- •Құрандағы сәжде аяттары[өңдеу]
- •Құранда қанша аят бар?[өңдеу]
- •Құран түсірілуінің сипаты[өңдеу]
- •Құранның «Лаух әл-Махфуз»-дан түсірілуі[өңдеу]
- •Осман нұсқасы[өңдеу]
- •Әбу Бәкр нұсқасының арғы тарихы[өңдеу]
- •Құранның жиналуының қысқаша тарихы[өңдеу]
- •Ақыреттің белгілері[өңдеу]
- •Ақырет[өңдеу]
- •Этимологиясы[өңдеу]
- •Тафсӣр[өңдеу]
Құранның «Лаух әл-Махфуз»-дан түсірілуі[өңдеу]
Құран Лаух әл-Махфуздан Рамазан айындағы Қадір түнінде түсірілген. Аллаһ айтады:
“ |
Шын мәнінде Біз оны Қадір түнінде түсірдік[13] |
” |
Ибн Касир өзінің тәпсірінде бұл аят туралы былай жазған:
« |
Ұлы Аллаһ Құранды Қадір түнінде түсіргенін хабарлады. Ол — қасиетті түн, ол туралы Аллаһ айтады: «Рамазан айында Құран түсірілді — ол адамдарға тура жол, тура жолдың дәлелдері мен айырушы (фурқан)»[14]. Ибн Аббас және басқа муфассирлер айтқан: «Аллаһ Құранды толығымен Лаух әл-Махфуздан жақын аспандағы Байт әл-Иззаға түсірілді. Содан кейін ол Пайғамбарға жағдайына қарай бөлек-бөлек болып 23 жыл бойы түсірілген».[15] |
» |
Хафиз әс-Сахауи айтады:
« |
Құранның түгелімен аспанға түсірілуі — адамдарға деген құрметті және оларды періштелердің алдында ұлықтауды білдіреді, бұл Аллаһтың адамдар туралы ойлайтынын, оларға Меірімді екенін білдіреді. |
» |
Қадір түнінің нақты қай күні екені белгісіз. Ибн Хаджар әл-Асқалани өзінің «Сахих әл-Бұхари» кітабының түсіндірмесінде бұл туралы қырықтан астам пікі келтіріп, ең дұрыс пікір бойынша Қадір түні Рамазан айының соңғы он күнінің тақ күндерінде әр жылы әр түрлі күндерде келетінін тұжырымдаған[1
13 Құрандағы пайғамбарлар
Исламдағы
пайғамбарлар (النبوة
في الإسلام ән-Набууа
фил-Ислам) Құран Кәрімде
есімдері аталған пайғамбарлар,
олар өзіне бұйырған пайғамбарлығымен
қатар елші, ескертүші, Аллаһның үкімдерін
жеткізүші-де болуы мүмкін. Адам
пайғамбардан
бастап ең соңғы Мұхаммед
пайғамбарға
дейінгі пайғамбарлардың
барлығы мұсылмандар
Қасиетті Құранда есімідері келтірілген пайғамбарлар |
|||||
Есімі الاسم |
Пайғамбар نبي |
Елші رسول |
Басшы إمام |
Кітап الکتاب |
Жіберілген адамдары قوم |
Адам |
|
|
Басшы әрі патриарх |
|
Адам ғ.с. балалары |
Идрис |
Пайғамбар[2][3] |
|
|
|
|
Нұх |
Пайғамбар[4][5] |
Елші[6] |
Патриарх |
|
Нұх адамдары[7] |
Һұд |
Пайғамбар[5][8] |
Елші[9] |
|
|
Ад адамдары [10] |
Салих |
Пайғамбар[5][11] |
Елші[9] |
|
|
Талмуд адамдары[12] |
Ибраһим |
Пайғамбар[13][14] |
Елші |
Басшы[15] |
Парақтар [16] |
Ибраһим адамдары[17] |
Лұт |
Пайғамбар[5][18] |
Елші[9] |
Патриарх |
|
Содом және Гоморра адамдары[19] |
Исмаил |
Пайғамбар[20][21] |
Елші[21] |
Басшы әрі патриарх |
|
Арабтар |
Исхақ |
Пайғамбар[22][23] |
|
Басшы әрі патриарх[24] |
|
Каннан адамдары |
Яқуб |
Пайғамбар[22] |
|
Басшы әрі патриарх[24] |
|
Израильдің 12 баласы |
Юсуф |
Пайғамбар[5][25] |
|
Басшы |
|
Коптілер |
Әйюб |
Пайғамбар[5][26] |
|
Патриарх |
|
Аюб адамдары |
Шұғайб |
Пайғамбар[5][27] |
Елші[9] |
|
|
Мәдян елі [28] |
Мұса |
Пайғамбар[29][30] |
Елші |
Басшы |
Тәурат (Тора)[31] |
Израиль ұрпақтары және Коптілер[32] |
Һарұн |
Пайғамбар[33][34] |
|
Патриарх |
|
Израиль ұрпақтары және Коптілер[32] |
Дәуіт |
Пайғамбар[5][35] |
|
Басшы (Израиль патшалығы) |
Забур(Псалмдер)[36] |
Израиль |
Сүлеймен |
Пайғамбар[5][37] |
