Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ландшафт сәулетінің тарихы (оқу құралы).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
11 Мб
Скачать
☆

1.4.Ежелгі Рим саябақтары

Рим мемлекеті өз бастауын Аппенин түбегінде алып,келесі ғасырларда шығыста Парсы шығанағы мен батысында Атлант мұхитын аралығын қамтитын орасан зор құл иеленуші державаға айналды.

Ежелгі Рим тарихында үш кезең ажыратылады.Патшалар кезеңі (б.д.д. VIII-VI ғ.) құл иеленуші құрылымның қалыптасуымен сипатталынады.Республика кезеңінде (б.д.д. I-Vғ.) Римнің империя орталығы ретінде маңызын қалыптастырды.Қала құру қарқынды жүрді:ансамбльдер,қоғамдық форумдер,стадиондар,театрлар,император сарайлары,патрициялық виллалар салынды.Сәулет ансамбльдерінің композициялық шешімдері жетіле түсті.Б.д. ІІІ ғ. Құл иеленушілік жүйенің құлдырауы империяны дағдарысқа әкелді.Б.д. 410 жлы империя вестгодтарының соқтығыстарынан қирады.

Ежелгі Римнің саябақ құру өнері б.д.д. І ғ. Мен б.д. І ғ. аралығында кемелдене түсті.Аппенина түбегінің климаты жерорталық,алайда,Грекиямен салыстырғанда,жұмсақтау әрі қуаңшылық қатаң емес.Өзендер мен бұлақтарда су мол,таулы жер бедері,құнды құрылыс материалдары (мәрмәр мен әктастар) көп,сонымен қоса ағашты бұталы және гүлді өсімдіктердің алуан түрлілігі тән.Осында қарағайлардың бірнеше түрі,емендер,кипарис,платан,құлпынай ағашы,терек,астық,каштан,анар,зәйтүн,жемістер көп өседі.Гүлдерден – лилия,левкоя.ирис,қызғалдақ,фиалка,нарцисстер ж.т.б. кең таралған.

Б.д. І ғ. саябақтардың келесі тұрлері қалыптасты.Қасиетті (әулие) ормандар діни зияраттармен байланысты болды.Гректердікіндей,олардың құрамында да бұлақ,кішігірім ғибадатхана,зиярат орны немесе құрбан шалатын орын болды. Қалалық қоғамдық саябақтар қоғамдық қондырғылардың (театрлар мен термалар) маңында,алаңдарда салынды және әртүрлі көлемедерде болды.Бұлағы немесе бассейні бар саябақтарда аллеялар болды және олар қаз қатар отырғызылған ағаштармен,демалысқа арналған үңгіршіктері бар шатырлы дәліздермен,мүсіндермен безендірілген.Қалалық жекеменшік саябақтар мардымсыз және үйдің жоспарына тәуелді болды.Ежелгі Римде сумен жабдықалған ішкі аулалар бар тұрғын үйдің атриумды перистильді түрі қалыптасты.Осындай аулалардың көлемі әртүрлі болды:9х20 (Ветийлер үйі),28х22 (Фавндер үйі).Ауланы қоршайтын галереялардың қабырғалары өсімдік тәрізді өрнектермен безендірілді.Осындай ішкі аулалар перистиль деп аталды.(1.9)

Виллалар мен сарайлар маңындағы саябақтар әртүрлі қолданды:шаруашылық мақсатта да,ойын сауық үшін де.Соңғылары террасаланған беткейлерде орналастырылды және гүлдермен,фонтандармен,мүсіндермен,әртүрлі сәулет туындылармен әшекейленді.Террасалар ,бір бірімен сатылармен жалғанды,бірақ, Грекиядағыдай,сатылардың композициялық мәні болмады.Саябақ бөлшектері кездейсоқты орналасты.Осы нысаналардыцң мысалында келесі қорытындылыарды түйіндеуге болады:Ежелгі Римде саябақтардың жекелеген элементтерімен (пергол,аллеялар,сәнді қырқу) қатар біртұтас саябақ композициялары (ксист саябағы мен ипподром саябағы) қалыптасты.

Ксист саябағы (жалпақ саябақ) партер тәріздес болды және үйдің айлақшасымен байланысты болды.Ипподром саябағы Грекиядан жетті.Римде ол өзінің спорттық сайыстар маңызынан айырылды,бірақ бір жағы шеңберленген тікбұыш пішінін сақталып қалды.Айналасында фонтандар,бастырмалар,гүлдік тер мен ағашта бұталы композициялар орналасқан.Ортасындағы ашық кеңістік оларды шолуға мұмкіндік беретін.Осындай саябақтардың түрлері Кенже Плинийдің вилласы мысалында сипатталған.Сонымен қоса,Римнің маңында орналасқан және ауқымды аумақты қамтитын император Адрияның (б.д. 117-138 жж) «Тибуртина» вилласы да қызықты.Саябақ бтіктік ауытқулары 40 м. Асатын террасаланған тік беткейде орналасқан және жекеленген қондырғылар мен жабдықтардың ерекше мұражайы тәріздес болды.Осында тар үңгірлері бар суқоймалар (нимфеялар),бассейндер, ипподром саябақтар,Академия тоғайы,Ликей,Перикл саябағы мен арнасы мен суқоймасы бар «Каноп» саябағы болатын.Ипподромның маңында арнамен қоршалған аралда құс асыарйтын орын болды.ОСында Римге тән зәулім императорлық сарайы мен көптеген ғимараттар (кітапхана,театр,бағаналар,жиынтығы,айлақшалар) орналасқан.Алайда қондырғылардың арасында композициялық бірлік болған емес.

Ежелгі Рим саябаұтарының арасынана Римде б.д. І ғ. болған өрттің орнында құрылған император Неронның саябағы ерекше көзге түседі.Аумағында қазылған көлдері, шалғындары мен жайылымдары бар саябақ айналасындағы ауылыдқ жермен сәтті үйлесімін тапты.

Жалпы алғанда,Ежелгі Рим саябақтарына келессі белгілер тән болды:

  • Антикалық Грекияның әдістерін және өзінікін жетілдіру (пішіндеп қырқу,саябақ,пергол мен аллеяларды безендіруде мүсіндерді пайдалану):

  • Саябақтардың жаңа түрлерін қалыптастыру (қоғамдық саябақтар,перистиль саябақтары,вилла маңындағы саябақтар,ипподром саябақтар);

  • Саябақтар комопзициялық бірліктердің болмауы.

Рим империясының құлдырауынан кейін ежелгіримдік үлгі бойынша жңа виллалар салына бастады, бірақ римдік виллаларға тән салтанат жаңаларында болмады.Жаңа саябақтар біршама империяға дейінгі римдік түрлеріне ұқсас болды,сонымен қоса Ежелгі шығыстың саябақтарына да кішігірім ұқсастық байқалатын.Саябақ құрудың римдік дәстүрлері Қайта құру кезеңінің италиялық саябақтарында,кейінірек Еуропаның да тұрақты саябақтарында өз дамуын тапты.