Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
servis.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
154 Кб
Скачать
☆

2. Қонақ үйдің экономикасына әсер ететін факторлар.

Қонақ үй шаруашылығы салысының экономикасна, ең алдымен экономикалық факторлар (экономикалық жалпы жағдайы, жергілікті халыққа шаққанда орташа түсім, жұмыссыздық деңгейі, жергілікті құнды қағазды айырбастау бағыты, қаржы салымының деңгейі, несиелерге қойылатын банктік пайызы және т.б.) әсер етеді. Сонымен қатар бұл сапаның дамуына орасан зор. Әсер ететін әлеуметтік – экономикалық факторлар: жергілікті халықты түсім деңгейіне, білім деңгейі, тұрмыс қалпы, жастық мөлшеріне қалалық және ауылдық халыққа сәйкес, қылмыстық деңгейі, туризмнің дамуына және т.б. қарай бөлу.

Даланың жағдайына (салық және еңбек заңдылықтарын, лицензиялау ережелері, санитарлық – гигиеналық талаптар, өрт қауіпсіздігі ережелері, тұтынушылар құқықтары туралы заңдары және т.б.) заңдылықтар әсерін тигізеді. Қонақ үйдің экономикалық көрсеткіштеріне ішкі факторлар да әсер етеді.:қабылданған басқару және бақылау жүйесі(ерекше шығындарды бақылау жүйесі жасайды), ұсынылатын қызметтердің деңгейі, с.қ.,еңбектік қарым – қатынас. Сол себепті қонақ үйдің әкімшілігі қалыпты қызметкерлердің еңбегінің жағдайын арттыруға, эжұмыстық күштің тұрақтамауын қысқартуға және еңбектік ұжымда жалпы атмосфераны жақсартуға көңіл бөлуі тиіс.

Жоғарыда аталған қайсыбір факторлардың бірі барлығынан бұрын қонақ үйдің орналасу коэффициентіне (occupancy rate) әсер етуі мүмкін. Бұл қонақ үйдің жұмысындағы оның рентабельділігін көрсететін маңызды көрсеткіш. Қазіргі уақытта бұл көрсеткіш бірте – бірте төмендеп бара жатырғаны байқалады. Бұл қонақ үйлік қызметтердің ұсынысы толығымен оларға деген сұранысты арттыратын жаңа – жаңа қонақ үйлердің салынуына байланысты, қазір орташа орналасу коэффициенті жобамен 60% құрайды, бұл жобамен тиімділікті көрсетеді. әрине, орналасу коэффициенті өзгереді: мезгіл кезінде жоғары, мезгілсізде төмен, басқа күндерге қарағанда сенбі және жексенбі күндері төмен, жай күндерге қарағанда мереке күндері – жоғары және т.б. Әрбір қонақ үйде уақытқа байланысты орналасу коэффициенттері өзгерісі әртүрлі және сол себепті бұл коэффициенттің тербелісін теңестіру үшін әкімшілікке сәйкес келетін шаралар қолдануы тиіс.

3. Қонақүй кешеніндегі қосалқы бөлімшелердің негізгі қызметі

Қонақүй кешеніндегі қосалқы бөлімшелердің негізгі қызметі. Қазіргі туристік кешен туристерге, демалушыларға, саяхатшыларға қызмет көрсетуде толық сервистің кешенін қамтитын материалдық – техникалық базаны құрайды. Қонақүйдің материалдық – техникалық базасының көптеген көрсеткіштері оның маңыздылығы мен күрделігін көрсетеді. Белгілі бір қонақүйдің материалдық – техникалық базасы туралы мәліметтер оның анықтама құжаты болып табылатын төл құжатында жазылады. Туристік кешеннің (туристік қонақ үй ғимараты, мекемесі, жарық, газ және су құбырларының жүйесі келесі топқа біріккен:

- әкімшілік ғимарат;

- жатақ ғимарат;

- тамақтандыру орындары мен мәдени қамсыздандыру орындарының мекемелері;

- спортқа арналған құрылғылар;

- шаруашылық корпус;

- инженерлік құрал жабдықтар, желілер, құрылғылар;

- тұрғын үй (жатақханалар).

