағы бірінші орынға Европалық одақ, Ресей, Швейцария және Қытай шықты. Қазақстан Республикасындағы мекемелер әлемдегі 171 мемлекеттер сауда серіктестіктер бар. өткен жылдарда экспорт және импорт географиялық құрлымында өзгерістер болып, ТМД және басқа да мемлекеттер арасында проценттер өзгерді. 2004 жылы Қазақстанның ішкі сауда айналымы ТМД мемлекетірмен 10 215,1 млн АҚШ долларын құрап, 2003 жылымен салыстырғанда 48 %-ға өсті, оның ішінде экспорт $ 4097,2 млн., импорт $ 6117,9 млн. құрады. әлемдегі басқа мемлекеттермен сыртқы сауда айналымы 22662,4 млн құрап, 2003 жылмен салыстырғанда 57 % өсті, ал экспорт $ 15999,0 млн.құрап 61 % өсті, импорт $6663,4 млн.құрап, 49 % өсті. Шикізат тауар экспортын тауарлы құрлымының көбісін алып отыр. Минералды өнімдер мен металлдар тауардың негізгі топтарын құрап отыр, срнда да осы тауарлардың салыстырмалы салмағы өзгерді. Өткен жылдармен салыстырғанда минералды өнімдер ұлғайып, металл өнімдері азаюда. 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда азық-түлік тауарларының салыстырмалы салмағы 2 % және шикізат өнімі мен металл өніміінң үлесі 1 % қысқарып, минералды өнімдер 4 % көбейді. Азық-түлік тауарларының өсу көлеміне қарамастан, бидай, арпа жіне еттердің жеткізілу операциясы экспорт қорытындысы бойынша түсті. Металл өнеркәсіп өнімдерін өткен жылдармен салыстырғанда 48 %-ға өсті. Қазақстан өнімінің басты сатып алушылар Швейцария (18,7 %), Италия (15,5%), Ресей (14,1%), Қытай (9,8%), Франция (7,3 %), Вергин аралы (3,8%), Иран (3,5%), Нидерланды (2,3%), Израиль және Португалия (1,6%), Азербайжан, Испания, АҚШ және Украина (1,4%) тен алады. ТМД мемлекеттері үшін экспорттың жалпы көлемі 20,4 % құрайды. 2003 жылмен салыстырғанда ТМД мемлекеттеріндегі экспорт 38% өсіп, 4097, $ 2 млн. құрады. Осы аралықта Қазақстандық өнім, түгел ТМД мемлекеттерінде өсті. Әлемдегі басқа мемлекеттердің жалпы экспорт көлемі 79,6 % үлесін құрады. Қазақстан экспортының көлемін европа мемлекеттері құрайды, олардың салыстырмалы салмағы 54,6 % құрайды, оның 34,8 % Европа Одағына әкеледі. Европа мемлекеттерінің арасында Қазақстан экспортының негізгі тұтынушылары Швейцария, Италия, Франция, Нидерланды, Португалия, Ұлыбритания және Германия болып табылады. 2003 жылмен салыстырғанда Европа мемлекеттерінің жалпы экспорты 2,6 % өсті. Азия аймағындағы мемлекеттерге Қазақстандық өнімді жеткізу көлемі 31 % өсті. Қытай Республикасының салыстырмалы салмағы аймақтағы жоғары болып қала береді. Америка елдеріне Қазақстан экспорты 2 есеге қысқарды. Импорт Экспорттың тауарлық құрлымын машина, құрал-жабдықтар, транспрот, химиялық өнімдер және осы салаға байланысты өнісдер, металл өнімін өндіру үшін шикізат жатады. Соңғы жылдарда минералды өнімдерді экспорттау үлесі ұлғаюда. Сол сияқты, металл өнеркәсібінің салыстырмалы салмағы белгіленуде. Экспорттың көбеюі физикалық жеткізудің көлемі секілді, көрсеткіштің тұратындығына байланысты көбеюде. Тауарлардың негізгі топтары бойынша көлем деңгейі өсті, олар: машина, құрал, транспорт, құбырлар және аппараттар. Металл өнеркәсібі, минералды өнім, химиялық өнеркәсіп өнімі бойынша импорттың түсу деңгейі байқалуда. Импорт өнімін негізгі жеткізушілері: Ресей, Германия, Қытай, Украина, АҚШ, Италия, Жапония, Түркия, Франция, Ұлыбритания, Корея, Өзбекстан, Нидерланды болып табылады. ТМД мемлекеттері Қазақстандық нарықта өнімді импорттаушы болып табылады. Европа мемлекетіндегі импорттың жалпы 28,9 % түсуінен 50 % әр түрлі машина түрлерін әкелуден, Германия және Италиядан әкелінетін бөлшек құралдардан, жеңіл автокөліктер, Италия жиһазынан өсті. Азия импортының өсуіне Жапония көлігі, Индия шайы, Қытай және Жапония құбыры, Қытай және Түркияның алюмин заттары әсерін тигізді. 2003 жылмен салыстырғанда АҚШ – тің импорты 30 % өсті. Тауардың негізгі бөлігі АҚШ-тан түседі.

