Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
saly_1179_polny_shpor.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

76.Мемлекет меншігіне алынған мүліктерді есепке алу, сақтау, бағалау және жүзеге асыру тәртібінің сақталуына жауапты орган.

Қазақстан Республикасында мемлекет меншігіне алынған мүліктерді есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуына жауапты уәкілетті орган – салық қызметі органы болып табылады. Салық органы мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын, ол сатылған жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақытылы түсуін, сондай-ақ мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлікті уәкілетті орган белгілеген мерзімде және тәртіппен беру тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

Мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

77.102.Акциздік бекеттер: бекіту тәртібі және оның функциясы.

Салық органдары акцизделетін тауарларды өндірушілердің, импорттаушылардың, банкрот мүлкін (активтерін) өткізуші конкурстық және оңалтушы басқарушылардың борышкердің мүлкін өткізген кезде осы заңда айқындалған акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін таңбалау тәртібін сақтауы бөлігінде акцизделетін тауарларға бақылауды жүзеге асырады.

Акцизделетін тауарларды жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау немесе акциздік таңбалармен қайта таңбалау екі жылда бір реттен аспайтындай Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мерзімде жүзеге асырылады.

Акциздік бекеттерді бекіту тәртібі :

1) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін таңбалау (қайта таңбалау) ережелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;

2) акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларын алу, есепке алу, сақтау және беру ережелерін уәкілетті орган бекітеді.

Салық органдары акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіретін салық төлеушінің аумағында акциз постыларын орнатады.

Уәкілетті орган акциздік постының қызметін ұйымдастыру тәртібін бекітеді.

Акциздік постының орналасқан жерін және қызметкерлерінің құрамын, оның жұмысының регламентін салық төлеушінің жұмыс режиміне сәйкес салық органы айқындайды.

Акциздік посты қызметкерлерінің құрамы салық органының лауазымды адамдарынан түзіледі.

Акциздік постыдағы салық органының лауазымды адамы:

1) салық төлеушінің акцизделетін тауарлардың өндірісі мен өткізілуін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауына;

2) салық төлеушіде тиісті қызмет түріне лицензияның болуына;

3) акцизделетін тауарлардың тек қана өлшеуіш аппараттары арқылы бөлінуіне немесе есепке алу құралдары арқылы өткізілуіне (құйылуына), сондай-ақ олардың пломбыланған түрде пайдаланылуына;

4) салық төлеушінің жекелеген акцизделетін тауарларды таңбалаудың тәртібін сақтауына;

5) акцизделетін тауарларға акциз ставкаларының дұрыс қолданылуына және бюджетке акциздердің уақтылы төленуіне;

6) акцизделетін тауарлардың өндірісі үшін негізгі шикізаттың, қосалқы материалдардың, дайын өнімнің, есепке алу-бақылау таңбаларының немесе акциздік таңбалардың қозғалысына бақылауды жүзеге асырады.

Акциздік постыдағы салық органының лауазымды адамы:

1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңмасының талаптарын сақтай отырып, салық төлеушінің акцизделетін тауарларды өндіру, сақтау және өткізу үшін пайдаланатын әкімшілік, өндірістік, қойма, сауда, қосалқы үй-жайларын зерттеп-тексеруге;

2) акцизделетін тауарларды өткізу кезінде қатысуға;

3) салық төлеушінің аумағынан шығып бара жатқан жүк көлік құралдарын тексеріп қарауға құқылы.

12. Акциздік постыдағы салық органы лауазымды адамының акциздік пост қызметін ұйымдастыру тәртібінде көзделген өзге де құқықтары бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]