|
Басшы (Израиль патшалығы) |
|
Израиль |
Ілияс |
Пайғамбар[5][38] |
Елші[39] |
|
|
Ілияс пайғамбар адамдары[40] |
Әл-Йаса (Елисей) |
Пайғамбар[5][41] |
|
|
|
Израиль ұрпақтары |
Юнус |
Пайғамбар[1][5] |
Елші[42] |
|
|
Йона адамдары[43] |
Зул-Кифл (عليه السلام) |
Пайғамбар[5][44] |
|
|
|
|
Зәкәрия |
Пайғамбар[5][45] |
|
|
|
Израиль ұрпақтары |
Йахйа |
Пайғамбар[45][46] |
|
|
|
Израиль ұрпақтары |
Иса Мәсих |
Пайғамбар[47][48] |
Елші |
Басшы |
Інжіл |
Израиль ұрпақтары[49] |
Мұхаммед |
Пайғамбар[50][51] |
Елші |
Басшы[15] |
Құран |
Күллі Адамзат |
Пайғамбарлар қасиеттері[өңдеу]
Сыдқ (араб.: صدق ) — Шыншылдық, олар тек-қана шыңдықты айтады.
Амана (араб.: أمانة) — Сенімділік.
Таблиғ (араб.: تبليغ ) — Аллаһ тағаланың үкімдерін кез-келген қиыншылықтарға қарамастан хабарлап беру қабілеті.
Фетна — Ақыл және түсінік. Адамдардың арасындағы ең ақылды, ең түсінігі бол адамдардан әлдеқайда жоғары.
'Исма — Күнадән пәк. Барлық пайғамбарлар күнә істеуден алыс болған.
Сүоңғы пайғамбар Мұхаммедте бұған қоса 5 айрықша қасиеті бар:
Ол барлық бұрынғы пайғамбардан дәрежесі артық.
Ол барлық адамдар мен жындарға жіберілген.
Мұхаммед — ең соңғы пайғамбар.
Ол барлық жаратылысқа мейірім ретінде жіберілген.
Оған түсірілген шариғат Қияметке шейін заң қызметін атқарады.
14 Құран хикаяларының тәрбиелік мәні
15 Құрандағы тарихи оқиғалар
14 бірдей. Қиссалар рабочий столда
16 Құран және кітап иелері
Құран немесе Құран Кәрім (араб.: القرآن, al-qurʾān, [qurˈʔaːn]) — Ислам дініндегі негізгі киелі кітап. Мұсылмандар оныңМұхаммед пайғамбарға ақиқатты баян ету үшін түсірілгендігіне, адамзатқа одан үзілместен жеткен Аллаһтың сөзі екендігіне сеніп[1], иман келтіреді. Оны оқу (тиләуәт) арқылы Аллаһқа құлшылық қылады. Құран Тәурат пен Інжілден кейінгі аспандық кітап ретінде және араб тіліндегі кітаптардың ішінде шешендік тұрғысынан ең байы саналады. Құран уахидың түскен жері мен уақытына байланысты меккелік және мединелік боп бөлінген 114 сүреден тұрады.
Мұсылмандар Құран Мұхаммед пайғамбар 40 жасқа жеткеннен бастап өліміне шейін (632 жыл/11 һ.ж.) 23 жыл бойы Аллаһ тарапынан Жәбірейіл періште арқылы түсірілгеніне сенеді. Сонымен қоса мұсылмандар Құранның сахабалармен дәлме-дәл сақталғанына, оның аяттарының анық және баяндалған екендігіне, оның барлық замандағы күллі адамзатқа уағыз ретінде жіберілгеніне сенеді.
Мұхаммед пайғамбардың өлімінен кейін Құран әділетті халифа Әбу Бәкр әс-Сиддиқпен Омар ибн әл-Хаттабтыңұсынысына сәйкес бір нұсқаға жиналады. Екінші халифа болған Омардың өлімінен кейін Құранның бұл нұсқасы иман келтіргендердің анасы Хафса бинт Омарда сақтаулы қалды. Бұл жағдай үшінші халифа Осман ибн Аффанның мұсылмандардың Құран оқудағы түрлі диалекттердің себебінен болған қайшылықтарын көргенге дейін жалғасады. Осман Хафсадан Құрайышдиалектіне сәйкес жазылған нұсқаны ортақ үлгі болу үшін сұрап алып, көшірмелерін жасауды, оған сәйкес емес нұсқаларды жоюды әмір етеді. Османның бұл жинақтаған Құранның нұсқасы халифат аумағына таратылып, ол бір нұсқасын өзіне қалдырады. Бұл нұсқа Османның мусхафы (Құранның экземплярын «мусхаф» деп атайды) аталып кетті. Зерттеушілер Осман жинаған Құранның нұсқасы Әбу Бәкр жинаған нұсқаға толығымен сәйкес санайды.