[өңдеу]Қазақстанның ТМД шеңберіндегі ынтымақтастығы

ТМД мемлекеттерімен қатынастың дамуы, соның ішінде көпжақты интеграциялы өзара әрекет – Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының ең маңызды бағыттарының бірі. ТМД шеңберіндегі көпжақты ынтымақтастықтың қазақстандық әдістемесінің негізінде тығыз интергациясы астасып жатқан елдердің шағын тобын қалыптастыру мүмкіндігінен туындайтын қарқыны әрқилы интеграция тұжырымдамасы жатыр. Қазақстан Достастық кеңістігіндегі субаймақтық бірлестіктер әрекетінің ашық түрде жүргізілуін, ал олардың мақсаттары мен практикалық әрекеттері ТМД дамуының ортақ арнасында ұштасуын қолдайды. Достастыққа көпжақты өзара әрекеттестіктің түрлі салаларына мемлекеттердің іріктеліп қатысуы тән, яғни, мүдделік білдіретін тараптар форматында жүзеге асады. ТМД органдарының шешімдерінің күші тек оларды қабылдауға қатысқан мемлекеттер үшін ғана таралады. ТМД әрекетінің тиімділігін арттыру, құрылымын жетілдіру мақсатында қазақстан тарапының бастамашылық етуімен шын мәнінде ынтымақтастықтың барлық бағытын қамтитын ТМД-ны одан әрі даму тұжырымдамасы мен оны жүзеге асу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, ол 2007 жылғы қазанда Душанбеде мақұлданды.. Олардың негізінде ТМД-ның 2020 жылға дейінгі Экономикалық дамуы стратегиясы әзірленіп, қабылданды. Еркін сауда аймағын құру, сауда, ауылшаруашылық, электрэнергетика және т.б. нарықтарды қалыптастыру жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Саяси, гуманитарлық, көлік, қауіпсіздік және көші-қон салаларында өзара әрекеттестік жалғасуда. Аталған Жоспарда бірлестік әрекетін жетілдіру жөніндегі нақты шаралар тізбесі көрініс тапқан. Атап айтқанда, осы құжатқа сәйкес 2008 жылғы қазанда ТМД-да төрағалық ету туралы, Ұлттық үйлестірушілер туралы ережелер қабылданды. Достастықтың салалық органдарын оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілуде, ТМД Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ТМД-ның Жоғарғы органдарындағы рәсімдеудің жаңа ережесін қабылдау жоспарлануда. «Бір жыл- бір тақырып» формуласы бойынша жұмыс принципін ескере отырып, 2007 жылы келісілген көші-қон саясаты жөніндегі ұсыныстарды дайындауға арналса (2007 жылғы 5 қазанда Душанбеде тиісті Декларация қабылданды), 2008 жыл келісілген көлік саясаты саласындағы ынтымақтастық жөнінде ұсыныстар дайындау жылы, ал 2009 жыл – энергетика саласындағы ынтымақтастық жылы.

