Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
азаматтық жауап.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
166 Кб
Скачать
☆

3.Мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеудің негізгі мәселелерін айқындаңыз.

Мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады.Мүліктік игіліктер мен құқықтар: заттар, ақша, соның ішінді шетел валютасы, қаржы құралдары,жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объектіге айнлаған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүліктік құқықтар мен басқа да мүлік жатады.Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқ/ға: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қолсоқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады. Мүліктік емес өзіндік және мүліктік құқықтар бір мезгілде бұзылған жағдайда мүліктік емес өзіндік құқықтардың бұзылғандығы үшін жәбірленушіге тиесілі өтем ескеріле отырып, мүліктік зиянның орнын толтыру мөлшері ұлғаяды.

Мүліктік қатынастарға негізінен, қоғамдағы өндіріс құрал-жабдықтарына, мүліктік иеліктерге және басқа да материалдық құндылықтарға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жатады.

Мүліктік емес жеке қатынастар, мүліктік қатынастарға тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар болып екі топқа бөлінеді. Азаматтық заңдармен реттелетін мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарға құндық маңызы жоқ қатысушылардың қоғамдық сипатын белгілейтін материалдық емес құндылықтар жатады. Мәселен әдеби шығармамен, ғылыми еңбекпен айналасушылар немесе өнертапқыш өзінің авторлығын анықтау туралы мәселе қойса, өзінің жекелігін қорғай отырып, бұл мәселе бойынша қоғамдық дербес қатынасқа түседі. Бұл қатынас мүліктік болып табылмаса да, мүлікпен тығыз байланысты, өйткені өнертабыс иесінің өнертабысының пайдаланғаны үшін онда авторлық сыйақы алу құқығы пайда болады.

Азаматтық заңдармен реттелетін мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастарға азаматтың есімі, жеке келбет құқығы, жеке өмірдің құпиялылығы, тұрғын үйге қол сұқпаушылық, азаматтың немесе заңды тұлғаның абыройына, қадір-қасиетіне, іскерлік беделіне байланысты туындайтын құқықтық қатынастарды жатқызуға болады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 9-бабында азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғылмаушылық атап көрсетілген.

Сондай-ақ Ата Заңның 33-бабы “азаматтың жеке өміріне қол сұғуға болмайтындығын” атай келе, “азаматтың жеке өміріне араласуға, оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғуға тыйым салынады” десе, осы баптың келесі тармағында “тұрғын үйге қол сұғуға болмайтындығы” атап көрсетілген. Жоғарыда көрсетілген мүліктік қатынастармен байланысы жоқ жеке қатынастар, мүліктік емес жеке қатынастардың екінші тобын құрайды.

Мүліктік емес жеке қатынас азаматтық құқық пәніне жақын болса, онда олар   мүліктік қатынас болса да, болмасада да реттелуге міндетті.   Бұл  ғылымның күші ҚР АК ережелердің жазылуы мен азаматтық заңдардың нормативтік актілеріндегі ережелермен  шектелмеу керек.   Олардың міндетіне азаматтық құқықпен мүлікті — бағалыжәне мүліктік емес қатынасты айқындау жеткілікті емес, сонымен қатар азаматтық құқық пәнінің бірлігі деп дәлелдеу керек. Бұл қатынастардың жасалуына байланысты мүлікті – бағалы қатынас осы қатынастың  қатысушыларының материалдық игілігі үшін жасалған еңбектерінің саны мен сапасына өзара бағасын болжап көрсетеді. Мүліктік емес жеке қатынасқа қатысатын қатысушылардың жеке дара қасиеттерін алдын ала болжап баға береді. Барлық қоғамдық қатынастар баға бере алатыны туралы