Кейде бір ғимарат ішінде бірнеше функциялары әртүрлі бөлімшелер болады. Олар өткелдер мен галереялар арқылы бөлінген. Туристерді қамсыздандыратын ғимарат пен қонақүйдің төл құжатында келесідей көрсеткіштер көрсетілген: сыйымдылығы, өнімділігі, ұзындығы, ені, биіктігі, қабат саны, мәселенің пайдалы ауданы, баланстық бағасы, тозу, қалдық баға, жөндеу жұмыстарының мерзімі мен түрлері (жүргізілген және жоспарланған), жөндеу жұмыстарына кететін қаржы (жүргізілген жәнежоспарлы).

Ғимарат пен оның элементінің сипаты, жағдайы (жақсы, жаңа, қанағаттанарлық) сипаттамалар жиынтығы арқылы суреттеледі. Бұл құрылысты салған жолдан босатып, құрылыс элементінің техникалық жағдайларымен аяқталады.

Техникалық қамсыздандыру құрамына келесідей инженерлік техникалық жүйелер кіреді: жылу (орталықтандырылған, пешті), сумен қамтамасыз ету (суық, ыстық), канализация (ішкі, сыртқы), ауа желдеткіші (кәдімгі, ағынды), орталықтандырылған шаң жою, қоқыс жинау жүйесі, лифттер мен жүк көтергіш, радиомен қамтамсыз ету жүйесі, телеарналармен қамтамасыз ету, байланыс құралдар мен сигнализациямен қамтамасыз ету.

Сонымен бірге ғимараттың техникалық қамсыздануы келесідей негізгі техникалық құралдар кіреді:

17. От сөндіргіші негізгі құралдар мен отқақарсы автоматтандырылған жүйелер.

18. Жылу пештерінің, котельняларының, газ құрылғыларының пункттерінде газ қондырғылары.

19. Автоматтандыру, диспетчерлеу, инженерлік қондырғылар, байланыс құралдар мен бақылауыш өлшеуші құралдары.

20. Жинау машиналары мен басқа электр құралдары (шаңсорғыш, еденсүрткіш, суыту құралдары, арбалар, тоңазытқыштар, аяқ киім сүрткіш, сусындар мен темекі сататын автоматтар).

Туристерге қызмет көрсететін отельдердің корпустарына әдетте, барлық сервистік бөлімшелер жатады:

- сақтау камерасы

- шаруашылық қойма

- техникалық шеберханалар

- тұрмыстық қызмет көрсету орындары (аяқ киімсүрту, тазалау, киімдерді жөндеу және үтіктеу, кір жуу және химиялық тазалау, шаштараз)

- кассалар мен көлік билеттерін сату орындары

- киоскілер (дәріхана, газеттер, сыйлықтар)

- пошта байланыс пункттері

- банк пен ақша айырбасту пункттері

- медициналық пункт

- қызмет көрсетуші персоналдық бөлімшелері

- әкімшілікке арналған бөлмелер

- түрлі дене шынықтырушы және емдеу қызметі мен қосымша қызметтерді ұсынатын пунктер (бильярд, монша, туристік бөлме, кітапхана, шаңғы сақтау орындары мен спортқа қажетті заттарды ұсынушы пунктер

- қоқыстарды өңдеу, пакеттеу, сақтау орындары.

Туристік кешеннің территориясында орналасқан отель инфрақұрылымының элементі де көлемді және күрделі материалдық – техникалық базаны құрайды. Оған: қаланған жолдар, рекреация аудандарына арналған құрылғылар, бассейндер, фонтандар , автотұрақ, декоративті ағаштар мен бұталар, бақтар, жасыл жайылымдар, гүлдер, тасмүсіндер, территорияны шектеу, саябақтарға арналған жиһаз, шаңғыжолдары, жарық түсіретін құрылғылар жатады.

№ 29 билеті

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]