[өңдеу]ТМД елдерінің тілдері

ТМД жеріндегі халықтар сөйлейтін тілдер. ТМД-да тұрушы негізгі халықтардың тілдері 130-ға жуық. Ол тілдерде сейлейтін кейбір халықтардың ТМД-даң тыс жерлерде өз мемлекеті бар. ТМД елдерінің тілдері шығу тегі, типологиясы, сөйлеушілердің саны, жазу дәстүрі жағынан бір-бірінен ерекше. ТМД елдерінің тілдері шығу тегі (генетикалық туыстығы) жағынан мынадай топтар мен семьялардан тұрады:

Үндіеуропа тілдері, оған:

армян тілі;

шығыс славян тілдері — беларусь, орыс, украин тілдері;

герман тілдері — идиш тілі;

иран тілдері — белудж тілі, Памирдегі шығыс-иран тілі, курд, осетин, тәжік, талыш, тат, #ягноб тілдері, памир тілдері;

жаңа үнді тілдері — цыган тілі;

роман тілдері — молдова тілі кіреді.

Кавказ (ибери-кавказ) тілдері, оған:

абхаз-адыгей тілдері — абазы, абхаз, адыгей, кабарды-черкес тілдері;

Картвел тілдері — грузин, зан, сван тілдері;

дағыстан тілдері — авар, андий тілдері; лезгин тілдері; цез тілдері;

нах тілдері — бацбий, ингуш, чечен тілдері кіреді.

Қытай-тибет тілдері, оған дүнген тілі кіреді.

Монгол тілдері, оған: бурят, калмак тілдері кіреді

"Алматы декларациясы" - 1991ж. 21 желтоқсанда Алматыда бұрынғы он бір кеңестік республика басшылары кездесуінде 1991 ж. 8 желтоқсанда Минскіде Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Украина арасындағы Тәуелсіз мемлекеттер Достастығын құру туралы келісімге қосылатын республика басшылары қол қойған хаттама. Оған Әзірбайжан, Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Белорусь, Молдова, Түркіменстан басшылары қол қойды.

Қазақстан

Әзірбайжан

Ресей

Өзбекстан

Армения

Қырғызстан

Тәжікстан

Украина

Белорусь

Молдова

Түркіменстан

Өзара түсіністік, экономикалық байланыс, ортақ мүддеге негізделген шынайы ерікті түрде біріккен республикалар достастығы пайда болды. ТМД- нің дүниеге келуі бұрынғы империялық ұлы державалық шовинизмнен бас тарту, біртұтас экономикалық кеңістікті сақтап қалу жолындағы дұрыс шешім болды және күшейіп кеткен экономика¬лық дағдарыс пен адамдардың өмір сүру деңгейінің құлдырап кетуіне қарсы әрекет еді. 1991 ж. желтоқсандағы жағдайда Достастықтың құрылуы тә¬уелсіз мемлекеттер басшыларының Алматыда жиналуына көп күш салған Қазақстан Республикасының бастамасының нәтижесі болды. Жас тәуелсіз мемлекеттердің бірігуі жоғарғы жақтың нұсқауы мен міндеттеуінсіз, өз еріктерімен жүзеге асырылды. Достастық мүшелерінің өзара қатынасы тең құқықтық, бір-бірінің аумақтық тұтастығын құрметтеу, шекараны бұзбау қағидаттары негізінде, ТМД мүшелері арасындағы келісіммен бекітілген тәртіппен қызмет ететін бірқатар үйлестіру құрылымдары арқылы жүзеге асырылады.