- •Платонның өмір сүрген жылдары. Платонның негізгі "жақсылықтарын" атап шығыңыз.
- •Медициналық этиканың құрылу кезеңдері?
- •Биоэтика. Биоэтиканың негізгі пастулаттары?
- •Гиппократтың өмір сүрген жылдары. Медицина дамуына қосқан негізгі үлес. Гиппократ бойынша темпераменттің 4 түрі.
- •Қандай талаптарға сай фармацевт “Фармацевт 7 жұлдыз” тұжырымдамаға сәйкес келу керек?
- •Сүйкімсіз” пациентті атаңыз және мінездеме береңіз.
- •Қазіргі пациенттің нышандарын және оның ерекшелігі неде?
- •Правило 1. "Выпустить пар"
Биоэтика. Биоэтиканың негізгі пастулаттары?
Биоэ́тика (от др.-греч. βιός — жизнь и ἠθική — поведение, поступки) — учение о нравственной стороне деятельности человека в медицине и биологии.
“Этикалық қағидат және С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ адамгершілік
В каком году были разработаны «Этические принципы и нравственные ценности КазНМУ им. С.Д. Асфендиярова»?
Кодекс Чести преподавателя является реализацией этических принципов и нравственных ценностей КазНМУ им. С.Д. Асфендиярова, утвержденных Ученым Советом КазНМУ им. С.Д. Асфендиярова (Протокол № 9 от 25.5.2010г)
Гиппократтың өмір сүрген жылдары. Медицина дамуына қосқан негізгі үлес. Гиппократ бойынша темпераменттің 4 түрі.
Гиппократ(460-377 ж. б.э.д.) ақылды дәрігер (sophia - ақыл) жайында «дәрігер-философ Құдайға ұқсас» деп айтты. Гиппократ ауруды үш түрлі жағдайдың ауысуы деп қараған: дымқылдану, қорыту және жеңілдену. Осыдан аурулардың мерзімі, ырғағы және емдеудің негізгі принциптері туралы ілім туындады: 1) ең бастысы жамандық жасамау; 2) қарама-қайшылықты қарама- қайшылықпен емдейді; 3) өлшем сәйкестігі заңын сақтау; 4) табиғи заңдармен келісе отырып емдеу, басқаша айтқанда, аурудың өз «табиғатын» ескеру, тұрмыс жағдайын, қоршаған ортаның әсерін ескеру.
Гиппократтың гуморальді анықтамасы бойынша, ағзаның өмір сүру қабілеті төрт шырынмен: (дымқылмен, сұйықтықпен), қан, сілекейлі қабық (флегма), сары және қара өтпен анықталады. Бұл шырындардың негізінде табиғаттың төрт бастауының: жылудың, суықтың, құрғақшылық пен ылғалданудың түрлі қосылыстары жатыр. Төрт шырынның әрқайсысына анықталған темперамент сәйкес келеді. Қанға - сангвиниктік, сілекейге (флегмаға)- флегматикалық, сары өтке – холериктік, қара өтке- меланхоликтік темперамент сәйкес келеді.
Қандай талаптарға сай фармацевт “Фармацевт 7 жұлдыз” тұжырымдамаға сәйкес келу керек?
1997ж. FIP өкілдерінің қатысуымен «Болашақ фармацевтерді дайындау: оқу бағдарламаларын жасау (Ванкувер, Канада)» мәселесі туралы ДДҰ-ның (ВОЗ) өткізген жиынында: «Фармацевт 7 жұлдызша» атағын алған мамандарға қойылатын қазіргі заман талаптарын қалаптастырды, онда да жеке тұлғалардың мінез-құлқына көп мән берілді. Осы талаптарға сәйкес фармацевт (провизор) мынадай болады:
денсаулық сақтау жүйесінің қызметкері, команда мүшесі;
жауапты шешімді қабылдауға қабілетті;
дәрігер мен науқас арасындағы қарым-қатынасты байланыстырушы, коммуникация бойынша маман;
қоғам мақсаты үшін көшбасшылық көрсетуге дайын;
ресурстар (игіліктер) мен ақпараттарды басқаруға қабілетті жетекші;
өмір бойы ізденуге, білім алуға дайын;
жас фармацевтер (провизорлар) дайындауда тәлімгер, жетекші;
Сүйкімсіз” пациентті атаңыз және мінездеме береңіз.
«Ұқыпсыз науқас» жазылған дәрілерді уақытында ішпейді немесе оларды аз ішеді, физиотерапияға бармайды, диетаны сақтамайды. Өкінішке орай мұндай науқастар жоқ емес. Германияда анықталған мәліметтер бойынша науқастарға тағайындалған 4 млрд. маркаға сатып алынаған дәрілер ішілмей, қоқысқа тасталынуда.
«Таблеткаларды жұтушылар» көп күткенді жақсы көрмейді, ауыра қалса, тез жазылу үшін дәріні бірінен кейін бірін іше береді. Ол диета, гимнастика, емді жалғастыру туралы естігісе де келмейді. Одан да дәріні жұта бергенді жөн көреді. Егер дәрігердің тиімділігі болмаса, онда үндемей екінші дәрігерге кете береді.
«Надан» ол қандай дәріні қандай ауруға ішіп жүргенін білмейді. Сұрай қалса: «ол бір жасыл жолағы бар, көк шыны ыдыста», «оны сізге кім жазды?» - десе, «білмеймін» - деп жауап береді.
«Дайын емес» өзімен бірге қажетті құжаттарын рентген суреттерін, медициналық картасын және т.б. алып келмейтін науқастар «кейде киімдерін бірінің үстіне бірін киіп алып, оны шешкенше, дәрігердің мазасы кетеді».
«Қарапайым» дәрігердің сұрақтарын түсінбейді, өзінің жеке басының мәселелерін (махаббатын, ажырасуын, қайғысын) айтады. Кейде күлкілі әңгімелерді айтып, дәрігердің жеке басының мәселелерін сұрап қоятыны да болады.
«Жанұяшылар» дәрігердің қабылдауына жанұясымен келіп, оның мазасын алатындар.
«Лас науқас» жеке басының гигиенасын таза ұстамай, кір киімдерімен дәрігердің қабылдауына келетіндер.