Аһл әл-китаб [1] (араб.: اهل الكتاب — қасиетті кітап иелері, діни кітапқа ие болғандар, қасиетті кітап түскен халықтар) — Аллаһдан келген төрт кітапқа (Таурат, Забур, Інжіл, Құран) ие болғандарға Құранда берілген атау. Бұл кітаптарға сенуші халықтар пұтқа табынушылар мен отқа табынушылардан ерекшеленеді. Алғашқы үш кітап (Тәурат, Забур, Інжіл) түскен халықтар алғашында бір Құдайға сенушілер болатын, алайда уақыт өте Аллаһның түсірген кітаптарын бұзып, онда ақырғы пайғамбар Мұхаммед (Аллаһның Оған игілігі мен сәлемі болсын) екені айтылған жерлерін тастап кеткен деп есептелінеді. Мұсылмандық өркен жайған орта ғасырларда Аһл әл-Китаб өкілдеріне көп жағдайлар жасалды. Халифтық өкіметтің әкімшілігінде олар түрлі қызметтерге, көптеген жеңілдіктерге ие болды. Мұхаммедтің (Аллаһның Оған игілігі мен сәлемі болсын) өзі де, алғашқы халифтар да Аһл әл-Китабтарды, яғни кітап түскен халықтар өкілдерін қудаламауға, қайта оларға жағдай жасауға бұйрықтар берген. Орта ғасырлардағы Еуропада тұрған өзге діндегілер халіне қарағанда мұсылман елдеріндегі Аһл әл-Китаб өкілдері анағұрлым бейбіт өмір сүрді[
17 Құран христиандар туралы
18 Құран яһудилік (иудаизм) туралы
19 Құранның оқылуы (қирағат) мәселесі
Қыраат (араб.: قراءة) деп Құран оқу тәсілдерін айтады және оқу тәсілі (қыраат) және оқылу (харф) деген терминдердің арасында айырмашылық бар — қыраат деген бір-бірінен айырмашылығы аз Осман ибн Аффан жинаған Құран нұсқасының оқу тәсілі, ал «харф» дегеніміз әуелгіде түсірілген Құранның арабтардың жеті диалектіне негізделген оқылулар[64] (бірақ бұл туралы басқа пікірлер де бар).
Мәкки ибн Әбу Талиб айтқан:
«Бүгін қолданылып жүрген және бізге атақты ғалымдардан жеткен оқу тәсілдері Құран түсірілген жеті оқылудың (харф) біреуіне қатысы бар... Ал кім де кім Нафиғтің, Асымның және т.б. оқу тәсілдері хадисте айтылған Құранның жеті оқылуы деп ойласа, ол үлкен қате жіберуде»
— «Фатх әл-Бари» (9/39)
Құран оқу тәсілдерінің бірнеше түрі бар, олардың ең таралғандары мыналар:
Ибн Амир Әбу Имран Абдуллаһ әл-Йасриби (һижри 118 жылы қайтыс болған). Құранға Шам өлкесінде үйреткен. Оның оқу тәсілінің ең таралған үлгілері Һишам мен Ибн Закуандыкі.
Абдуллаһ Ибн Касир әл-Мәкки (һижри 120 жылы қайтыс болған). Құранға Мекке қаласында үйреткен. Оның оқу тәсілінің ең таралған үлгілері әл-Баззи мен Кунбулдыкі.
Әбу Бәкр Асым ибн Әбу ән-Нуджуд әл-Куфи (һижри 127 жылы қайтыс болған). Құранға Куфа қаласында үйреткен. Оның оқу тәсілінің ең таралған үлгілері Әбу Бәкр мен Хафстыкі.
Нафиғ ибн Абдуррахман ибн Әбу Нуғайм әл-Ләйси (һижри 169 жылы қайтыс болған). Құранға Медине қаласында үйреткен. Оның оқу тәсілінің ең таралған үлгілері Қалун мен Уарштыкі.
Әбу Амр ибн әл-Алә әл-Мәзини әл-Басри (һижри 154 жылы қайтыс болған). Құранға Басра қаласында үйреткен. Оның оқу тәсілінің ең таралған үлгілері әд-Дури мен әс-Сусидікі.
Хамза ибн Хабиб ибн аммара әл-Куфи (һижри 156 жылы қайтыс болған). Құранға Куфа қаласында үйреткен. Оның оқу тәсілінің ең таралған үлгілері Халәф пен Халладтыкі.
