Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТемірҚТБМЖ лекция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

Ғимараттардың конструктивтік элементтерін бөлу біліктерін байлау ережелері.

Үйлестірілген бағаналар торымен, пролеттардың және қабаттардың биіктіктерімен қатар құрылыс конструкцияларын және бөлшектерін үйлестіру үшін конструктивтік элементерді бөлу біліктеріне байлау белгілі ережелерін сақтау керек.

Байлау деп бөлу білігінен конструктивтік элементтің қырына немесе геометриялық білігіне дейінгі қашықтықты айтады.

Ғимараттың біліктері бой және көлденең бөлу біліктері болып бөлінеді.

Бірқабатты ғимараттарда шеткі қатарлар бағаналары және сыртқы қабырғалар бой бөлу біліктеріне келесі байлау ережелері бойынша орналастырылады: көпір крандарысыз және көпір крандарының жүк көтеру қабілеті 30т-ға дейін, бағаналар қадамы 6м және еденнен жабындардың күш тарту тұлға констркияларының астыңғы белгісі 16,2м-ге дейін ғимараттарда бағаналардың сыртқы қыры мен бой қабырғаларының ішкі беттерін бой бөлу біліктерімен беттестіріледі («нульдік» байлау).

Жүк көтеру қабілеті 50т-ға дейінгі көпір крандарымен жабдықталған, шеткі бағаналар қадамдары 6м және биіктігі еденнен жабындардың күш тарту тұлға конструкцияларының астыңғы белгісі 16,2 және 18м, сонымен қатар шеткі бағаналар қадамдары 12м болған жағдайларда бағаналардың сыртқы қырлары және қабырғалардың ішкі беттері бой біліктерінен сыртқа 250 немесе 500мм-ге ығыстырылады.

Негізгі қаңқаның кесілген жерінің бағаналарының геометриялық біліктері көлденең бөлу біліктерінен ғимараттың ішкі жағына 500мм-ге ығыстырылуы керек, ал кесілген жердің қабрғаларының ішкі беттері көлденең бөлу біліктерімен беттестірулері (нльдік байлау) керек.

Көлденең температуралық тігістер қоспасыз жұп бағаналарды тұрғызу арқылы орындалады. Температуралық тігістің білігі көлденеңбөлу білігімен беттестіріледі, ал жұп бағаналардың геометриялық біліктері бөлу біліктерінен 500мм-ге ығыстырылуы керек. Көлденең температуралық тігіс бой температралық тігістің жалғасы болған жағдайда, ол сәйкесті мөлшерлі қоспаларды орнату арқылы шешіледі.

Биіктіктері бір деңгейдегі барлық температуралық тігістер болат қалқандар түрінде жасалған жартылай цилиндрлік компенсаторлар (орнын толтыру) орнату арқылы тұтас жабындар жабу арқылы орындайды.

Бір-бірімен тік бұрышты орналасқан пролеттердің қабысуын қоспалы екі бөренелер орындайды. Көлденең біліктерге қабысқан бой пролеттер бағаналарының біліктері, көлденең бөлу біліктерінен 500 мм-ге ығыстырылады.

Біліктері бір деңгейдегі емес бой температуралық тігістер, қоспалы екі бөренемен құрылады.

Қоспалардың мөлшерлері бөренелердің бой және көлденең пролеттердің біліктеріне байлау көлеміне байланысты (5 кесте).

5 кесте

Бір деңгейдегі емес температуралық тігістерінің В қоспалар мөлшерлері

Бағаналар байлаулары

Қабырғаның қалыңдығы бойынша, мм, қоспалар мөлшерлері, мм

Ғимараттардың жоғарылытылған бөліктері

Ғимараттардың төмендетілген бөліктері

160

200

240

300

400

500

0

-

250

300

350

400

500

600

250

-

500

550

600

650

750

850

0

0

300

300

350

400

500

600

250

0

550

50

600

650

750

850

Бой бөлу білігінен кранасты рельс білігіне дейінгі қашықтықты: жүк көтеру қабілеті 50 тн-ға дейінгі көпір кранды ғимараттарда 750 мм, ал жұк көтеру қабілеті 50 тн-дан астам көпір кранды ғимараттарда 1000 мм-ге тең етіп қабылдайды.