Әл-Кисаи Әбул-Хасан Әли ибн Хамза ибн Абдуллаһ әл-Куфи (һижри 189 жылы қайтыс болған). Құранға Куфа қаласында үйреткен. Оның оқу тәсілінің ең таралған үлгілері әл-Ләйс пен әд-Дуридікі.
Шын мәнінде аталған Құран ғалымдары өз кезеңінің ең танымал әрі білгір Құран зерттеушілері болмаған, бірақ бастапқыда Құран оқу тәсілдері көбейіп кеткесін сол кездің атақты мұсылман ғалымдары халифаттың басты қалаларындағы оқу тәсілдерінің бірін таңдап, соны эталон ретінде қабылдаған[65].
Бұл қырааттаррдың пайда болу себебі Ибн Әбу Һишамның айтуынша бастапқыда Осман ибн Аффанның кезінде жинақталған Құран нұсқалары мұсылмандар мемлекетінің аймақтарына жіберілген ол жақтағы адамдар Құран оқуды сахабалардан үйренген және соның себебінен айырмашылығы аз бірнеше Құран оқу тәсілі пайда болды. Бірақ бұл оқылулар Құран мағынасын өзгертпей, Осман жинаған және барлық сахабалар растаған Құран нұсқасына негізделген[66].
Қазіргі кезде Құран оқу тәсілдерінің ішінен Хафстың Асымнан жеткізген қырааты ең танымалы саналады және Құран мусхафтарының көбісі осы оқылуға сай жазылған.Мысырдан басқа Африка елдерінде Уарштың Нафиғтан жеткізген қырааты танымал. Ал Әбу Амрдың қырааты тек Суданның кей аудандарында қолданылады. Айта кетерлігі Құранның барлық қырааттары қабылдана бермейді және олардың жету санатын білмейінше Құранды оларға сәйкес оқуға болмайды. Сонымен қатар кей қырааттар тек бір жолмен ғана жеткесін қабылданбай, «шазз» (ақауы бар) саналады[
20 Сахабалар кезеңіндегі Құранның оқылуы
Әбу Бәкр нұсқасы[өңдеу]
Түйенің сүйегіне жазылған әл-Фатиха сүресі
Әбу Бәкр әс-Сиддиқтың халифалығы кезінде мұсылмандар өзін пайғамбармын деп жариялаған Мусайлиманың жақтастарымен Халид ибн Уәлидтіңбасшылығымен «өлім бағының» қасында шайқасады. Әл-Йамаманың тұрғындарымен болған бұл шайқаста 700-ден астам сахаба мерт болады. Көптеген хафиздердің өлімін көріп, Құранның жоғалуынан қорыққан Омар ибн әл-Хаттаб халифа Әбу Бәкрге Құранды толығымен жазып жинауға ұсыныс айтады. Онымен келіскен Әбу Бәкр Мұхаммед пайғамбардан Құранды жазып жүрген Зәйд ибн Сабитке осы ұсынысты айтады. Зәйд ибн Сабиттің айтуы бойынша «оның ұсынысы бойынша Құран жинағаннан гөрі тауды орнынан қозғалту оңайырақ еді». Бұл істе жақсылық бар екеніне келіскен ол құрма ағашының жапырақтарына, тегіс тастарға және адамдардың жүрегіне сақталған Құранды жинай бастайды. Бұл парақтар бірінші Әбу Бәкрде, сосын Омарда, оның өлімінен кейін Хафса бинт Омарда сқатаулы болды[21]. Ибн Әбу Дәуд «әл-Масахиф» кітабында Әли ибн Әбу Талибтың мынадай сөзін келтірген:
« |
Құранның нұсқаларын таратқан үшін ең үлкен сауапты Әбу Бәкр алады. Аллаһ Әбу Бәкрге рахым етсін! Ол Аллаһтың кітабын жинаған алғашқы адам болды[22]. |
» |
Құранның Мұхаммед пайғамбардың кезінде-ақ жинала бастағаны туралы Құранның өзінде айтылған: «...Тазартылған парақтарды оқитын Аллаһтың елшісі» (әл-Бәйинә сүресі, 2 аят). Қазы әл-Бақиллани айтады:
« |
Омар Пайғамбардың Құранды бір кітапқа жинамауы бұл істің тыйым салынғандыңын білдірмейтінін түсінді. Бұл ойдың дұрыстығын түсінген Әбу Бәкр да осыған келіседі. Қасиетті мәтіндер де, ақыл-парасат та бұған еш қайшы келген жоқ. Оған қоса бір кітаптың болмауы уахидың бір бөлігінің жоғалуына алып келуі мүмкін еді. Содан соң олардың ойымен Зәйд және басқа сахабалар келісті[23] |
» |
